Preview

TILTANYM

Кеңейтілген іздеу
№ 1 (2023)
Шығарылымды жүктеу PDF
3-10 426
Аннотация

Мақалада тіл мен мәдениеттің байланысы, когнитивтік лингвистикадағы мәдени кодтардың бірі – антропоморфтық код арқылы географиялық ландшафтты ҥлгілеу жайлы айтылады. Географиялық ландшафт туралы сӛз қозғағанда топонимдерге тоқталмай ӛтпейміз. Топонимдерде халықтың дҥниетаным тҥсінігі кӛрініс табады. Мәдениеттің анторопоморфтық кодын антропоморфтық метафоралар, аңыз, әпсаналар, фразеологиялық тіркестер қҧрайды. Біздің қарастырғанымыз аңыз, әпсаналар. Қоршаған орта, табиғат туралы аңыздарда әр халықтың ӛзіне тән таным тҥсініктері тҧжырымдалып беріледі. Сол таным мен тҥсінікті қалыптастарудың бірден бір жолы – адамның ӛзін тануы, яғни ӛзін тану арқылы басқаны, ішкі дҥниесін тану арқылы сыртқы әлемді тануы. Адам ӛзі туралы танымды сыртқы дҥниеге проекциялайды да, сол арқылы сыртқы әлем туралы танымын бейнелейді. Қалыптасқан дҥниетаным тіл арқылы сипатталады. Сол себепті аңызәпсаналарда халықтың дҥниетанымы сипатталады деп осы мақаланың арқауы ретінде алынды.  Мифтердің ішінде антропоморфтық кодтар арқылы берілген тҥрлеріне талдау жасап, олардың географиялық ландшафтты ҥлгілеудегі рӛлі сӛз етіледі.    

11-26 383
Аннотация

Қазақ тілінде мәтіндерге автоматты түрде сӛзжасамдық белгіленім қоя алатын тілдік корпустарды жасау үшін тілдік жүйедегі сӛзжасамдық талдауларды нақты формалдық жүйеге түсіру керек. Ӛйткені компьютер тілдік бірліктерді жадқа салынған формалдық белгіленімдерге қарай ажыратады. Сондықтан біз зерттеу жұмысымызда сӛзжасам мәселелері қарастырылып, жартылай сӛзжасамдық қызмет атқаратын қосымшалардың қазақ тілінің ұлттық корпусында берілу жолдары сипатталды. Зерттеу жұмысымыздың мақсаты – қазақ тіліндегі сӛзжасамдық белгіленімдерді корпусқа енгізудің тілдік базасын жасау. Ғылыми және практикалық маңыздылығы: Қазақ тілінің ұлттық корпусын жасауда лингвистикалық белгіленім түрі ретінде енгізілетін болады, соған бастама болады. Зерттеу әдіснамасының қысқаша сипаттамасы: зерттеу жұмысымызда корпустағы сӛзжасам мәселелері, сӛзжасамдық белгіленімдер туралы шолуда сипаттама әдісі, жартылай сӛзжасамдық қызмет атқаратын қосымшалардың қызметін айқындауда талдау, жүйелеу әдісі қолданылды. Негізгі нәтижелер мен талдау, зерттеу жұмысының қорытындылары: Қазақ тілінде мәтіндерге автоматты түрде сӛзжасамдық белгіленім қоя алатын тілдік корпустарды жасау үшін тілдік жүйедегі сӛзжасамдық талдауларды нақты формалдық жүйеге түсіруге қадам жасадық. Сӛзжасам талаптарына толық сәйкес келе бермейтін функционалды қосымшалардың (-лық/-лік, -дай/-дей, -ша/-ше, -сыз/-сіз, - лы/-лі, -ғы/-гі) сӛзжасамдық және формажасамдық қызметтерін ашып кӛрсеттік. Зерттеудің құндылығы: Қазақ тіліндегі сӛзжасамдық белгіленімдер әзірлемесін дайындауда алынған нәтижелер қазақ тілінің сӛзжасам, морфология, корпустық лингвистика салалары бойынша теориялық мәселелерді толықтыруға, дамытуға ӛзіндік үлес қосады. Зерттеу жұмысынан алынған нәтижелердің практикалық мәні: жоғары оқу орындарында оқытылатын «Қазіргі қазақ тілі», «Сӛзжасам», «Корпустық лингвистика», «Компьютерлік лингвистика» пәндері бойынша оқытылатын дәрістерде, семинар сабақтарында пайдалануға болады. 

27-33 362
Аннотация

Бҧл мақалада тіл мен мәдениеттің зерттелуі концепт ҧғымы арқылы, лингвомәдени тәсілдер арқылы берілген. Тіл білімінің маңызды зерттеу нысанына айналған сан атаулары, ҧлттық қҧндылықтар, нанымсенімдер, тарих мен дәстҥр арқылы мәдени кодты кӛрсетеді. Сандар бойында сақталған кӛне мәдениет пен қҧндылықтар кең таралған нанымдар мен ырымдарда, тыйым сӛздерде, рухани-мәдени сӛздікте, тілдік жҥйе тҧрғысынан сақталған. Ал сан мағынасын білдіретін метрикалық, сан-мӛлшерлік, нумеративті лексика сан атауларының қатарына кіреді. Сонымен қатар сандар мәдени ақпараттың тасымалдаушысы ретінде қарастыруға болады. Олар мәдени қҧндылық ҧғымы ретінде қарастырылады. Осылайша, халықтың салт-дәстҥрі, тҧрмысы, тарихы мен мәдениеті туралы маңызды мәліметтерді таба аламыз. Сандар арқылы ата-бабаларымыздың қалай ӛмір сҥргенін, олардың мәдениеті мен дәстҥрлері туралы кӛптеген ҧрпақтарға жалғасып келе жатқан мәдени кодты қамтитынын кӛреміз. Қорытындылағанда, қазақ тіліндегі ҧлттық кодтарды қамтитын сан есімдерді лингвомәдени тҧрғыдан зерделеу жас ҧрпақтың халқын қҧрметтеуге, ӛз тарихын, салт-дәстҥрін, мәдениетін мақтан етуге септігін тигізетінін атап ӛтуге болады. 

