Preview
№ 2 (2023)
Шығарылымды жүктеу PDF
3-13 398
Аннотация

Мақалада Республикалық терминология комиссиясы бекіткен жасанды интеллект саласының терминдері негізінде қазақ тіліндегі синтаксистік тҽсілмен жасалған терминдердің ерекшелігі, қҧрылымы, тілдік табиғаты қарастырылады. Терминдік сҿз тіркестері туралы ғалымдардың пікірлеріне, ҽдебиеттерге шолу жасалады. Синтаксистік сҿз тіркестерін топтастыруға негіз болатын критерийлерді кҿрсете отырып, оның терминдік тіркестерге қатыстылығы сараланады. Еркін сҿз тіркестері мен терминдік тіркестердің ҧқсастығы мен айырмашылығы кҿрсетіледі. Терминдік тіркестердің лексикалану барысында мағынасының айқындалуы мен сақталуы, тҧрақты сҿз тіркесі сипатындағы басқа да тіркестерден ерекшеленуі зерделенеді.
Жасанды интеллект саласының мемлекеттік тілде қабылданған барлық терминдер қҧрамына статистикалық талдау жасалады. Бинарлық терминдік тіркестердің кҿпкомпоненттілерге қарағанда, ал терминдік тіркестердің саны дара терминдерге қарағанда кҿп екендігі анықталады. Терминдік тіркестерді лексика-синтаксистік тҧрғыдан ғана емес, морфосинтаксистік тҧрғыдан да қарастырудың маңыздылығы сҿз болады жҽне оның заманауи лингвистикалық зерттеулер ҥшін қажеттілігі аталып ҿтіледі. Терминдік тіркестердің мҽнін, табиғатын ашатын бірқатар ерекшеліктер кҿрсетіліп, сҿз болып отырған мҽселеге қатысты терминдік атаулар мен тҥсініктер ҧсынылады.

14-21 283
Аннотация

Идеологиялық дискурс тіл білімінің соңғы кездері зерттеле бастаған бағыттарына жатады. Бҧл мҽселе шетел ғалымдары тарапынан біраз қарастырылған. Бірақ қазақстандық зерттеушілер идеологиялық дискурсты арнайы зерттеу нысанына айналдырмағандығы байқалады. Ғылыми жҧмыстың негізгі мақсаты – идеологиялық дискурстың пандемия кезіндегі сипаты мен оның ҽсеріне талдау жасау. Осы мақсатқа сай мақалада пандемия кезеңіндегі қазақстандық идеологиялық дискурстың рҿлі, оның таралу арнасы мен формасы талданады. Авторлар ғылыми зерттеулерін орындау барысында дискурстық талдау (идеологиялық мақсатта қҧрылған мҽтіндерді коммуникативтік жағдаятта экстралингвистикалық факторлармен қоса алып талдау) ҽдісін, идеологиялық дискурс ҿнімі – идеологиялық мазмҧндағы мҽтінді лингвистикалық талдау ҽдістерін қолданған. Зерттеу барысында пандемия кезеңінде қазақстандық идеологиялық дискурсқа тҽн мынадай ерекшеліктер анықталған: 1) қазақ халық ауыз ҽдебиеті жанрлары, оның ішінде, бҽдік жыры жаңа сипатта жаңғырған, мақалада бҧл ой сол кезде туған бҽдік жыры мҽтініне талдау жасау арқылы дҽлелденген; 2) идеологиялық дискурстың таралуы, негізінен, бҧқаралық ақпарат қҧралдары арқылы (телеарна, газет-журнал), интернет арқылы жҥзеге асса, 3) таралу формалары, негізінен, ҽлеуметтік желілердегі тҥрлі бейнероликтер, дыбыс жазбалары, аралас форматтағы жазбалар т.б. сипатында жҥзеге асты; 4) тікелей қарым-қатынас шектелгендіктен, адамдарда жалғызсырау сезімінің пайда болу кҿрінісі анық байқалып, дискурсқа қатысушылардың кҿркем дискурсқа (оның ішінде, поэзияға) басымдық бергені анықталды; 5) биліктің халықты сақтандыру мен індеттен аман алып шығу мақсатына сай дискурстық стратегиясы ҿзгергені айқын байқалды; 6) короновирустың метафоралық баламалары қалыптасты: індет, тҽж тажал, кесел, жаман ауру, аты ҿшкір ауру, жаман вирус, тажал. Мақаланың ғылыми қҧндылығы идеологиялық дискурсты жеке дискурс тҥрі сапасында саяси дискурстан бҿліп, оның ҿзіне ғана тҽн ерекшеліктерін дҽлелдеп, жіктеуімен, оның пандемия кезеңіндегі ҿзгерістеріне сай ғылыми тҧжырым беруімен байланысты болса, практикалық қҧндылығы аталған дискурстың қҧрылымдық жҽне дискурстық сипатына талдау жасау ҥлгісін осы тҽрізді ғылыми зерттеулерде пайдалануға жарамдылығымен анықталады. 

22-31 477
Аннотация

Дерексіз зат есімдер – қазақ тілтанымында жҽне тҥркологияда аз зерттелген лексикалық қабаттың бірі. Дерексіздік категориясына енетін зат есімдер – абстрактілі ҧғымдарды, қасиет пен сапаны, іс-ҽрекет пен жай- кҥйдің ҽртҥрлі деңгейін танытатын, қазақ тілінің сҿздік қҧрамындағы ауқымды қабат. Дерексіз зат есімдердің басты ерекшелігі сонымен қатар тілді қолданушының қоршаған орта мен ақиқат дҥниеге қарым-қатысын білдіретіндігіне байланысты.
Зерттеудің мақсаты – Қазақ тілінің Ҧлттық корпусына тіркелетін дерексіз зат есімдердің лексикалық-семантикалық метабелгіленімдерін анықтау, ажырату жолдары бойынша ҧсыныстар жасау.
Мақалада Ахмет Байтҧрсынҧлының жҽне ҿзге де белгілі ғалымдар мен тҥркологтардың жіктелімдері негізінде қазақ тіліндегі дерексіз зат есімдер қҧрылымдық, мағыналық жағынан топтастырылып, оларды тану, дерексіз зат есімдердің мағыналық ерекшеліктері, олардың лексикалық-семантикалық метабелгіленімдерін анықтау жолдары қарастырылады. Дерексіздікті білдіретін лексемалардың ҧлттық философияға, ҧлттық мҽдениетке қатысы, интегралды жҽне сараланатын семантиканың тілді қолданушының санасында концептуалдануы талданады.

