Preview
№ 1 (2016)
Шығарылымды жүктеу PDF
3-7 439
Аннотация

Тіл стратегиясына қатысты заңнамалық құжаттарда Қарулы Күштер мен құқық қорғау органдарының күнделікті қызметінде қолданылатын терминдік аталымдарды реттеудің өзектілігіне назар аударылуы тегіннен- тегін емес. Өткен ғасырдағы тарихи қалыптасқан жағдайларға – әскери салаға қатысты іс-шаралардың ортақ және үстем саясаттың ықпалында қарастырылуына байланысты қазақ тіліндегі әскери және заң терминдерінің негізгі бөлігінде өзге тілдерден енген атаулардың қамтылғаны мәлім. Қазіргі кезде қазақ терминжасамын қалыптастыруда төл тілдің мүмкіндіктерін сарқа пайдалану ұстанымы басшылыққа алынып отырғандықтан, әскери атауларды түзуде осы принципке мән берілуде.

8-13 210
Аннотация

Бұл мақала мәдениетаралық қарым-қатынас үшін шет тілін оқытудағы мақал-мәтелдердің маңыздылығын көрсетеді. Тіл – мәдениеттің айнасы, ол тек ғана шындықты, өмірдің нақты жағдайын ғана емес, сондай-ақ халықтың әлеуметтік санасын, менталитетін, ұлттық сипатын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын, құндылықтар жүйесін көрсетеді. Тіл өмірдің өзіндік бейнесін жасайды. Ол ұлттық мәдениетті ұрпақтан ұрпаққа жеткізеді. Тіл мәдени құндылықтарды сөздікте, грамматикада, фольклорда, мақал-мәтелдерде, ауызша және жазбаша түрде сақтайды. Мәдениетаралық коммуникацияға тек шет тілдерін меңгеру арқылы қол жеткізу мүмкін емес: мәдени кедергіден өту керек. Бұл кедергі көзге көрінбейді, ол тек екі немесе одан да көп мәдениеттер соқтығысқан кезде ғана сезіледі. Мәдени келіспеушіліктер үлкен қақтығыстарды, тіпті соғыстарды тудыруы мүмкін. Мақалада АҚШ, Ресей және Казақстан мәдениетаралық коммуникациясы мәселелеріне арналған жұмыстарға ерекше назар аударылған.

14-19 247
Аннотация

Мақалада қазақ халқының тарихында ерекше орны бар шешендік

сөздердің аргументтеу модельдері анықталады. Барлық халықтың тарихында шешендік

өнер ерекше орынға ие. Ал қазақ халқының шешендік өнерін ерекшелейтін бірнеше себеп бар. Біріншіден, шешендік сөз иелері – билер халықты басқару ісіне араласып, ел мен ел, жеке адамдар арасындағы қарым-қатынасты үйлестіріп, айыптаушы, қорғаушы және жазалаушы қызметтерін атқарып отырған. Сол әрекетімен елдегі саяси-әлеуметтік жағдайды реттеуге араласқан. Екіншіден, халыққа өмірдің мәні, жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдық, батырлық пен қорқақтық, ерлік пен ездік, мәңгілік пен мезеттік туралы философиялық терең насихат сөздер айтып, қоғамның рухани дүниесін айқындап, дұрыс өмір сүрудің бағыттарын айқындаған. Қазақ шешендік сөздері халық арасында ауызша тарап отырған.Олардың авторлары бірде сақталса, бірде сақталмай, кейде мазмұны, құрылымы жағынан өзгерістерге ұшыраған.

20-23 181
Аннотация

Қазіргі лингвистикада «концепт» ұғымына қатысты қызығушылық артып келеді. Соңғы жылдары концепт туралы диссертация, монография және ғылыми мақалалар саны көбейді. Концепт өзінде бекітілген мәдениеттің бөлшегін көрсетеді. Мұндай когнитивтік бірлік мәдени тәжірибені өндіреді, кеңейтеді және жеткізеді. Осы мақалада «саяхат» концептісі қазақ, орыс және ағылшын мәдениетінің шеңберінде түрлі дүниетанымдық тұрғыдан қалай қабылданатындығы қарастырылады. «Саяхат» концептісін репрезентациялаудың бір тәсілі – мақал-мәтелдер, афоризмдер болып табылады. Оларда түрлі тілдер мен мәдениеттерге тән сан ғасырлық даналық жинақталған.

24-28 208
Аннотация

Мақалада этномәдени мәселеге қатысты жаңа көзқарастар келтіріледі, тілдің лингвомәдени модельдеріне қысқаша шолу жасалып, олардағы ұлттық мәдени семантика мәселесіне көңіл аударылады.

