Preview
№ 4 (2016)
Шығарылымды жүктеу PDF
3-7 160
Аннотация

Ұлттық дүниетанымның нәр алатын ортасы әрі көрінер жері – ұлттық мәдениет. Мәдениет халықтың мыңдаған жылдар бойындағы шығармашылығы, онда қауым мен жеке адамның рухани ізденісі, халықтың даналығы мен адамгершілік нышандары жинақталады. Әр мәдениетте дүние, қоршаған ортаға деген сан қилы көзқарас, түсінік қалыптасады. Себебі әр мәдениет заманына, діліне, моральдік нормаларына қарай адамға, өмір-өлімге, адамның іс-әрекетіне, сұлулыққа тағы да басқа әр халықтың басында бар негізгі құндылықтарға байланысты өзінің көзқарас жүйесін қалыптастырады. Міне, осы көзқарастың көрінетін, таралатын, сақталатын құралы – тіл. Мәдениетіміз бен тарихымызды қазақ тілінің қатпарларынан іздеп, ұлтымыздың адамзат мәдениеті аралығындағы орнын анықтау, оның рухани түбін білу үшін ұлттық тілге тереңдей үңілу ғылыми тұрғыдан дұрыс жол-бағыт екенін қазіргі тіл біліміндегі когнитивтік бағыт пен лингвомәдениеттанымдық негіздер көрсетіп отыр.

8-13 165
Аннотация

Мақалада қазақ сөздерінің бірлік және компоненттер ағыны талқыланады. Мұндай бірліктер қазақ дыбыстық тіл ретінде фонетикалық сөз немесе акценттік тобы, ритмикалық тобы, синтагма мен ой-пікірлер, олардың дифференциалдық белгілері сипатталады. Сондай-ақ, дыбыс тіркестерінің дәлелді және нормадан ауытқуы «бөліну» сипатталған. Сөздер дыбыстардан тұрады, ал физикалық дыбыс -толқындар. Біз айтқан сөздер белгілі бір жиіліктегі дыбыстардан тұрады. Бұл дегеніміз, біз белгілі бір белгісіз тілде сөздерді тыңдаған кезде, әр айтылған сөзді бөліп көрсете алмаймыз. Себебі, бұл сөздердің бәрі әдетте бір-бірімен байланысты, сөздердің ағынын құрайды. Егер тыңдаушы олардың мағынасын түсінбесе, әр сөзді, әр сөз тіркесін және әр сөйлемді анықтау қиынға соғады. Мақалада қазақ сөздер ағынының ажырату құралдары, бірліктері мен компоненттері қарастырылады

14-18 153
Аннотация

Мақалада этно-таңбалау тұжырымдамасы түсіндіріледі және адамдардың идеялары мен сезімдерінің өзара байланысы әдістері талданады. Бұл жұмыстың басты мақсаты – қазақ халқының ұлттық көзқарастарын қалыптастыратын лингво-когнитивті механизмдердің әр түрлерін және ұлттың базалық білімі мен ұғымдардың абстрактілі вербализациясы дағдыларын көрсететін тұжырымдамалық үлгілердің тиімді әдістерін қарастыру. Когнитивтік лингвистиканың негізгі идеяларына сәйкес тіл жүйесіндегі сөздердің мағыналары белгілі бір танымдық құрылымдар мен әдістермен байланысты. Ол үшін когнитивті талдаудың жаңа әдістері, оның ішінде тұжырымдамалық-таксономиялық талдау және танымдық-матрицалық талдау жасалады. Мақалада этно-таңбалау тұжырымдамаларының идеялары ашылады және адамдардың идеялары мен сезімдерін жеткізу әдістері талданады. Бұл жұмыста автор қазақ халқының ұлттық дүниетанымын қалыптастыратын лингвокогнитивтік механизмдердің әртүрлі түрлеріне және ұлттың базалық білімі мен олардың абстрактілі ұғымдарды вербализациялау дағдыларын көрсететін тұжырымдамалық үлгілердің тиімді әдістеріне баса назар аударады.

19-24 284
Аннотация

Мақалада «Білге Қаған» сөзінің мағынасы түсіндіріледі. Сондай-ақ, сөздердің мағынасына, аталған бітіктаста (ескерткіш) баяндалған жағдайларға тереңірек түсінік берілген. Ескерткіш тілі мен қазіргі қазақ тілі арасындағы жақындықтар мен айырмашылықтарды зерттеп, құнды мұраның қазіргі тіліміздің дамуындағы маңызды мәніне тоқталады. Бұл мақалада «Қанды Қаған» сөзіне анықтама беріле отырып, ескерткіштің баяндау құрылымы мен сөздерінің мағынасы талданады. Ескерткіш тілі мен қазіргі қазақ тілінің ерекшеліктері айқындала отырып, бұл мұраның заманауи қазақ тілінің дамуына тигізер әсері зерттеледі.

