Preview

TILTANYM

Кеңейтілген іздеу
№ 4 (2017)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)
3-7 222
Аннотация

   Морфологиялық талдаудың логикалық көбейту әдісі, көбінде, флективті тілдерде қолданылады және негіз сөздер сөздігінің болуын талап етеді. Қарастырып отырған автоматтандырылған морфологиялық талдаудың соңғы түрі – сөздіксіз талдау немесе «тәуелсіз» талдау. Ол аффикстер кестелері көмегімен және арнайы түзілген грамматикалық мағынасы жоқ сөздердің тізімі негізінде іске асады. Морфологиялық талдаудың бұл түрі зерттеу тәжірибесінде өте сирек қолданыс тауып жүр.

8-13 204
Аннотация

   Мақала Қазақстан Республикасындағы орта білім мазмұнын жаңарту мәселелеріне арналған. Жаңартылған бағдарлама оқытудың спиральді моделін, яғни білімді біртіндеп кеңейту және тереңдетуді болжайды, бұл оқушылардың тілдік құзыреттілігін жақсарту мақсатында пәнді тиімді оқытуға алып келеді. Осы бағдарламаның мәнмәтінінде қазақ тілді сыныптарда орыс тілін оқыту кезінде оқушылардың сөйлеуін дамыту бірінші орынға шығады, сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу дағдылары дамиды, олар болашақта өмірлік маңызды мәселелерді шешу үшін қажет болады. Студенттердің тілдік құзыреттіліктерін жақсарту үшін оқытудың тиімді әдістеріне ерекше көңіл бөлінеді. Мақалада студенттерге коммуникативтік мәселелерді шешу, логикалық ойлауды, қиялды, есте сақтау мен зейінді дамыту процесінде олардың өмірлік, білім беру және қарым-қатынас тәжірибесін қолдануға мүмкіндік беретін оқу бағдарламасын жаңартудың белсенді әдістері ұсынылған.

14-22 226
Аннотация

   Мақалада «коммуникативті құзіреттілік» ұғымының көпаспектілі сипат-тамасы берілген, оның жоғары оқу орындары студенттерін лингвистикалық даярлауға қатысты дидактикалық маңыздылығы анықталған. Коммуникативті білім – бұл қарым-қатынас деген не, оның түрлері, фазалары, даму заңдылықтары туралы білім. Бұл қарым-қатынас әдістері мен тәсілдері, олар қалай әсер етеді, олардың мүмкіндіктері мен шектеулері туралы білім. Бұл сонымен қатар әртүрлі адамдар мен әртүрлі жағдайларға қатысты қандай әдістер тиімді екенін білу. Сондай-ақ ЖОО-да өзге тілдерді оқытудың заманауи тәсілдерін ұйымдастыруды талдау ұсынылған.

22-25 231
Аннотация

   Латын әліпбиіне көшу – қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, жемісі мен жеңісін әкелері сөзсіз. Біз латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз. Сондықтан латын әліпбиіне көшу біз үшін, болашақ еліміз үшін әлдеқайда маңыздырақ.

26-30 196
Аннотация

   Адамның әлемді танып-білуі оны қоршаған мәдени кеңістіктің ықпалымен қалыптасатынын айта келіп, стереотиптердің тіл-тілде лингвомәдениеттанулық концепт формасы түрінде кездесетінін алға тартады. Ал лингвомәдениеттанулық концепт дегеніміз – белгілі бір тілдік қоғамның санасында ұзақ жылдар електен өткен айрықша ұрпақтар тәжірибесі. Мәселеге осы тұрғыдан келгенде стереотиптерді тіл иесі халықтың санасында пайда болып, тілінде көрініс табатын білім құрылымының көрсеткіші деп, ал концептосфераларды өмір иірімдерінің үлгісі деп түсінуге болады. Ал этномәдени стереотиптер – бұл қандай да бір халықты сипаттайтын ерекшеліктер туралы жалпыланған көрініс.

31-37 171
Аннотация

   Қазақ тілінде қазіргі кездегі кірме терминдер үлесі 70-80 %-ды құрай-тынын ескерсек, 60-жылдары да оның аз болмағанын шамалауға болады. Арнайы дәл есептеу жүргізілмесе де, 1959-1963 жылдары шығарылған орысша-қазақша екітілдік 12 терминологиялық сөздікте кездесетін жат терминдер үлесі өзбек тіліндегі 18-19 пайыздан әлдеқайда көп екені анық. Сондай-ақ бізде 90-жылдары өріс алған ұлттық бағыттың Өзбекстанда 80-жылдардың ортасында-ақ басталғанына куә боламыз.