32-38 246
Аннотация

Мақалада фонетика-фонологиялық транскрипцияның қазіргі тіл біліміндегі рҿлі мен оның қолданыс аясы сҿз болады. Сондай-ақ мҽтіннің транскрипциясы мен просодикалық ерекшелігін анықтау жҽне ҥлгі ретінде ҧсыну зерттеудің мақсаты болып отыр. Ҿйткені қазіргі тіл білімінде мҽтіндерді транскрипциялау барысында просодикалық жағы ескерілмей келеді. Жалпы қазіргі қазақ тіл білімінде просодика мен интонацияның ара-жігі ажыратылып, ерекшелігі анықталған болатын. Зерттеу барысында ең алғаш қазақ тіл біліміндегі интонация мҽселесін жан-жақты зерттеген академик З.М. Базарбаеваның зерттеу еңбектері басшылыққа алынады. Сондай-ақ мҽтін талдау барысында, негізгі 8 интонема модельдері беріледі. Яғни фонетикалық транскрипциямен қатар просодикалық ерекшеліктерді анықтау мақсатында мҽтіннің интонациялық транскрипциясы да берілетін болады. Сондай-ақ мҽтінді транскрипциялау барысында ҽрбір сҿйлем синтагмаға, ырғақтық топқа бҿлініп, дауыс ҥдемелігі, ҽуен, кідіріс, қарқын сияқты компоненттері арнайы белгілермен беріліп, сипаттама жасалады.
Мақалада ҽрбір сҿйлемнің интонемаларының модельдері жасалды. Зерттеудің нҽтижесі ауызша подкорпус базасының просодикалық ҽзірлемесін жасауда зерттеу жҥргізу ҥшін жҽне магистранттар мен докторанттардың зерттеу жҥргізуі ҥшін тиімді болмақ.

39-48 265
Аннотация

Қазақ радиосының прагмастилистикасын зерттеу ҿзекті мҽселе болып отыр. Осы кҥнге дейін радио тарихы, ҽр кезеңдегі жанрлық сипаттары зерттеліп келгенімен, бағдарламаларының прагматикасы мен стилистикасы зерттеу нысаны болмаған. Радио прагмастилистикасының ҿзекті мҽселеге айналуына тағы бір себеп радиожурналистиканың жаңа бағытта дамуы: жанрлардың тҥрленуі, жаңалықтардан гҿрі тақырыптық бағдарламалардың кҿбеюі, сазды-ҽуенді бағдарламалар санының артуы, сҽйкесінше диалогтің кҿбеюі, сондықтан публицистикалық стильден ауызекі стильдің басымдылыққа ие болып келе жатқаны да белгілі. Қазіргі қазақ радиосының қазақ ҧлттық ҽдеби тілінің дамуына тигізетін зор ықпалы бар. Қазақ радиосына қазіргі заманауи технологиялардың масс-медианың ығыстырылуына жол бермей ҿзінің бҧқаралық ақпараттық мҽні мен мҽртебесін сақтап қалу ҥшін ҿзінің тарихи миссиясын жан-жақты сақтап келеді. Мақалада қазіргі қазақ радиосының прагмастилистикалық ерекшеліктері мен басқа масс-медиа тҥрлерінен ҿзгеше сипаттамалары қарастырылу кҿзделеді. Қазақ радиосында берілетін бағдарламалар бҥгінгі радионың тілдік ерекшеліктеріне, бағдарламалардың прагматикасына, стильдік ҿзгешеліктеріне сҽйкестігі қарастырылады. Жҥргізушінің аудиторияға (адресатқа) қандай тілдік амалдарды пайдалану арқылы прагматикалық мақсатын жҥзеге асыратыны талқыланады.

49-61 433
Аннотация

Мақалада лингвистикалық корпустар жасаудың тарихына қысқаша шолу жасалып, олардың ҽртҥрлі сипаттарына қарай жіктелуіне, параллель ішкорпустардың тҥрлеріне сипаттама берілді. Қазақ тілінің ҧлттық корпусының қҧрамында ҽзірленіп жатқан параллель ішкорпуста М.Ҽуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының қазақ тіліндегі тҥпнҧсқа мҽтіні мен оның А.Ким жасаған орыс тіліндегі мҽтінінің аудармасы абзац (сҿйлем) деңгейінде қолмен теңестірілді.
Параллель ішкорпусты ҽзірлеу барысында Microsoft Office Excel, Notepad++, Python, Django, MySQL бағдарламалық қҧралдары қолданылды. Паралель ішкорпустың бағдарламалық архитектурасын жҽне жҧмыс істеу тҽртібін тҿмендегіше кҿрсетуге болады: 1) екі тілдегі мҽтіндер Excel офистік бағдарламасы арқылы жинақталып, абзац (сҿйлем) деңгейінде қолмен теңестірілді; 2) теңестірілген мҽтіндер Excel файлынан тікілей MySQL мҽліметтер қорын басқару жҥйесіне жҥктелді; 3) жҥктелген мҽтіндер Notepad++ мҽтіндік процессор бағдарламасы арқылы сҧрыпталып, олардың статистикасы алынды; 4) сҧрыпталған мҽтіндерді интернетке жариялау жҽне пайдаланушының сҧрауларын қамтамасыз ету ҥшін Django веб сервері қолданылды; 5) Django веб серверін MySQL мҽліметтер қорын басқару жҥйесімен байланыстыру ҥшін Python тілінде жазылған, іздеу функциясымен қамтамасыз етілген Processing.py бағдарламасы қолданылды; 6) паралель ішкорпустың бағдарламалық архитектурасы client-server жҽне MVC (Model-View-Controller) технологиялары қолданыла отырып ҽзірленді.
Параллель ішкорпус теңестірілген мҽтіндер базасынан, белгіленім, метабелгіленім жҽне іздеу жҥйесінен жҽне ішкорпусқа енгізілген мҽтін туралы ақпарат (метабелгіленім) мынадай параметрлерден тҧрады: aвтор, aудaрмaшы, шығарма атауы, aудaрмa атауы, шығарманың басылған мерзімі, aудaрылғaн мерзімі, тҥпнҧсқa тіл, aудaрмa тіл. Іздеу жҥйесі ізделетін сҿзді сҿз, сҿз тіркес, сҿйлем, бaс ҽріп (қaзaқ жҽне орыс тілдеріндегі) параметрлері aрқылы табуға мҥмкіндік береді.
Мақалада қaзaқ жҽне орыс тілдеріндегі пaрaллель ішкорпустың интерфейсіне жҽне іздеу пaрaметрлерінің бірі арқылы ізделетін сҿзді іздегеннен кейінгі нҽтижелер интерфейсіне сипаттама беріліп, екі тілдегі мҽтінде қолданылған жалпы жҽне қайталанбайтын сҿз саны, сҿйлем саны жҽне екі тілде ең жиі қолданылған он сҿзқолданыстың сандық жҽне пайыздық кҿрсеткіші анықталды.
Сонымен қатар роман-эпопеяның қазақ тіліндегі тҥпнҧсқа мҽтінін орысша аударма нҧсқасымен абзац (сҿйлем) деңгейінде теңестіру барысында мынадай ерекшеліктер анықталды: 1) тҧрпат межесі тҧрғысынан, яғни абзацта (сҿйлемде) қолданылған сҿздер сан жағынан шамамен сҽйкес келеді; 2) мазмҧн межесі тҧрғысынан шамамен сҽйкес келеді; 3) тҧрпат жҽне мазмҧн межесі тҧрғысынан сҽйкес келмейді: қазақ тіліндегі тҥпнҧсқа мҽтіндегі кейбір абзацтар (сҿйлемдер) орыс тіліне бҧрыс немесе ҥстҥрт, қысқа аударылған, олардың жуық мағынасы берілген.

