Preview

TILTANYM

Кеңейтілген іздеу
№ 4 (2018)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)
3-8 303
Аннотация

   Мақала профессор Ә. Жүнісбекке арналады. Ә. Жүнісбек – қазақ тілтанымында өзіндік орны бар ғалым. Ол қазақ фонетикасына, орфография мен орфоэпия мәселелеріне, сингармонизм теориясына зор еңбек сіңірген ғалым. Профессор Ә. Жүнісбек жалпы, түркі және қазақ тілтанымындағы сөзқұрауыш (просодика слова) мәселесі; қазақ тіліндегі сингармонизм (үндесім түрленім) заңы; қазақ тілінің артикуляциялық базасы (моделі) құрамындағы артикуляциялық үлгілер; қазақ тіліндегі буын және морфеманың дыбыс құрамы мен желісі (линейная величина); латын әліпбиіне көшу мәселелері; қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне үйрету әдістемесі мәселелерімен айналысады.

9-16 175
Аннотация

   Кез келген саланың өз ұстазы болады. Ғылымда да солай. Атақ пен даңқты мақсат етпей, ғылымдағы ізденісін шын сүйген, шәкірттері үшін жаны күйген, менің ұстаздық жолымды таңдауыма себепкер болған ғылымдағы ұстаз. Әлімхан ағай –жұмсақ мінезімен, дархан көңілімен, жомарттығымен, азаматтық қасиеттерге ие ірі тұлға ретінде әрқашан шәкірттерінің жүрегінде. Ә. Жүнісбек – қазақ тіл білімінде өзіндік ғылыми-зерттеу мектебін қалыптастырған ғалым. Еңбек жолында алдынан сансыз шәкірттерді өткізген ғалым.
   Мақалада Қазақ фонетикасының түрлі бағыттары бойынша профессор Ә. Жүнісбектің мектебі қалыптасып, ғалымның шәкірттері қазақ тілі дыбыстарының үндесім және үйлесім фонетикасы, тарихи фонетика, салыстырма фонетика, әуен (интонация) фонетика, қолданба фонетика салалары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жайлы айтылады. Профессор ф.ғ.д., Әлімхан Жүнісбектің 80 жылдық мерейлі тойына арналып, қазақ тілінің ұлттық болмысын шынайы қалпында сақтап қалуға атсалысып жүрген, ғылым және білім беру ісінің майталманы, қазақ тіл білімінде ғана емес, бүтін түркі әлемі тілтанымында өзіндік орны жайлы сөз болады.

17-25 169
Аннотация

   Профессор, ф. ғ. д. Ә. Жүнісбектің еңбектерінде әлем тілдері қауым-дастығындағы қазақ тілінің өзіндік орны мен маңызын бағамдау мақсатында әлем тілдерінің туыстық жіктелім белгілеріне ғылыми-теориялық тұрғыдан талдау жасалды. Ахмет Байтұрсынұлы бастаған ұлы көшті жалғастырушы, қазақ ұлттық фонетикасы және қазақ просодологиясы ғылымының негізін қалаушы ғалым Ә. Жүнісбек өзіндік ғылыми-зерттеу мектебін қалыптастырды. Қазіргі қазақ тіл білімі ғылымының даму үрдісінің теориялық-әдіснамалық және оқу-практикалық талаптарына сай құрастырылған «Қазақ грамматикасы» басылымының «Фонетика. Фонология» бөлімдерін ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеді.
   Мақалада жаны жайсаң, көңілі жаз, бала мінезді абыз ағамыз мерейлі сексен жасқа елді марқайтар жетістіктермен жетіп отырғаны туралы сөз болады.

26-33 229
Аннотация

   Тіліміздің дыбыс жүйесін жаңа қырынан, сингармофонологиялық
бағытта, зерттеуші ғалымдардың көш басында Ә.Жүнісбек есімі аталады. Ғалымның қазақ тіліндегі сингармонизм заңдылықтары туралы зерттеулері тек түркітану саласында ғана емес, жалпы тіл біліміне елеулі өзгеріс әкелген ғылыми жетістігіміз болып саналады. Оның зерттеулері нәтижесінде тіліміздің өзіндік ерекшелігін танытатын негізгі заңымыз сингармонизм екендігіне, сондай-ақ, сингармонизм тіліміздегі барлық дыбыстарға қатысты негізгі заңдылығымыз екендігіне жайында болмақ.
   Мақалада ғалымның қазақ тіліндегі сингармонизм заңдылықтары ту-ралы зерттеулері тек түркітану саласында ғана емес, жалпы тіл біліміне елеулі өзгеріс әкелген ғылыми жетістігіміз болып саналады. Ә.Жүнісбек түркі тілдерінде сингармонизм тек фонетикалық категориялардың бірі ғана емес, түркі сөздерінің фонологиясын танытатын негізгі заңы екендігін дәлелдейді.

