Preview

TILTANYM

Кеңейтілген іздеу
№ 3 (2020)
Шығарылымды жүктеу PDF
https://doi.org/10.55491/2411-6076-2020-3

3-11 4385
Аннотация

Мақала қазақ тіл білімінің негізін қалаушы А.Байтұрсынұлының суперсегментті фонетика саласындағы ғылыми мұрасына арналған. Интонацияның негізгі компоненттері, олардың дыбыстық сөйлеудегі қызметі А.Байтұрсынұлының ғылыми ілімі тұрғысынан сипатталады. Әуен, қарқын, үдемелік, пауза, тембр деген интонацияның компоненттеріне егжей-тегжейлі сипаттама берілген. Тілдің интонациялық ерекшелігі просодикалық құралдарды таңдауда және олардың өзара байланысында көрінеді. А.Байтұрсыновтың пікірінше, қазақтың просодикалық жүйесі орыс тілінен гөрі француз тілінің просодикалық жүйесіне ұқсас. Орыс екпіні сөйлемнің әр жеріне түссе, ал қазақ екпіні француз тіліндегідей сөйлемнің соңына түседі.

Интонацияның ең кіші функционалдық бірлігі туралы түсінік берілді. Интонема – таңба, оның формасы да, мазмұны да бар. Фонемалар сияқты интонеманың саны шектеулі. Эксперименттік-фонетикалық зерттеулер негізінде қазақ тілінің 8 интонемасы анықталды. Интонеманың негізгі қызметі сөйлемдерді бір-бірінен айырып ажыратуда болып табылады.

Мақалада поэтикалық сөйлеу интонациясына ерекше назар аударылады. Ғалым бунақ, шумақ, тармақ, ырғақ сияқты ұғымдарды ғылыми айналымға енгізді, солар арқылы поэтикалық мәтіндер сипатталды. Ғалымның функционалды грамматиканы дамытуға қосқан ғылыми үлесі талданады. А.Байтұрсынов өз зерттеулерінде дискурс теориясының мәселелерін қарастырады, қазақ тіл білімінде тұңғыш рет сөйлеу фактілерін коммуникативті-прагматикалық аспектісінде зерттейді.

11-18 371
Аннотация

А.Байтұрсынұлы қазақ тілінің дыбыстық, өзге де грамматикалық заңдылықтарын толық түсінеді. Соның негізінде жаңа алфавит және жазу үлгісін жасайды. Өзіне дейінгі қазақ қоғамы тұтынып келген ескі араб жазуы қазақ үшін қолайсыз екенін ұғады. Сондықтан қазақ тілі үшін осы қолайсыздықтардан құтылу керегін біліп, әліпби құрастырады, ол жазу «төте жазу» деп аталады. Бұл әліпби қазақ жазуын жетілдіріп, «дәйекшені» енгізеді. Сөйтіп қазақ жазуының реформаторы атанды. 1913-1918 жж. жарық көрген «Қазақ» газеті А.Байтұрсынұлының жаңа әліпбиімен жарық көрді. Бұл газет осы әліпбидің сынақ орны болды. Сондықтан мақалада емле ерекшеліктері тікелей мәтіндерден алынған мысалдар немесе лингвистикалық мәтіндер арқылы көрсетіледі.

18-24 260
Аннотация

Қазақ тілінің тарихи лексикасының құрамын зерделеу ісі – қазіргі таңдағы маңызды шаруалардың біріне айналып отыр. Тарихи лексика құрамында түркі текті төл сөздермен қатар, байырғы лексикалық қорға енетін кірме сөздер құрамы кездеседі. Мақалада қазақ тілі тарихи лексикасының құрамына кіретін кірме сөздерді лексикографиялаудағы тыныс белгілерінің қызметі туралы сөз болады.

