Preview

TILTANYM

Кеңейтілген іздеу
№ 1 (2019)
Шығарылымды жүктеу PDF
3-12 140
Аннотация

Мақалада ортақ латын әліпбиін дайындаудың амалы ұсынылады. Ортақ әліпби негізіне арнайы алынған 34 таңба алынған, олардың жасалымы талданып, кестелер құрастырылған. Ортақ әліпбидің алғашқы үлгісі қазақ тіліне арналып жасалған. «Бір таңба – бір дыбыс» ұстанымы басшылыққа алынған.

13-17 224
Аннотация

Мақала дыбыс, фонема, әріп сияқты лингвистикалық ұғымдарға арналған. Олардың өзара байланысы талданады, әрбір элементке сипаттама беріледі, олардың мәтінде іске асырылуы сипатталады. Орфографияның негізгі принциптері қарастырылады. Қазақ тілінің орфографиялық және орфоэпиялық нормалары тұрғысынан талданады.

18-27 160
Аннотация

Лингвоантропологияның жекелеген бағыттары өзіндік методологиялық базасын әртүрлі ғылым салаларынан (философия, логика, психология, әлеуметтану, физика, биология т.б.) алынған адамға байланысты фактілермен толықтырып отырады. Бұл толықтырулар әр бағыт бойынша жаңа теориялық түйіндер, тұжырымдар жасауға мүмкіндік тудырады. Осындай толықтырулардың әсерінен болса керек, аталған салаға қатысты атаулар мен терминдерде бірізділік болмай келеді. Аналитикалық тәсіл арқылы жеткізіліп жүрген тілдегі адам факторы, адам және оның тілі, адамның тілі мен әлемі, адам әлемі тілде, тіл – адам – әлем суреті, тіл – ментальдылық – мәдениет, тілдегі адам, адам – тіл – табиғат т.б. сынды сипаттамалы тілдік оралымдар – сөзіміздің дәлелі іспетті болып отыр.

28-33 165
Аннотация

Ежелгі түркі тайпаларын орналастыру және тарату мәселесі толығымен шешілмеген. Бірақ тілдерді және олардың диалектілерін салыстыру фактілері кейбір қараңғылықты көрсетеді. Мақалада Түркия мен Әзірбайжандағы Гаджалдың ежелгі түркі тайпаларының мұрагерлерінің фонетикалық тұрғыдан қазіргі диалектілері қарастырылады. Зерттеу тарихи салыстырмалы және сипаттама әдістерімен жүргізілді. Зерттеу барысында екі диалектке жататын мәтіндер де келтірілген. Гаали тайпасының заманауи диалектілерінің фонетикалық ерекшеліктерін салыстыра отырып, осы түркі тайпаларының осы аумақтарда орналасуы ертерек кезеңдерді, яғни Сельджукс келгенге дейін, қамтиды.

34-37 195
Аннотация

Әзірбайжан халқының есімдері оның өткенін, ойлауын және ерекшелігін көрсетеді. Әзірбайжан аттары үш санатқа бөлінеді: Ұлттық атаулар, қарызға алынған есімдер, гибридті есімдер. Тілде Жалпы лексикадан жасалған атаулар өте көп. Атауға әлеуметтік-саяси жағдайлар әсер етеді. Ежелгі есімдер халық үшін тән әдеттермен, оның наным-сенімдерімен, шығармашылығымен және т.б. байланысты болды. Исламға дейінгі атаулар-ең ерте есімдер. Бұл атаулар ОрхонЕнисей ескерткіштерінде, оғыз аттарында және Китаби-Горгуд атасында кездеседі.

38-42 148
Аннотация

Берілген мақалада ақпараттың психологиялық және философиялық мәні тілдік тұрғыдан қарастырылған. Адам санасындағы рационалдылық және иррационалдылық түсініктер талданады. Әсіресе бұл мәндер психология, философия және тіл білімі салаларына қатысты бір түрде түсіндіріледі. Сезім-түйсік және ойсананың арақатынасы белгіленеді. Аталғанның барлығы адамның дұрыс бір пікір қалыптастыруына және әрекет етуіне өз әсерін тигізеді.

43-47 163
Аннотация

Бұл мақалада «паремиология», «паремиологиялық тіркестер», терминдері басқа да тұрақты сөз тіркестері контексті тарапынан қарастырылады. Қазіргі орыс тілінің паремиологиялық жүйесі заманауи сөйлеу тәжірибесіндегі халықтық нақыл сөздердің шыққан уақытына және әртүрлі деңгейіне байланыста сұраныста болуының жиынтығы. Орыс тілінің паремиологиялық дереккөздері бол-ып халықтың мәдени құндылықтарының көрінісі, сақталуы және көрсетілімі болып табылады.

48-55 138
Аннотация

Мақалада табиғи тілдік мәтіндерде қолданыс тапқан етістікті сөз тіркестерінің грамматикалыққұрылымыдарының есім және етістікті сөз тіркестерінде қолданылу ерекшелігімен құрылымы жайында сөз етіледі.

