Preview

TILTANYM

Кеңейтілген іздеу
№ 3 (2018)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)
3-6 166
Аннотация

   Синонимдер – кез келген тілдің дамуы мен өркендеуі барысындағы оның коммуникативтік-семантикалық даму сипатын, сөз қолданысындағы шеберлік пен оралымдылық қабілетін бейнелейтін ең маңызды да күрделі тілдік құбылыс. Осы мәселені қазіргі қазақ тіл біліміндегі антропоөзектік бағытқа жалғастырып зерттеу «Тіл – рухани қазына, тіл – ұлттық құндылық» қағидасына сәйкес тілді «рухани жаңғыру» кепілі ретінде дәйектейді.
   Мақалада синонимия мәселесін қазақ тіл білімінде алғаш рет арнайы зерттеген профессор Ә. Болғанбаевтың зерттеушілік-шығармашылық еңбектеріне ғылыми-сипаттамалы талдама жасалған.

7-16 198
Аннотация

   Қазақ тілінде күрделі етістіктерді тану мәселесінде ғалымдар пікірі бірізді емес. Өйткені құрамы жағынан бірнеше етістіктен тұратын етістікті тіркестердің семантикасында айырмашылықтар бар екені байқалған. Сол себепті ғалымдар құрылымы жағынан күрделі құрамды етістіктердің барлығын бірдей күрделі етістік деп атауға болмайтынын айқындаған. Күрделі құрамды тістіктердің тұрақталған түрлері түсіндірме сөздіктерде беріледі. Ал екі етістік тіркесіп келіп бір мағынаны білдіретін тұрақты емес түрлері сөздіктерге алынбайды. Алайда мұндай тіркестерді сөздіктерге алып, мағынасын түсіндіру маңызды. Мақалада осындай күрделі құрамды етістікті тіркестердің тұрақты емес, яғни идиомаланбаған түрлерін лексикографиялау мәселесі сөз болады.
   Мақалада күрделі етістіктер мен аналитикалық формалы етістіктерді лексикографиялау мүмкіндіктері қарастырылады. Күрделі етістіктер жасайтын тірек компоненттердің/көмекші етістіктердің семантикалық функциясы ашылады және күрделі етістіктер мен аналитикалық формалы етістіктердің бірнешеуіне дефиниция беріліп, сөздікте рәсімделу үлгісі беріледі.

17-29 487
Аннотация

   Әріптер мен әріп тіркестерінің жиіліктерін анықтау қазақ әліпбиін латын қарпіне көшірудегі бірнеше теориялық-практикалық бағыттағы мәселелерді шешуге септігін тигізеді. Біріншіден, әріп, әріп тіркестерінің жиілігі мәтінді қолмен теруде жылдамдықты арттыру үшін латын қаріпті қазақ пернетақтасына әріптерді тиімді орналастыруда қажет болса, екіншіден, қазақ жазуын реформалаудағы орфографиялық емле ережелерін шешу барысында жасалатын зерттеулер мен лингвистикалық әзірленімдерге фактологиялық сандық деректер үшін, үшіншіден, кирилл қаріпті мәтіндерді латын қарпіне автоматты аударма жасаудағы программаға қажетті емле ережелерін жасау барысында жиілік бойынша реттеу, сонымен қатар нысанға алынған әріп тіркестері туралы сандық мәліметтер беру және әріп тіркестерін мысалмен дәйектейтін сөздерді қазақ тілінің мәтіндер корпусынан іздестіріп, көптеген мысал сөздерді табу сияқты мәселелерді шешуде аса қажет.
   Мақалада қазақ тілінің жазба мәтінін әріптік (графемалық) деңгейде және қазақ тілі сөзформаларының құрылымына, яғни әріптерге, әріп тіркестеріне, буындарға статистикалық әдіспен зерттеу нәтижелері баяндалады. Сөз құрылымындағы әріп пен буынды табиғи тілдің жазба мүмкіндігі арқылы бейнелейтін ең бір қарапайым түрдегі көрнекі тілдік бірліктері ретінде санау негізгі ұстаным болып табылады. Графемдік деңгейдегі статистикалық зерттеудің негізгі мақсаты – компьютер пернетақтасында қазақ әріптерін ұтымды орналастыру.

