Preview

TILTANYM

Кеңейтілген іздеу
№ 2 (2016)
Шығарылымды жүктеу PDF
3-9 165
Аннотация

Қазақ тілінің ұлттық корпусында қабылданған метабелгіленім жүйесі метамәтіндік ақпаратпен бірге беріледі. Бұл жерде біз метабелгіленім ұғымын экстралингвистикалық сипаттағы немесе сыртқы аннотациялаудың және мәтінге қатысты техникалық жұмыстардың (яғни қызметтік) белгілер жүйесі деп түсінуіміз қажет. Корпустық лингвистикаға қатысты әдебиеттерді зерделей келе, белгіленімнің бірнеше түрі болатындығы айқындалды. Солардың ішінен экстралингвистикалық белгіленім немесе метабелгіленім (метаразметка) деп аталатын, мәтіндік деректер жайлы мағлұмат беретін белгіленім түрін де қарастырдық.

10-15 155
Аннотация

Қазіргі тіл біліміндегі фунционалдық, антропоцентристік бағыттарға сәйкес әр деңгейге жататын тілдік бірліктердің тұтас жүйесін зерттеуге мүмкіндік туып отыр. Тілдің коммуникативтік, когнитивтік, прагматикалық, лингвомәдени қызметтерін жан-жақты зерделеуге бағытталған салалары қарқынды даму үстінде. Ол салалардың әрқайсысының өзіне тән ғылыми ұстанымдары мен зерттеу әдіснамалары да негізделіп, қалыптасуда. Қазіргі тіл білімі гуманитарлық, адам факторына бағытталғандықтан, ұлттың мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрін, менталитетін тіл арқылы зерттеуге мүмкіндік туып отыр. Бұл мақалада «Қобыланды батыр» жырының лингвомәдени негіздері қарастырылған.

16-19 234
Аннотация

Мақалада қазақ ономастикасындағы әлі зерттелмеген фалероним саласындағы әскери айырым белгілері алынып, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті (одан әрі – Университет) эмблемасы құрамындағы жекежеке элементтердің семантикасы танымдық тұрғыдан ұсынылады.

20-25 164
Аннотация

Мақалада күнтізбе жүйесін жасаудағы алғышарттар, көктем, жаз, күз, қыс мезгілдеріне байланысты лексика-фразеологиялық бірліктер, табиғат құбылыстары туралы айтылады. Табиғат мезгілдеріне қатысты лексика-фразеологиялық бірліктер жинақталып, мезгіл категориялары бойынша топтастырылады. Берілгенлексика-фразеологиялық бірліктердің танымдық жағы қарастырылып, оның астрономия, метереология, география ғылымдары аспектісі тұрғысынан заңды байланысын дәлелдеуге тырысады.

26-29 207
Аннотация

Ташкент мемлекеттік педагогикалык университетінде Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының базасында өткен «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың өзекті мәселелері» атты Республикалық ғылыми-практикалык конференциясының материалдар жинағының мазмұнын талдау негізінде Өзбекстанның білім беру жүйесіндегі Қазақ тілі мен әдебиетінің қолданысы мәселелері қарастырылады.

30-35 168
Аннотация

Мақалада белгілі жазушы Әбіш Кекілбаевтың тілдікәлемі, дүниетанымы қарастырылады. Ә. Кекілбаев шығармалары этнолигнвистика мен лингвомәдениеттану саласы тұрғысынан құнды зерттеу объектісі болып табылады. Жазушы ұлттық танымның қыр-сырын барынша толық жеткізуге ұмтылған, ұлттың тыныс-тіршілігіне тарихи тұрғыдан келіп, соны өз шығармаларында жан-жақты тарихпен байланыстыра отырып жеткізуге тырысқан.

