Preview

TILTANYM

Кеңейтілген іздеу
№ 2 (2022)
Шығарылымды жүктеу PDF
3-16 486
Аннотация

Қоғам қайраткері, ағартушы, тілші ғалым, әдебиеттанушы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтетін ұлт жанашыры Байтұрсынұлының өмір жолын, оның еңбектері мен ғылыми мұрасын жаңаша, соны көзқарас, тарихи, танымдық деректермен қайта зерделеп шығу арқылы ұлт қайраткерінің тұлғасын өзге қырынан танимыз. Мақала жазудың да басты мақсаты – А.Байтұрсынұлының қалыптасуы мен өмірлік жолындағы Орынбор қаласының рөлі, оның Орынборға қоныс аударуы, баспахана ашып, оқулық, кітап, газет шығаруды қолға алуы және ҚазАКСР Халық ағарту комиссариатындағы қызметі, әріптестері жайлы тың танымдық ақпараттар мен мәліметтер беру. 1920-1925 жылдары ҚазАКСР астанасы болған, сонымен қатар қазақ тарихындағы маңызды «оқиғалардың куәсіне» айналған Орынбордың орны ерекше. Сол себептен Ресей және Қазақстан архив материалдарын, зерттеуші ғалымдардың пікірлерін салыстыра отырып, ғалымның үзеңгілес әріптестері мен қазақ ғылымының негізін қалаушы ғылым қайраткерлері жайлы танымдық ақпараттар ұсынылады. Мақала тұжырымдары практикалық мәні тілші, ахметтанушы, әдебиеттанушы және өзге де оқырман үшін өзекті.

17-27 408
Аннотация

Мақалада қарым-қатынаста қолданылатын бейвербалды амалдардың ұқсастығы мен айырмашылығы қарастырылады. Сонымен бірге қарым-қатынаста қол- данылатын бейвербалды амалдардың қатары мен мәнмәтіндегі, коммуникациядағы мағынасы айқындалады. Қарым-қатынастағы бейвербалды амалдар әртүрлі дене мүшесі арқылы жасалынып, белгілі бір мағына береді. Мысалы, басын изеу – амандасу мен қоштасуды, басын шұлғу – келіспеуді, таңғалуды, таңырқаудың мағынасын білдіреді. Қарым-қатынаста осы сынды ым-ишаралар күнделікті тұрмыста көп қол- данылады. Әрине, адам баласы қарым-қатынасқа түскенде ым-ишараны қолданбай қатынас жасай алмайды. Себебі, бейвербалды амалдар айтайын деген ойын, сөзін нақтылап, оған қосымша мағына үстеп, ойды дәл әрі нақты жеткізуге септігін тигізеді.

Авторлар коммуникациядағы ым-ишараттардың жасалу жағынан ұқсас болғанымен, семантикасы тұрғысынан әртүрлі мағынада және де бір мағынада қолданылатын ым- ишаралар әртүрлі бейвербалды амалдар арқылы берілетіндігі туралы, сонымен қатар қазақ, орыс және т.б. ұлтының қарым-қатынасында қолданылатын бейвербалды амал- дар, соның ішінде қол, бас, көз және т.б. қимылдарымен берілетін ым-ишаралардың болатындығы туралы және де олардың барлық халықта бірдей мағынада қолданыла бермейтіндігі туралы да сөз етеді. Сонымен қатар қарым-қатынастағы ұқсас әрі айыр- машылығы бар бейвербалды амалдарға байланысты көркем шығармалардан нақты мысалдар келтірілген.