38-42 164
Аннотация

   Ғасырлар бойы тілді өзге тілдер ықпалынан қорғап келген үндесім заңы қазақ тілін оқыту әдістемесінің, тілдің орфоэпиялық нормаларының және жаңа ұлттық жазудың тірегі болғанда ғана қазақ тілінің ажары кіріп, қазақ сөзінің сәні келеді, қазақ сөзі құлақ күйі кеткен емес, құлақ күйі келген домбыраның қоңыр үні болып болашаққа жетпек. Ұлттық сана жаңғыруының басты шарты – төл ұлттық әліпби қабылдау.

43-47 169
Аннотация

   Тіл дегеніміз – мағына бейнелеуші шекті белгілерден құралған жүйе. Сипаттамалы (суреттемелі) лингвистиканың түпкілікті міндеті – тіл жүйесінің мағына бейнелеу механизмін айқындау. Тіл шекті мағына бейнелеуші құрамдарынан шексіз сөйлеу бірліктерін құрау арқылы шексіз мағына бейнелейді. Тіл жүйесіндегі мағына бейнелеуші белгілер (бірліктер) екі түрлі болады, бірі – лексика сипатты белгілер (бірліктер), енді бірі – грамматика сипатты белгілер (бірліктер).

48-52 152
Аннотация

   Қазіргі лингвистикада сөйлеу әрекеттерін зерттеу мәселесі маңызды орындар алады. Лингвистикалық зерттеулерде сөз сөйлеу парадигмаларын құруға, тілдің семантикалық жағы мен сөйлемдердің мағыналық құрылымына назар аударуда.

53-58 205
Аннотация

   Қазіргі лингвистикадағы зерттеулер когнитивті ономастиканы дамытуға және ақпаратты сақтаудың күрделі тетігі ретінде танымдық кеңістік арқылы ономастикалық кеңістікті қалыптастыруға реалды/ирреалды шындықтың әсерін егжей-тегжейлі анықтауға және ономастикалық лексика арқылы оны вербализациялауға қатысты болуы мүмкін. Жалқы есімдердің түрлі мақсаттары, міндеттері, әдіс-тәсілдері, талдауларына қарамастан соңғы онжылдықтағы зерттеулерде онимдердің семантикалық құрылымын зерттеудің когнитивтік деңгейін анықтайтын жалқы есімдердің функционалдық-мазмұндық сипаттамаларын кешенді тұтас сипаттау қажеттілігі туындады.

59-64 196
Аннотация

   Тіл мәдениетін меңгерту міндеттерінің бірі – дұрыс әрі мәнерлі сөйлеу дағдысын қалыптастыруда тұрақты тіркестердің рөлі ерекше. Коммуникациялық аяда фразеологизмдер өзінің образдылығымен, айрықша мәнділігімен көзге түсетін фразеологизмдерді ұлт тілінің ерекше көрінісі деуге болады. Сондықтан оларды көркем шығармада қолданудың өзі ұлттық характердің айқын белгісін көрсетеді. Кез келген ұлттың айшықты да мәнерлі бай саласының бірі, халық өмірінің айнасы, ұлттық мәдени өмірінің басты белгісі – тұрақты тіркестер екендігі ғылыми еңбектерде көрсетіліп келеді.

65-70 196
Аннотация

   Бұл мақалада стилистикалық сөйлеуді қамтамасыз ететін коммуникативті мәтіндердің функционалдық ерекшеліктеріне сәйкес бірегейлігі, публицистикалық сөйлеуде қоғамның қызығушылығын тудыратын өзекті мәселелер ашылатындығы ескеріле отырып қарастырылады. Ғылыми және іскерлік сөйлеу шындықтың интеллектуалды көрінісіне, көркем сөйлеу оның эмоционалды көрінісіне бағытталған. XX ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басындағы білім беру саласындағы ерекшелік ұлттық санасезімнің қайта жаңғыруы және еліміздің барлық өңірлерінде өз мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне деген қызығушылықтың артуы болып табылады.

71-74 205
Аннотация

   Сөйлемдердің, стильдік кескінін сөз еткенде, олардың құрамындағы мүшелердің тек санына қарамаймыз, сапасына қараймыз. Әдетте сөйлемдердің сөздері барынша сығымдалған, аз сөзбен көп мағына беретіндей болмай, шұбалаңқы болса, не бір сөз бір және іргелес сөйлемдерде қайта-қайта айтыла берсе, ондайды стильдік қате, тіл жарлылығы екенін сөзсіз түсінеміз.