62-73 262
Аннотация

Қазақтың ҧлы ақыны Абай шығармаларында кірме сҿздер жиі кездеседі. Хакім кірме атауларды ҽсіресе қара сҿздерінде кҿбірек қолданады. Ойшыл ақын тҥркі-шағатай жазба тілін жақсы білгендіктен, шығармаларында араб-парсы кірмелерін кітаби стильдегідей тҥпнҧсқаға жақын нҧсқада пайдаланады. Сондықтан Абайда шығыс тілдерінен енген сҿздер русизмдерге қарағанда ҽлдеқайда кҿбірек ҧшырасады. Орыс тілінен енген сҿздер сан жағынан аз жҽне оның кҿбі ХІХ ғасыр аяғындағы жазба тілдегідей қазақ ауызекі тіліне бейімделген тҥрінде кездеседі. Ақын орыс тілінің кірмелерін кҿбіне стильдік мақсатта жҧмсағандықтан, оның емлесіне тҥпнҧсқа тілдегідей емес, халықтың тіліндегі формасынша беріп отырады. Алайда Кеңес дҽуірінде шыққан жҽне қазіргі кездері жарияланып жатқан Абай шығармалары жинақтарының барлығында орыс тілінен енген сҿздердің біразы тҥпнҧсқа тілдегідей нҧсқада беріліп жҥр. Абай шығармаларының 1907 жылғы Мҥрсейіт қолжазбасы мен 1909 жылғы Петербор баспасынан шыққан араб жазулы жинақта болса, олардың орыс тіліндегідей емес, қазақ тілінің айтылым заңына қарай бейімделіп жазылғанын байқаймыз. Мақалада Абай қолданған кірме сҿздер тҥпнҧсқаға сай жҽне қазақ тілінің фонетикалық заңына сҽйкес ҿзгертілген тҧлғалар деп екіге жіктеліп қарастырылады. Оның ішінде Мҥрсейіт қолжазбасында «қазақы» тҧлғада жазылған кірме атауларға басымдық беріледі. Бҧған дейінгі жинақтардағы орысша жазылған сҿздердің қолжазбадан ҿзгертіліп жазылғаны дҽлелденеді.

74-81 308
Аннотация

Мақалада 2020-2022 жылдары пандемия кезінде қазақ тілінің сҿздік қорына енген сҿздердің лексикалық қабатты толықтыру жҥйесі зерттелді. Институционалды дискурс кеңістігінде ҽсіресе медицина саласына кҿп енген терминдер типтеріне қарай ажыратылды. «Qazcorpus.kz» электронды ресурсы арқылы ковид-лексемалардың жиілігі анықталды. Сҿзжасамдық доминант болатын ковид, корона, карантин сҿздерінен жасалған жаңа кҥрделі сҿздердің лексика-семантикалық сҿзжасамдық қҧрылымы зерттелді. Пандемия кезінде пайда болған ауруларды сипаттайтын жаңа перифразалардың жасалымы анықталды. Карантин кезеңінде жазылған БАҚ мақалаларының тақырыптары мен ақындардың ҿлеңдеріне талдау жасалды. Жаңа терминдер тақырыптық топтарға ажыратылды: терапиялық термин, санитарлы-гигиеналық термин, қоғамдық-саяси термин, ағартушылық термин, психологиялық термин. Сондай-ақ окказионал қолданыстардың белсенділігі, жаңа бейнелі қолданыстардың прагматикалық уҽжі қарастырылды. Кірме неологизмдердің гибрид сҿздерге айналуы анықталды. Пандемия кезіндегі кҿңіл айту лебіздері, фобиялық эмоционалды лексиканың кҿбею факторларын анықтай отырып, қоғамдағы ҿзгерістер ең алдымен тілде айқын кҿрініс табатынын растайтын дҽлелдер ҧсынылды. Мақала материалдары ретінде БАҚ пен Интернеттің жаңа лексикасы алынды. Ҽлеуметтік желідегі жаңа қолданыстар алынды.

82-89 307
Аннотация

Тіл – адам капиталын қҧраушы негізгі қҧрал, себебі тіл адамның экономикалық, ҽлеуметтік тҧрғыда дамуына ҽсер ете алады, оған қоса, экономикалық шешімдерге де ықпал етеді. Экономикадағы тіл мен тілдегі экономикалық қатынасы тҧтас, экономикасы дамыған елдің ҧлттық тілі де қоса жетіледі, тілі мҽртебе алып қолданысы кеңейсе, экономикадағы оң ҿзгерістер соңынан ереді. Осы қҧбылысқа арналған зерттеулер ғылымдағы жаңа бағыт – лингвоэкономиканың пайда болуына тҥрткі болады.
Мақаланың мақсаты: қазіргі қазақ ҧлттық экономикалық санасын тҽуелсіздікке дейінгі жҽне тҽуелсіздіктен кейінгі кезеңдермен салыстыра отырып, ондағы трансформацияны кҿрсету. Оны біз тек тіл арқылы, тілдегі репрезентациясы арқылы ғана кҿрсетеміз. Сонымен қатар экономикалық дискурс ҧғымына тҥсінік беру. Мақалада экономикалық дискурс институционалды дискурстың іштҥрі ретінде қаралды, ең алдымен «экономикалық дискурс» ҧғымына анықтама берілді, экономикалық дискурстың институционалды дискурстың ҿзге іштҥрінен басты айырмашылығы мен оған тҽн белгілері кҿрсетілді.
Экономикалық сананың қазіргі таңда маңыздылығы, оның тілдік тҧрғыдан зерттелуі мақаланы ҿзектілендіріп отыр, себебі экономикалық сана да сананың кез келген тҥрі сияқты оның трансформациясы, жетілуі де тілмен байланысты ғана жҥзеге асады. Сананың кҿрінісі тілде жҥйелі тҥрде репрезенттеледі, бҧл репрезенттер ҽмбебап сипатта болады, ҽсіресе лексикалық қабаттағы ҿзгерістер басқаға қарағанда жылдам, тез жҥреді. Сондықтан мақалада сҿз болып отырған зерттеу нысанына лексикалық бірліктер алынды.