29-39 243
Аннотация

«Құтадғу білік» заманы мен тілдік ерекшеліктері» атты мақалада Жүсіп Баласағұн дәуіріндегі газнелілер, саманилер, қараханлылар, селжүктер және қарақытай-лардың арасындағы байланыстары, сол дәуірдің ұлы ғұламалары мен тарихи география мәселелері қарастырылады. Түркі халықтарының баға жетпес шығармасының кейбір ерекшеліктеріне назар аударылады. Соңында салыстырмалы түрде – «Құтадғу білік» тілі, түрікше және қазақша қысқаша сөздік- кестесі ұсынылады. Нәтижесінде, орта ғасыр ескерткіші мен кейбір қазіргі тілдер арасында едәуір жақындықтар анықталады.

40-44 169
Аннотация

Мақалада антропоөзектік парадигмадағы лингвистиканың алға қойған

мақсаты тілдік субъектінің дүниетаным ерекшеліктерінің семиотикалық жүйе ретінде тілдің барлық деңгейлерінде көрініс беруін зерттеп анықтау болып табылатынына мән беріледі. Бұл бағыттар жалпы тіл біліміне үлкен өзгерістер әкелді: тіл біліміндегі басты құндылықтар ауысып, зерттеу шеңбері кеңейе түсті. Оның қатарында пунктуация да бар. Коммуникация сәтті болуы үшін баяншы мен қабылдаушы бірдей коммуникативтік құралдарды қолданып қана қоймай, сонымен қатар сол құралдың білдіретін мәнін түсінуі керек. Тыныс белгілердің қойылуын дұрыс түсіне білген оқырман мәтінді түсінумен қатар одан эстетикалық әсер де алады. Авторлық пунктуацияны терең түсіне білген оқырман жазушының діттемін, айтайын деген ойын анық байқайды. Сондықтан қазіргі кезде пунктуацияның функциясы мен антропоөзектілікке сипаты қайта қарастыруды қажет етеді.

45-48 179
Аннотация

Қазақ және түрік тілдеріндегі тұрақты сөз тіркестерінің құрамындағы «сары» компонентінің ортақ семантикалық жақындығын екі халықтың дүниетанымының сабақтастығы арқылы түсіндіруге болады. «Сары» түсіне байланысты туындаған тұрақты сөз тіркестеріндегі семантикалық жақындық туыстас екі халықтың дүниетанымының тереңнен тоғысатындығын көрсетеді. Тілдердің дамуының кейінгі кезеңдеріндегі жаңа қабаттағы бірліктердің айырмашылықтары да анық көрінеді.

49-53 213
Аннотация

Тіл мен ойлау – адам баласының ажырамас бөлігінің бірі. Символдану үдерісі де адамның ойлауы, санасы, танымымен тығыз байланысты. Символ құруда ойлау, бейне, таңба өзіндік қызметін атқара отырып, концептуалдану үдерісіне түседі. Адамның санасында көптеген ассоциациялар мен эмоцияларды туғызады. Сол себепті, символ заттық-бейнелілік лингвокреативті ойлау нәтижесінде пайда болады.

54-59 178
Аннотация

Мақалада халық күнтізбесінің тілдік бірліктері, концептілік категория- ларының объективтік ақиқатпен байланысы, этномәдени кодтық негіздері мен мәндері талқыланады. Күнтізбе жүйесіне қатысты сөздер мен сөз тіркестерін жүйелеу негізінде ұлттық болмыс пен ұлттық тұрмыс-тіршілікті, қазақ халқының ертедегі астрономиялық білімі мен күн райын болжаудағы тәжірибелерін, болжамын айқындау мәселесі қойылып, қазақ күнтізбесінің қалыптасу, пайда болу негіздері жайында зерттеулер беріледі. Зерттеудің мақсаты – қазақтың күнтізбе жүйесіндегі лексика-фразеологиялық бірліктердің күнтізбелердің жүйелерін айқындаудағы рөлін және қазіргі календарь системасындағы түркілік күнтізбенің алатын орнын айқындау. Сол арқылы қазақ күнтізбе жүйесін жасап шығару.

60-64 227
Аннотация

Мақалада сленгтің әдеби шығармаларда атқаратын негізгі қызметтері мен ерекшеліктері, қолдану себептері талданған. Сонымен қатар ағылшын тіліндегі сленгтерді орыс тіліне аудару ерекшеліктері сипатталған.

65-68 192
Аннотация

Жұмыс газет және журнал беттерінен жиналған деректер негізінде тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қазақ тілінің лексикалық жүйесінде орын алған жаңа қолданыстар мен неологизмдердің қарқынды дамуын талдауға арналған. Жаңа атаулар мен қолданыстардың көбеюі әрі бір уақытта жасалып, қолданысқа енуі лексикалық дублет,синонимдер, оккозионализмдер және өзге де құбылыстардың орын алуына мүмкіндік берді, бұл бірліктерді зерттеу жаңа сөздердің мағыналық болмысында орын алып жатқан семантикалық және стилистикалық дифференциация үрдістерін анықтауға көмектеседі.

