Preview

TILTANYM

Кеңейтілген іздеу
№ 3 (2017)
Шығарылымды жүктеу PDF
3-8 187
Аннотация

   Жаңа әліпби құрамындағы ұлттық дыбыстар латын әліпбиінің шеңберіндегі, компьютерде бар апостроф таңбасымен ғана ерекшеленетіндіктен, бағдарламашы мамандар компьютерді пайдалану кезінде арнайы шрифтерді, драйверлерді, ақпаратты сұрыптау және іздеу программаларын жаңадан жасауды қажет етпейді, бұл әліпби компьютер бағдарламалары үшін тиімді деп санайды. Жаңа әліпбидің латын қарпінің шеңберінде болуы қазақ тіліне қызығушылық танытқан шетелдіктердің қазақ тілін жеңіл үйренуіне мүмкіндік береді. Осы орайда жаңа әліпбидің оқу әдістемелік тұрғыдан да тиімділігі бар.

9-15 168
Аннотация

   Латын графикасына ауысу заман талабы, тілдің қажеттілігі. Латынға ауысу барысында құнды дүниелер мен жазбалар, сондай-ақ әдебиетпен, ғылымның жетістіктерінен айырылып қаламыз деп қорқудың қажеті жоқ. Осы негізде Ж. Баласағұнның «Құтты білік» еңбегін латын графикасына салдық. Латын графикасында да түсінікті, ұғынықты болатынын көрсетуге тырыстық. Кирилден латынға ауысу барысында қазақ тілінің емле, орфоэпиялық, орфографиялық ережелерін дұрыстап бекітіп алуымыз керек. Оны жүйелі түрде жүзеге асырсақ, графикамыз кемшіліксіз болары сөзсіз. Ал қазақ жазуы кемшіліксіз құрылса, қазақтың төл әдебиеті мен көркем әдебиетін, жазба ескерткіштерін латын графикасына ауыстыруда қиындық туындамауы тиіс.

16-21 151
Аннотация

   Ақпараттық ағымның күшеюінен студенттер мен мамандарды тәрбиелеп, оқытудағы әдістеменің түрлері мен мәнін түбегейлі өзгерту қажет. Білім берудің мақсаты сол білімді беріп және сіңіріп қою ғана емес, сол алған жаңа білімнің негізінде кәсіби мақсаттарды дайындай білу. Қазіргі таңда, күндізгі бөлімде оқып, жоғары білім алу мүмкіншілік халықтың мұқтаждықтарын қанағат ете алмайтындықтан, сырттай білім алатын студенттердің кәсіби дайындықтарын одан ары арттыру мәселелерін шешуді қолға алуды талап етеді. Мыңжылдыққа өту кезеңінде білім беру саласы адамзат капиталы мен білімінің ең негізгі құнды стратегиялық ресурстарының бірден-бір көзі болып табылмақ. Және де оның негізгі алға қарай жылжыта өркендететін тетіктерінің бірі ақпараттандыру болмақ.

22-27 182
Аннотация

   Асқар Құдайбергенұлы Жұбановтың ғылыми қызметі сан қырлы. Өзінің іргелі зерттеулері арқылы (ол 200-ден астам ғылыми еңбек, оның ішінде 5 монография, 4 оқу құралы және 5 жиілік сөздік жариялады) ол қазақ қолданбалы тіл білімінің ұлттық мәтін мазмұнын квантитативті-статистикалық зерттеу және формализациялау, жазбаша тілді автоматты талдау, компьютерлік лексикография, қазақ тілінің лингвистикалық деректер базасын әзірлеу сияқты бағыттарын дамытуға елеулі үлес қосты.

28-31 184
Аннотация

   Шет тілі саласындағы бұдан бұрын меңгерілген білім оның тілді меңгеру үрдісінің оң факторы болып табылатын бұдан әрі меңгерілуіне үлкен әсер етеді. Алайда кей жағдайларда, нақты бір әдістемелік дәлсіздік барысында бұдан бұрын игерілген білім қателерге ұрындыруы мүмкін. Қазір талданатын қателер кейбір күмән, аталған сөзді қалай жазу керек деген сұраққа ауытқу тудырады және қателер нақты жалған пікірдің, белсенді ойлаудың нәтижесі болып табылады.

32-35 167
Аннотация

   Бұл мәселенің өзектілігі маманның тезаурусын оның мамандық бойынша шетелдік лексика мен түпнұсқа мәтіндерді ұйымдастыру тәсілдерімен байланысы тұрғысынан қалыптастырудың маңыздылығымен, екінші жағынан, осы саладағы теориялық зерттеулер мен практикалық әзірлемелердің жеткіліксіздігімен анықталады. Шет тіліндегі терминологиялық лексиканы оқытуда контекстік-орталықтандырылған тәсілді қолдану кеден ісі маманының тезаурусын қалыптастыру технологиясына жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік береді, ол мамандық бойынша ауызша және жазбаша қарым-қатынас үшін білімді ұсынудың қуатты құралы болады, сонымен қатар болашақ маманның жеке лексикасын байытуға тиімді қызмет ете алады.

