Preview

TILTANYM

Кеңейтілген іздеу
№ 4 (2015)
Шығарылымды жүктеу PDF
3-10 224
Аңдатпа

Автор Сүйінбай өлеңдерінің өткірлігіне, тілінің шеберлігіне, көркемдігіне, байлығына тоқталады. Мақалада Сүйінбай өлеңдеріне тән жыраулық сарын мен ақындық ой басымдығы нақты мысалдар арқылы талданады, Сүйінбай тілінің ерекшеліктері оның айтыстарының көркемдік тілдік құралдарын талдау арқылы көрсетіледі.

11-16 437
Аңдатпа

Мақалада қазақ интонациясының дискурстық сипаты қарастырылған. Дайындықсыз сөйлеуге эксперименталды-фонетикалық талдау антропоцентристік аспектіде жасалған. Интонацияның семантикалық және синтаксистік функцияларымен қатар прагматикалық және когнитивтік ерекшеліктері сипатталған.

17-27 648
Аңдатпа

Мақалада қаржы-банк саласының ағылшын тіліндегі терминдерін қазақ тіліне енгізу мәселесі талқыланады. Ағылшын сөздерінің этимологиясын анықтау арқылы қазақ тілінің терминологиялық қорына кіретін қаржылық және банктік терминдерді енгізу тәсілдеріне талдау жасалады. Терминдердің қазақ тіліне ену барысында орыстілінің делдал тіл ретіндегі қызметі алынған терминдердің фонетикалық құрылымын талдау негізінде зерттеледі.

28-39 414
Аңдатпа

Мақалада ишараттардың ұлттық сипаты, олардың мағыналық ерекшеліктері барынша ашылып көрсетілді. Олардың вербалдануы сөз болды. Сәлем беру, амандасу салттық ишараттың ішіндегі аса маңыздыларының қатарына жатады. Қазақы дәстүрде оның орындалуының өзіндік реті бар және амандасу реттілігі қатаң сақталады.Реттілік жас пен дәрежеге қарай орындалады. Автор амандасу кезінде орындалатын коммуникацияның көмекші құралдары бейвербалды амалдар мен олардың семантикасы туралы айтады.

Мақалада амандасу кезінде орындалатын коммуникацияның көмекші құралдары бейвербалды амалдар мен олардың семантикасы туралы сөз болады.

40-46 385
Аңдатпа

Мақалада аудармашы Н.М. Чернованың аудармашылық қызметі туралы айтылады. Н. Алпамысқызы, Б. Жақып, М. Райымбекұлының т.б. ақындар өлеңдерін орыс тіліне аудару сапасы, қолданған көркемдік тәсілі, аударма түрі т.б. жан-жақты талданады. Қазақ ақындарының қысқаша өмірбаяндары да беріледі. Н. Чернованың аударма туралы айтылған пікірлері беріледі.

47-52 464
Аңдатпа

Мақалада тарихи себептерге байланысты ҚХР аумағында қалып, ұзақ уақыт өзге тілдік ортада өмір сүріп жатқан қазақтар тілінің зерттелуі сөз етіледі. Қазақтар тілінің ерекшелігі қазақ және қытай ғалымдары тарапынан қарастырылып келді. Мақалада осы ғылыми еңбектер мен зерттеу мақалаларға шолу жасалып, негізгі бағыттары, қарастырылған мәселелері анықталады, негізгі тұжырымдары талданады.

53-55 318
Аңдатпа

Мақалада латын әліпбиіне негізделген түрік тілінің орфоэпиясы жайында сөз болады. Сондай-ақ түрік тілі мен қазақ тілінің орфоэпиясы салыстыра сипатталады.

56-61 313
Аңдатпа

Мақалада Шәміс Құмарұлының «Бөке батыр» романындағы тарихи және көркемдік шындықтың берілуі туралы сөз болады. Автор нақты тарихи оқиғаларды негізге ала отырып, романдағы берілуін, көркемдік астастықты, жазушының шеберлігін сөз етеді.

62-66 577
Аңдатпа

Мақалада «Оғызнама» ескерткішінің мәтініндегі сөздер мен қазіргі қазақ тіліндегі сөздер тұрпат межесі мен мазмұн межесі тұрғысынан талданған. Сөздерді тақырыптық топтарға жіктей отырып, мақала авторы ескерткіштің тілі қазіргі қазақ тіліне жақын екенін көрсетеді.