34-38 164
Аннотация

   Қазіргі кезде қазақ тілі мамандарын, тіл жанашырларын толғандырып отырған басты мәселе де осы, яғни шет тілдерден келген сөздерді қолдануға қатысты болып отыр. Өз тарихымызда өзге тілдің дыбыстық құрамын түгел алған тәжірибеміз бар және оның арты неге әкелгені де белгілі. Жалпы бір тілдің айтылым, жазылым жүйесінде екінші тілдің заңдылығы қатар қолданылуы мүмкін емес. Қолданылған жағдайда ол тіл табиғаты мен болмысының өзгеруіне, бұзылуына әкеледі. Әлемдік тәжірибеде жүздеген тілдердің жойылуына әкелген осы тілдік ықпал екені белгілі. Бүгінде графика, яғни таңба мәселесінде бәрі анық, қазақ әліпбиі үшін латын жазуын таңдадық. Қолданылған жағдайда ол тіл табиғаты мен болмысының өзгеруіне, бұзылуына әкеледі. Сондықтан да әліпби реформасына қатысты шаралардың алдыңғы қатарында жаңа қазақ емлесі мәселесі тұр, нақты айтсақ, өзге тілдерден келген сөздерді жазу мәселесі.

39-44 209
Аннотация

   Алдыңғы жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты халыққа Жолдауын жария етті. Аталған жолдау өзге жолдаудан өзгеше түрде қабыл алынды. Өйткені мұнда қазақ ұлтының тағдырына, болашақта оның Мәңгілік ел болып қалуына қатысты тағдыршешті, тарихи үндеу тасталды. Ол – 2025 жылға дейін қазақ жазуын латыннегізді жаңа ұлттық әліпбиге көшіру. Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс туғызды. Латыннегізді жаңа ұлттық қазақ әліпбиі – рухани жаңғырудың бір әрі бірегей белгісінің бірі, қазақ ұлтының келбетін, болмысын танытатын ерекше бояулы нақыш, ұлттық әлпет, бренд. Бұл асығыстықты қаламайтын үдеріс болуы тиіс. Келіп түскен мыңдаған әліпби жобаларын жақсылап електен өткізіп, талқылап, ішінен дыбыстарды дәл таңбалауға ыңғайлы, көзкөрімге әсерлі көрінетін үздік жобаны таңдау – қиынның қиыны және онда біреудің атақ-лауазымына, беделіне артықшылық беретін науқан емес. Мұнда латын әліпбиге ілгері жылдары көшкен түркінегізді елдер тәжірибесі
де зерттелуде.

45-50 257
Аннотация

   Мақалада соңғы онжылдықтағы әлемдік тілдердің «Сөйлеу тілі корпустарын құру» мәселесіне қысқаша шолу жасалып, қолданылып келе жатқан әдістердің корпустық модельдеу мен сөйлеу тілін автоматты синтездеу салаларына қарай ауыса бастағандығы жайлы сөз болады. Бұл жағдайдың сөйлеу тілінің просодикалық сипаттамасын, оның эмоционалды мазмұнын модельдеу үшін аса маңызды екені айтылған
   Сонымен бірге, мақалада, болашақта құрастырылатын қазақ тілінің сөйлеу корпусын тек ғылыми зерттеу мақсатында пайдаланумен бірге дискретті сөйлеу тілінің бірліктерін автоматты түрде тану жүйесін құру мәселесінің де шешімі табылатыны жайлы сөз болады.

   Мақалада «Сөйлеу тілі корпусын» құру мәселесінің әлемдік деңгейдегі тәжірибесі мен маңыздылығы қысқаша баяндалады. Аталған корпустың ғылыми зерттеу мақсатында пайдаланылуымен бірге дискретті сөйлеу тілінің бірліктерін автоматты түрде тану жүйесін құру үшін де маңыздылығы қысқаша сөз болады.