90-96 218
Аннотация

Фонемалар мен фонемалар жҥйесін сипаттау ҽрекеті қазіргі тіл білімінің негізгі белгілерінің бірі болып табылады. Фонемалардың комбинаторикасын зерттеу фонологияда ҿте ҿзекті, ҿйткені туыстас қана емес, сонымен қатар типологиялық белгілеріне қарай айтарлықтай ерекшеленетін тілдердің нҽтижелерін сипаттау жҽне салыстыру бҥгінгі таңда синтагматикалық фонологияның алдында тҧрған негізгі мҽселелердің бірі болып есетеледі. Ҽрбір тілдегі фонемалар тіл ішіндегі заңдылықтар бойынша синтагматикалық қатынаста бірігіп, оның фонологиялық жҥйесінің негізін қҧрайды. Сҿйлеу ҽрекетіндегі фонемалардың тізбегін зерттей отырып, сегмент бірліктерінің комбинаторикасының мҽнін қҧрайтын белгілі заңдылықтарды анықтауға болады. Бҧл мақала ағылшын жҽне ҽзірбайжан тілдеріндегі негізгі буын ҥлгілерін ашып, сҿйлеудегі буынның жасалу принциптерін анықтауға арналған. Мақалада силлабикалық ҥлгілердің ҽмбебап жҽне барлық тілдерге ортақ екендігі айтылады. Сонымен қатар буын – тілдің дыбыс жҥйесіндегі ең жҧмбақ, кҥрделі қҧбылыстардың бірі екені баяндалады. Статистикалық талдау нҽтижесінде салыстырылған тілдерде жалпы жҽне арнайы буын ҥлгілері табылды. Сонымен қатар, статистикалық талдаудың кҿмегімен салыстырылатын тілдердегі силлабикалық ҥлгілердің даму жиілігін кҿрсететін сандық кҿрсеткіштер алынды.

97-106 249
Аннотация

Мақалада қазақ жҽне қытай мақалдарында қолданылатын сыпайылық ҽдебінің болмысы, қарым-қатынас этикасының ерекшеліктері, халық мҽдениетінің шығу тарихы, қазақ жҽне қытай халықтарының ҧлттық дҽстҥрінің принциптері сипатталған. Сонымен қатар, «сыйластық», «қадір-қасиет», «алғыс», тақырыбындағы даналық сҿздердің қолданылуы қарастырылған. Мақалада қазақ жҽне қытай қоғамындағы ҽдептің дҽстҥрге сай ҥйлесімділікке негізделгені, адамдардың бір-біріне сыйластық пен қҧрмет кҿрсетуінің негізгі принциптер мен заңдылықтарға негізделгені сҿз етілген.
Мақалдардың пайда болу тарихы ҽртҥрлі. Осыған орай, діні бҿлек халықтардың алғыс айту, сыйластық, тҥсіністік кҿзқарасы, кҿңіл бҿлу т.б. сҿздерінің этномҽдени жҽне рухани-мҽдени ҧқсастықтары мен айырмашылықтары сипатталған.
Қазақ жҽне қытай халықтарының ежелден қалыптасқан тарихы мен ҿскен ортасы кҥні бҥгінге дейін халық даналығымен, ҿмір салтымен, тҧрмысымен жҽне қоғамның мінез-қҧлқымен тығыз байланысты. Себебі, «сыпайылық» тақырыбындағы қанатты сҿздер сол елдердің ішкі факторларымен тығыз байланысты жҽне жҽне қазақ жҽне қытай халықтарының отбасын, елді басқару негіздері, ҥлкенге қҧрмет, кішіге ізет принциптері бҥгінгі кҥнге дейін жетіп, мемлекет пен қоғамдағы роліндегі маңызының зор екендігін кҿрсетеді. Мақалада этикет тақырыбындағы мақалдардың ата-баба салты мен тҽжірибесін қамти отырып, болашақ ҧрпақ тҽрбиесіндегі алатын орнына байланысты мысалдар келтірілген.

107-116 445
Аннотация

Мақалада тілдің шығу генезисі жағынан тҥркі тілдер жанҧясына кіретін қазақ жҽне чуваш тіліндегі вербалды этикеттік қҧралдар амандасу ҥлгілері негізінде қарастырылған. Сҿйлеу этикеті – кез-келген елдің мҽдениетінің ажырамас бҿлігі. Оның негізгі қҧрамы арнайы лексикалық бірліктер - ҽртҥрлі контекстке байланысты жағдайларда қолданылатын сҿйлеу формулаларынан тҧрады. Сҿйлеу формулаларын функционалдық тҧрғыдан зерттеу қазақ жҽне чуваш тіліндегі баламасы бар этикет ҥлгілерінің классификациясын жасауға мҥмкіндік береді. Зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне қазақ жҽне чуваш тілдеріндегі сҽлемдесу ҥлгілерінің қолданылуына функционалды лингвистикалық кешенді талдау жасау, сҿйлеу коммуникациясының теориялық аспектілерін қарастыру, этикет формулаларының кейбір параметрлерін сипаттау, зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми ҽдебиеттерді талдау, сондай-ақ ҽртҥрлі тҽсілдер арқылы этикет модельдерін анықтау жатады. Зерттеу ҽдістемесі анализ жҽне синтез, мҽдени, этнографиялық жҽне ҽлеуметтік ерекшеліктерге негізделген лингвистикалық талдау ҽдістерін қамтиды. Сонымен қатар мақалада автор екі тілдегі сҿйлеу формулаларының жалпытҥркілік ортақ сипаттары мен тҥрлі факторлардың ҽсерінен туындаған сҽйкессіздіктер бар деген қорытындыға келеді. Аталған тілдердегі сҿйлеу мінез-қҧлық ережелерінің ҧқсастықтары мен айырмашылықтары сҽлемдесу ҥлгілерінің негізінде айқындалып, ашылады.