34-43 468
Аннотация

Ҧсынылған мақалада тҥркі тілдерінің қыпшақ тобындағы вокализм жҥйесінің тарихи қҧбылыстары туыстас тілдердің негізгі даму кезеңдері мен дәуірлері бойынша сипатталған. Туыстас қыпшақ тҥркі тілдерінің вокализмін салыстыру барысында тілдердің фонологиялық жҥйелеріндегі жалпы және айрықша ерекшеліктер қарастырылған.  

Ғылыми зерттеудің мақсаты тҥркі тілдерінің тілдік топтары мен генеалогиялық жіктемелерін қарастыру барысында, олардың дыбыстық жҥйелеріне (вокализм) фонетикалық-фонологиялық талдау жҥргізу. 

Фонетикалық жҥйелердің дамуы мен қалыптасуына әсер ететін фонологиялық қҧбылыстар диахрондық аспектіде қарастырылған. Тҥркі тілдерінің дыбыс жҥйесін талдау барысында салыстырмалы-тарихи әдіс арқылы қазақ тілі ӛзімен туыстас бір топтағы, яғни қыпшақ типологиялық тобына жататын татар, қарақалпақ, ноғай, башқҧрт, карашай-балқар тілдерімен салыстырылған. Болашақта әр тілдің типологиялық ерекшеліктерін және олардың әмбебаптығын ескере отырып, олардың тарихи дамуы мен ататіл фонологиялық жҥйесін қалпына келтіруге болатынына сенеміз. Ҧсынылып отырған мақала қазақ тілінің дыбыстық қҧрылымын жаңа қырынан сипаттауға арналады, яғни лингвистикалық ғылымның одан әрі дамуына, тілдің басқа да деңгейлері ҥшін заңдылықтарды анықтауға, тілде болып жатқан ӛзгерістерді тҥсіндіруге, оның даму жолдарын болжауға ықпал ететін болады. Қазақ тілінің тарихи фонологиясын басқа туыстас тҥркі қыпшақ тілдерімен салыстырмалы-тарихи аспектіде зерттеу жҧмыстың теориялық маңыздылығын айғақтайды. Жҧмыстың практикалық маңызы да зор: тарихи фонология тарихи грамматика, тарихи лексикология, этимологияның зерттелмеген мәселелерін шешуге жол ашады.   

44-55 320
Аннотация

Мақалада қазақ тіліндегі жағымды мінез атауларының толық тезаурусын жасау, лексикасемантикалық топтарға бӛлу, мінезге қатысты концептілерді анықтау, мінез атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздерін анықтау мақсатында жасалған талдаулар беріледі. Зерттеуде алдымен қазақ ҧлтының ӛзіне тән жағымды мінез сипаты атауларын осы кезге дейін жарық кӛрген еңбектер негізінде, оның ішінде психология, педагогика саласының мамандары, филолог, ойшыл, философтардың пікірлері, кӛзқарастары негізінде бір арнаға жинақтап, лингвоконцептілер жҥйесін шығардық. Содан кейін концептіні ашатын сӛздер мен тіркестер, мақал-мәтелдер, тҧрақты сӛз тіркестерін 2006-2013 жж. жарық кӛрген «Қазақ әдеби тілі сӛздігінің» 15 томдығынан және ӛзге де кӛздерден жиналған атауларды жинақтадық. Жиналған сӛздік қорды лингвомәдениеттанымдық тҧрғыда талдадық. Сӛйтіп, қазақ халқының бойындағы ӛзгеге және ӛзіне қатысты жағымды мінез атауларын лингвомәдениеттанымдық концептілер аясында қарастырдық. Мақаланың кӛлеміне байланысты байсалдылық, кісілік (адамгершілік), бауырмалдық, момындық, қайырымдылық, ағайыншылдық, шынайылық, жомарттық, ақкӛңілділік, әдептілік, имандылық, зиялылық, ақылдылық, батырлық концептілерінің тілдік репрезанттарын ғана қарастырдық. 

Талдау нәтижесінде қазақ халқы ӛзіне емес, ӛзгеге қарым қатынасына қатысты мінез сипаттарын кӛбірек бағалайтыны, біреудің «мендік» шекарасынан аспау, ӛзгені ӛзі тҧрғысынан бағалау алдыңғы орында болатыны, қҧндылықтар жҥйесінде орын алатын концептілер адам мінезіне қатысты концептілер жҥйесімен бірдей болатыны, қазақ ҧлтының жағымды мінез сипаттары исламдағы кӛркем мінез сипатымен сәйкес келетіні, адамның табиғи болмысында бар сапалар – шынайылық, салмақтылық, ақылдылық – қазақ мәдениетінде бағаланатын сапалар екені айқындалды. 

56-66 415
Аннотация

Мақалада Қазақ тіліндегі этономәдени бірліктер жүйесіндегі заттық мәдениет атауларына жасалған сипаттамаларды қазақ тілінің ұлттық корпусына енгізу және корпуста белгілеу, берілу жолдары айтылады.

Этномәдени бірліктер қазақ тілінің ұлттық болмысын танытатын, ұлт тілін, дәстүрін, дүниетанымын, рухани әлемін сақтаушы кумулятивтік қызметі зор тілдік таңбалар болып табылады. Осы ретте бүгінгі ұрпаққа тілде бейнеленген этномәдени бірліктер арқылы дүниенің қазақи бейнесін жеткізу – қазіргі жаһандану заманында жас ұрпақтың білім-білігін арттыру үшін оңтайлы да тиімді құрал ретінде ӛзекті мәселе. Бүгінгі жас ұрпақтың кітаптан емес, ақпараттық құрылғылар арқылы оқуды, білім алуды дағдыға айналдырып бара жатқаны белгілі. Осымен байланысты тіл арқылы бүгінгі ұрпақты ұлттық құндылықтарымызбен сусындатып, ұлттық білім қорын келешек ұрпаққа жеткізу – аса маңызды. Заттық мәдениеттің ұлттық сипаттық жүйесі халық тұрмысының ең негізгі кӛрсеткіші тіл арқылы сақталған тіл иесі санасында жалғасып, бүгінгі ӛміршеңдігімен құнды. Сонымен қатар ол басқа халықтардың мәдениетімен ұштаса отырып дамиды. Бірақ кез келген ұлттың дүниетанымы, ұлттық болмысы, ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан ғасырлар бойы жасаған ұлттық мәдениеті оның тілінде кӛрініс табады. Сондықтан ұлттық мәдениеттің тірегі де тілде.

