Preview

TILTANYM

Кеңейтілген іздеу
№ 3 (2022)
Шығарылымды жүктеу PDF
3-13 348
Аннотация

Мақалада XV-XVIIІ ғасырда ɵмір сүріп, ауыз әдебиетінің үлгісін, жыраулық дәстүрді қалыптастырған, сол кездегі елдің ɵмірін, мұң-мұқтажын жырға қосып елдің әлеуметтік тұрмысын кейінгі ұрпаққа танытқан Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марғасқа, Ақтамберді, Үмбетей, Бұқар сынды жыраулардың поэтикалық мәтіндеріндегі интонациялық-стереотипиялық ерекшеліктерді анықтау зерттеу жұмысының ɵзектілігі болып отыр. Сондай-ақ зерттеу жұмысында ауызша аудиалды ораторлық ɵнердің ерекшелігі, ауызша техникалық құралдардың жыраулар поэтикалық ɵнеріндегі кɵрінісі мен оны жеткізудегі шеберліктің сонау жыраулар дәстүрінде орын алғандығын дәріптеу негізге алынады. Сондай-ақ интонацияның жыраулар поэтикасындағы ɵзіндік ерекшеліктері талданып, интонема модельдері ұсынылады. Жүргізілген зерттеудің негізінде жыраулар поэтикасының жанрлық ерекшеліктері, мәселен ɵсиет, бата, арнау, үндеу, мадақ, қоштасу, жоқтау, қарғыс секілді түрлері ажыратылып беріледі. Зерттеу жұмысындағы негізгі мақсаты – жыр арқылы қазақтың танымын кеңейтудегі интонацияның рɵлі қандай екенін анықтау. Сондай-ақ әр жыраудың ɵлеңдеріндегі қайталанған тұстарын (стереотипиясы) салыстыра отырып, не үшін пайдаланғандығын анықтау және жанрлық ерекшеліктерін кɵрсетіп, интонациялық тұрғыдан талдау жүргізу. Зерттеуде интонацияның жыраулар поэзиясындағы қызметін анықтай отырып, жыраулар поэзиясына тән интонемаларды айқындап, интонема модельдерін ұсыну кɵзделіп отыр.

14-29 330
Аннотация

Ономастикалық атауларды бір тілден екінші бір тілге аудару немесе дыбысталуы бойынша игеріп дұрыс жазу – тіл білімі, аударма жасау барысындағы ɵзекті мәселелерінің бірі. Себебі, ономастикалық атаулар жәй ғана тілдік бірлік, құбыстар емес, онда мемлекетаралық, ұлтаралық қарым-қатынастың дамуында ɵте маңызды рɵл атқаратын экстролингвистикалық факторлар (идеологиялық, тарихи, мәдени, географиялық, дҥниетанымдық, әлеуметтік, тілдік қатынас) сақталған. Қазақ тілі мен қытай тілі генетикалық жағынан бірі қытай-тибет тіл тобына, енді бірі алтай тіл тобына тән болса, құрлымы жағынан қытай тілі тҥбір тілге, ал қазақ тілі жалғамалы тілге жатады. Оның ҥстіне екі тілдің жазуларында да елеулі айырмашық бар: бірі мағыналық-буындық жазуды қолданса, енді бірі дыбыстық жазуды қолданады. Орыс тілінің дыбысталу заңдылығы негізінде жасалған қазіргі қолданыстағы «Палладий транскирипциясы» қазақ тілінің дыбысталу заңдылығына сәйкес келмейді. Зерттеу жұмысында қытай тіліндегі ономастикалық атауларды латын графикалы жаңа қазақ жазуымен транслитерация жасаудың жолдары мен емле-ережелері кɵсетіледі.