51-56 209
Аннотация

   Мәтіндер корпусына енгізілген фонетикалық белгіленім программасы Ә. Жүнісбектің үшқадамдық жүйесі бойынша сипатталған. Бірінші –сөздің жуан / жіңішкелігіне қарай әуезін (тембр) көрсетеді. Екінші – сөзді автоматты түрде буынға бөледі және қандай буын екенін сипаттайды. Үшінші – сөз құрамындағы әрбір дыбыстың фонетикалық талданымын көрсетеді. Болашақтакорпусқа енгізілген бұл фонетикалық сипаттама буынды автоматты бөле алатын программаның интернет желісінде жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

   Мақалада мәтіндер корпусына енгізілген фонетикалық белгіленім бағдарламасын жасауға арналған лингвистикалық нұсқаулыққа сипаттама беріледі. Профессор Ә. Жүнісбектің үшқадамдық нұсқаулығы басшылыққа алынып, программаға дайындалу барысы қарастырылады. Сонымен қатар лингвистикалық мәлі-меттер енгізілгеннен кейінгі фонетикалық белгіленім терезесінен скриншот бері-леді.

57-71 151
Аннотация

   А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Қолданбалы лингвистика бөлімі 2009 жылдан бастап «Қазақ тілінің ұлттық корпусын» жасау мәселесімен айналысып келеді. Бұл ретте қазақ тілінің 5 стилі бойынша бірнеше миллион сөзқолданыстан тұратын мәтіндер корпусқа салынып, әртүрлі лингвистикалық және экстралингвистикалық белгіленімдер әзірлемесі дайындалды. Корпусқа енгізілетін мәтіндер туралы ең бірінші экстралингвистикалық белгіленім қою қажет. Өйткені пайдалануға ең алдымен іздеген материалының авторы, қандай мәтін екені туралы ақпарат қажет. Мұндай ақпараттарды метамәтіндік белгіленім деп атайды.
   Мақалада А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Қолданбалы лингвистика бөлімінде жасалған мәтіндер корпусына енгізілген 23 параметрден тұратын метамәтіндік белгіленімдер туралы баяндалады. Метамәтіндік белгіленімдердің түрлеріне арналғаннұсқаулықтар көрсетіледі. Сонымен қатар мақалада метамәтіндік белгіленімге енгізу бағдарламасының жұмыс істеу технологиясы сипатталады және корпусқа енгізілгеннен кейінгі метамәтіндік белгіленім терезесі көрсетіледі.

72-77 231
Аннотация

   Етістік сөзжасамның жеке сала болып қалыптасып зерттелгенге дейін басқа сөз таптары сияқты морфологияның құрамында ғана сөз етілді. Күрделі сөздің мағынасы оның құрамындағы лексикалық мағыналы сыңарлардың мағынасынан туындайды. Күрделі етістікке ұқсас тілдік құбылысқа сөз тіркесі және етістіктің аналитикалық формасы да жатады.
   Мақалада қазақ тіліндегі -а сал аналитикалық формантының функционалды мағыналары қарастырылады.

78-82 147
Аннотация

   Шет тілін арнайы білім әлемін ұғыну, өз халқын және басқа халықтарды мәдениетке баулу тәсілі ретінде пайдалану, адамдардың тек өз еліне, белгілі бір өркениетке ғана емес, жалпы планетарлық мәдени қоғамдастыққа жататынын ұғынуына ықпал ететін түрлі мәдениеттер диалогы – осы идеялардың барлығы білім берудің гуманистік парадигмасын іске асыратын қазақстандық жоғары мектеп үшін аса маңызды. Қазақ халқының мәдени ерекшеліктерін тарату.
   Шеттіл мәдениетін меңгеру үшін мәдениет аралық қарым-қатынастың жүйелігін қамтамасыз ету және Қазақстан туралы шетелдер де ақпарат тарату мақсатында жүйелі мәдени база қажет. Шетел тілін арнайы білім әлемін түсіну, өзіндік және басқа ұлттар мәдениеті мен таныстыру, халықты тек өз елі ғана емес, белгілі бір өркениет, сонымен қатар планеталық мәдени қоғамдастық туралы ақпараттандыруға мүмкіндік беретін түрлі мәдениеттердің диалогы ретінде қолдану.