Қазіргі таңда антропӛзектік бағытта тілге зерттеу жүргізу қарқынды жүруде. Осымен байланысты аталған бағытта үдерісті тереңдетіп, кеңейтіп Ұлттық корпустар құрастырудың ӛзектілігіне айқындалуда. Қазақ тілінің ұлттық корпусы осындай ұлттық мәдени бірліктерді кең арнада сақтаушы, ұрпаққа танытушы қызметін атқаратын заманауи инновациялық-ақпараттық құрал болып табылады.

Мақаламызда Қазақ тілінің ұлттық корпусына этномәдени бірліктерді енгізудің жолдары сипатталып түсіндіріледі: этномәдени бірліктерді Ұлттық корпусқа енгізуде кодтау, модельдеу, алгоритмдік-программалық тәсілдер пайдалану: ең алдымен корпус базасын құруға негіз болатын этномәдени бірліктер жинау, олардың мәдени-семантикалық топтарын анықтап, сол топқа жататын сӛздердің тізімін жасау. Олардың әрқайсысына белгі-код қойылғаннан кейін ғана программист мамандарға беру. Программист мамандар этномәдени бірліктерді белгілі бір алгоритмге салып, әрі қарай корпуста ашық пайдалануға қолжетімділікті туғызу үшін бағдарламалық ӛңдеу жұмыстарын қарастыру үстінде.

Ғылыми-зерттеу жұмысымызда Қазақ тілінің ұлттық корпус базасында айқындалған белгіленімдерді (морфологиялық, сӛзжасамдық, семантикалық, лексикалық, фонетика-фонологиялық белгіленімдері) қазақ тілінің корпусына мәдени-семантикалық белгіленімдер ретінде енгізу мәселелерін қарастыруға арналған.

67-72 505
Аннотация

Қазіргі таңда ғаламтор бірінші кезекте байланыс қҧралы ретінде қолданылады. Оны әрбір екінші адам пайдаланады, әсіресе, жастар кӛп уақытын ғаламторда ӛткізеді. Ғаламдық компьютерлік желілерде, форумдарда және блогтарда, сондай-ақ әртҥрлі чаттарда сӛйлесу мҥмкіндігі ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуына ықпал етті. Бҧл бҥгінде жастардың ғаламтордан тыс сӛйлесу мәдениетінің маңызды бӛлігі болып табылатын ғаламтор тілінің пайда болуына негіз болды. Ғаламтор коммуникативті орта ретінде қарымқатынастың ерекше тәсілдерін, тілдік қҧралдар мен мінез-қҧлық стереотиптерін қалыптастырды. Нәтижесінде ғаламторды қолданушылардың орфографиялық қателер, тыныс белгілерін елемеу сынды қателіктерге жиі кездесіп, оның сӛйлеу тіліне әсер еткендігін байқаймыз.  Бҧл мақала қазіргі жастардың сӛйлеу мәдениетінің ерекшеліктерін және оның қалыптасуына ғаламтор тілінің әсерін анықтауға арналған. Мақаланың мақсаты – қазіргі жастардың сӛйлеу мәдениетін қалыптастыру, ерекшеліктерін табу және осы процесте интернет-тілдің рӛлін анықтау. Алға қойған мақсатқа сәйкес мынадай міндеттер айқындалды: жас ҧрпақтың қарым-қатынас қҧралы ретінде Интернет-тілдің шығу тегі мен ерекшеліктерін анықтау; қазіргі жастардың интернет желісінен тыс интернет-тілді пайдалану себептерін анықтау; желіде пайда болған жастар жиі қолданатын жаргон сӛз тіркестерін қарастыру; қазіргі жастардың сауаттылығына және олардың сӛйлеу мәдениетіне интернет тілінің әсер ету ерекшеліктерін анықтау. 

73-79 342
Аннотация

Ғылымда сакралды ҧғымдарға деген қызығушылық соңғы кездері қарқынды артып келеді. ХХ ғасырдың 80-жылдарында бҧл ҧғымның алғашқы анықтамалары пайда бола бастады. Сакралды ҧғымдарға берілген анықтамаларда полемика кӛп.  ХVІІІ ғасырда «сакраль» термині ағылшын философы Д.Юмның, неміс ойшылдары Ф.Шлейермахердің, М.Шелердің, Э.Кассирердің, М.Хайдеггердің және француз әлеуметтану мектебінің ӛкілдері М.Мосстың, Л.Леви-Брюльдің Ж.Батайдың, М.Лейристің еңбектерінде тҥрліше сипатталып келді. Сондықтан бҥгінгі кҥні бҧл ҧғым дінтану, философия, мәдениеттану, ӛнертану, археология, этнология, фольклористика, филология ғылымдарының интерграциясында тҥсіндірілсе, оның мағынасы толығымен ашылатыны анық. 

Бҧл мақалада аталмыш ҧғым нақтыланып, сакралдылықтың кӛпшілікке танымал да, таныс емес те аспектілері кӛрсетіліп, эстетикалық категория тҧрғысынан оның типологиясы жасалды, тҥрлі тілдердегі анықтамаларына салыстырмалы-салғастырмалы талдау жасалды. Сонымен қатар латын тіліндегі «sacer» сӛзі кӛптеген халықаралық терминдер сияқты аударуға жатпайды деп есептеп, қазақ тілінде де сакралды ұғым деп қолданылу ҧсынылды.