56-59 171
Аннотация

Аталған мақалада қазақ тілі сабағын өткізу барысында ойын түрлерін пайдалану айтылады. Сондай-ақ, қазақ халқының ұлттық аспаптарына қызығушылық танытушы өзге ұлт өкілдеріне арналған әдістеме арқылы (сандық тәсіл) домбы-рада ойнауға үйрету де сөз болады.

60-64 151
Аннотация

Мақалада мәтіндер корпусына енгізілген фонетикалық белгіленім бағдарламасын жасауға арналған лингвистикалық нұсқаулыққа сипаттама беріледі. Профессор Ә.Жүнісбектің үшқадамдық нұсқаулығы басшылыққа алынып, программаға дайындалу барысы қарастырылады. Сонымен қатар лингвистикалық мәліметтер енгізілгеннен кейінгі фонетикалық белгіленім терезесінен скриншот беріледі.

65-70 186
Аннотация

Мақалада ХХ ғ. басынан бастап қазіргі кезге дейінгі қазақ терминографиясының жасалу тарихы қарастырылды. Қазақ терминографиясының өзекті мәселесінің бірі терминологиялық сөздіктердің түрлеріне баса назар аударылды.

71-74 177
Аннотация

Мақалада латын графикасына негізделген қазақ жазуы жайында және орфография мен орфоэпияның ара қатынасы туралы сөз болады.

75-79 163
Аннотация

Мақалада ауызша сөз бен жазба сөздің нормалары мен жүйесі зерттеушілердің еңбектері негізінде қысқаша сипатталады. Ерін үндесімінің қазақ тіліндегі ерекшелігі мысалдар мен тілдік деректер негізінде анықталады. Сонымен қатар қазіргі уақытта еріндік дауыстылардың әсерінен кейінгі езулік дауыстылардың еріндікке айналуы қай буынға дейін жетеді деген мәселені анықтау мақсатында жазба мәтіннің ауызша формасына талдау жасалады.

80-83 168
Аннотация

Мақалада ортағасыр жазба ескерткіштері мәтіндерін жаңа әліпбимен транскрипциялау мәселесі қарастырылады.Отандық түркітанушы Б.Әбілқасымовтың жазба ескерткіштер мәтіндерін транскрипциялаудың ұстанымдары талданады. Сондай-ақ, автор ортағасырараб жазулы мәтіндерін жаңа латын әліпбимен транскрпициялаудың негізгі артықшылықтарын атап өтеді.

84-90 170
Аннотация

Мақалада Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларындағы ескі қазақ жаз-ба лексикасы, оның семантикалық сипаты қысқаша сипатталады. Қазақ ескі жазу лексикасы, ескі кітаби тіл лексикасы, ескі түркі тілдеріне ортақ сөздер мен кірме, бөгде тілдік бірліктерді талдау, олардың күңгірт келетін түсініксіз сипатын ашу, ескі тілдік бірліктердің лексика-семантикалық ерекшелігі қарастырылады.

91-95 230
Аннотация

Мақалада ХІХ ғ.шыққан «Дала уалаяты» газетінің тіліндегі ескі тіл бірліктері талданып, соның негізінде ескі кітаби сөздер сөздігін және тарихи публицистикалық электрондық картотекалық қор жасау қажеттігі айтылады.

96-99 143
Аннотация

Мақалада Республикамыздың жер-су атаулары орфографиялық ереже-лерге, яғни картадағы нысандар орфографиялық стандартқа сай болуы туралы сөз болады. Сондай ақ жер-су аттары, кісі аттары, шеттілдік географиялық атаулардың латын графикасы негізінде ережеге сай жазылуы керек екендігі, ономастикалық сөздіктерді әзірлеу маңыздылығы көрсетілді.Сонымен, біз өсімдік атауларын этнолингвистикалық тұрғыдан халқымыздың тұрмысындағы әдетғұрпын, салтсана, наным-сенімін, шаруашылық жүргізу дәстүрі, тарихи оқиғалар тұрғысынан, ұлттық ерекшеліктерімен т.б. қасиеттерін айқындауға тырыстық.

100-104 171
Аннотация

Мақалада дін мен дәстүрдің байланысы қарастырылған. Мұқағали поэзиясының діңгегіне айналған негізгі ұғымдарға танымдық талдау жасалады. Ақын танымындағы дүниелер мен діни ұғымдардың өзара байланысы тереңде жатқандығын дәлелдейді. Ақынның діни өлеңдеріндегі көркемдіктің шебер өрілгеніне талдау жасау арқылы көз жеткізеді.

105-109 162
Аннотация

Қазақ елді мекен атауларында орыс тілді географиялық атаулар көптеп кездеседі. Бұл атауларды латын әліпбиі негізінде қазақ тілінде таңбалауға байланысты атауларды автоматты конвертрлеуде көптеген мәселелердің кездесетіні жайлы айтылады.

110-112 173
Аннотация

Мақалада әрбір тілдегі жиі қолданылатын сөздерді үйрену арқылы тілді жылдам үйренуге болатындығы туралы жазылды.



ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)