36-40 177
Аннотация

Коннотация бойында тіл тұтынушыныңтанымынантуындаған тұрақты стилистикалық және семантикалық элементтер болады. Коннотация қоғамдағы мәдени дәстүрді сипаттайтын және бағалауыш, эмоционалды реңктегі сөзқолданыстарды бейнелеу мақсатында қолданылады. Сол себепті коннотация мағынаның субъективті-бағалауыштық бөлігі болып саналады. Олай дейтін себебіміз, сөз бойындағы эмоционалды сезім әрбір оқырманға әртүрлі көңіл-күй тудырады. Демек, белгілі бір затты эмоционалды-экспрессивті әсерде қабылдау нәтижесінде оған деген субъективті-модальді көзқарас туатыны байқалады. Осыдан туындаған тұлғалық таным сол дүниені өз бетінше әсерлі танытуға итермелейді, заттың бейнелі мағынасын эмоционалды бояумен әсірелеуге бейімделе бастайды. Кез келген ақиқат дүниені танытуда жеке тұлға өз танымындағы мәдени-тарихи, ұлттық дүниетанымдық, эмпирикалық білімдерін жұмсайды, сол білімі арқылы дүниені өзгеше қырынан танытуға тырысады. Осындай танымдық үдерістер барысында коннотаттық мағыналар туындайды.

41-43 227
Аннотация

Сарапшылар тілді миға бейнелеу әдістері, бір тілде жазу және басқа тілде сөйлеу және т.б. сияқты екі тілділіктің әртүрлі аспектілерін зерттеді. Мұндай білім берудің мақсаты-өзінің коммуникативті қажеттіліктерін еркін жүзеге асыра алатын көптілді адамдықалыптастыру. Бұл тіл үйренудің негізгі ынталандырушысы. Көптілділік лингвистикалық, психологиялық, социологиялық және педагогикалық аспектілерді қамтиды. Екі тілді және көптілді білім беру әртүрлі деңгейлерде кеңінен қолданылады.

44-48 1063
Аннотация

Парсы тілінде кірме сөздер, оның ішінде түркі сөздері көп. Парсы тілі сан алуан өзгерістерге ұшырап, өзге тілдерден енген сөздермен сөздік қоры байып, толығып отырды. Әр тілдің өзіндік тарихи жолдары бар. Қазіргі кезде Иран басқа тілден, оның ішінде түркі тілінен енген кірме сөздердің орнына парсының төл сөздерін енгізіп жатыр. Бұл мақалада парсы тіліндегі түркизмдер және олардың парсы тіліне әсері жайында айтылады.

49-53 274
Аннотация

Ұлттық тілдербасқажұрттыңатауларын өзініңдыбыстық,құрылымдық жүйесінің заңдылықтарына бағындырып қабылдауының басты себебі – олар ұлттық тілге жат дыбыстардан тұрады әрі ол дыбыстардың бір-бірімен тіркесімі де өзгеше. Ондай сөздерді ұлттық тілде сөйлейтіндер айтып-жаза алмайды. Жалпы бөтен тілдік атаулар шартты таңбаға жатқанымен, оларды сол қалпында пайдалануға болмайтыны сондықтан. Бұдан шығатын қорытынды: тұрмыс-тіршілігімізге еніп, тілімізде аталуға, айтылып-жазылуға тиісті жаңа зат-ұғымдарға дер кезінде қазақша атау берілмей, затпен немесе ұғыммен бірге оның шеттілдік атауы да тілімізге еніп, кең қолданысқа түсіп кетсе, бөгде тілдік атауларға зат пен ұғымға тікелей қатысы жоқ шартты таңба ретінде қарап, тек дыбысталу жағын ғана қазақшалауға тырысу қажет.

54-57 256
Аннотация

Мақалада үштұғырлы тіл идеясы қарастырылады. Үштұғырлы тіл идеясының мақсаты – үш тілді бірдей білу деңгейіне жету. Қазіргі жаһандану заманының талабына сай әр адам үш тілді білуі, үш тілде еркін сөйлей алуы қажет. Қазақстан халқы бәсекеге қабілетті ел қатарына қосылу жағдайында көптілділікке басты назар аударуда. Қазіргі таңда білімді, болашағына сеніммен қарайтын ұрпақты тәрбиелеу, әлемдегі экономикасы озық 30 елдің қатарына қосылу және көкжиегімізді кеңейту мақсаттарын жүзеге асыруда ағылшын тілін дүниежүзілік қолданыстағы тіл ретінде үйренудің, үш тілде еркін сөйлеудің ауадай қажеттілігі сезіліп келеді.