Мақалада сакралды ҧғымдардың жан-жақты зерттелуі, саралануы, жҥйеге тҥсіріліп қорытылуы арқылы тақырып ӛзектілігі анықталып, тҧжырым жасалды. 

80-89 349
Аннотация

Мақалада кӛне тҥркі ескерткіштеріне жататын Талас ескерткіштер тобындағы ономастикалық бірліктер жинақталып, этимологиялық тҧрғыдан талданады. Кӛне тҥркі ескерткіштері жанры жағынан, жазба тілі және әліпбилік ерекшелігі жағынан, әдебиет ӛлшемдері тҧрғысынан біршама зерттелгенімен, кӛне мәтіндердегі ономастикалық кеңістік толық қарастырылмаған. Оның ішінде, кӛлемі жағынан аз болып келетін Талас ескерткіштеріндегі жалқы есімдердің де шет қалғандығы тақырыптың ӛзектілігін айқындайды. Мақаланың мақсаты – бҧрындары қолға алынып, жеке қарастырылмаған Талас ескерткіштеріндегі ономастикалық кеңістікті анықтап, әр ономастикалық бірлікке этимологиялық талдау жасау. Қойылған мақсатқа орай мынадай міндеттерді орындау кӛзделеді: Талас ескерткіштерінің табылуы мен зерттелуі туралы мәліметтер келтіру; Талас ескерткіштеріндегі барлық жалқы есімдерді теріп алып, ономастикалық тҥрлерге бӛлу; табылған ономастикалық бірліктерді тҥріне қарай топтап, әрқайсысына этимологиялық талдау жасау; Талас ескерткіштеріндегі жалқы есімдердің Енисей, Орхон ономастикалық бірліктерімен ортақ белгілерін анықтау.

Автор тарихи атаулардың мағынасы туралы бҧры-соңды айтылып келген пікір, тҧжырымдарды салыстыра қарап, одан соң ӛз тҧжырымын ҧсынады. Зерттеуде тіл біліміне тән ретроспективті талдау, сипаттау, топтастыру және салыстырмалы-тарихи әдістер қолданылған. Тарихи, кӛне есімдердің этимологиясын ашудың ӛзіндік қиындығына байланысты, автор ӛзі ҧсынған тҧжырымдардың болжамдық сипаты басым екенін ескертіп отырады. Соған қарамастан, этимологиялық талдаулар біршама сәтті жасалғанын аңғару қиын емес.

Мақаланың кіріспе бӛлімінде Талас ескерткіштерінің табылуы мен зерттелуінен, жазылу ерекшелігі мен жазылу мерзімінен хабар беретін шағын мәлімет келтіріледі. Талас ескерткіштерін оқып, аударған ғалымдарға В.В.Радлов, П.М.Мелиоранский, Г.Гейкель, С.Е.Малов, Ю.Немет, Х.Н.Оркун, А.С.Аманжолов т.б. жатады. Ол тҥркітанушы-ғалымдар, негізінен, тасқа жазылған мәтіндерді дҧрыс оқу, транскрипциялау, қазіргі тҥркі тілдеріне аудару, жанрын анықтау, тарихи деректерді салыстыру сияқты істерді жҥзеге асырды. Ал Талас ескеркіштеріндегі ономастикалық бірліктер жеке алынып зерттелген емес. Кейбір зерттеушілер мағынасы айқын, ашық жалқы есімдерге тҥсінік беріп қана кетеді. Мысалы, профессор А.С.Аманжолов Айыртам-Ой ескерткішіндегі Удун антропонимінің жанына («Скверный») деген ӛз этимологиясын қосып ӛтеді. Антропонимді мәтінен бӛліп алып, жеке талдау жасамаған. Талас мәтіндеріндеде кездесетін жалқы есімдердің аудармасы профессорлар И.А.Батманов пен А.С.Аманжолов аудармалары бойынша алынған. Талас ӛзені аңғарынан табылған 20 шақты ескерткіштерде кездесетін жалқы есімдер этимологиялық тҧрғыдан  тҥгелдей талданды. Атап айтқанда, жалқы есімдердің антропоним, этноним және топоним тҥрлері теріліп алынды. Кӛне тҥркі ескерткіштерінің дені эпитафиялық жанрда жазылғандықтан, ол мәтіндердің ішінде антропонимнің ҥлес салмағы басым болып келетіні заңды, сондықтан 17 атропоним анықталып, оларға тілдік талдау жасалды. Одан басқа екі этноним, бір топоним кездесті. Кӛне ескерткіштердің барлығында жалқы есім бола бермейді, алайда осы шағын топтың ӛзі біршама мол тілдік-тарихи мәліметтер бере алады. Мақаланың қорытынды бӛлімінде Талас ескерткіштеріндегі ономастикалық кеңістіктің ӛзіндік ерекшеліктері, олардың Енисей және Орхон мәтіндеріндегі жалқы есімдермен байланысы, кӛне тҥркі жазуының тарихына қатысты қҧнды тҧжырымдар жасалған Атап айтқанда, эпитафиялық жанрда жазылған мәтіндер болғандықтан, антропонимдер басым болып келетіні және адам есімдері, негізінен, лақап есім мен лауазым аттарымен араласып жататыны анықталды; кӛне тҥріктердің «ер ат» лақап есімінің берілу себебі анықталды; Талас ескерткіштерінде кездесетін әйел адамның есімі талданды; Талас-Енисей-Орхон жазба ескерткіштерінің біртҧтас тілде жазылғаны дәлелденді. Бҧл тҧжырымдар мақаланың жаңалығы болып табылады.

90-108 385
Аннотация

Кез келген сөйлеу актісі сөйлеушінің қатысымдық мақсатына негізделіп, адресаттың коммуникативтік стратегиясы мен тактикасын, прагматикасын, эмоционалды-экспрессивті көзқарасын білдіруге бағытталады. Осымен байланысты мақалада қазақ тіліндегі сұрау мәнді сөйлеу актісінің прагматикасын және сұраулы сөйлемдер арқылы берілетін коммуникативтік стратегияларды айқындау мақсаты қойылды.