24-34 284
Аннотация

Қазақ тілінің ұлттық корпусында сөзжасамдық белгіленімдер басқа да морфологиялық, лексика-семантикалық белгіленімдер сияқты өзіндік құрылымы бар лингвистикалық белгіленімдердің қатарына кіреді. Сондықтан сөзжасамдық белгіленімдердің әзірлемесін дайындау барысында сөзжасамдық белгіленімдерге тән құбылыстарды қарастыру қажет. Мақаламызда сөзжасамның тарихына азды тоқталып, тіл білімінің жеке саласы екенін айтамыз. Осыдан келіп сөзжасамдық белгіленімдердің құрылымдық аспектісі ретінде туынды сөздер мен сөзжасам тәсілдеріне тоқталдық.

Мақаламызда сөзжасамдық белгіленімдердің құрылымдық аспектісі ретінде туынды сөздер мен сөзжасам тәсілдеріне тоқталдық

34-45 619
Аннотация

Мақалада қазақ этнолингвистиканың бір кезеңі, осы кезеңде жазылған еңбектерге шолу жасалады. Қазақ этнолингвистикасын дамытудағы профессор Е.Жанпейісовтің ғылыми еңбектері туралы сөз болады. Соның ішінде оның материалдық лексиканы жүйелеген «Қазақ ескіліктері» монографиясы туралы айтылады. Кейбір лексикалық бірліктер талданады. Мақалада профессор Ж.Манкееваның соңғы жылдары жазылған еңбегі де этнолингвистика саласына қосылған үлес ретінде қарастырылып, тілдік бірліктердің семантикасын, этномәдени маңызын жан-жақты ашып көрсеткені айтылады.

46-50 273
Аннотация

Қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру мәселесі қазіргі тіл білімінде өзекті боп отыр. Осы орайда кирил жазуымен берілген сөздіктерді латын жазуымен беру қажеттілігі туындайды. Қазіргі таңда «Кирилл және латын графикаларында параллель орфоэпиялық сөздік әзірлеу» жұмысы жүзеге асуда. Мақалада латын әліпбиіне негізделген қазақ тіліндегі орфоэпиялық сөздіктің ерекшелігі жайында сөз болады.

50-56 281
Аннотация

Мақалада қоғамдық санаға әсер ететін тілдік құрал – перифразалардың танымдық және прагматикалық әлеуеті қарастырылады. Мақаланың мақсаты – адам жадында жаңа сөздердің терең сақталу деңгейі мен оның кең қолданылу себептерін анықтау. Қоғамның пікірін өзгертетін бейнелі тіркестердің мазмұнындағы манипуляциялық, прагматикалық әрекеттердің күші дәйекті мысалдармен расталады. Перифразалардың қазіргі медиа кеңістікте сөзойнату мақсатында қолданылу себептері ашылады. Мақалада лингвокогнитивті, лингвосемиотикалық талдау әдістері қолданылады.

56-61 548
Аннотация

Мақалада проф. С.Мырзабековтың қазақ сөзінің айтылым үлгісін жан-жақты қарастыру керектігі, біріншіден, мәселенің тарихына кеңінен тоқталу; екіншіден, зертеудің ғылыми аппаратын қалыптастыруға күш салу; үшіншіден, қазақ сөзінің айтылымының фонетикалық негіздемесін жасау; төртіншіден, қазақ сөзінің айтылым сөздігін құрастыру; ең соңында қазақ сөзінің төркін айтылым үлгісін қайта қалыптастыру жолдарын баспа беттерінде үзбей насихаттау керектігі сөз болады. Проф. С.Мырзабеков арнайы көтерген қазақ орфоэпиясы қазақ тілі мен қазақ тілі білімінің бүгінгі зәру мәселесіне айналып отырғаны. Оның шешімі тек орфоэпиялық сөздіктер шығарумен, сондай-ақ бірлі-жарым тіл жанашырларының жан айқайымен шектелмей «жалпыхалықтық» шара болу керектігі мақалада келтірілген. Қазақ тілінің орфоэпиясы міндетті пән ретінде қабылданып, жүйелі түрде мектеп пен жоғары оқу орындарында өтілу керек, ол үшін алдымен мектеп мұғалімдері мен жоғары оқу орнының оқытушылары дайын болу керектігі туралы сөз болады.