28-38 301
Аннотация

Аталмыш «XV-XVIII ғасырлардағы жыраулар тілінің поэтикалық жиілік сөздігі» – XV-XVIII ғасырлардағы жыраулар поэтикалық тілінің лексикалық бірліктері мен формулалық үйлесімін, сондай-ақ олардың ауызша-стильдік техникасы тәсілдерін жүйелеу бойынша ғылыми-энциклопедиялық басылым. Олар Қырым, Солтүстік Кавказ және Орталық Азияның түркітілдес халықтарының ежелгі ауызша эпикалық мәдениетін құрушылар мен сақтаушылар. Олардың есімдері эпостарында және лиро-эпикалық шығармаларында кеңінен танымал. Сөздік тұрақты бірліктердің, формулалардың (бастапқы трансформацияның) корпусына бай. Ауызша-стиль техни- касының түркі халықтарының поэтикалық өнерінің даму тарихын, ауызша дәстүрдің оның бастапқы негіздерімен, яғни ритмикалық, формульдік қайталаулар, жалбарыну, сиқыр сияқты негізгі рөл атқарған көздерімен (аңыздар, жоралар мен ырымдар) органикалық байланысы бар екендігін дәлелдейді. Қазіргі таңда түркі халықтарының эпикалық мәдениетінің рухани құнды мұрасы ретінде зерттеудің өзіндік болашағы бар «формульдік грамматика» болып есептеледі. Себебі қазақ жыраулары көне түркі жыршылары секілді әдеби тілдің қалыптасуына көп еңбек сіңірді. Олар көр- кемдік құндылығы жағынан әлем әдебиетінің көптеген жауһар шығармаларынан кем түспейтін түрлі жанрда ауызша керемет туындылар жасады. Жиілік сөздікке көптеген көне және бүгінгі тіл тұтынушыларына түсініксіз терминдер енді. Ондай сөздерге қажетті түсіндірмелер және белгілі ғалымдардың пікірлеріне сілтемелер берілді. Сөздік қазақ-түркі тілдерін зерттеуші ғалымдарға, фольклортанушыларға, эпостанушыларға, философтарға, мәдениеттанушыларға, қазақ халқының поэтикалық өнерінің аудармашыларына және көшпенділердің эстетикасына қызығушылық таныт- қан оқырмандарға арналған.

39-47 250
Аннотация

Сөз таптарының көшін бастап тұрған зат есім тіл білімі саласында қашан да зерттеуді қажет етті. Соның ішінде байырғы зат есімдердің жалпылама лексикалық сипатынан бастап, дыбыстық тек тамырын нақтылап, қазіргі тіліміздегі сөздердің дыбыстық яки фонетикалық, семантикалық ерекшеліктеріне фоносеманти- калық және фоно-морфо семантикалық құбылыстың тигізер әсерін тану зерттеуді қажет етті. Бірқатар зат есімдер сыртқы түрін өзгерткенімен, қазақ тілінде ішкі семанти- калық мазмұнын сақтап қалады. Керісінше, зат есімдердің тағы бір тобы сыртқы түрін өзгертпей, ішкі лексикалық құрамы өзгереді. Кейбіреулері ескі мағыналарын жоғалтып алса, енді біреулері жаңа лексикалық мағыналар қосады. Зерттеушілердің айтуынша, зат есім көне түркі жазба ескерткіштерінде қолданылған. Орхон-Енисей ескерткіштерінің фонетикалық және морфологиялық, семантикалық ерекшеліктерінің өзіндік жүйесі бар. Жеке сөздерді дұрыс оқу және аудару үшін көптеген түзетулер жасайды. Ескерткіштегі дыбыстардың жазылу ерекшеліктеріне ғалымдар жан-жақты түсінік те берген. Фонетикалық және грамматикалық құрылымға тоқталады. Мақалада байырғы зат есімдердің фоно-морфо семантикалық сипаттары ортағасырлық жазба ескерткіштер тіліндегі зат есімдердің қазіргі қазақ тілі тұрғысынан айқындалуы қарастырылады. Сонымен қатар, байырғы сөздер туралы ғылыми тұжырымдамалар жинақталып, Мархабат Томанов, Берікбай Сағындықұлы, Жамал Манкеева, т.б. сынды қазақ тіл білімінің зерттеуші ғалымдарының пікірлері негізге алынды.

48-58 268
Аннотация

Мақалада «ғаламның тілдік бейнесінің» этномәдени мазмұнында айқындалатын қазақ сөзінің синергиясын антропоөзектік парадигма шегінде зерттеу мәселесі сөз болады.