Зерттеу барысында қазақ тіліндегі сұрау мәнді сөйлеу актісіндегі төмендегідей коммуникативтік стратегиялар анықталды: ақпарат сұрау (алмасу), ақпаратты нақтылау, жөн сұрасу, іздеу, өзге адамның пікірін білу, өзгенің мақұлдау/мақұлдамау ниетін білу, өзінің көп білетінін көрсету, түсінуге ұмтылу, назар аударту (қызықтыру), жеңімпазды анықтау, өтініш жасау, кеңесу (ақылдасу), ұсыныс жасау, рұқсат сұрау, сынау, тергеу, қарсы шабуыл, ақталу, ескерту, бас тарту, кінәлау (жазғыру), тыйым салу, бұйыру, қорқыту және аралас стратегия.

Қазақ тіліндегі сұрау мәнді сөйлеу актісінде қолданылатын коммуникативтік стратегиялар жоғарыда аталғандармен шектелмейді. Өйткені бүкіл адамзаттық тілдік қатынас хабарлы, сұраулы, бұйрықты сөйлемдерден тұратындықтан, сол сөйлеу актілерінің төрттен бір пайызын сұраулы сөйлемдер құрайды. Әрине хабарлы сөйлемдердің үлес салмағы көп. Дегенмен сұраулы сөйлемдердің де бүкіл адамзаттық тілдік қатынасты орнату қызметі үлкен.

Зерттеуден алынған нәтижелердің қазақ тіл білімінде жаңа салалар болып табылатын прагматика, сөйлеу актісі теориясы және т.б. бағыттарда ғылыми-практикалық маңызы жоғары саналады.

109-124 316
Аннотация

Мақалада XV-XVIII ғасырлардағы қазақ жырауларының ауызша дәстҥріндегі эпикалық қайталаудың формулалық табиғаты зерттеледі. Ол ӛзін екі негізгі функциясында – экспрессивті және бейнелеу функцияларында кӛрсетеді. Мақаланың негізгі мақсаты – эпикалық қайталаудың эстетикалық және функционалдық табиғатын ашу, оның техникалық әдіс ретіндегі ерекшеліктерін анықтау және оның бастапқы шығу тегін – ырғақты сиқырлауды, суггестивті сиқырлы реалияларды, оның бастапқы ӛзгерістерін қадағалау. Зерттеу барысында біз тарихи-генетикалық, қҧрылымдық–семантикалық, герменевтикалық әдістерді және Пэрри-Лордтың ауызша теория (Oral Tradition) әдісін қолдандық. Қолданылған әдістердің теориялық қҧндылығы - олар эпикалық қайталанудың генетикалық табиғатын, оның дәстҥрлі поэтикалық ӛнердегі жҧмыс жасауының ерекшеліктерін анықтауға мҥмкіндік берді. Әртҥрлі дыбыстық қайталаудың формулалық-стильдік заңдылықтары – анафора, етістік рифмасы, монорим, редиф және т.б. – алғаш рет XV-XVIII ғасырлардағы жыраулардың ауызша жеке-авторлық поэзиясы негізінде зерттелген. Мақаланың практикалық қҧндылығы және оның негіздемесі «Миф, ырым және рәсімдегі поэтикалық сӛз» монографиясын жазу және «XV-XVII ғасырлардағы жыраулар поэзиясының кӛркемдік-анықтаушы жҥйесін, «формулалық стилистикасын» және грамматикасын зерттеу жиілік сӛздігі» ғылыми жобасы аясында «Формулалық бірліктер жиілігінің поэтикалық сӛздігін» дайындау болып табылады (ҚР ҒЖБМ 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру бағдарламасы бойынша, ЖТН AP09261377).     

125-132 334
Аннотация

Мақалада адам санасында қалыптасқан «ғаламның діни бейнесі» мен оның тілдік кӛрінісі қарастырылады. «Ғаламның бейнесі» және «ғаламның діни бейнесі» бір-бірінен ӛзгеше, ӛзіндік ерекшелігі бар екі тҥрлі таным болып табылады. Бірі, материалдық санаға қалыптасқан заттық ғаламның бейнесі болса, екіншісі Қҧдай және оның тылсым кҥшіне негізделген ғаламның руханилық бейнесі болып табылады. Кез келген адамның санасында қалыптасқан «діни сана» оның ҧлттық ділі, тілі, болмысы арқылы кӛрініс тауып, сол ҧлттың «ғаламдық діни бейнесі» болып табылады. Діни лексиканың лингвофилософиялық семантикасы арқылы «ғаламның діни бейнесінің» ӛзіндік қҧндылығын анықтауға болады. Осы тҧрғыда теолингвистика саласы сакралды діни лексика, діни мәтіндер қҧрамын талдау ҥшін ерекше теолингвистикалық және семантикалық тәсілдер арқылы жҥзеге асады. Қазақ халқының тҧрмыс-тіршілігі, салт-дәстҥрі, наным-сенімдері, болмыс-бітімі, әлемге кӛзқарасы әуелде Тәңіршілдік, кейінірек Ислам діні негізінде қалыптасты. Қазіргі уақытта қоғамдық ортадағы ӛзекті болып отырған дәстҥрлі дініміздің тҧрақтылығын тілмен сабақтастықта қарастыру арқылы, «ғаламның діни бейнесін» лингвофилософиялық аспектіде арнайы зерттеуді қажет етеді.