25-29 161
Аннотация

Қазақстанның латын әліпбиіне көшуі, ондағы мәселелер, алфавит реформасы, өзге түркітілдес халықтардың латын әліпбиіне көшудегі тәжірибесі сөз етілген мақалада, Қазақстанның бұл қадамы бауырлас қазақ елін ұлы мәдени дамуға, серпіліске алып келетіні жайлы ой қозғалған. Әрине, әліппи халыққа жат емес, 1929 – 1940 жылдар аралығында қолданыста болды. Сонымен қатар 1940 жылдан бастап қолданыста болған кирилл әліпбиімен Қазақстанда ғылым мен әдеби мұраның үлкен қоры дайындалды. Әрине, бұл әр кезде де есімізде болатын жайт. Болашаққа бағдар – елбасының халқы үшін жасаған зор қадамы. Осы жолда кедергілер мен қиыншылықтар да болуы мүмкін, бірақ бауырлас елдердің тәжірибелерін ескере отырып, қазақ халқы осындай өтпелі кезеңнің бар қиындығын артқа тастамақ. Мақалада түркітану ғылымы, түркі халықтарының алфавиті, Қазақстанның алфавит тарихы, алфавит реформасы, латын әліпбиіне көшу маңыздылығы туралы қарастырылады. Қазақстанда латынға көшудегі мәселелер, басқа халықтардың тәжірибесі сөз етіледі.

30-40 265
Аннотация

Тіл фактілерін тарихи тұрғыдан алып зерттеу, білу ғылым үшін де, практика үшін де керек. Өйткені қандай да бір құбылыстың, фактінің, өткенін, тарихи даму жолдарын білмей тұрып, оның қазіргі күйін, сырын жете білу мүмкін емес. Зерттеу әдісі бір қалыпта қалып қоймайды және ол әр ғылымда бірнешеуден болуы мүмкін. Әдістің өзгеруі зерттейтін объектінің сипатына, ғылымның даму дәрежесіне байланысты. Ғылым дами келе объектінің бұрын байқалмаған жаңа сырлары, тың құбылыстары ашылады. Оны жан-жақты және терең айқындау үшін бұрын қолданылып келген зерттеу тәсілдері жарамсыз болады да, зерттеудің жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану қажеттігі туады. Бұл мақалада көне тілдік категориялардың тарихи даму жолдарын зерттеудің, білудің шешуші мәні барлығы байқалады. Сондай-ақ тілді зерттеудің әдістері мен зерттеу әдістемелерінің бүгінгі тілтанымдық зерттеулердегі маңыздылығы сөз етіледі.

41-46 204
Аннотация

Түркі халықтарының өзіндік өлшем бірліктері бар екені белгілі, оларды бүгінгі күнге дейін ішінара естуге болады. Осы ұзындық шараларын жүйелеуді ең қысқа ұзындықтардан бастаймыз және оны қазақтың осындай мысалдарымен салыстыратын боламыз. Ұзындық немесе қашықтық ұғымдарын білдірудің лексикалық құралдары фразеологиялық орамдарды қамтиды. Якут және қазақ тілдеріндегі ұзындықтың, қашықтықтың функционалды-семантикалық микроөрісін білдірудің лексикалық құралдары, біріншіден, негізгі қабат, байырғы-якут параметрлік терминдер екені белгілі болды. Бұған байырғы якут, орыс және басқа түркі тілдерінен алынған терминдер кіреді. Екінші перифериялық қабат параметрлік сын есімдер мен фразеологиялық орамдардан тұрады. Мақалада якут тіл білімінде алғаш рет қазақ тілінің материалымен салыстырмалы түрде ұзындық пен қашықтық түсінігін беретін лексемалар қарастырылған. Салыстырылып отырған тілдердегі жалпы типологиялық белгілермен сипатталатын бұл бірліктердің белгілі бір құрылымдық айырмашылықтары бар екендігі анықталды.

47-53 199
Аннотация

Автор урбонимдерді, соның ішінде, эргоурбонимдерді Қазақстан топонимикасының эволюциясын көрсететін ономастиканың саласы ретінде ұсынып, Атырау қаласына қатысты мысалдарды талдап көрсетеді. Жалпы түрде Атырау қаласының эргоурбонимдік номинациялар номенклатурасын деңгейлерге бөледі және олардың жасалу жолдары мен мазмұн-мағынасын ашып береді. Бұл мақала егемен еліміздегі қалалардың мәдени-тілдік құрылымын айқындауға көмектеседі, соның ішінде, қалалық тілдік кеңістіктегі мемлекеттік тіл – қазақ тілінің орны мен рөлін, болашағын талдауға, болжамдауға мүмкіндік береді. Қазақ тілінің бүгінгі жағдайы мен болашағы оның қаншалықты қалалық (урбандалған) тіл болып, қаланың әлеуметтік-коммуникативтік кеңістігінде қолданысқа ие болуымен тығыз байланыстылығы айтылып, оның мән-мағынасы кең көлемдегі лингвомәдени, когнитивтік зерттеулерді қажет ететіндігі сөз болады. Oтандық лингвистикада жаңа ғылыми зерттеу объектісіне айналып жүрген эргоурбонимдердің болмысы және ерекшеліктері қарастырылады.