30-43 845
Аннотация

Мақалада қазақ және тұркі әлемінің символы – Көкбөрі бейнесі қарастырылады. Сұйінбай ақынның «Бөрілі менің байрағым» атты өлеңінің материалы негізінде және сол мәселеге арналған басқа да тарихи-әдеби еңбектердің негізінде. Мифологиялық аңыз бойынша тұркі тайпасын (халықты) дшпандар жер бетінен жоймақшы болып басып алады. Бір бала ошақтың ішіндегі кұлде көрінбей қалады. Оны Көкбөрі (аспаннан тұскен бөрі) алып, ҧзақ тауға әкетіп, одан 10 бала туады. Дұшпандар баланы тауып өлтіреді. Бірақ Көкбөрі балаларды әлемге таратып жібереді. Солай тұркі тұқымы дұниеге жайылады. Өлеңде Көкбөрі бейнесі тұркі байрағында. Бөрілі байрақпен тұркі халықтары кұреседі, шайқасады, жаңа жерлерді жаулайды. Көкбөрі бейнесі, бөрілі байрақ тұркітектес адамның жауынгерлік рұхын көтереді, ерлікке, қаhармандыққа бейімдейді. Өлеңнің мәтінінде стилистикалық фигуралар ұлкен орын алады. Өлеңнің сонғы шұмағында (4 қатар, 12 сөз) 6 рет Б дыбысының, 8 рет Р дыбысының, 3 рет М дыбысының қайталануы арқылы аллитерация тұрлері қолданылған. Ассонанс тұрлері: А дыбысы 8 рет, Е дыбысы 5 рет, Ө дыбысы 4 рет. Т.б. Тарихи еңбектерде Көкбөрі ұғымы орыс тіліне я зеленая, я голубая, я синняя вольчица деп аударылған (Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. ж.б.). Олай емес: Көкбөрі аспандағы, аспаннан тұскен бөрі. Көк сөзі – тұрки сөз, аспан ұғымын білдіреді. Аспан сөзі парсы тілінен тұркі тілдеріне кейін келген. Мақалада бөрі (қасқыр) ұғымы басқа халықтардың тарихындағы мифологиялық деректермен де салыстырылады. Қазақ тілінде 3 бөрі бар: 1) Көкбөрі – Аспан бөрісі. Өзінің жеке атауы (есімі) бар. Тұркі халықтарының мифологиялық анасы. Бас әріппен жазылады. Сұйкімді, құдыретті символ; 2) бөрі (кіші әріппен жазылады). Дыбысталуында, мағынасында ұлы Көкбөрі символымен тектес екендігі байқалады, сондықдан, бір жағынан, сұйкімді символ сияқты, екінші жағынан, сұйкімсіз (жыртқыш) символ (екіншісі басым); 3) қасқыр: сұйкімсіз символ, яғни жауыздықтың, жыртқыштықтың символы. Сонымен қатар еркіндіктің, батылдықтың символы. Бөрі, қасқыр – көп. Көкбөрі – біреу. Еңбекте бірнеше лингвистикалық зерттеу әдіс-тәсілдері қолданылған: салыстырмалы, семантикалык, стилистикалық, лингвотеориялық жазылым.

44-51 428
Аннотация

Мақалада қазақ тілінің дәстҥрлі сөзсаптамы мен қазіргі сөзінің фонетика-орфоэпиялық ерекшелігі салыстырылады. Ол үшін бірыңғай қазақ ұлты қоныстанған Ақтөбе облысы Шалқар ауданы, Қызылорда облысы Арал ауданы, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданына іссапар ұйымдастырылып, жасы ҥлкен қазақтардың машықсыз сөйлеген сөздері жазып алынып, 2000 жылдан бері туған қазақ жастарының және 70 жылдардан бері туған қазақ азаматтарының сөйлеу ерекшеліктерімен салыстыра отырып талданды. Ата буын өкілдері мен жас буын өкілдерінің сөзі фонетика-просодикалық деңгейі сөзсаптамдық деңгей тұрғысынан қарастырылды. Нәтижесінде 70 жылдардан бері қарай туған қазақтілділердің ауызша тілінде көбіне жазба тіл нормасы сақталғандығы, сөзді қалай жазылса, солай айтатындығы, 2000 жылдан бері қарай туған ұрпақтың сөйлеу тілінде тіпті қазақ тілінің нормасына жат жаңа құбылыстар пайда болып жатқандығы байқалды. Тілдегі бұндай өзгерістер дәстҥрлі грамматикалық жҥйеге, тілдік білімі жоғары деңгейде дамыған тіл тұтынушыларының сөзсаптам дағдысына сәйкес келмейтіндігі көрсетіліп, қазақ тілінің дәстҥрлі сөзсаптамының өзгергендігі, ұлттық, дәстҥрлі сипатынан ажырағаны туралы айтылады.