69-73 927
Аннотация

Мақалада проф. С.Мырзабеков қазақ сөзінің айтылым үлгісін жан- жақты қарастыру керектігі, біріншіден, мәселенің тарихына кеңінен тоқталу; екіншіден, зерттеудің ғылыми аппаратын қалыптастыруға күш салу; үшіншіден, қазақ сөзінің айты-лымының фонетикалық негіздемесін жасау; төртіншіден, қазақ сөзінің айтылым сөздігін құрастыру; ең соңында қазақ сөзінің төркін айтылым үлгісін қайта қалыптастыру жолдарын баспа беттерінде үзбей насихаттау керектігі жайында сөз қозғайды.

74-79 229
Аннотация

Мақалада кез келген тілдің ежелгі лексикалық қорына жататын соматизмдерді аудару мен аударма тілден балама табу мәселелері қарастырылады. Соматикалық атаулардың көп мағынаға ие болуы оның аударма үрдісі кезінде де қиындықтар туатыны белгілі. Қазақ тіліндегі бас, бет, қол, көз, мұрын, мойын соматизмдерінің түсіндірмелі сөздіктерде тіркелген мағыналары мен ағылшын тіліндегі head, face, arm, eye, nose, neck соматизмдерінің тіркелген мағыналары арасындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтары талданған.

80-85 191
Аннотация

Бұл мақалада қоғамда қалыптасқан институттар шеңберіндегі байланыс ретінде түсінілетін институционалдық байланыстың бір мысалы болып табылатын іскерлік байланыс сипатталған. Тілдік тұлғаның коммуникативті іс-әрекетінің сипаты көбінесе белгілі бір жеке тұлғада әр түрлі дәрежеде көрінетін типтік ұлттық-мәдени ерекшеліктермен анықталады.

86-89 201
Аннотация

Өсімдіктер – жаратылыстық дүниедегі тіршілік иелерінің аса үлкен бір тармағы. Олардың адамзатқа, тіптен жер шары мен барша жан-жануарлардың өмір сүруіне тигізер әсері орасан. Оларсыз тіршілік жоқ. Тіршіліктің ажырамас бір бөлігі саналатын осы өсімдіктер сан ғасырлар бойы адамзат танымында екшеліп, тілінен де көрініс табады. Ол тілдің әр деңгейінен де көрініс табады. Қазақ халқының мәдени танымында өсімдіктердің алар орны ерекше. Ол бізде өсімдік атауларының қатысуымен қалыптасқан, ғасырлар бойы тілімізде сақталған тұрақты тіркестерден айқын көрінеді. Өсімдіктерге қатысты мұндай тұрақты тіркестер халықтық таным мен халықтың табиғаттанудағы терең білімінен хабар береді. Міне, халық тіліндегі, соның ішіндегі өсімдіктерге қатысты түрлі деңгейдегі тіл бірліктерінің мәнін ашу, ондағы мәдени семантиканы, этимологиялық негізін тану – аса өзекті мәселелердің бірі. Мақалада тілімізде ежелден бері сақталып келе жатқан өсімдіктерге қатысты тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдерге қысқаша лексика-семантикалық талдаулар жасалып, кейбір өсімдік атауларына этимологиялық деректер келтіріледі. Бұл тұжырымдар мен деректер осы салада ғылыми зерттеулер жасаған ғалымдардың пікірлері арқылы дәйектеледі.

90-94 148
Аннотация

Бұл мақала жай сөйлемді зерттеудің аспектілеріне бағытталып, қажетті компоненттердің орнына тиісті лексемаларды қоюдың структуралық схеманы құрумен тікелей байланыстылығын көрсетеді.

95-105 159
Аннотация

Мақалада қытай тіліндегі кісі және жер-су аттарын қазақша таңбалау ережелерінің жобасы ұсынылады. Қытайдың аты-жөндерінің қазақша таңбалау тәртіп-тері мысалдарымен көрсетіліп, фонетикалық транскрипциясымен беріледі.

106-111 159
Аннотация

Монография лингвомәдени және лексикографиялық аспектілердегі қазіргі жастар лексикасының дамуындағы ең белсенді процестерді анықтауға арналған. Сленг лексикасы ұжымдық дүниетаным мен дүниетанымды, сондай-ақ тұлғалық-жеке ұстанымды көрсететін жастар концептосферасын толық және дәйекті түрде бейнелейтіні атап өтілді.



ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)