54-59 162
Аннотация

Фокус (ақыл-ой екпіні) интонация қызметтерінің көрнекті саласы. Яғни сөйлемдегі ерекше ақпаратты көрсетеді, көптеген тілдерде фокустің фонологиялық бейнесі дыбыс деңгейінің жоғарылауынан, дауыстың ұзақтығының ұзартуынан және энергияның артуынан көрінеді. Бұл мақалада дыбыстық эксперименттік жоба арқылы қазақ тілінің хабарлы сөйлемдеріне ұқсамайтын жерлерде фокустың фонологиялық бейнесіне талдау жүргізілді, нәтижесінде фокусты дыбыс деңгейі жағында көрсету (ақыл-ой екпіні) фокустың жоғарғы және төменгі көлемін төмендету немесе арттыру, фокустан кейін учаскелерде дыбыс деңгейін күрт төмендету арқылы дыбыстың тұтас аймағын ұлғайтады, бұл фокусты көрнекі түрде көрсетуге жағдай жасайды. Фокустың фонологиялық бейнесін қазақ тілінде эксперименттік зерттеу көзделеді.

60-64 200
Аннотация

Жарнама – тауарлардың, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және оған деген сұранысты көбейту мақсатында таратылатын хабарлама. Жарнаманың сауда орындарындағы; институционалдық (жақсы пікір қалыптастыру мақсатында); ақпараттық; сауда және көлік жүйесінде; көше жарнамасы (плакат, афиша); ауызша; баспа т.б. түрлері өте көп. Жарнаманың тілі , қолайлы, ұтымды болуы үшін, халықтың санасына сіңісіп кеткен этномәдени сөздер қолданылуы керек. Егер термин сөздер кездессе, оны да халық ұғымына таныс сөздермен ауыстыруға, немесе сол термин күйінде әсерлі етіп жеткізуге болады. Ал тыныс белгілері сөйлеу тілінде болатын түрлі интонациялық компоненттерге (әуен, кідіріс, тональды диапазон, қарқын т.б.) сәйкес айтылған ойды бөлшектеп, жазылған мәтінді ажыратып оқуға дәнекер бола отырып, жарнаманың сапасын арттыра түседі. Жарнама мәтіндеріндегі тыныс белгілерінің қолданылу ерекшелігі, олардың жарнама сапасын арттырудағы рөлі сөз етіледі.

65-73 235
Аннотация

«Күлтегін», «Тоныкөк», «Білге қаған» мәңгі тастары – Екінші Түрік қағанатынан қалған бірден-бір тарихи жазба мұра. Бұл құлпытастардың, яғни Орхон ескерткіштерінің тілдік ерекшелігін сөз еткен ғылыми мақалалар көптеп кездеседі. Алайда ғалымдар негізінен мәтіннің тілдік ерекшелігіне баса назар аударып, ал ондағы дауысты, дауыссыз дыбыстардың емлесі, емлеге сәйкес келмейтін сөздер, олардың саны өз деңгейінде зерттелмей келеді. Осыған байланысты мақаламызда түркиялық ғалым – Др. Сенгіз Алиылмаздың «Orhun Yazitlarinin Bügünkü Durumu» атты еңбегіндегі «Күлтегін» құлпытасының руник жазуындағы түпнұсқасы негізінде дауысты дыбыстардың емлесін, ондағы ережеге бағынбай жазылған сөздер туралы сөз етпекпіз. Көне түркі құлпытастары – ата-бабаларымыздың асыл қазынасы. Бұл мақалада көне құлпытастардың емле ережелері, ондағы тіл заңдылықтарын тереңнен зерттеу және дауысты, дауыссыз дыбыстардың емлелері туралы айтылады.

74-78 158
Аннотация

Бұл мақалада ауызекі тіліміздің нормасы болып есептелетін орфоэпия тілге тиек етіле отырып, күнделікті тұрмыста өзара сөйлесудегі ауызекі тіл нормасының бұзылуы сынды құбылыстар нақты мысалдармен көрсетіледі, әрі оны қалай жөнге салу туралы автордың алғашқы ойлары ортаға салынады. Мақалада ауызекі сөйлеудегі тіл нормасының бұзылуы сөз етіледі.

79-85 142
Аннотация

Жазба мұраларымызды орыс әрпіне транскрипциялағанда көптеген ескі кітаби сөздердің транскрипциялық және графикалық ала-құлалыққа ұшырауы себепті бірнеше дыбыстық нұсқасы пайда болды. Бірнеше тұлғада таңбаланған бұндай кітаби сөздердің барлығы дыбысталуы бөлек, бірақ қолданылуында мағыналық дербестігі жоқ сөздер. Ескі кітаби тіл бірліктері варианттарының, әсіресе көне формаларының бірыңғай жүйеге түспей келе жатуының өзіндік себептері бар. Сөздер варианттарының пайда болуын зерделеу және олардың ішіндегі бір нұсқаны норма ретінде тану мәселесі күні бүгінге дейін тіл біліміндегі күрделі проблемалардың қатарында келе жатыр. Eскі кітаби сөздердегі варианттылық фонетикалық және орфографиялық тұрғыдан талданған және оларды орфографиялық сөздікке енгізу мәселесі қарастырылған.



ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)