117-126 281
Аннотация

Мақала вербалды жҽне бейвербалды қарым-қатынастың ҿзара байланысын нейролинвгистикалық тҧрғыдан зерттеуге арналған. Мақала авторлары вербалды жҽне бейвербалды коммуникацияның ерекшеліктерін саралап, олардың нейролингвистикалық жҽне псилингвистикалық тҧрғыдан ҿзара байланысын сипаттайды.
Зерттеудің мақсаты – вербалды жҽне бейвербалды коммуникацияның нейро-психолингвистикалық ерекшеліктерін, олардың қатарластығы мен селбестігінің негізгі нейрологиялық себептерін тҽжірибелер негізінде дҽлелдеу. Мақалада сҿйлеу тілі мен ым-ишара тілінің когнитология нейрология, семиотика ғылымдары тоғысында зерттелуі, вербалды жҽне бейвербалды амалдардың ілеспелілігі туралы ҽлемдік жҽне отандық ғалымдардың тҧжырымдары мен пайымдаулары талданады. Шетелдік ғалымдар вербалды тіл мен бейвербалды амалдардың синхрондылығын нақтылау мақсатында, яғни сҿйлеу тілі мен қимыл тілінің қатарластығы туралы ғылыми болжамдарды тексеру мақсатында нейролингвист, психолог ғалымдардың жҥргізген нейролингвистикалық эксперименттеріне сҥйене отырып, бірқатар тҽжірибелер жасалды. Баллистикалық тҥсінікке сҽйкес, ақпарат алмасу сҿйлеу мен қимылды жоспарлау кезеңдерінде ғана жҥреді, бірақ оларды орындай басталғаннан кейін екі жҥйе тҽуелсіз болады. Соның нҽтижесінде авторлар сҿйлеу тілі мен қимыл тілінің ҿзара сабақтастығы, ілеспелілігі жҽне тығыз байланыстылығы сараланып, айқындалды.

127-136 264
Аннотация

Қазақ фразеологиялық қҧрамында ерекше бір топ – дін негізді фразеологизмдер. Мҧны зерттеудегі басты ерекшелік – діни дереккҿздерге сҥйене отырып талдау қажет болады. Қазақ тіліндегі дін негізді фразеологизмдерде ҽлемнің діни бейнесімен қатар дҥнияуи бейнесі де беріледі. Сондықтан мҧндай фразеологизмдер мақалада «діни» деп атамай, «дін негізді» деп қарастырылды. Мақаланың мақсаты – дін негізді фразеологизмдердің қҧрылымдық-семантикалық сипатын беру. Соған орай олардың қолданылу кеңістігін кҿрсету, діни декереккҿздермен байланыстарын ашу міндеттері қойылды.
Қазақ фразеологизмдерінің Қҧранмен, хадистермен байланысының бір ерекшелігі – тҧрақты тіркестер Қҧранда, хадистерде осы лексикалық қҧраммен кҿрсетілмеген, бірақ оның мҽтіндерімен семантикалық жағынан байланысты болып келеді. Діни рҽсімдермен, діни тҧлғалармен, діни фольклормен, діни моральмен байланысты фразеологизмдерді де осы тақырыптас тіркестерге жатқызамыз. Мҧндай фразеологизмдердің бейнелік-жағдаяттық уҽждемесі ана тілінде сҿйлейтін халықтың діни танымымен байланысты болып келеді.
Қазақ тіліндегі дін негізді фразеологизмдер қҧрамы жағынан сҿз тіркесі пішініндегі, сҿйлем пішініндегі фразеологизмдер болып бҿлінеді. Қазақ тіліндегі дін негізді фразеологизмдерде тірек сҿз ретінде жиі кездесетіні ҥш лексема ғана болды: Алла (Қҧдай, Тҽңір), иман, киелі сан есімдер. Қазақ тіліндегі дін негізді фразеологизмдердің қалыптасуына діни фольклордың, соның ішінде діни дастандардың ықпалы ерекше. Сондықтан тілдік айғақтар фразеологиялық сҿздіктен, діни дастандардан теріліп алынды.

137-147 279
Аннотация

Мақалада персуазивтіліқ призмасы арқылы ел бейнесі талдау усынылған. Кез-келген оқиғаның ҿзектілігі, қҧндылығы БАҚ-тың осы оқиғаның ақпараттық кеңістігіне салған мағынасының фокусымен анықталады. Ақпарат тҥріндегі білім қабылдау объектісі туралы шындықтың бейнесін ҧсына отырып, ел туралы хабардар болуға ҽкеледі. Авторлар оқырманның БАҚ-тың семантика туындағанына тілдік қҧбылысы ретіндегі дискурс ақпаратының басым қҧралдарының бірі екендігіне назар аударады. БАҚ функцияларының бірі ҽсер етуші болып танылады. БАҚ- ның дискурс кеңістігінің жан-жақты жҧмыс істейтін жҥйесі адресанттың белгілі бір тужырымдамалық дизайнда жасалған мҽтіндік архитектоникасы тҥріндегі стратегиялық ниетін кҿрсетеді. БАҚ-тың дискурсының кеңістігі персуазияға байланысты екендігі дҽлелденді. Зерттеу мҽселесін шешу жҽне мақсатқа жету ҥшін мақалада ҥздіксіз іріктеу ҽдісі, дискурсивті, мҽтінге бағытталған жҽне функционалды-бағытталған талдау принциптеріне негізделген ҽдістер қолданылды.Қазақстан бейнесінің мысалында жҥргізілген талдау вербализацияланған медиа мҽтіндерінің ерекше кеңістігі лингвопрагматикалық қҧралдармен кодталған оқиғалар мен процестердің ерекше ҽлемін ҿзгертетінін кҿрсетті. Мақалада «жаңа Қазақстан» дискурсивті стратегиясын қалыптастыратын лингвопрагматикалык бірліктер анықталды. Метафоралық тҥрде естілетін жҽне позитивті эпитеттерімен, тарихи-идеологиялық мазмҧндағы іс-ҽрекет етістіктерімен сипатталатын персуазивті тақырыптар неғізінде болжамды модель тактикасы жасалды. Мҽнмҽтінге «батырылған» бағалау мағыналарына баса назар аударылады. Еліміздің бірегейлігі «жаңа Қазақстан», «ҿткен тарих кезеңі», «ел аумағы», «ел туралы білім», «саяси тҧлға» бейнелері арқалы қҧрылған.