52-59 384
Аннотация

Мақалада қазақ тілінің дәстүрлі сөзсаптамының ерекшеліктері, олардың лексика-фразеологиясындағы өзгерісі қарастырылады. Біз бұл мақаламызда қазақтың дәстүрлі сөйлеу жүйесі мен қазіргі қазақ тілінің сөйлеу жүйесін лексика-фразеологиялық деңгейде салыстыра отырып, тіліміздегі өзгерістерді көрсетуді мақсат еттік. Қоғамның дамуымен бірге дамып, бірге өзгеретін тілдің лексика-фразеологиялық деңгейінде екі сөзсаптамда жер мен көктей айырмашылық бар. Бірыңғай қазақи ортада қоныстанған жасы үлкен адамдардың тілі 2000 жылдан бері туған қазақ азаматтарының сөйлеу ерекшеліктерімен салыстыра отырып талданды. Нәтижесінде жас буынның ауызша тілінде көбіне жазба тіл нормасы сақталғандығы, сөзді қалай жазылса, солай айтатындығы, тіпті қазақ тілінің нормасына жат жаңа құбылыстар пайда болып жатқандығы байқалды. Тұрақты оралымдармен сөйлеу, мағынаны астарлап беру, сөздерді төгіліп тұратын өлең сияқты ұйқаспен тізу, аз сөзге көп мағына телу – қазақ тілінің дәстүрлі сөзсаптамына тән нормалар. Бұл ерекшеліктер ата буынның тілінде көп кездесті. Жастар тілі керісінше қасаң, жұтаң, өзге тілден енген сөздер араласқан, сезімнен гөрі нақтылыққа бағытталған. Сондай-ақ жастар тілі мүлде қасаң тартып, қысқа қайырылатын сөздер мен тіркестерге ауысып, қысқа да нұсқа сөйлейтін ұрпақ тілінде мәнерлілік азайып келе жатқандығы жан-жақты қарастырылды. Тілдегі бұндай өзгерістер дәстүрлі грамматикалық жүйеге, тілдік білімі жоғары деңгейде дамыған тіл тұтынушыларының сөзсаптам дағдысына сәйкес келмейтіндігі көрсетіліп, қазақ тілінің дәстүрлі сөзсаптамының өзгергендігі, ұлттық, дәстүрлі сипатынан ажырағаны туралы айтылады.  

60-68 292
Аннотация

Қазақ тіліндегі сөздер семантикалық және морфологиялық белгілеріне қарай, атаушы сөздер, көмекші сөздер және одағай сөздер деген үш топқа бөлінеді. Мақалада аталған сөздердің ішінде көмекші сөздердің лексикалық, грамматикалық ерекшелігіне тоқталудан басталып, орфографиядағы, жазу үлгісіндегі кейбір өзгерістер мен қиындықтардың пайда болуы себептерін болжауға, дәлелдеуге арналады.  

Мақалада көмекші сөздердің шығу тегі, сондай сөздердің қатарына жататын шылауларды лексика-семантикалық топтарға бөлуде мағынаның қызметіне сүйенетіні, шылаулардың эволюцияық дамуы және емле түзу принциптері мен көмекші сөздердің жазылуы сөз болады. Графикалық жағынан бөлек, бірге жазылатын шылаулардың, сондай-ақ демеулік шылаулардың жазылуында кездесетін кейбір қиындықтар сөз болады.  

Мақаланың негізгі мақсаты көмекші сөздер мен шылауларды жан-жақты талдау келе, аталған тілдік бірліктердің емлесіне қатысты мәселелерді анықтау және шешу жолдарын ұсыну. Сол себепті мақаланы жазу барысында автор әр тұжырымға қатысты грамматика саласы бойынша жарық көрген белгілі түрколог-ғалымдардың іргелі еңбектеріне сілтеме беріп, сөздіктердің материалдарына сүйеніп, пікірін дәйектейді.  Көмекші сөздердің қатарына жататын көмекші есімдердің тарихи негізін сипаттап, грамматикалық және лексикалық мағыналарын анықтау арқылы тілдегі қызметі сипатталды. Сондай-ақ шылаулардың қазақ тіл біліміндегі және түркітанудағы ерттеулеріне шолу жасала отырып, шылаулардың мәнмәтінге байланысты лексикалық және грамматикалық сипаттарының әртүрлі деңгейде көрініс табатыны мысалдар негізінде көрсетілді.  