Осымен байланысты тіл иесінің (тұлғаның) шындықты көркем бейнелеуінде басым болатын шығармашылық, жасампаздық болмысы, сезімдік танымы (поэтикалық) және түсіндірушілік (прагматикалық) сипатына ерекше назар аударылады. Мысалы В. Гумбольдттың тілді адамның ойы мен саналы мәдениетін оның рухани өмірімен тыңыз байланысты қарайтын «ұлттың өзіне тән, іштей дамитын рухын сөз байлығы мен көркем тілі арқылы сыртқа шығарып, сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа беругі күш – тіл» деген лингвистикалық философиясына сай тұжырымы мен А.Байтұрсынұлының «Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деген қағидасы сөз синергетикасының антропоөзектік ұстанымы ретінде түсіндіріледі. Соған сәйкес мақалада «ғаламның тілдік бейнесі» тіл иесінің рух қызметін, оны бейнелеудің тәсілі ретінде қарастырылса, ал сөз синергиясы рух қызметі деңгейі де айқындалады.

Бұл мәселені зерттеудің ғылыми-әдіснамалық негізі ғылым мен техника дамуының жоғары деңгейі мен адам әрекетінің интеграциялық сипатына сай жаһандану зама- нында қалыптасқан транспәндік (пәнаралық) әдіснама ретіндегі лингвосинергетика парадигмасына сүйенетіні әлемдік тіл білімінде айқындалып отыр. Сондықтан жара- тылыстану ілімдері саласынан ауысқан синергетика термині (гр. synergtikos – «бірік- кен әрекет», «ықпал», «әсер») компоненттер мен кіші жүйелердің құрылымындағы бір-бірімен күрделі түрде әрекеттесуі нәтижесінде ұйымдасуға әкелетін ортақ жүйені анықтайтын пәнаралық бағытқа қатысты лингвистика да қолданылады.

59-76 271
Аннотация

Соңғы жылдары қазақ лингвистикасында тіл бірліктерін танымдық тұрғыдан зерделеу мәселесінің жандана бастауына орай мазмұн мен мағынаға ерек- ше мән берілуде. Ғылымда көпмағыналыққа қатысты материалдар бар, сонда да аталған тілдік құбылыс көкейтесті болып қала бермек. Себебі тіл жанды құбылыс болғандықтан, өседі, дамиды. Тілдің дамуы дегеніміз сөз мағынасының кеңеюі, жаңа сипат алуы. Сөздердің қазіргі кезеңде мағынасының көбеюінің басты себебі заттың, құбылыстардың, олардың қасиетінің, қызметінің кеңеюі, сондай-ақ кең танылумен бай- ланысты. Кейбір сөздер тұрақсыз түрде дами беруі мүмкін. Сыртқы факторлар сөздер мен олардың мағыналарына әсер етеді. Осының есебінен көпмағыналы сөздер пайда болуда. Көпмағыналы сөздердің пайда болуы да – көптеген уақыт жүретін процесс.

Зерттеу жұмысымыздың негізгі мақсаты – бір буынды көпмағыналы сөздерді лексика-семантикалық тұрғыдан зерттей отырып, қолданыс ерекшелігіне тоқталып, ғылыми негізде талдау жасау. Аталған мақсатқа жету үшін бір буынды көпмағыналы сөздердің құрылымы, жасалу жолдары анықталды; бір буынды көпмағыналы сөздер- дің сөзжасамдық ерекшелігі анықталды; ескерткіштер тіліндегі бір буынды көп- мағыналы сөздер айқындалды, оларды қазіргі қазақ тілі фактілерімен салыстыра қарау көзделген болатын. Осы нәтижелерге қол жеткізілді. Зерттеудің тіл тарихы мен тарихи семантикасы үшін маңызы бар.

77-85 273
Аннотация

Мақалада Адтын Орда дәуірінде жазылған жазба ескерткіштер біртұтас тілдік мұра ретінде қарастырылған. Жазба мұралар тілі кешенді түрде зерт- теліп, қазақ рухани мәдениетімен сабақтастығы көрсетілген. «Тіл мен этнос бір тұтас» қағидасымен көне қыпшақтық мәдениет пен бүгінгі қазақ дүниетанымының ортақ- тығы, әлемнің тілдік бейнесін тілдік деректер арқылы ашуға ұмтылған. Осы мақсат- міндетті орындау үшін әлемнің тілдік бейнесін бойына сақтаушы, алып жүруші фразеологизмдерге этномәдени тұрғыдан талдау жасалған. Жазба жәдігерліктер тіліндегі тұрақты тіркестер ұлттық менталитеттен мәдени ақпарат беретіндігі нақты деректермен айтылған. Бұл ақпараттар қазақы ой-санамен, таным-түсінікпен, дағды- дәстүрмен астарласып, сабақтасып тіл мен ұлттың тарих қойнауынан түзілген бірлігін, тұтастығын аңғартады.