58-62 158
Аннотация

Қазір елімізде латын әліпбиіне көшу мақсатында зерттеулер жүргізіліп, дайындық жұмыстары қолға алынып жатыр. Соның бірі – қолданыста болып келе жатқан өзгетілдік сөздерді жаңа әліпбимен таңбалау мәселесі. Осы мақалада авторлар қазақ тілі дыбыстық жүйесіне қатысты негізгі заңдылықтарды атап көрсетеді және сол заңдылықтарды басшылыққа ала отырып, өзгетілдік сөздерді тіліміздің латын жазуына негізделетін болашақ әліпбиімен қалай жазуға болатыны жөніндегі өздерінің ой-пікірлерін ұсынады.

63-67 226
Аннотация

Мақалаға қатысты зерттеу материалдары негізінде несториан дінінің тарихына қысқаша түсінік жасап, «несториан діні» жазбасының лексикасын қазіргі қазақ тілінің лексикасымен салыстырып, айқын ерекшеліктер баяндалады. Мәтіннен қазіргі қазақ тілінде әлі де өзгеріссіз сақталған сөздерді тауып, оның санын айқындайды. Дыбысталуында аздап парық болғанымен беретін мағынасы әлі де қалпын сақтаған сөздер тіркеледі. Үшінші кезеңде сөздер қазіргі қазақ тілінің жеті негізгі сөз табы бойынша таптастырылады. Төртінші кезеңде сөздер мазмұнына қарай жіктеледі. Соңында бұрынғы берген мағынасы мен қазіргі қазақ тіліндегі беретін мағынасында парық сақталған сөздер мәтіннен мысал алынып түсіндіріледі.

68-71 216
Аннотация

Мақалада қазіргі кезде қазақ лингвистикасында беріліп жүрген дискурс ұғымының әртүрлі анықтамалары мен дискурс талдау бағытының мәселері, оның интонацияға қатысымы сөз болады. Дискурсқа қатысты мәтінді дискурс деп танушылар, дискурстың жағдаятқа бағытталуы оның лингвистикадағы орнын анықтауға негіз болып отыр. Прагмалингвистика тұрғысынан дискурс деп сөйленімге қатысушылардың интерактивті арақатысымы, бір-біріне тигізетін ықпалы, ақпарат алысу, әртүрлі коммуникативтік стратегиялар, олардың сөйленімдегі вербалды және бейвербалды көріністерін айтамыз. М.Л. Макаровтың тұжырымында: «отличительными чертами дискурса являются его связность (когерентность), а также метакоммуникативная самоорганизация» [1]. Дискурс – тыңтілдік – коммуникативтік және құрылымдық – мәтіншілік тәсілдері деқарастырылады. Бірінші тәсіл шеңберінде дискурс күрделі тілдік – коммуникативтік құбылыс ретінде, ал екінші тәсіл аясында дискурстың мәтін түзудегі акцент мәселесі айқындалады.

72-76 242
Аннотация

Қазіргі уақыттажаңа мұнай – газтерминдерінің қалыптасуында неологизмдердің әртүрлі түрлерін анықтауға ықпал ететін термин-білімге ғылыми қызығушылық артып келеді. Терминдерді құрудың негізгі жолдарын жіктеуде сөздерді ағылшын, орыс, араб және басқа тілдерден алу тәсілі аталады. Қазақ тілінің терминологиялық лексикасының құрамындағы шет тілдік элементтерді зерделеу қазақ тілінің жоғарыда аталған тілдермен байланысу процесін анықтау үшін ғана емес, өзге тілдерден алынған сөздердің материалдық негізін анықтау үшін де қызығушылық тудырады.

