Preview

TILTANYM

Кеңейтілген іздеу
№ 1 (2018)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)
3-12 244
Аннотация

   А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Қолданбалы лингвистика бөлімі пернетақтада ең жиі қолданылатын әріптерді анықтау үшін қазақ тіліне жиілік талдау жүргізді.

   Талдау нәтижесінде қазақ тіліндегі ең жиі кездесетін әріптер мен жиі кездесетін әріп тіркесімдері анықталып, ұлттық пернетақтада әріптерді тиімді орналастыруға қажетті статистикалық ақпарат берілді.

   Сонымен қатар осы жиілік талдау нәтижесі бойынша қазақ әріптері мен әріп тіркестерінің жиі кездесуі ескеріліп орналастырылған пернетақтаның пилоттық жобасы ұсынылды.

   Мақалада жаңа ұлттық әліпби негізінде латын қаріпті қазақ әріптерін пернетақтада орналастырудың статистикалық негіздері сипатталған. Пернетақтада әріптерді тиімді орналастыру үшін кирилдегі қазақ әріптерінің қолданыстағы кездесу жиілігі, сонымен қатар әріптердің бір-бірімен тіркесіп келудегі жиілігі анықталып, осы жиілік талдау бойынша латын қаріпті қазақ әріптері пернетақтаға орналастырылды. Әріптерді пернетақтада теру ыңғайлылығына қарай пернетақта актив және пассив аймақтарға бөлініп, ортаңғы бөлікке жиі кездесетін әріптер, ал шеткі бөлікке сирек кездесетін әріптер орналастырылды.

   Мақалада әрбір әріптің статистикалық мәліметі мен пернетақтада орналастырылу себептері нақты баяндалады.

12-17 300
Аннотация

   Кірме сөздерді қазақ тілінің фонологиялық заңдылықтарына икем-деп жазу және оның принциптерін жан-жақты қарастыру қазіргі кезде маңызды болып отыр. Кірме әріптермен жазылатын сөздердің фонетика-фонологиялық негіздері талданып беріледі. Қазіргі кезде кейбір кірме сөздерді игеріп, қазақ тіліне икемдеп «сындырып» айту мен жазу оңайға түспейді. Осыған орай соңғы кезде латынға көшумен байланысты кірме сөздерді таңбалауда бірнеше көзқарас бар. Осы орайда кірме сөзді қалай жазу керектігі мақалада мысал арқылы беріледі.
   Мақалада кірме сөздердің қазақ тілінің фонологиялық заңдылықтарына икемдеп жазудың принциптері жан-жақты сипатталып, оны берудің жолдары беріледі.

17-22 175
Аннотация

   Қазақ жазуының латынграфикалы әліпбиге көшіруге байланысты ономастикалық атаулардың көптеген салаларына қатысты транслитерациялау мәселелері туындайды. Атап айтқанда, ономастикалық атаулар «Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелерінің» басты емлелік қағидаттарына қайшы емес. Алайда ономастикалық атауларды латын графикасында жазудың өзіндік ерекшеліктері бар.
   Мақала латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің ережесінің жаңалықтары мен ономастикалық атауларды жазудағы емлелік қағидаттары сөз болады. Ономастикалық атауларды латын графикасында транслитерациялаудың өзіндік бірқатар ерекшеліктері келтіріледі.