67-71 333
Аңдатпа

Бұл мақалада ағылшын фразалық етістіктерінің лингвистикалық сипат-тамасызерттеліп, оқырманға етістіктертуралытолық түсінікберуүшінолардыңтарихына қысқаша шолу жасалады. Мақалада отандық және шетелдік ғалымдардың теорияларына талдау және фразалық етістіктерге салыстырмалы талдау жасалды.

Бұл мақала ағылшын тіліндегі фразалық етістіктердің анықтамаcы, семантикасы, классификациясы және тарихи қалыптасу мәселелеріне арналған.

ЖАС ҒАЛЫМДАР МАҚАЛАСЫ

72-77 632
Аңдатпа

Мақалада жазуда қолданылатын тыныс белгілерінің табиғаты, қолданысы, атқаратын қызметтері мен білдіретінмағыналары жөніндегі мәселелер, сонымен қатар пунктуациялық жүйедегі тыныс белгілердің өзіндік орны қарастырылады.

78-82 282
Аңдатпа

Мақалада терминологиялық стандарттардағы анықтамаларды модельдеу қарастырылады. Ғылыми-техникалық терминологияны стандарттауда терминологиялық стандартты құрудың негізгі үдерістерін реттеу және ресімдеу жұмыстары маңызды болып табылады.

83-89 333
Аңдатпа

Мақалада көрнекті қайраткер, ғалым Әлихан Бөкейхановтың астрономия бойынша кітабы, қазақ терминологиясына қосқан үлесі, қазақ тілінің ғылыми стилінің дамуы қарастырылады.

90-95 301
Аңдатпа

Мақалада виртуалды кеңістіктегі публицистикалық стильдің кейбір ерек-шеліктері талданады. Интернеттегі публицистика стилінің трансформациялануның ішкі және сыртқы себептері көрсетіліп, публицистикалық стильмен жазылған мәтіндердің тілдік және құрылымдық ерекшеліктері сөз болады.

96-102 993
Аңдатпа

Мақалада қазақ тіліндегі дыбыстық құбылыстардың түрлері, жасалу жолдары сипатталған. Сөз басында, ортасында, соңында кездесетін, сөздің құрамында болатын әр алуан дыбыстық өзгерістер қарастырылған.

103-110 585
Аңдатпа

Мақалада латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің компьютер пернетақтасына орналастыру ретінде қазақ мәтініндегі жиі кездесетін әріптер мен тіркестерді басшылыққа алу қажеттілігі айтылады. Стандарт пернетақтаны сол күйінде алу мәтін терудің жылдамдығына кедергі келтіреді деп шамалаймыз.

111-120 281
Аңдатпа

Мақалада Абай поэтикасындағы айрықша сөз қолданыс, соның ішінде «көңіл» сөзі қолданысының лексика-семантикалық, прагматикалық, функционалды ерек-шеліктері сөз болады.

121-127 462
Аңдатпа

Мақалада қазақ тілінің пунктуациясы мен метатілі мәселелері қарастырылып, ХХ ғасыр басындағы тілтанушы ғалымдардың қолданған терминдері мен жүргізген тәжірибе жұмыстары (архив деректерін қолдана отырып) сөз етіледі.

128-134 338
Аңдатпа

Қазақ ономастикасы – қазақ халқының танымындағы, тұрмыс-тіршілігіндегі ғасырлар бойы жинақталған білімдер жүйесін сақтап келе жатқан ұлттық құндылықтарымыздың бірі. Осы құндылықтарымызды сақтап қалу, әрі қарай жалғастырудың кепілі – қазақ есімдерін, кісі аттарын, жер-су аттарын қазақ тілінің нормасына, емле ережелеріне сай дұрыс жазу, таңбалау.

Мақалада 1931 – 1940 жж. мерзімді басылымдардағы латын әліпбиімен жазылған қазақ антропонимдері мен топонимдерінің таңбалануы мәселесіне талдау жасалады.

135-138 214
Аңдатпа

Автор Е. Раушанов шығармашылығындағы бірнеше өлеңнен адам мен құстар арасындағы психологиялық параллельді көрсетуге тырысады.



ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)