Көне қыпшақтық жазба мұралардың тіліндегі тұрақты тіркестерге этнолингвисти- калық, этномәдени талдау жасау арқылы Ұлы Дала мәдениетінің ғасырлар бойы үнемі сабақтастықта қалыптасқан әлемнің ұлттық тілдік бейнесі көрінеді.

86-97 395
Аннотация

Мақалада тілдегі модальділік құбылысын, оның сөйлесім мен қолданыста жарық көру формаларын, құралдары мен әдіс-тәсілдері қарастырылады. Модальділік мағынаны берудегі модаль сөздер, рай категориясының, етістіктің модальдік форма- ларының ерекшеліктеріне талдау жасалады. Қазақ тіліндегі модальділік мәселесіне қатысты ғалымдардың тұжырымы мен ой-пікірлері ұсынылады. Модальділік мағына- ның басқа түрік тілдеріндегі ерекшелігі, соның ішінде қазақ тілі мен қарақалпақ тілін- дегі семантикалық айырмашылықтары жайлы айтылады. Модаль сөздердің лексика- семантикалық тап ретінде бөлініп шығуына қатысты пікірлер берілген.

Модальділік мәселесін морфологиялық және синтаксистік, сондай-ақ лексикалық аспектіде қарастыруға болады. Модальділік мағына алдымен грамматикалық форма- лардан көрініс табады. Мақалада модаль мағынаны жасауда жиі қолданылатын тілдік амалдар мен әдіс-тәсілдер, сондай-ақ рай категориясының модальділік мағынаны берудегі ерекшеліктері сөз болады. Модальділік мағынаны берудің грамматикалық жолдары біршама көп, оның ішінде таза грамматикалық және лексика-грамматикалық, морфологиялық және синтаксистік амалдар арқылы берілетін амал-тәсілдері бар. Модальділікке синтактикалық, морфологиялық және лексикалық жолдармен беріле алатын кешенді категория деп анықтама беруге болады. Мақалада модальділік мағынаны берудің грамматикалық репрезентатив үлгілері қарастырылғанымен, морфологиялық амал-тәсілдеріне көбірек мән беріледі. Синтаксистік амал-тәсілдері жөнінде қысқаша сөз болады. Біздіңше, модальділік мағынаны берудің синтаксистік амалдары экстралингвистикалық факторлармен байланысты.

98-106 270
Аннотация

Мақалада келешекте жарық көретін «Қазақ грамматикасында» қолда- нылатын тілтанымдық ұстанымдардың ерекшелігі көрсетіледі. Тұлғадан мағына, мағынадан тұлғаға қарайғы бағыттың қажет тұстары сөз болады. Морфологиялық құрылымдар мен синтаксистік құбылыстарды сөйленім деңгейімен, сөйлеушінің ком- муникациялық, прагматикалық мақсатымен, антропоөзектілік бағытпен байланыстыра зерттеу қажеттігі баяндалады. Сондықтан бұл екі бағыт тұлғалық грамматика мен функционалды грамматиканы ажырататын негізгі белгі саналғанмен, олар екі басқа құбылыс емес. Олар бір нәрсенің екі жағы сияқты, бір-бірін толықтырып, қандай да бір тілдік фактілерді анықтауда бірігіп қызмет етеді. «Грамматикада жүйелі құрылым болу үшін лексикологиядағыдай тіл бірліктерін екі жақты қарастыру қажет. Шылау сөз табының ерекшелігін фнкционалды еспекті тұрғысынан қарастыру үшін сөйлем ішіндегі шылаулардың семантикасы жаңа қырынан сипатталады. Мақалада кейбір шылаулардың жұмсалу өрісі, сөзбен тіркескенде айқындалатын қосымша семалары анықталады. Жеке өзі тұрып толық лексикалық мағына бермейтін, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып тұратын, сонымен қатар сөзге қосымша мән үстеп тұратын шылаулар нақтылық, мезгілдік, мекендік, кезектес, дүркінділік, қайталау сынды функционалды мағыналар жасауға қатысатындығы тілдік материалдармен дәйектеледі.



ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)