36-42 185
Аннотация

   Сөз тіркестері құрылымындағы семантикалық даму бағытын айқын-дауға негіз болатын алғышарттардың бірі – қатысымдық үдеріс. Сөз тіркестеріндегі мағыналық, құрылымдық өзгерісті Абай, Шәкәрім шығармаларының материалы негізінде қарастыру олардың мақсатты түрдегі жұмсалуын, тек семантикалық мәселелерді шешуге емес, лингвистикалық семантика мәселелеріне бағытталғандығын анық-тауға мүмкіндік береді. Бұл бүгінгі қоғамдық өркениеттің өзектілігіне өріс алатын факторлардың біріне айналған. Олай дейтініміз, сөз тіркестері құрамынан туатын қатысымдық мағына тілдік және тілден тыс ақпараттық білім жиынтығын құрап, сөз тіркесі семантикасының функционалдық қызметін саралауға негіз болып табылады.

43-49 278
Аннотация

   Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілінде сақталған кісі есімдерінің этимологиялық табиғатына талдаулар жасалады. Жалқы есімдер, соның ішінде кісі есімдері лексикалық қордағы жалпы есімдерден жасалады да, қызметі жағынан тілдік қолданыстың келесі сатысына көтеріледі. Осыған байланысты антропонимдер мен жалпы есімдердің шығу тегін анықтаудың өзіндік ерекшеліктері болады. Талдаулар барысында сол ерекшеліктерге орай өзіндік тәсіл қолданылады, яғни есімдерінің шығу уәждері де назарға алынады. Сонымен қатар көне есімдер мен олардың қазіргі қазақ тіліндегі нұсқаларының арасындағы грамматикалық және лексика-семантикалық байланыстар анықталады.

50-53 131
Аннотация

   Орыс аудиториясында қазақ тілін оқыту әдісі ескірген және консервативті, берілген мәтіндерді жаттауға негізделген. Сондықтан тілді оқыту тәжірибесінде ауызша сөйлеуді дамыту маңызды орын алуы керек. Бұған әр түрлі ойындар ықпал етеді: рөлдік, режиссерлік, жарыс ойындары, фонетикалық, лексикалық және т.б. Тілді үйренудің ойын әдістері даму перспективаларына ие және жақсы нәтиже береді. Ойнау арқылы тілді меңгеруге болады. Ойындар белгілі бір грамматикалық немесе лексикалық материалды игеру үшін студенттердің дайындық деңгейіне сәйкес келуі керек.

54-57 273
Аннотация

   Қытай тіліндегі мақал-мәтелдердің құрылымын талдауға арналған. Мақаламыздың басты мақсаты қытай тіліндегі мақал-мәтелді құрылымдық жақтан топқа бөліп көрсету. Талдау барысында автор қытай тіліндегі мақал-мәтелдерін құрылымы жағынан үш топқа бөліп жинақтайды. Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерді күнделікті қолданып, жете түсінгенімізбен қытай тілінде сондай деңгейге жеттік деп мақтана алмайтынымыз ақиқат. Қытай тіліндегі мақал- мәтелдерді орнымен қолдана білу үшін ең алдымен қытайдың жазба мәдениетін, яғни иероглифтерін жетік білу қажет. Иероглифтік мәтінді аударудың негізгі қиындықтарының бірі, ең алдымен аударылатын мәтінді дұрыс талдай білуде. Қай халықтың болсын тарихын, дәстүрін, әдебиетін өнерін, салтын және қоршаған әлемді түсіну ерекшеліктерін білу сол халықтың мақал-мәтелдерінің мәнін, өзегін түсінуге жол ашады.

58-62 167
Аннотация

   Бүгінгі тіл білімі мен ғылымы туыс, әрі туыстығы жоқ әр түрлі тілдерді лингвистикалық жақтан өзара салыстыра, салғастыра зерттеудің қажеттілігін алға тартады. Ел мен ел, мемлекет пен мемлекет, халық пен халық арасындағы осындай ғаламдастыру кезеңі екі қауымның бірін-бірі түсінісу құралы болатын, ой мен ұғымның, өнердің әсемдігі мен әдемілігін, ғылым мен білімнің тереңдігін, әдебиет мазмұнын дәлмедәл жеткізе алатын аударманың өзектілігін алға тартады. Бүгінгі таңда еліміздегі білім беру саласында әлемдік білім беру кеңістігіне шығуға бағытталған жаңа жүйе құрылымы негіз алуда. Мемлекеттерде ықпалдасып ынтымақтастық негізінде қарым-қатынас орнатуда, сондай-ақ, ғылым мен нарықтық экономика мәселелерін шығармашылықпен халықаралық деңгейде шешуде, олардың арасында тиімді рухани-мәдени, әлеуметтік-саяси байланыс орнату мәселесі қоғамдағы ең көкейкесті стратегиялық бағыт болып табылады.