133-140 470
Аннотация

Бҧл мақаланың мақсаты – оқырманды осы тақырып бойынша ғылыми мақалаларға шолу жасау негізінде ағылшын тілін оқытудың қазіргі заманғы білім беру және оқыту әдістемесіндегі инфографиканың рӛлімен таныстыру. Инфографика – материалды тасымалдау кезінде деректерді иллюстрациялар, графиктер және диаграммалар тҥрінде беретін ақпаратты ҧсынудың графикалық әдісі. Сонымен қатар, оқытуда инфографиканы пайдалану мҧғалімнің шығармашылық әлеуетін арттырады, сабақты ӛткізу мҥмкіндіктерін әртараптандырады. Инфографиялық әдіс сабақтың, атап айтқанда, ағылшын тілі сабақтарының сапасы мен тиімділігін айтарлықтай арттырады. 2014-2022 жылдар аралығында жазылған 10 мақалаға ауқымды аналитикалық шолу жасалды. Қҧжаттар зерттеу элементтері оқушылардың білім деңгейі, оқушылар саны, білім беру формасы, сондай-ақ жетілдіріле тҥсуі ҥшін инфографика және оның зерттеу нәтижелері пайдаланылған дағдылар сияқты классификациялар бойынша бӛлініп сарапталды. Тақырыптық зерттеулерді авторлар әртҥрлі оқу орындарында, онлайн және аралас аудиторияларда жҥргізді. Сондай-ақ қҧжатта студенттердің пікірлері мен болашақта инфографиканы қолдануды дамыту бойынша ҧсыныстары бар. Мақала ағылшын тілін оқытудың заманауи әдістеріне және білім беруге инфографиканы енгізуге қызығушылық танытатын кез келген адамға пайдалы болады.

141-154 256
Аннотация

Ҧлттық негіздегі жазу жҥйесін қҧру және бекіту – тілдің ҧлттық сипатын, бірегейлігін сақтап қалуға тірек болатын ең басты алғышарт. Қазақ жазуының реформаторы А.Байтҧрсынҧлы қалыптастырған жазу жҥйесі де осы тҧрғыдан жоғары бағаланады. Емле мәселесі әрдайым ӛзекті саналатындықтан, емле ережелерінің басты ҧстанымдарын  айқындау қазақ тіл білімі ҥшін аса қажет. Мақалада емле ережелері жҥйелі берілген алғашқы еңбек – «Тіл-қҧралдағы» жазу қағидалары мен грамматикалық заңдылықтардың ықпалдастығы талданады. Зерттеудің мақсаты – А.Байтҧрсынҧлы қалыптастырған емле ережелері мен грамматикалық мәселелердің байланысын айқындау.

Зерттеудің практикалық маңызы емле ережелерін тҥзуде грамматикалық ҧстанымды негізге алудың маңыздылығын талдаудан кӛрінеді. Мақалада диахрондық және синхрондық аспектіде салыстырулар жасалып, XVIII, ХІХ ғасыр мәтіндеріндегі қазақ тілі емлесінің даму сипаты және грамматикалық бірліктердің жазудағы кӛрінісі қарастырылды. Нақтырақ айтқанда, сипаттау, жҥйелеу және салыстыру тәсілі негізінде тарихи деректер, соның ішінде, ескі қазақ жазба тілі материалдарындағы грамматикалық заңдылықтардың бҧзылу себебі және оның жазуға әсері кӛрсетілді. Нәтижесінде еңбектегі морфологияға қатысты ережелердің емлемен байланысы «Сӛз тҧлғасы және емле», «Сӛз қҧрамы және емле», «Пунктуация және емле» деген ҥш тҥрлі қатынасқа жіктеліп, қарастырылды.  

155-168 335
Аннотация

Қазіргі тіл білімінде қалыптасқан антропоӛзектік парадигмаға сәйкес тілдің жҧмсалымдық қызметі алдыңғы қатарға шығып, сӛздің болмысын тану ҥрдісі сӛз иесінің тҧлғасымен сабақтасып, кӛркем мәтіндегі автор бейнесі, тілдік тҧлға, автор модалділігі категорияларын зерттеуге, олардың ара-жігін ажыратып, мәртебесін нақтылаудың маңызы артып отыр. Зерттеу жҧмысының ӛзектілігі авторлық модалділік категориясын кӛркем мәтін аясында қарастырған зерттеулердің жеткіліксіздігімен анықталады. Зерттеу  жҧмысының мақсаты – қазақ және қырғыз тілдеріндегі кӛркем мәтінде авторлық модалділік категориясының берілу қҧралдарын анықтау. Мақалада "авторлық модалділік" категориясы  кӛркем мәтін концепциясын қалыптастырудың негізі ретінде қарастырылады. Әрі автордың тҧжырымын, кӛркем шығармадағы тілдік тҧлғасын анықтау ҥшін автор модалділігі категориясының имплицитті берілу жолдары зерттелді.

Кӛркем шығармада автор модалділігі сюжеттерге негіз болған тақырыптар, образдар, концептілер, мифологемалар, символдар, антропоморфизм арқылы беріледі. Кӛркем мәтін аясында қарастырған жағдайда модалді мәндер субъективті-бағалауыштық сипатқа ие болады. Зерттеу жҧмысында кӛркем мәтінді талдау жҧмысы жҥргізілгендіктен, мәтінді кешенді талдау әдісі қолданылды, яғни сипаттамалық, анализ, синтез әдістері, дедуктивті және индуктивті әдістер,  семантико-стилистикалық, контекстік әдіс. Ҧсынылған зерттеу жҧмысы мәтін лингвистикасын, стилистика саласын  әрі дамытуға, тілдік бірліктердің мәтін қҧраушы әлеуетін зерттеу мәселелерін шешуге белгілі бір дәрежеде ӛзіндік ҥлесін қоса алады.

Кӛркем мәтіндегі мәтін астарындағы (подтекст) ақпаратқа дҧрыс интерпретация жасау арқылы автор модалділігін анықтауға болатынына кӛз жеткіздік.  

169-181 497
Аннотация

Мақаламыздың негізгі мақсаты – қазақ тілінің ақпараттық технология терминдерінің қолданылу деңгейін анықтау. Зерттеу жҧмысы әлеуметтік тілтаным және қолданбалы тілтаным бағыттары бойынша қарастырылды.