148-155 279
Аннотация

Мақалада қазақ жҧмбақтарындағы сан мен мҿлшердің символикалық мҽні қарастырылы, сипатталады. Зерттеу тақырыбының ҿзектілігі қазақ жҧмбақтарындағы сандық кодты лингвомҽдени қҧбылыс ретінде зерттеумен анықталады. Жҧмыстың мақсаты – лингвистикалық тҧрғыдан қазақ жҧмбақтарындағы сан мен мҿлшердің символикалық мҽнін ашып, сипаттау. Материалды талдау жҧмбақта денотаттың квантитативтік сипаттамаларын білдіретін сандардың семантикалық жҽне символикалық мҽні айрықша екенін дҽлелдейді. Материалды талдау жҧмбақта денотаттың квантитативтік сипаттамаларын білдіретін сандарды қолдану бар екенін кҿрсетеді. Мақалада қазақ жҧмбақтарында сан есімдердің қолданылуын бейнелейтін мысалдар келтірілген, жасырын денотат ретінде қоршаған ортадағы кез келген тҧрмыстық заттар мен қҧбылыстар, аспан денелері, адамның дене мҥшелері, жҽндіктер мен ҿсімдіктер атаулары, абстрактылы ҧғымдар, уақыт пен кеңістіктің нысандары бола алатыны нақты мысалдар арқылы сипатталған. Мақалада киелі сандар мен адамның вербалды тҽжірибесін білдіретін, оның қоршаған ҽлемді тану жҽне онымен ҿзара ҽрекеттесу қҧралы ретінде қызмет ететін соматизмдерді белгілейтін денотатқа ие жҧмбақтардағы сан есімдердің символикалық мҽніне ерекше назар аударылады. Соматизмдердің бейнелі семантикасы кейіптеу арқылы жҽне ертегі кейіпкерлерімен – қҧстар, аңдар мен жануарлармен ассоциациялау, олардың ғажайып ҽлемдегі іс-ҽрекеттері арқылы беріледі.

156-163 233
Аннотация

Мақалада ауызша формадағы іскери қарым-қатынасқа тҽн сҿйлеудің коммуникативтік- прагматикалық қызметі сҿйлеу актісі, коммуникативтік жағдаят, логос, этос, пафос категориялары аясында қарастырылады. Іскери коммуникациядағы сҿйлеудің психологияқ, коммуникативті-танымдық қырларына талдау жасалады. Сҿйлеуді ҽлеуметтік қызмет тҧрғысанан арнайы зерттеу – бҥгінгі кҥні ҿте ҿзекті мҽселе. Ҽсіресе іскери қатынаста адамдардың қоғамдасуына, бірлесуіне қызмет атқаратын сҿйлеу заңдылықтарын зерттеу аса маңызды. Ғылыми мақаладағы негізгі міндет іскери қатынастағы сҿйлеу стилін коммуникативті-прагматикалық тҧрғыдан саралау. Сҿйлеу адамға ғана тҽн биологиялық қҧбылыс ретінде даралықты кҿрсетеді, оның астарында тҥйсіну, қабылдау, сезу, ойлау, пайымдау, т.б. сияқты когнитивті психологиялық компоненттер бар. Осы компоненттер адамдардың ҿзін жҽне қоршаған ортаны тануға мҥмкіндік береді. Таныған, білген нҽрсесі туралы басқаларға ақпарат беру ҥшін адам сҿйлеу ҽрекетіне тҥседі. Сҿйлеудегі мақсат – қоршаған ортаны, ҽлемді қалай тҥсінетінін, білгенін жеткізу жҽне ақпаратты қалай сақтай алатынын, қолдана алатынын, ҿзгерете алатынын кҿрсету. Осы мақсаттан сҿйлеудің «даралықтан ҽлеуметтенуге қарай ҿту» процесін, яғни сҿйлеудің ҽлеуметтенуін кҿруге болады. Сҿйлеудің ҽлеуметтенуі адамдардың қоғамдық ортадағы пікірлесуі, сҿйлесуі, ҿзара ой бҿлісуі, қарым-қатынасқа тҥсуі барысында жҥзеге асады. Осыдан келіп сҿйлеудің ҽлеуметтік қызметі шығады. Ҽлеуметтік қызмет ой-пікірді жеткізу барысында басқаға ҽсер ету, ой салу, басқалармен қарым-қатынасқа тҥсудің маңызын жҽне адамдар арасындағы біріккен ҽрекеттің, қоғамдасу идеясының жҥзеге асуын айқындайды.

164-173 214
Аннотация

Бҧл мақалада «Black Friday» концептісінің жарнама дискурсындағы прагматикалық сипаты қарастырылады. Осы уақытқа дейін отандық лингвистикада аталмыш концептінің жарнама дискурсындағы қолданысы прагматикалық тҧрғыдан талдануы жҥзеге аспады. Бҧл сипат зерттеу нысанының ҿзектілігін арттыра тҥседі. Жалпы жарнама дискурсы отандық жҽне шетелдік лингвист-ғалымдардың назарынан тыс қалмайтын нысанға айналып ҥлгергені белгілі. Мақалада отандық медиа кеңістікте танымал жарнамалардың бірі «Black Friday» лексемасының адрессаттарға прагматикалық ҽсері жан жақты талқыланады. Мақаланың мақсаты-жарнама дискурсындағы «Black Friday» тҥсінігінің лингвопрагматикалық қырын зерделеу. Мақсатқа жету ҥшін келесі міндеттер қойылды: «Black Friday» тҥсінігінің тарихына шолу жасау, оның прагматикалық сипатын қарастыру жҽне аударматанудағы локализация ҥрдісі тҧрғысынан талдау. Мақаланы жазу барысында жаппай сатылым акциясын жарнамалауда отандық компаниялардың Инстаграм тҧғырнамасында жарияланған жарнамалары арқау болды. Зерттеу жҧмысының ғылыми маңыздылығы институционалдық дискурстың саласы ретінде жарнама дискурсының зерттеу аясының кеңеюіне байланысты. Зерттеудің практикалық маңыздылығы-зерттеу нҽтижелерін «Жарнама дискурсы аудармасы», «Жазбаша аударма практикасы» секілді «Аударма ісі» мамандығы бойынша оқытылатын пҽндер аясында, сондай-ақ жарнама дискурсы аудармасы бойынша кейстер дайындап оқу материалы ретінде пайдалануға болады.

174-181 296
Аннотация

Мақалада сот лингвистикасы лингвистикалық ғылымның жас саласы ретінде қарастырылды. Заманауи ғылымда лингвистикалық сараптама ғылымының парадигмалық мҽнін ашу аса маңызды. Мақалада жалпы тіл біліміндегі тың бағыт сот лингвистикасының ғылыми аппараты, осы салаға тҽн ҧғым атаулары қаралып, оны зерттеген ғалым-зерттеушілердің ой-тҧжырымдары сипатталады. Сонымен қатар кейбір сот сараптама процестеріне талдау жҥргізіледі. Сот лингвистикасы тіл мен қҧқықтың тоғысында сараптамалық білімнің жаңа саласы ретінде қалыптаса бастағаны белгілі. Аталған ғылым саласы лингвистикалық-қҧқықтық ҧғымдар жҥйесі мен оның бірыңғай терминологиясының болмауы жҽне теориялық-қолданбалы лингвистиканың жоғары сҧранысқа ие болуы себепті ҿте маңызды ҽрі ҿзекті болмақ. Бҥгінгі кҥнге дейін сот лингвистикасы мен сотта сҿйлеу білімінің зерттеу нысаны мен пҽніне салыстырмалы-салғастырмалы талдау жасалмады. Сондықтан мақалада тіл біліміндегі теориялық тҧжырымдарды негізге ала отырып, қазақ сот лингвиcтикасының теориясын қалыптастыру алғышарттары жасалады. Пҽнаралық ғылымдар тоғысындағы зерттеу тіл білімінің прагмалингвистика саласының жаңа қырларын ашып, білімнің тереңдей тҥсуіне ықпалын тигізеді.