69-80 264
Аннотация

Қазіргі түркі тілдеріндегі дерексіз ұғым атауларының көбі араб, парсы тілдерінен еніп, түркі халықтарының таным-түсінігімен астарласып, тілдік жүйесінде еркін қолданысқа ие болған. Түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тілінде жоқ кейбір эмотивті лексикалық ұғымдардың қолданысы ортағасыр жазба ескерткіштер мәтіндеріндегі қолданысынан байқауға болады. Тіпті қазіргі қазақ тіліндегі көркем әдебиеттерде, ауызекі сөйлеу тілімізде кеңінен қолданылады. Содан бері сөздік қорымызда әбден орныққан эмотивті лексикалық бірліктер ең бай лексикалық тілдік құралға айналған. Осыған орай аталмыш мақалада XIII-XIV ғғ. жазба ескерткіштер мәтіндеріндегі араб, парсы тілінен енген эмотив лексиканың қолдану ерекшеліктері, қазіргі қазақ тілімен сабақтастығы қарастырылады. Біздің дәуірімізге дейін жеткен көркем поэтикалық жазба ескерткіштері тілінде түркі ақындарының Алланы дәріптеуде, ислам дінін уағыздауда, қыздың сұлулығын сиптаттауда және адамдар арасындағы қарым-қатынасты жырлағанда эмотивті лексикалық бірліктердің қолданысы ерекше қолданысқа ие болған. Мақалада Алтын орда дәуіріндегі жазба ескерткіштері мәтіндеріндегі кірме араб, парсы эмотивті лексикалық бірліктер функционалды-семантикалық өріс шеңберінде топтастырылады, қазіргі қазақ тілімен сабақтастыра талданады. Зерттеу нәтижесінде жазба ескерткіштер мазмұны бойынша негізгі эмотивті концепт айқындалады. Яғни «көңіл» эмотив концептісінің «ғашықтық», «қуаныш», «өкініш» микроконцептілік модельдерге жүйеленеді.

81-90 367
Аннотация

Мақалада жаңғырған атаулар жаңа ұғымдарды білдірумен бірге бұрыннан қолданылып келе жатқан заттар мен құбылыстарды нақтырақ, дәлірек етіп қайта атауға байланысты қолданылатыны жөнінде сөз болады. Зерттеу барысында олардың бірсыпырасына жаңа мән-мағына үстелгендігі байқалды. Жаңғырған атаулар дегеніміз сөздік қорымызда болғанмен, бір кездерде сирек айтылатын болып, қолданыстан шыға бастаған, мағынасы күңгірттенген яки ұмытылған, бірақ қазіргі кезеңде ұлтымыздың қайта жаңғаруына орай қайта қолданылып жүрген, жаңа мән-мағына ала бастаған сөздер мен сөз тіркестері. Жаңғырған атаулардың бір тобы «Мәдени мұра» атты бағдарлама аясында 2006-2013 жылдар аралығында шыққан он бес томдық «Қазақ әдеби тілінің сөздігінде» қамтылған. Алайда, түсіндірме сөздіктерде тілдегі барлық сөзді түгел қамту мүмкін бола бермейді, сондықтан ол ауық-ауық толықтырылып отырады. Өзіміз өмір сүріп отырған әлемді адам-қоғам-табиғат деп топтастырсақ, бұлардың әрқайсысы-ақ қазіргі күнде жаңғырып жатқан атауларда көрініс тауып отыр және олар аз емес. Мәселен, әдет-ғұрып, салт-дәстүрге байланысты, діни ғұрыпқа қатысты шаруашылыққа байланысты, қолөнерге байланысты, халық емшілігіне байланысты және т.б. қайта қолданылып жүрген немесе көпшілікке таныс емес атаулар – рухани дүниемізді жаңғыртатын тілдік қазынамыз. Жаңғырған атаулар тұңғыш рет қолға алынып жатқан «Қазақ тілінің ұлттық корпусына» пайдаланылады; сондай-ақ алдағы уақытта қолға алынатын көптомдық түсіндірме және қазақ тілінің лингвомәдени сөздіктеріне қажетті лексикографиялық материал болып табылады.



ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)