61-67 276
Аннотация

Бұл мақалада қазақ тіліндегі септік қосымшаларының қолданысы мен ерекшеліктері туралы айтылады. ХХ ғасыр басында лингвистика ғылымына өлшеусіз үлес қосқан ғалым Қошке Кемеңгерұлының П. Лебедевтен аударған «Химия» оқулығынан мысалдар алына отырып, септік қосымшаларының қолданысы талданады.

67-76 244
Аннотация

Мақалада ХХ ғасыр басында жарық көрген оқулықтарда етіс категориясының берілу жолдары мен талданымы сөз болып, мысалдармен айқындалады. Сондай-ақ ұлттық тіл білімі қалыптасқаннан кейінгі кезеңдерде етіс категориясының жіктелімі мен түрлері мақалада айқын көрініс табады.

76-83 256
Аннотация

ХХ ғасыр басында қазақ тіліндегі оқулықтар көптеп шыға бастады. Оларды екі топқа бөліп қарастырамыз. Біріншісі, қазақ ғалымдарының жазған төл оқулықтары, екіншісі, аударма оқулықтар. Қай-қайсысы болмасын бұл оқулықтар тілдік бірліктердің сол кезеңдегі қолданыс ерекшелігінен құнды ақпарат бере алады.

Мақалада Сарбатыр ұлы Омардың «Ботаника» оқулығындағы есімше мен көсемше тұлғалары және олардың қолданысы мысалдармен талданып көрсетілген.

83-87 234
Аннотация

Көптеген топонимдік атаулар жазу-сызу пайда болмай тұрып-ақ белгілі бір нысан жайлы ақпараттық, сілтеуіштік қызмет атқарған. Топонимиканың география, тарих, этнографиямен тығыз байланысы оның мәдени құндылыққа ие сала екенін растай түседі. Шеттілдік ономастикалық атаулардың тіліміздің дыбыстық жүйесіне сай дұрыс рәсімделіп, бірізді стандартқа сәйкес транслитерациялануына аса көңіл бөлінгені жөн. Мақалада дүниежүзілік саяси карта мен шеттілдік атаулар анықтамалығын әзірлеу барысында экзонимдерді қазақ тілінде транслитерациялауда туындаған мәселелер сөз болады

87-90 258
Аннотация

Мақалада қазақ тілінің сөз сазы мен сөйлесу мәнері қарастырылып отыр. Сөздің қазіргі әдеби айтылуы, сөйлеу мәнері, сөйлесу мәдениетіне мән беру керектігі. Қазақ емлесінің ғылыми-практикалық мәселелерін терең талдап, реттеп, зерделеп берген қазақ ғалымдарының еңбектері жөнінде айтылады.

90-103 334
Аннотация

Qazaq til biliminde jäne qazaq tilin oqıtuw ädistemesinde etistik morfologiyası mäseleleri öte maŋızdı orın alıp tur. Alayda, osı salağa qatıstı keybir mäseleler tolığımen zerttelmey turıp, qazirgi taŋda da tuşımdı tekserüwge zärüw bop qaladı. Qazaq etistikteri morfologiyası salasında jaŋa täsildemeler mätinderdi morfologiyalıq, orfografiyalıq jäne t.b. jaqtardan taldaytın bağdarlamalarda, solay-aq qazaq tilin ekinşi nemese şet til retinde oqıtuwda jäne tağı basqa salalarda qoldanıla aladı.

Bul maqalada mazmundalğan täsildeme qazaq tiliniŋ işki qurılımına qarsı kelmeydi, alayda qazaq tilin ekinşi nemese şet til retinde oqıtuwda jäne akademiyalıq grammatikalarda äli künge deyin qoldanılğan joq. Maqalada etistik tulğaları eki topqa bölinedi: alğaşqı şaq formaları ärbir kontekstte jaq pen san mağınaların bildirse, qosımşa şaq formaları morfologiya közqarasınan predikativ jalğawlar qosılğan jaqsız tulğalar bolıp tur. Ekinşi topqa qaraytın formalardıŋ şaq mağınası olardıŋ morfologiyalıq qurılımımen emes, semantikalıq erekşelikterimen baylanıstı.



ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)