75-79 353
Аннотация

   Тілді зерттеудегі жаңа коммуникативтік тәсіл лингвистикалық бірлік-терді сипаттаудың жаңа әдісін ұсынады. Сөз жоқ, аталған зерттеулер тіл біліміндегі коммуникативтілікке дейінгі ғылыми байқаулар мен тәжірибелер болды, жаңа тәсілдің қалыптасып, одан әрі қанат жаюына белгілі бір дәрежеде ықпал етті, сонымен бірге қазіргі уақытта да негізгі бағыт ретінде тың бастамаларға түрткі бола алады әрі өмір сүруін тоқтатпақ емес. Сайып келгенде, стиль де, дискурс та стильжасаушы және дискурстүзуші мәтіндер негізінде көрініс табады. Егер функционалды стилистикада мәтін – тілдік деңгейдің жоғары қаттауы ретінде саналса, ал коммуникативтік тәсіл бойынша мәтін адресанттан адресатқа жөнелтілетін мақсатты қарым-қатынастың тілдік өнімі ретінде қарастырылады.

80-83 215
Аннотация

   Тілдің құрлымдық бөліктерінің ішінде өзгеріске көп ұшырайтыны да, көненің көзін көбірек сақтайтын ол лексика саласы. Мақалада сөз болып отырған осы ресми іс қағаздардың лексикалық ерекшеліктері, қысқаша бірнеше түйінге жинақталып жан-жақты қарастырылып өзіндік ерекшеліктері анықталып талданып берілді.

84-86 148
Аннотация

   Жаңа тарихи бұрылыс, ғалымдар мен зиялы қауымның ынтасы мен дайындығы, жазу моделі, ұлттық әліппенің ұлттық бірегейлігін сақтау, дұрыс жазу үлгісі, заманауи ақпарат дәуірі – осы ұғымдардың барлығы мақалада қамтылған.

87-92 225
Аннотация

   Қазақ жазуының негізін құраған Ахмет Байтұрсынұлы қазақтың өзінің алфавиті болу үшін төрт түрлі қасиетке толық тоқталып, басын ашып берген ғалым. Нағыз тіл жанашырларының басын қосқан съезде ең бір ұзақ пікірталасқа арқау болған мәселе и мен у дыбыстарының дауысты немесе дауыссыз екендігі. Бұдан басқа да мәселелерге жай қарай салмай, терең бойлай, бүге-шігесіне дейін нақты дәлелдер келтіре отырып, үлкен мән бергендігін көруге болады. Қазіргі таңда қазақ тілін латын графикасына көшіру кезеңінде 1924 жылғы көтерілген тілдік мәселелер бірден-бір таптырмас тарихи құнды дереккөзі екені айқын.

93-100 200
Аннотация

   Қазақ тілі графикасы 1929 ж. дейін араб әліпбиін, 1929-1940 жж. аралығы латын, 1940 ж. осы уақытқа дейін кириллицаны қолданып келгені мәлім. Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында Қазақстанның 2025 ж. латын әліпбиіне толығымен өту ниетінде екендігін атап өтіп, ғылым мен білім саласындағы мамандардан өз пікірлерін білдірулерін ұсынды. Осы орайда Қазақстанның түкпір- түкпірінде әртүрлі санатта ғылыми жиындар өтіп, тақырып қызу талқылауға түсіп жатыр.

101-108 197
Аннотация

   Заманауи ағылшын тілінде фразалық етістіктер көптеп кездеседі және олардың саны тұрақты өсуде. Бұған фразалық етістіктерге және оларды қолдануға арналған кітаптар, сөздіктер дәлел бола алады. Олардың санының артуымен бірге оларды қолдану жиілігі де артады. Бұл олардың қысқа және мәнерлі болуына байланысты қажетті функцияны орындайтындығын білдіреді. Фразалық етістіктерді үйрену - ағылшын тілін меңгеру деңгейін көтергісі келетін адам үшін ең қиын міндеттердің бірі. Сөйлеуде аз қолданылатын фразалық етістіктер қазірдің өзінде бұқаралық ақпарат құралдарының, бизнестің және экономиканың тіліне айналды.

109-114 177
Аннотация

   Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарында бұрмаланған, орфографиялық қате жіберілген аты-жөндердің (тегі, аты, әкесінің аты) қазіргі қазақ әдеби тілінің нормасына сай дұрыс жазылуын, таңбалану мәселесі қарастырылады. Жинақталған анықтамаларға талдау жасау барысында азаматтардың уәжі мен себебіне қарай анықтамалар бірнеше топқа топтастырылып берілді. Қазақ кісі аттарын, жер-су аттарын қазақ әдеби тілінің нормасына сай жазу барысында қазақ әдеби тілінің нормасы, емле ережелері негізге алынды.



ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)