182-189 224
Аннотация

Қазіргі таңда тіл мен аударма тҽжірибесін оқыту ҽдістемесінде ҽртҥрлі жанрдағы мҽтіндердің электронды параллельді корпусын жасау жҽне пайдалану ҿзекті болып табылады. Қазақстандағы мҧндай бағдарламалар ҽлі толыққанды жасала қойған жоқ, дегенмен параллель мҽтіндер аударманы салыстырмалы талдау ҥшін бҧрыннан қолданылған.
Аударманы оқыту міндеттерінде мҽтіндердің параллельді корпусын аударманың ҽдістері мен тҽсілдерін зерделеу кезінде кҽсіби аударма ҥлгілерін беретін анықтамалық ақпарат ретінде қарастыруға болады. Шетел тілін оқыту міндеттерінде мҧндай корпустар зерттелетін лексиканың ықтимал эквиваленттерін таңдауға, белгілі бір контексте оның мағыналары мен қызметтерін қадағалауға мҥмкіндік береді. Бҧл мақалада корпустарды пайдаланудың бірқатар ҽдістемелері, оларды жасау ҽдістері, корпус тҥрлері, сонымен қатар параллель мҽтіндер ҥшін арнайы бағдарламаларды пайдалану ерекшеліктері қарастырылады. Қазіргі уақытта машиналық аударманың ҿзі параллель мҽтіндерге негізделген. Болашақта аударма бірліктері бар параллель корпус қазақ тіліндегі аударманы жаңа деңгейге шығарады. Мҧндай жағдай кҽсіби машиналық аударма қосымшаларын, соның ішінде конференцияға арналған синхронды аударма бағдарламасын, ауызша мҽтінді басқа тілдегі жазбаша мҽтінге аударуға арналған қосымшаны жасау ҥшін аударма жады ретінде ҽрекет ете алады.

190-199 311
Аннотация

Зерттеу жҧмысының ҿзектілігі – студенттердің іскери коммуникациялық дағдыларын дамыту мақсатында іскери саладағы прагма-кҽсіби жҽне лингвистикалық тҧрғыдағы медиамҽтіндерді талдау. Зерттеудің мақсаты – іскери медиамҽтіндерді студенттің лексикалық қорын толықтыру жҽне мҽтін талдау дағдыларын қалыптастыру мақсатында автордың айқын, жасырын, гипермҽтіндік сілтемелер, ҿрнек реңктері арқылы баяндау стратегиясын зерттеу. Жҧмыстың ҽдістемесі медиалингвистика саласындағы пҽнаралық зерттеулерді теориялық тҥсінуге, іскерлік жҽне экономикалық тілдерді салыстырмалы тҥрде зерттеуге, іскери медиамҽтінің қҧрылымдық- лингвистикалық талдауға, тақырыптарды, микро тақырыптарды, негізгі қҧрылымдық элементтерді талдауға негізделген. Мақалада қазақстандық жоғары оқу орындары студенттерінің прагма-коммуникативтік қҧзыреттілігін қалыптастыру мақсатында іскери мҽтінді талдау ҽдістемесі, тиімді мҽтіндік талдаудың стратегиялары ҽзірленді. Медиамҽтіннің айқын жҽне жасырын мағыналық бҿліктері, автордың баяндау ерекшелігі, терминологиялық сипаттамаларды зерттеу, іскерлік коммуникация саласында кҽсіби қызметті жҥзеге асырудың лексикалық базасы талданды. Бҧл жҧмыста пайдаланылған материалдарды медиамҽтінді талдау ҥшін жаңа ҥлгілерді қалыптастыру, іскерлік тілді ҥйрену, машиналық оқыту негізіндегі технологияларды ҽзірлеу, студенттерге іскерлік тілді оқыту ҥшін терминографиялық дереккҿздер мен деректер корпусын қҧрастыру, медиамҽтінді талдау ҽдісін тҽжірибеге енгізу мақсаттарында пайдалануға болады.

200-210 563
Аннотация

Мақала кҿркем шығарма мҽтініндегі диалогтің қҧрылымы мен атқаратын қызметіне арналған. Адам мінезінің сан алуан, ҽр қилы сипаты бар. Ҽр адам ҿзін қоршаған ортаға ҿз мінезімен танылады. Кҿркем шығармада да кейіпкер оқырман есінде сыртқы тҥр-келбетімен қатар мінезімен сақталады. Кҿркем шығарма мҽтініндегі кейіпкер мінезі ҽртҥрлі. Сондықтан да кейіпкер мінезі сипатына қарай жағымды не жағымсыз, ҧнамды не ҧнамсыз ҽсер қалдырады. Мақалада кейіпкер мінезінің сипаттары сараланып, диалог арқылы нақтыланады.
Зерттеу жҧмысында кҿркем шығарма мҽтініндегі диалогтің қҧрылымы анықталады. Кҿркем шығарма мҽтініндегі диалог қҧрылымын кҥрделі синтаксистік тҧтастық деуге болады. Оның диалогтік кіріспе, диалог, авторлық кірікпе сынды бҿліктерден қҧралып, бҧл бҿліктер мағыналық, қҧрылымдық жҽне интонациялық жағынан ҿзара тығыз байланысты екеніне кҿз жеткізілді.
Кҿркем шығармадағы диалог қҧрылымында ремарканың қызметі ерекше. Ремарка айтылған пікірдің кімдікі екенін, қандай мақсатпен, қандай жағдайда, қалай айтылғанын білдіруі оның ең қарапайым жҽне алғашқы қызметі боп саналады. Ремарка арқылы сҿз иелерінің тҥрлі қимыл-қозғалыстары, тҥрі, бет-ҽлпеті, сол арқылы адамның ішкі кҿңіл дҥниесі ашылады. Сонымен қатар ремарка автор пікірін, кҿзқарасын білдіреді. Диалог қҧрылымында ремарканың қайталану қҧбылысы мысалдар арқылы дҽйектеледі.
Кҿркем шығарма мҽтініндегі диалогтің қызметі – диалог-ҽңгіме, диалог-ҽзіл, диалог-талас, диалог-мінездеу сынды диалогтің тҥрлері арқылы беріліп, кейіпкерлердің ішкі болмысы, кескін-келбеті, басқа кейіпкерге кҿзқарасы, мінезі айқын танылады. Мақалада диалогтің атқаратын қызметі мысалдар арқылы талданады. Диалог қҧрылымындағы қайталаулардың ҿзіндік орны бар. Бҧл жазушының стильдік ерекшелігін танытады. Мақалада қайталаулар, сілтеме сҿзбен (реплика) олардың арасындағы байланыстар кейіпкердің ерекше характерін, сҿйлеу тіліндегі ҿзіндік ҿрнегін кҿрсететіні айтылады.
Зерттеу жҧмысында шетелдік жҽне отандық тіл біліміндегі диалогті қатысымға байланысты зерттеу еңбектері басшылыққа алынды. Мақалада ҽдеби туындыларда сҿйлеу актісі лингвистикалық тҧрғыдан ҿңделген жҽне кейіпкерлердің сҿйлеу ҽрекеті сҿйлеу ҽдебіне сай болып, тілдің коммуникативті бірліктері ҧлттық-мҽдени аспектіде анық байқалатынын ескере отырып, мҽнмҽтіндік жҽне прагматикалық сараптама ҥшін сипаттамалық ҽдіс, диалогтік сҿйлесімдердің қызметі мен қҧрылымын сараптауда қҧрылымдық-семантикалық ҽдіс қолданылды.