22-29 158
Аннотация

   Жазу реформасын жүзеге асыруда әртүрлі әлеуметтік көзқарас туғызып жүрген күрделі мәселелердің бірі – кирилл қарпінде жазылған жазба әдебиеттерімізді жоғалтып аламыз ба деген қауіп. Қазіргі компьютерлік техниканың дамыған заманында бұл мәселенің шешімін табу көп қиындыққа түспейтіні белгілі. Электронды нұсқада әдебиеттерді, жазба мұраларымызды сақтап қалуға мүмкіндік әбден бар. Мұны автоматты аударым жасау ісі деп атайды. Мұндай амал-әрекетті жүзеге асырушы бағдарламаны «конвертер» деп атайды. Мәтіндерді автоматты аударма жасау үшін, сөздердің емлесі программа үшін аса қажет. Мақала кирилл қарпінен латын графикасына аударым жасатын компьютерлік бағдарлама жұмысына арналған.
   Қолданбалы лингвистика бөлімі әліпби бекіту процесі кезеңінде әр жылдары әліпби нұсқаларына сәйкес конвертерларды жасап отырды. 2017 жылы апострофпен жасалған компьютерлік бағдарламаны, 2018-де соңғы акутқа негізделген жаңа әліпбимен қайта жасады. Бұл орайда конвертер жасаушы бағдарламашыға тілшілер тарыпынан лингвистикалық нұсқаулық (программаға арналған емле) дайындалады. Мақалада осы лингвистикалық нұсқаулық пен конвертор жұмысына сипаттама беріледі.

29-37 196
Аннотация

   Бұл мақалада бұқаралық мерекелердің сахналау түрлері мен ұйымдастыру бағыттары қарастырылып, болашақ ұйымдастырушы педагогтың көпшілікпен жұмыс істеуі, мерекелерді сахнаға бейімдеу жолдарын қарастарады. Сондай-ақ мерекенің әр халықтардағы тойлану үлгілерін саралап, эмоционалды әсер ету түрлерін анықтайды. Бұқаралық мереке ерекшелігі мен тойлану сипаты қарастырылып, халықтық мерекелердің мәні мен мағынасы сараланады.
   Бүгінгі таңда бұқара халықтың көңілін тауып, жарқын әсер сыйлауда ұйым-дастырушылардың сценарий жаза алуы мен оны халыққа жеткізу, сахналау заңдылықтары жаңаша түрленуде. Болашақ ұйымдастырушы маман замана талабын
ескере отырып, өз ісінің кәсіби шебері болуда қарапайым сценарий жазу кезеңдері мен режиссура элементтерін, бұқара халықтың тілек, қалауын ұғына отырып білуі тиіс.
   Үлкен драматургиялық шығармаға қалам сілтемес бұрын ұйымдастырушы-сценарист шағын драматургия жанрларына атап айтсақ, мысал, аңыз, ертегілердің, сахнаға ықшамдалып жазылатын көрініс құрылымын білуі шарт екенін де мақала барысында айта өтеміз.
   Қазіргі таңда мерекелердің тойлану сипаты, көпшілік халықтың ойы мен қызығушылығынан шығу мақаланың басты мақсаты. Бұқаралық мереке-лердің тойлануы мен жүзеге асуы талданып қарастырылады.

37-40 172
Аннотация

   Мақалада латын әліпбиіне көшудің артықшылығы туралы сөз болады. Латын әліпбиі әлемдік кеңістік тілі, одан ұтарымыз көп. Осы ерекшеліктер мақалада талданады.

40-46 198
Аннотация

   Түбі бір түркі халықтары арасында ұқсастықтар мен қоса, айыр-машылық та айтарлықтай байқалады. Ғылыми мақалада түрік және қазақ тілдерінің сөздік қорындағы өзара байланыста қиындық тудыратын жалған баламалы сөздердің шығу тарихы мен себептері қарастырылған. Сонымен қоса, өсімдік атауларына қатысты жалған баламалар толық зерттеліп, жан-жақтыталданған.
   Ғылыми мақалада түрік тілі мен қазақ тілі арасындағы жазылуы бірдей немесе ұқсас, бірақ семантикалық жағынан басқа мағыналық сипатқа ие сөздердің (жалған баламалар) шығу себебі мен ерекшеліктері көрсетіліп, жан- жақты көрсетілген. Бұл еңбекте, әсіресе, өсімдік атауларында жалған баламалық көрсеткен сөздер қолға алынған.