63-71 191
Аннотация

   Өсімдіктер дүниесі туралы сөз қозғасақ, осы атаулардың ана тіліміздің сөздік қорын тереңдетіп зерттеп, саралап, оның тақырыптық-мағыналық топтарын жіктеу арқылы халқымыздың тіл байлығын, өмірін, кәсіби бірлігін анықтауға болатынын көреміз. Қазақ халқы өзін қоршаған табиғаттағы өсімдік дүниесіне тым ерте кезден көңіл бөліп қана коймай, күнделікті күйбең тірліктің ортасында әрбір шөпті танып, анықтап ажыратты. Сонымен, біз өсімдік атауларын этнолингвистикалық тұрғыдан халқымыздың тұрмысындағы әдет-ғұрпын, салт-сана, наным-сенімін, шаруашылық жүргізу дәстүрі, тарихи оқиғалар тұрғысынан, ұлттық ерекшеліктерімен т. б. қасиеттерін айқындауға болады. Өсімдіктің пайдалы-зияндылығын, малға жұғымды-жұғымсыздығын, оның иісі мен түр-түсін, емдік қасиетін айқындай білуі туралы болмақ. Тілімізде көп кездесетін әлі де болса анықтауды қажет ететін өсімдіктер дүниесіне ерекше көңіл бөлініп келетіні жайлы айтылады.

72-77 277
Аннотация

   Осы зерттеуде «Бақыт дегеніміз не?» тақырыбына эссе жазу ұсынылған қазақ тілді жастардың Бақыт контекстуализациясы талданады. Ақ [aķ] және Қара [kara] түсті компонентті идиомалар қазақ түс терминдерінің тұжырымдамалық негізі табиғатпен тығыз байланыста өмір сүрген көшпелі қазақтардың әлемді ерекше қабылдауын көрсетеді. Олардың жазбаша жұмыстары талданып, осы түсініктің базалық тұжырымдамасы жасалды. Қазақ тілінде түстерді білдіретін 1000-нан астам термин бар; бұл негізінен қазақтардың мал шаруашылығымен дәстүрлі айналысуына байланысты.

78-83 238
Аннотация

   Әлемдік лингвистикада тіл жаңа тенденциялар бағытында трендке айналды. Антропоцентризмнің бұл жаңа салалары [грек. антропос-адам, орталық орталық] - адамды әлемнің орталығына қоятын осы ғылымның өзегі. XXI ғасырда қазақ тілін зерттеу үшін лингвистикалық парадигмалардың орны мен функциясын айқындау маңызды. Қазақ тіліндегі жаңалықтардың көпшілігі осы антропоморфтық парадигма аясында қарастырылады және ғылыми қоғамдастыққа ұсынылады. Зерттеуші Ж.Манкеева тілдің даму тарихындағы дәстүрлі үш парадигманы бөліп көрсетеді: салыстырмалы-тарихи; жүйелік-құрылымдық; антропогендік.

84-88 156
Аннотация

   Эпостардағы стереотиптерден басқа, белгілі бір үлгілер аясында әрекет ететін және олар көрсететін мінез-құлыққа ие адам (адамдар) түрі болып саналады. Эпостағы басты кейіпкердің мінезін көрсететін орталық фигура архетип деп аталғанымен, эпостың кейіпкерлері стереотип деп аталатын үлгінің ортасында орналасқан. Олар қатысатын типтік ерекшелік олар көрсеткен мінез-құлыққа байланысты өзгереді. Ақылды, әйел, ана, көмекші, қарсы кейіпкер (жау / қарсылас), сатқын, орталық кейіпкер, қайғылы сияқты жіктеулер эпикалық құрылымдағы қарама-қайшылықтардың бар екенін көрсетеді. Көмекші түрден айырмашылығы, жаудың болуы және сатқын түрі жақсылық пен жамандықтың қарама-қайшылығының болуымен және қарама-қайшылықтардың толықтырылуымен байланысты. Бұл зерттеуде түркі әлемінің мифологиялық эпосы мен «Калевала»эпосының типологиялық жағынан ұқсас және әртүрлі аспектілері анықталды. Айырмашылықтардан гөрі ұқсастықтардың көп екенін жалпы эпостардағы мінезқұлық пен кейіпкерлердің жалпы сипаттамасымен түсіндіруге болады.



ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)