77-81 204
Аннотация

Бұл мақалада Сәйф Сарайидің «Гүлстан би-т-түрки» дастанындағы эпитет пен теңеу – көркемдегіш құралдарға мысалдар келтіріледі. Дастандағы қолданыстардың ерекшеліктері сараланады. Әсіресе, ақынның эпитет пен теңеулерді пайдаланудағы шеберлігі талқыланады. Қажым Жұмалиев пен Зейнолла Қабдолов сынды әде-биетші-ғалымдардыңэпитет(айқындау)пентеңеугеқатыстытұжырымдарынадастаннан мысалдар келтіріледі. Сәйф Сарайи дастанында кездесетін эпитет пен теңеулердің берілу тәсілі де қарастырылады. Әртүрлі тақырыптар қамтылған «Гүлстанби-т-түрки» дастанында кездесетін теңеулердің кейіпкердің ішкі жан-дүниесін, мінезін және өзгелермен қарым-қатынасын ашу мақсатында қолданылғаны мысалдармен көрсетіледі. Шығыс әдебиетіне тән кейбір бейнелі сөздердің көркемдегіш құралдар арқылы хикаятта ерекше мазмұнға ие болып тұрғаны сараланады.

82-87 263
Аннотация

Бұл мақалада ағылшын фразалық етістіктерінің лингвистикалық сипаттамасы зерттеліп, оқырманға етістіктер туралы толық түсінік беру үшін олардың тарихи тарихына қысқаша шолу жасалады. Мақалада отандық және шетелдік ғалымдардың теорияларына талдау және фразалық етістіктерге салыстырмалы талдау жасалды. «Фразалық етістіктер» немесе фразалық етістіктер терминін алғаш рет ағылшын лингвисті Логан Пирсолл Смит қолданған және 1986 жылы Кеңес Одағында жарияланған ағылшын-орыс етістік тіркесімдерінің сөздігінде жазылған. Махонис осы идиомалық фразалық етістіктерді лексика саласына сілтеме жасай отырып, «қатып қалған етістіктер» деп атайды. Екінші жағынан,» композициялық « етістіктер бастапқы етістіктің негізгі мағынасын сақтай отырып, етістікке аспект қосатын етістік пен бөлшек ретінде қарастырылады. Бүгінгі таңда ағылшын тілі осы екі параллель жолды дамытуды жалғастыруда. Сондықтан жүздеген ағылшын фразалық етістіктерінің француз, латын немесе грек синонимдері бар, мағыналары бірдей, бірақ «ғылыми» дыбысталуға ие. Фразалық етістіктер ағылшын тілі тарихының көп бөлігінде болған; оларды ерте орта ағылшын тілінен байқауға болады. Көптеген фразалық етістіктер әдетте идиомалық деп саналатын семантикалық шеңберде кездеседі. Алайда, әрине, бастапқыда түбір етістігінің мағынасындағы қосымша вариация ретінде талданса да, етістік пен бөлшектің тір кесімі түбір етістігінің мағынасынан күрт ерекшеленетін мағынаға әкелуі мүмкін.

88-90 174
Аннотация

Жалпы тіл білімінде сөйленім синтезіне қатысты зерттеулер болғанымен, қазақ тіл білімінде жалпы сол жайында мәселелер айтылғанымен, түпкілікті зерттелмей кележатқандығы белгілі. Осыорайда сөйленім синтезін құруға негіз болатын форманттық және компилятивтік әдістер жайында сөз болады. Мақалада осы кезге шейін зерттеген ғалымдардың синтез жайындағы пікірлері басшылыққа алынады.

91-94 215
Аннотация

Қазақ фонетикасында әлі де зерттеуді қажет ететін мәселелердің бірі – сөйленім синтезі. Себебі қазіргі таңда ақпараттық технологияның дамуымен байланысты сөйленім синтезінің де сұранысы артып отыр. Мақалада жасанды интеллект-сөйленім синтезінде қолданылатын әдістер және компьютер жадына енгізу үшін дауысты және дауыссыз дыбыстардың формуласы мен алгоритмі қарастырылады. Сөйленім синтезін қарастырған зерттеушілердің пікірлері басшылыққа алынды.



ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)