46-51 225
Аннотация

   Қазіргі таңда ауызша сөзді жан-жақты қарастыру тіл білімінде өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Әсіресе синтагматикалық жүйеде дауысты дыбыстардың өзгерісін яғни езулік дауыстылардың еріндікке айналуы, сондай-ақ қатаң дауыссыздардың ұяңдануы сияқты процестерді тілдік деректер арқылы қарастыру аса қажет болып отыр. Фонеманың варианты мен вариациясын қарастырған зерттеушілердің еңбектеріне сүйене отырып, дауыстылардың әлді және әлсіз позициясы қарастырылды.
   Мақалада дауысты дыбыстардың қызметі және олардың әлді, әлсіз позициясы тілдік деректер арқылы сипатталды, сондай-ақ мәтін арқылы талдау жасалды.

52-59 210
Аннотация

   Термин тілде пайда болып, қалыптасуы үшін оның оқулықтарда, ғылыми әдебиеттерде жазбаша көрініс тауып және ауызша қолданыс аясында тұрақтануы қажет. Осы орайда оқулықтардың атқаратын орны ерекше. ХХ ғасырдың алғашқы жартысында астрономия бойынша ұлттық ғылым тілін қалып-тастыруда сүбелі үлес қосқан ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның еңбектерін зерттеу парыз.
   Түйін: Әлихан Бөкейханның төте жазумен жазған оқулық аудармаларындағы астрономиялық терминдер құрамы ұлттық терминология тұрғысынан зерделенеді.

60-67 225
Аннотация

   Өткен жылғы сәуірде Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты халыққа Жолдауын жариялады. Бұл жолдау өзге жолдаудан өзгеше сарында қабылданды. Себебі мұнда қазақ ұлтының тағдырына, болашақта оның Мәңгілік ел болып қалуына қатысты тағдыршешті, тарихи үндеу тасталды. Ол – 2025 жылға дейін қазақ жазуын латыннегізді жаңа әліпбиге көшіру. Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс туғызды. Латыннегізді жаңа ұлттық қазақ әліпбиі – рухани жаңғырудың бір әрі бірегей белгісінің бірі, қазақ ұлтының келбетін, болмысын танытатын ерекше бояулы нақыш, ұлттық әлпет, бренд.

   Бұл асығыстықты қаламайтын үдеріс болуы тиіс. Келіп түскен мыңда-ған әліпби жобаларын жақсылап електен өткізіп, талқылап, ішінен дыбыстарды дәл таңбалауға ыңғайлы, көзкөрімге әсерлі көрінетін үздік жобаны таңдау – қиынның қиыны және онда біреудің атақ-лауазымына, беделіне артықшылық беретін науқан емес. Мұнда латын әліпбиге ілгері жылдары көшкен түркінегізді елдер тәжірибесі де зерттелуде.

67-72 163
Аннотация

   Қазіргі кезде қос сөздердің жасалу жолдары көп ретте ғалымдар қалыптастырған ережелер аясына сыймайтын, олар сақтала бермейтін әрі компоненттері арасында үйлесімді сипат бола бермейтін сөздер, соған қарамастан осындай ерекшеліктерімен қос сөздер тілде қолданыста жүр, сөздік қорға кірігіп кетіп жатыр. Осы сияқты ерекшелігі бар қос сөздер, әсіресе, терминдік жүйеде көп кездеседі. Жалпы алғанда қазіргі кездетіл депайда болып жатқан қоссөздер діңерекшел іктері көп. Сондықтан тілдегі неологиялық құбылыс ретінде, оның бір түрі ретінде, қос сөздерді жеке қарастыруқызықты.

72-75 171
Аннотация

   Мақалада Республикамыздың жер-су атаулары орфографиялық ережелерге, яғни картадағы нысандар орфографиялық стандартқа сай болуы туралы сөз болады. Сондай-ақ жер-суаттары, кісіаттары, шет тілдік географиялық атаулардың латын графикасы негізінде ережеге сай жазылуы керек екендігі, ономастикалық сөздіктерді әзірлеу маңыздылығы көрсетілді.



ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)