83-86 168
Аннотация

   А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Қолданбалы лингвистика бөлімі латын қаріпті қазақ әріптерінің пернетақтада орналасу варианттары бойынша эксперимент жүргізді. Эксперимент латын қаріпті қазақ әріптерінің пернетақтасының жиілікке негізделген және ағылшындағы бос орындарға қойылған пернетақталармен жасалды.
   Талдау нәтижесінде екі пернетақта бойынша артықшылықтар мен кемшіліктер айтылып. Эксперимент барысында талданған нәтижелерге қарай ұсыныстар келтірілді.

   Мақалада жаңа ұлттық әліпби негізінде латын қаріпті қазақ әріптерін пернетақтаның екі варианты бойынша эксперимент пен алынған нәтижелер сипатталған. Жиілікке негізделген және ағылшындағы бос орындарға қойылған пернетақталар негізге алынды Әріптерді пернетақтада теру ыңғайлылығына қарай пернетақта актив және пассив аймақтарға бөлініп, ортаңғы бөлікке жиі кездесетін әріптер, ал шеткі бөлікке сирек кездесетін әріптер орналастырылды. Мақалада әрбір пернетақта бойынша жеке талдаулар жасалып, нәтижелері нақты баяндалады.

87-91 213
Аннотация

   Жалпы адамзат тілінің пайда болуымен қатар қазақ тілі де өзінің бастапқы таза түркілік табиғатын сақтап қалған. Небір алмағайып замандарда жоғалып кетпей, бүгінгі күнге жеткен ана тіліміз «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген Елбасының көрегендікпен айтқан сөзінің нақты дәлелі. Қазақ халқы ен-таңбамен қатар ру, тайпа таңбасын да кеңінен қолданып, бір белгімен тұтастай бір сөзді берген жазу мәдениетінің алғашқы әліппесіне жол ашады.
   Мақалада Елбасының«Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына орай, VІІ – VІІІ ғасырларда қазақ халқының ен-таңбамен қатар ру, тайпа таңбасын да кеңінен қолданғандығы тіл білімінің лингвистика, этнолингвистика саласы тұрғысынан анықталып және қазақтың алғаш пиктографиялық жазуды (суретті жазу) пайдаланғандығы сөз болады.

92-97 567
Аннотация

   Абай мен Шәкәрім шығармаларында халықтық рухты пайымдауға құрал болатын тілдік құрылымдар, сөз тіркестері құрылымындағы семантикалық даму бағытын айқындауға негіз болатын алғышарттардың бірі – қатысымдық үдеріс. Сөз тіркестеріндегі мағыналық, құрылымдық өзгерісті Абай, Шәкәрім шығармаларының материалы негізінде қарастыру олардың мақсатты түрдегі жұмсалуын, тек семантикалық мәселелерді шешуге емес, лингвистикалық семантика мәселелеріне бағытталғандығын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл бүгінгі қоғамдық өркениеттің өзектілігіне өріс алатын факторлардың біріне айналған. Олай дейтініміз, сөз тіркестері құрамынан туатын қатысымдық мағына тілдік және тілден тыс ақпараттық білім жиынтығын құрап, сөз тіркесі семантикасының функционалдық қызметін саралауға негіз болып табылады.
   Мақалада Абай мен Шәкәрімнің өскелең ұрпақтың бойына адами факторлардың қалыптасуы: қоғаммен тығыз байланыста екендігі айтылады. Н. Назарбаевтың ұлттық код туралы ұғымы баяндалады.

98-101 179
Аннотация

   Саяси дискурстың тағы бір ерекшелігі-дәйексөздерді қолдану. Мұндай дәйексөздер оның авторларына тиесілі, бірақ содан кейін оларды саяси дискурста кеңінен қолдануға болады. Мысалы, «entangling alliances» – « іс-әрекет тәуелсіздігін шектейтін одақтар «(Т. Джефферсон), «he evil empire» – «жауыздық Емпериясы» (Р. Raegan), «a rendezvous with destiny» – «тағдырмен кездесу (F. Roosevelt)», «the silent majority» – «үнсіз көпшілік» (Р. Николсон) және т. б.
   Мақалада саяси дискурста географиялық және тарихи-мәдени нысандар, елдер мен органдардың атаулары және т.б. сияқты көптеген тиісті атаулар бар. Соның ішінде синхронист аудармашы аударманың транскрипциялық, калькалық, транслитерациялық әдістерін меңгереді.



ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)