Preview

TILTANYM

Кеңейтілген іздеу

/У/ мен /и/ дыбыстарын таратып жазу жобасының әлемдік тілдермен интеграциядағы көрінісі (қазақ және қытай тілдерінің буын жүйесін салыстыра талдау)

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2025-4-196-209

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақалада қазақ тіл білімінде бір ғасырдан бері талас тудырып жүрген /у/ мен /и/ дыбыстарының жазылуының фонологиялық және графикалық ерекшелігі қытай тілімен салыстырыла отырып талданады. Мақала аталған дыбыстарды /ұу/, /үу/, /ыу/, /іу/, /ый, /ій/ түрінде алты қосар таңбамен таратып жазу салдары қазақ тілінің буын тұрпатын қытай тіліне ұқсатып, айтылу ерекшелігін өзгертуі мүмкін деген қауіпті ашып беруді мақсат етеді. Бұл мақсатқа жету үшін өзара тәуелді, бірін-бірі толықтырып отыратын 4 міндет желісі құрылып, осыған сәйкес зерттеу 4 кезең бойынша жүргізілді. Бірінші кезеңде қазіргі заманғы қытай тілінің академиялық сөздіктерінен қытай тіліндегі барлық 420-ға жуық буын түрлері жинақталып, олардың ішіндегі /у/ (u, w) мен /и/ (i, y) дыбыстарына қатысты түрлері, саны анықталып, тізімі жасалды. Зерттеудің бұл кезеңінде сандық әдіс, жүйелеу, жинақтау тәсілдері қолданылды; екінші кезеңде қазақ тілінде алты түрлі буын типі (V, VC, CV, CVC, VCC, CVCC,) бойынша 28 төл дыбыс қанша буын құрай алатыны математикалық әдіспен анықталып, олардың ішінде /у/ мен /и/ дыбыстарына қатысты буындардың саны, түрлері анықталып, нақты тізімі жасалды. Бұл екі кезеңде зерттеу нәтижелері ғана мақалаға енгізілді, зерттеу барысы мен әдістері, материал жинау кезеңі туралы ақпарат берілмеді; үшінші кезеңде қазақ және қытай тілдеріндегі /у/ (u, w) мен /и/ (i, y) дыбыстарына қатысты буындардың графикалық және фонетикалық сипаты кесте түрінде өзара салыстырып, ерекшеліктері мен ұқсастықтары анықталды. Бұл кезең үшін тарихи-салыстырмалы әдіс қолданылды. Нәтижесінде /у/ мен /и/ дыбыстары таралытып жазылған жағдайда, қытай тілі буындарына графикалық тұрпаты дәл түсетін, соның салдарынан оқылуы да бірдей болып кету қауіпі бар қазақ тілінің 27 буыны анықталды; зерттеудің соңғы кезеңінде қазақ тіліндегі /у/ және /и/ дыбыстарын таңбалаудағы қауіптер мен мүмкіндіктер анықталып, қорытынды тұжырымдар жасалып, ғылыми қауымға ұсынылды. Зерттеуде қазақ және қытай тілдерінің тарихи байланысы, буын түрлері мен типтері жазу теориясы аспектісінде алғаш қарастырылып отыр.

Авторлар туралы

Е. Маралбек
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
Қазақстан

Ермұхамет Маралбек, автор-корреспондент, философия докторы (PhD)

Алматы қ.



Ә. Корбозова
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
Қазақстан

Әсем Корбозова Нышанәліқызы, магистрант

Алматы қ.



А. Сайауышұлы
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
Қазақстан

Абдулазиз Сайауышұлы, магистрант

Алматы қ.



Әдебиет тізімі

1. Әлемдік мәдениеттану ой-санасы. Он томдық. 6-том. Тіл мен мәдениет. – Алматы: Жазушы, 2005. – Б. 39-40.

2. Базарбаева З.М. Дыбыс, фонема, әріп ұғымдарының ара-қатынасы. // Tiltanym. 2019, №1. – Б. 13-17. https://www.tiltanym.kz/jour/article/view/608/449?locale=kk_KZ

3. Білім кеңесі мен Қазақ жаңа әліпби кіндік комитеті шақырған «Емле конференциясының» стенографиялық есебі. – Қызылорда: Қазиздат, 1930. – 109 б .

4. Жұбай О. Қазақ тілі жүйесінің орфографиялық сөздіктердегі көрінісі [Электронды ресурс]. – URL: https://mtdi.kz/main/tilshi_portfeli/id/1156 (Пайдаланылған күні: 04.08.2025)

5. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Өңдеп 3-басылуы. – Алматы: Атамұра, 2010. – 608 б.

6. Жүнісбек Ә. Сингармология или неизвестный сингармонизм. – Алматы: Абзал-Ай, 2018. – 144 с.

7. Күдеринова Қ. Қазақ жазуының тарихы мен теориясы. Оқу құралы. – Алматы: Елтаным, 2013. – 344 б.

8. Күдеринова Қ. И мен у: қайтпек керек? [Электронды ресурс]. – URL: https://abai.kz/post/108548 (Пайдаланылған күні: 04.08.2025)

9. Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: Сөздік-словарь, 2005. – 440 б.

10. Қапалбек Б. Жаңа емледегі И мен У-дың әлегі [Электронды ресурс]. – URL: https://aqiqat.kazgazeta.kz/news/10081 (Пайдаланылған күні: 04.08.2025)

11. Мамырбек Г. Артық әріптің қажеті бар ма? [Электронды ресурс]. – URL: https://tilalemi.kz/kz/method/artiq-ariptin-qajeti-bar-ma.html (Пайдаланылған күні: 04.08.2025)

12. Маралбек Е. Телжан Шонанұлының қазақ жазуы туралы ғылыми танымы. // Tiltanym. 2024, №3 (95). – Б. 96-107. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-3-96-107

13. Омарұлы Е. Көптомдық шығармалар жинағы. // Құраст: Е.Маралбек. – Алматы: «Лұғат» қоғамдық қоры, 2018. – 1-2 т.

14. Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы (емле, тыныс белгілері, сөз сазы). – Астана: Елорда, 2000. – 532 б.

15. Уәли Н. Графика. Орфография. Орфоэпия. – Алматы: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты баспасы, 2018. – 334 б.

16. Уәлиев Н., Алдашева А. Қазақ орфографиясындағы қиындықтар. – Алматы: Ғылым, 1988. – 110 б.

17. Фердинанд де Соссюр. Курс общей лингвистики. – Екатеринбург: Изд. Уральского университета, 1999. – 360 с.

18. 现代汉语词典 (Xian dai han yu ci dian). 国社会科学院语言研究所词典编辑室编. -6 版. 北京:商务印书馆. 2012, 1874 页.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Маралбек Е., Корбозова Ә., Сайауышұлы А. /У/ мен /и/ дыбыстарын таратып жазу жобасының әлемдік тілдермен интеграциядағы көрінісі (қазақ және қытай тілдерінің буын жүйесін салыстыра талдау). TILTANYM. 2025;100(4):196-209. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2025-4-196-209

For citation:


Maralbek Y., Korbozova A., Saiauyshuly A. The Representation of the Project for Explicit Orthographic Spelling of the Sounds /u/ and /i/ in the Context of Integration with World Languages (A Comparative Analysis of the Syllable Systems of the Kazakh and Chinese Languages). Tiltanym. 2025;100(4):196-209. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2025-4-196-209

Қараулар: 47

JATS XML


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)