Әлеуметтік-тілтанымдық бағыт бойынша  бекітілген терминдердің кӛпшілік арасында қолданылу деңгейінің сандық кӛрсеткіштерін анықтау ҥшін сауалнама жҥргізілді. Сауалнамаға әртҥрлі  орта ӛкілдері қатысты. Сауалнама сҧрақтарына негіз етіп ІT саласының негізгі терминдері саналатын тінтуір~mouse~тышқан~мышка, пернетақта~клавиатура~keyboard, қатқыл диск~қатты диск~жесткий диск~hard disk, software~программное обеспечение~бағдарламалық қамтым~бағдарламалық жасақтама~бағдарламалық қамту~бағдарламалық қамтамасыздандыру сияқты бекітілген терминдер мен жарысып қолданып жҥрген  терминдер де  іріктеліп алынды. Жҥргізілген сауалнаманың бір ерекшелігі – қатысушылардың 88,4 %-і  қазақтілді болуы. Сауалнаманың нәтижесі «орыс тіліндегі терминдердің қазақ тіліне қарағанда қолданылу деңгейінің жоғары болуы» және «қазақ тіліндегі кейбір терминдердің мҥлдем қолданылмауы», «бір терминнің бірнеше нҧсқасының пайда болып, мәндесімдік қатар тҥзуі» секілді мәселелерді кӛрсетті.

Тіл білімінің қолданбалы тілтаным бағыты бойынша  қазақ тілінде жазылған 4-сыныптан 7-сынып аралығындағы «Информатика» оқулығындағы бекітілген терминдердің қолданылуына талдау жасалды. Зерттеу нәтижесінде termincom.kz қорындағы информатика саласына қатысты бекітілген терминдердің оқулықтарда қолданылмай,  сол ҧғымды білдіретін басқа терминдердің қолданылуы, информатика саласына қатысты оқулықтардағы кейбір терминдер termincom.kz қорында қамтылмауы, кейбір терминдердің termincom.kz сайтында басқа салаға қатысты кӛрсетілуі, оқулықтарда  орыс тіліндегі терминдердің бірінші жазылып, қазақ тіліндегі терминдердің жақша ішінде кӛрсетілуі секілді мәселелер анықталды.

 Мақалада осы анықталған мәселелерге негіз болған тілден тыс факторлар талқыланды. Сондай-ақ ақпараттық технология терминдеріне қатысты осыған дейін  жазылған зерттеу жҧмыстарына шолу жасалды.  

Зерттеу жҧмыстарының нәтижесінен тҧжырымдалатын қорытынды пікір: терминтанушы-ғалымдардың тарапынан сапалы термин жасау, сол жасалған терминдерді білім беру саласында қолданысқа тҥсуіне мән беру керек. Әлеуметтік желілер арқылы ғылым тілін насихаттау бағытында жҧмыстар жҥргізу қажет.

182-188 277
Аннотация

Мақалада Қҧтыбтың «Хҧсрау уа Шырын» ортағасырлық жазба ескерткішінің графикалық, лексикалық және грамматикалық ерекшелігі талданады. Жазба ескерткіште қолданылған әліпби жҥйесінің басты ерекшелігі харакаттардың (әріпҥсті және әріпасты таңбалар) болуы және бір таңбаның бірнеше дыбыстың орнына жҧмсалуы. Сонымен қатар тек араб әріптері ғана емес парсы таңбалары да қолданылған. Ескерткіш тілінің лексикалық қҧрамы ӛте кҥрделі. Онда қыпшақ, қарлҧқ, оғыз, араб, парсы сӛздерімен қатар, архаикалық элементтер аралас берілген. Таза араб, парсылық сӛз тіркестерінің қолданысы да ҧшырасады. Ал грамматикалық тҧрғыдан кейде қыпшақ, кейде оғыз лексикасы мен қосымшалар басым тҥсіп отырады. Кейде бір қосымшаның ӛзінің қыпшақтық та, оғыздық та формасы жарыса қолданылған. Ал ескерткіш тілінде қыпшақ, оғыз не қарлҧқ сӛздерінің қайсысы басым екендігін әр грамматикалық фомалардың лингвостатистикалық есебін шығару негізінде ғана анықталады. Кҥні бҥгінге дейін ғалымдар тарапынан бҧл мәселе әртҥрлі болжанып келе жатыр. Кей ғалымдар дастанды қыпшақ-оғыз тілінде жазылды десе, кей ғалымдар оғыз-қыпшақ тілінде жазылған деп тҧжырымдайды. Мақалада осы мәселелер жан-жақты қарастырылып, нақты мысалдар арқылы талданады.  

189-200 288
Аннотация

Қазіргі тілдік жағдаятқа байланысты ономастикалық атаулардағы, оның ішінде топонимдердің семантикасындағы кӛпшілік тіл иелмендеріне «жасырын» кҥйдегі халықтық білімдер мен ақпараттарды, мәдени компонентін айқындау ӛзекті мәселе болып отыр. Онимдердіің мәдени семантикасы рационалды және иррационалды білімдер мен ақпарттарда репрезенттеледі. Мақаланың мақсаты – тҥр-тҥс атрибуттары, ӛсімдік, сан атауларынан жасалған топонимдер мен мифонимдердің мәдени семантикасындағы рационалды және иррационалды халықтық білімдердің репрезентациясын кӛрсету. Зерттеудің басты идеясы - рационалды білімдер типінде халықтың практикалық ӛміріне қатысты мәдени эмпирикалық ақпараттың шоғырланатындығын, ал иррационалды білімдер типіне діни, анимистік, мифологиялық, халықтық нанымсенімдерді репрезенттейтін эзотерикалық білімдер жататындығын мысалдар арқылы дәйектеу.  Кіріспе бӛлімде тіл мен мәдениеттің ӛзара тығыз байланысы белгілі авторлардың еңбектеріне сҥйене отырып дәйектелді. Топонимдік атаулар этностың қоршаған ортаны игеру барысындағы таным-тҥсінігін,  алуан тҥрлі ақпаратты жинаған мәдениленген ой-сананың жемісі болып саналатындығы кӛрсетілді. Жҧмыста қолданылған негізгі әдіснама ретінде антропоӛзектік бағыт қолданылады. Зерттеу әдісі ретінде топологиялық кеңістік аясында қарастыру, тілдік матрица әдісі тереңде жатқан мәдени семантиканы айқындауға мҥмкіндік береді. Экстраполяциялау әдісі халықтық топонимдік модельдердің  жалпы қазақ лингвомәдениетіне, табиғи аталымға ортақ уәжге негізделетінін кӛрсетеді. Негізгі нәтижелер бӛлімінде топонимдер бірнеше тақырыпшаларға бӛлініп берілді. Тҥр-тҥс, ӛсімдік, сан атаулары мен қасиетті атаулардың семантикасындағы мәдени ақпараттардың репрезентациясы, олардың имплицитті сипаттары талданады. Субъектінің (жеке және этномәдени ҧжымның) психикалық әрекетінің ӛнімі ретінде топонимдердің мәдени семантикасындағы рационалды білім тҥрлерінің объективтену процестері қарастырылады. Сакралды атаулардың семантикасында этностың моральдық-этикалық қҧндылықтары кӛрініс табатындығы анықталды.