211-220 208
Аннотация

Жыртқыш қҧстарды қолға ҥйрету, сол арқылы қалыптасқан тілдік бірліктерді зерттеудің маңызы зор.Жалпы адам ҿміріне қҧстар тікелей ҽсер етеді. Олар адамзатқа зиянынан гҿрі пайдасын кҿп тигізеді. Жердегі жҧмыр басты пенде қҧстармен тікелей қарым-қатынас орната отырып, оларды ҿз тҧрмыс-тіршілігінің ажырамас бір бҿлігіне айналдырған. Қҧстарға қатысты ырым-тиымдарды, наным-сенімдерді қалыптастырған. Адамдар қҧстармен біте қайнасқаны соншалықты, олардың қимыл-қозғалыстарын, іс-ҽрекеттерін зерделейтін дҽрежеге жетен. Қҧстар ҿз мінездерінде қандай да бір ерсі қылық кҿрсетсе, не болмаса ҿздерін кҥнделіктіден басқаша ҧстаса, сол арқылы табиғат қҧбылыстарын, табиғат апаттарын болжай алатын болған.Сонымен қатар, олардың сҧлулығын, қырағылығын, алғырттығын т.б. мінездерін жырға-ҽнге қосқан. Тілімізде ауыз ҽдебиетінде қҧстарға қатысты мақал-мҽтелдер, жҧмбақтар, жаңылтпаштар пайда бола бастаған. Кейін келе оларды аңыз ҽңгімелерге, нақыл сҿздерге, ертегілерге, ақындар ҿлең-жырларына, жазушылар шығармаларына қосқан. Сҿйтіп, тілімізде жҽне санамызда қҧс атаулының образы қалыптасқан. Мақалада жалпы жыртқыш қҧстарды қолға ҥйретуде қалыптасқан ҧғымдар мен олардың қолданылу аясы қарастырылады. Қазақ халқының табиғатын, танымын, ерекшеліктерін сипаттайтын қҧстарға қатысты атаулар жҽне олардың пайда болуы тілдік тҧрғыдан талданған. Жыртқыш қҧстарға қатысты атаулар, біріншіден, белгілі бір қҧбылысты атаудағы (номинация тарапынан) жетіспеушіліктің орнын толтыру ҥшін, екіншіден, бейнелі тілдік единицаларды байыту ҥшін жасалған. Осы орайда лингвистикалық, танымдық уҽж арқылы жасалған атаулар сараланды. Соның негізінде жазба жҽне ҽдеби тілімізде жыртқыш қҧстарға қатысты ҧғымдар жинақталып, олардың тілдегі қабаты, жасалу жолдары, пайда болу, шығу, даму тарихы анықталды.Фразеологиялық, паремиологиялық қордағы қолданылу ерекшеліктері, бейнелеуіштік, бағалауыштық мҽн тудыратын қасиеттері айқындалды. Бҧрын қолданылған, қазіргі таңда қолданыстан шығып қалған жыртқыш қҧстарға қатысты терминдерге анықтама берілген.

221-229 361
Аннотация

Аталмыш мақалада алғаш рет XV–XVIII ғғ. қазақ жыраулар ауызша поэзиясының стилі мен жанрын ҧйымдастырудағы формульдік бірліктерінің рҿлі зерттеледі. Авторлар мақаланың негізгі мақсатын – жыраулар ауызша поэзиясының поэтикалық техникасы мен формульділігін зерттеу, олардың кҿне тарихи-генетикалық дереккҿздермен (суггестиялық, магиялық жҽне ырғақты ҥнмен жалбарыну, сондай-ақ олардың тікелей атқаратын қызметін сипаттау, ауызша поэзияның стилі мен жанрын ҧйымдастыру) байланысын анықтау жҽне сипаттау деп кҿрсетеді. Формульдік стиль бірліктері алғаш рет XV–XVIII ғғ. жыраулар батырлар поэзиясының материалдары негізінде зерттелді. Осы ғылыми зерттеуде поэтикалық мҽтінді қҧрастырудың формуласы мен техникасын талдауда Парри-Лордтың ауызша теориясының ҽдісі қолданылады. XV–XVIII ғғ. жыраулық ҿнердің пайда болу, даму жҽне функциональдық заңдылықтарын дҽстҥрлі формалалары, олардың басым тҥрлері мен формульдік элементтерінің тҥзілу қызметтерін анықтауға мҥмкіндік беретін тарихи-генетикалық жҽне қҧрылымдық-семантикалық ҽдістері қолданылды.
Мақаланың практикалық қҧндылығы осы ҽдісті басқа да қазақ халқының ауызша поэтикалық мҽдениетін жырлайтын материалдарды талдауда жҽне ҚР ҒЖБМ «XV–XVIII ғғ. жыраулар поэзиясының кҿркемдік-анықтаушы жҥйесі, «формульдік стилистикасы» жҽне грамматикасын зерттеу. Жиілік сҿздігі» гранттық жобаның аясында «Миф, ырым жҽне ырымдағы поэтикалық сҿз» монографиясын жазуда кҿрініс табады.



ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)