Preview

TILTANYM

Кеңейтілген іздеу
№ 3 (2019)
Шығарылымды жүктеу PDF
3-7 139
Аннотация

Мақалада Елбасының соңғы кезде жарық көрген «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласы жайында айтылады. Сондай-ақ, жалпы ұлт тарихына, оның жасампаздық қабілетіне, бүгінгі күнге берер қасиетіне, оны қарастыруға жалпы бағдар, негізгі бағыт беру жайы мен қазақ тілі мәселелері жайында сөз болады.

8-11 142
Аннотация

Қазақ Елінің басты құндылықтарына жататын тіл мен әдебиет ұлттық рухымыздың қос қанаты бола келіп, ұрпақ тәрбиелеудің негізгі факторлары болып саналады. Алаш арыстары ел мен ұлтты сақтау мәселесіне қатысты тілдің рөлі мен маңызын айта келіп, ұлт болашағын тіл, әдебиет, мәдениет, өнер, білім салаларымен байланыстырады.

12-16 257
Аннотация

Мақалада «Қазақ» газетіндегі орфографиялық және орфоэпиялық нормалардың ажыратылу принциптері айқындалып, ХХ ғасырдың басында қазақ жерінде жарық көрген «Қазақ» газетінің емлелік ерекшеліктері айқындалады. Емле ерекшеліктерін көрсету үшін «Қазақ» газетінен алынған мәтін үзінділері ұсынылды.
Сондай-ақ мақалада ХХ ғасырдың басында қалыптасқан квазиәліпбидің құрамына кірген әріптер мен олардың жазылу үлгілері талданады.

17-21 490
Аннотация

Мақалада Ахмет Байтұрсынұлының «Қазақтың бас ақыны» атты мақаласындағы Абай бейнесіжан-жақты ашылып, ақынның терең ойлары мен философияға толы толғаныстары дәйекті түрде жан-жақты ашылған. Сондай-ақ А.Байтұрсынұлы Абайдың ақындық өнерін дәріптеп, классикалық мұраның кейінгі қазақ әдебиетіндегі орнын нақтылап берген. А.Байтұрсынұлы абайтанушыларға сара жол нұсқап, Абай шығармашылығының өзіндік ерекшеліктерін терең ғылыми негізге сүйене отырып, тұңғыш рет ашып көрсеткен.
Мақалада Ахмет БайтұрсынұлыныңАбай туралы ойлары, ақындығы мен шығармашылығы туралы сөз болады.

22-27 175
Аннотация

«Кеңістік» концепті Шаһкәрім шығармаларында көркемдік мазмұны кең, өрісті, өз ішіне мәндік үлкен жүк арқалаған сипатында көрініс табады. Көркемдік дискурсте кеңістікті қабылдау Шаһкәрімнің авторлық бейнесі арқылы орындалады. Мақала «Әлемнің когнитивтік бейнесі: қазақ тіліндегі ұлттық кодтар» ғылыми жобасы аясында жазылды.

28-34 207
Аннотация

Мақала қазіргі латыннегізді қазақ әліпбиі бойынша әзірленіп жатқан орфографиялық сөздік пен орфографиялық анықтағыштың дайындалу барысынан хабар береді. Қазақ емлесіндегі үлкен проблема болып табылатын сөздердің бірге не бөлек жазылуын жүйелеу жолдары баяндалады. Қазіргі жазу тәжірибесінде есімдерден тұратын тұрақты сөз тіркестерінің бірге жазылып кету себептері ашылады. Сондықтан мақала лексикаланған фразеологизмдердің жаңа емле сөздігі мен емле анықтағышындағы бірге таңбалану нормасын негіздеуді мақсат етеді.

35-40 167
Аннотация

Автор қазіргі жаһандану кезеңінде жалпы әлемдік дамудың басты үрдістерімен сабақтастықта білім беру үдерісіне инновациялық парадигмаларды енгізу мәселелерін қарастырылған. Мақала мазмұнында кәсіби маман дайындаудағы модернизациялық өркениет талаптарына сай бірнеше тілді еркін меңгерген тілдік тұлғаны қалыптастыру көзделіп, кәсіби бағдарлы оқу үдерісіне латын графикасын енгізудің тиімді жолдары талданған. Аталған мәселелерге байланысты, зерттеушілердің ғылыми еңбектері негізінде кәсіби бағдарлы оқу үдерісі инновациялық лингвистикамен тікелей байланысты зерделенген.

41-48 143
Аннотация

Мақалада ХХ ғасырдың басындағы ұлт зиялылары А.Байтұрсынұлының, Е.Омарұлының пікірлері сипатталып, шеттілдік сөздердің қалай игерілетіні, қосар дыбыстардың таңбалануындағы ерекшеліктері, шеттілдік терминдердің жазылуы мен оларды игеруде басшылыққа алынатын ұстанымдар жайлы сөз болады. Шеттілдік сөздерді игеруге қатысты бірнеше моделдер беріледі. Сондай-ақ шеттілден енген сөздердегі жат қолданыстарды қазақ тілінің заңдылығына бейімдеу керектігі тілдік деректер негізінде талданады.
Мақалада жаңа әліпби бойынша кірме сөздерді игеруге қатысты ұста-нымдар мен модельдер берілген.

49-53 158
Аннотация

Бұл мақалада бүгінгі таңда қолданылып жүрген крилл графикасындағы қырғыз әліпбиіне тиеселі проблемалар талданады. Мақалада латын графикасындағы қырғыз әліпбиінің құрамы туралы сөз болып, ерекшеліктері көрсетіледі.

54-59 151
Аннотация

Мажарстанның атақты түркітанушысы Мандоки Қоңыр Иштванның 1970-ші жылдары жарияланған Добружа татарларына қатысты зерттеулерімен байланысты. Мақалада Добружадағы түркі-татар құрылтайы жайында айтылады. Олардың мәдениеті, тарихы, дәстүрі сөз болады.

60-64 366
Аннотация

Мақалаға отарлық ахуалда тілдің қол жеткізілген мемлекеттік мәртебесі мен оның шын мәнінде өз орнына сай қолданылуы арқау болған. А.Байтұрсынұлы өзінің жаңа әліппесі мен тіл білімі оқулығын кең қолданысқа енгізу арқылы көптеген діни қызметші-молдалардың мектеп мұғалімдері қатарында ұстаздық етуін мүмкін етті.
Мақалада ұлттық мемлекет орнатуда мемлекеттік тілдің рөлі зор екендігі айтылады.

65-70 186
Аннотация

Қазақ тілі пәнін (Т2) тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым әрекеттері бойынша оқыту тиімділігі көптен бері дәлелденіп келеді. Латын әліпбилі қазақ жазуын меңгертуде жазылым іс-әрекеті дағдысын дамыту жолдары өте ыңғайлы. Сондықтан беріліп отырған мақалада латын әліпбилі қазақ жазуын меңгертудегі жазылым дағдысының тиімді жолдары көрсетіледі.



ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)