Зерттеудің ғылыми құндылығы тіл білімінің лингвомәдениеттану саласының теориялық базасын кеңейтіп, ӛзіндік ҥлес қосуымен тҥсіндіріледі.  Жҧмыс қорытындысының практикалық құндылығы лингвомәдени сӛздіктер, корпустық лингвистика, мәдени репрезентативті мәтіндер базасын толықтыратын материал бола алатындығымен байланысты.

201-209 283
Аннотация

Синкреттілік әр ғылым саласының нысаны болып келді. Әсіресе оның эстетика, ӛнертану, мәдениеттану салаларындағы қасиеті мҥмкіндігінше зерделеуден ӛтті. Ал тіл біліміндегі қызметі барынша қайта сараптауды қалайды. Сондықтан да мақала авторы тіл біліміндегі синкреттілік мәселесін қозғайды. Мақаланың негізгі мақсаты – синкреттілік қҧбылысының морфологиялық қҧрылыммен қатар, синтаксистік қҧрылысқа да қатысты екендігіне назар аударту. Қазақ тіл біліміндегі тҧжырымдауларда синкреттілік бір салалы қҧбылыс деп танылып, синтаксистегі іздері назардан тыс қалып келеді. Осы жағынан келгенде, тақырыптың синтаксистегі кӛрінісін анықтау мақаланың ӛзектілігін танытады. Әрі теориялық қҧндылығын арттырады.

Бҧл мәселе тек қазақ тіл білімінде ғана емес, басқа тілдерде де жеке мәселе болып кӛтерілгендігі анық. Автор мҧны орыс, неміс, француз тілдері ғалымдарының тҧжырымдарымен дәлелдейді. Мақаладағы сӛйлемдік қҧрылыстың тарылу немесе кеңею жолындағы байланысу ерекшеліктері синкреттіліктің синтаксистік қызметіне басқа қырынан қарау қажеттігін айқындайды. Әсіресе, сӛйлемдер байланысындағы қҧбылыстар, атап айтқанда, тҧлғалық тҧрғыдан жай сӛйлемдік, пайымдауды жеткізу тҧрғысынан кҥрделі объектілік, болмаса керісінше, мәселелерді шешуге болатындығын кӛрсетіп берді. Және бҧл қазақ тіл білімі синтаксисінің жаңа бағыттағы қызметін айқындайды.

Мақалада тіл білімінің диахрондық сипатына да кӛңіл аударылған. Орыс және басқа да шетел ғалымдарының ой-пікірлері тақырыптың ӛткен ғасырлық деңгейде қалып қойғандығын кӛрсетеді. Бҧл кӛтеріліп отырған мәселенің әлі де маңызды екендігіне дәлел. 

Мақалада айтылған ой-қорытындылар тіл білімі саласының одан әрі дамуына ӛз ҥлесін қосады. Жҧмыс нәтижесін білім беру ҧйымдарында қолданудың практикалық маңызы бар. Ӛйткені кез келген тілдік бірлік жеткізуші мен қабылдаушының санасына жетуі қажет.

210-220 324
Аннотация

Мақалада жалпы тіл білімі ғылымында кеңінен қолданылатын лингвистикалық категориялардың бірі стереотип, клише, штамп және стандарт ұғымдарының зерттелуі қарастырылады. Аталмыш ұғымдар сонымен қатар әлемдік лингвистикада когнитивті тіл білімі, этнолингвистика,  лингвомәдениеттану және сөзқолданыс мәселелеріне қатысты сөз мәдениеті және стилистика салаларының нысаны ретінде де зерделеніп жүр. Лингвистикалық еңбектерде тілдегі стереотип, клише, штамп ұғымдарына қатысты тұрақты стереотипті ойлау моделі немесе дайын сөйлеу орамдары, тілдік бірліктердің дайын күйінде қайта қолданылуы сынды анықтамалар жиі айтылады. Мұның басты себебі – жалпы коммуникация барысында, қоғамдық тәжірибе, қайталанатын жағдаяттарға қатысты ақпараттың мазмұнын, берілу формасын стандарттап, сөйлеу формасы ретінде бекітіп, ақпарат алмасу үдерісін жеңілдетуге тырысатындығында. Осыған орай берілген ұғымдардың күрделі табиғатын түсіну және тілдегі репрезентациясын айқындау мақсатында әлемдік тіл білімінде қалыптасқан ғалымдардың көзқарастары мен тұжырымдары сипатталып талданады. Мақалада ғылыми тұжырымдарды негізге ала отырып, тілдегі стереотип, клише, штамп ұғымдарының өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырату және тілдік бірліктердің стандартталуына қатысын анықтауға талпыныс жасалады. Сонымен қатар тілдегі стереотип, клише және штамп құбылысының сөзқолданыс үдерісіне жағымды немесе жағымсыз әсерін анықтау мақсатында тілдің функционалды стильдерінде қолданылу ерекшеліктеріне талдау жасалады.



ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)