30-36 213
Аннотация

   Мақалада «Қазақ» газетінде шығаруда пайдаланылған төте жазудың таңбалық, емлелік ерекшеліктері талданған. Белгілі ағартушы ғалым А. Байтұрсынұлы түзген төте жазудың қазақ мәдениетінің тарихындағы орны, жазуды тудырған тарихи жағдайлар айтылған. Газеттегі таңбалардың жазылуы мен оқылуы арасындағы айырмашылықтар мәтінмен көрсетілген. 20-дан астам жазудағы таңбалаудың оқудағы қиындықтарды тудыратыны келтірілген. Емле және норма мәселесі қарастырылған.

37-43 205
Аннотация

   Мақала өзбек және қазақ тілдеріндегі лексикалық шарттылық мәселелеріне арналады. 50 лексикалық бірліктер арқылы тілдік табиғаты ашылады.

44-48 328
Аннотация

   Фразеологизмдер, мақал-мәтелдер ғасырлар бойы қалыптасқан тілдік бірлік ретінде негізгі мәдениет кодының бірі. Қазақ фразеологизмдері мен мақал-мәтелдерінің бастауы Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінде жатыр. Таңбашы (жазушы) қолданысына түскен ғасырлар бойы жинақталған тәжірибеден туған фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер Орхон-Енисей ескерткіштері тілінде өз орнын тауып, шұрайландырылған.
   Мақалада Орхон-Енисей ескерткіштері тіліндегі фразеологизмдер мен мақал-мәтелдердің қолданысы сипатталады. Көне түркі тіліндегі фразеологизмдер мен мақал-мәтелдердің табиғатын, өзіндік бояу-өрнегін айқындау, бейнелілікті білдірудің тұрақталған тәсілі ретінде қалыптасқандығы, тілдің байлығын арттыра түскендігі, сөздік қорды байытудағы алатын орны қарастырылған.

49-53 220
Аннотация

   Терминологиялық дефиниция метамәтін ретінде қарастырылып, дефиниция метамәтінінің тілдік қызметтері сараланды.

   Дефиниция мәтін құру процесінің әр кезеңінде көрініп отырады. Ғылы- ми мәтіннің толық құрылымына кіреді және оған бағынады, мәтіннің құрамында шағын болады. Сондықтан дефиниция ғылыми мәтін құрамынының ажырамас бөлігі метамәтін ретінде қарастырылады.

54-63 196
Аннотация

   Соңғы жылдары әр елде латын әліпбиіне көшу үрдісі жүріп жатыр, ал кейбір елдер бұрынға кириллицада қала тұруды да жөн санауда. Бауырлас өзбек, әзірбайжан, түркімен жұрты латын әліпбиіне көшкеніне де жиырма шақты жылдың жүзі болды. Алайда сол елдердің әліпбиі теңдессіз саналып, қоғамда қиындықсыз еніп кетті деп айтуға да болмас. Оның себебі – әріптерді дұрыс таңбаламаудағы қиындықтар, жаңа әліпбидегі шығып жатқан әдебиеттің аздығы, компьютерде арнайы бағдарламалардың болмауы.
   Бұл шешімді жалпы қазақ қоғамы қолдап, дереу үн қата бастады. Аталған үрдіс халқымыздың әлемдік өркениет көшінен қалмауына, күнделікті, жылдам өзгеріске ұшырап жатқан қоғамда жылдам әрі нақты, шынайы ақпарат алуына бастап апарар даңғыл жол болары сөзсіз. Сонымен бірге, сандаған жылдар бос кеңістікті ақпаратта болған түркітілдес халықтармен, шетелдегі қандас бауырларымызбен шынайы, жылдам ақпарат алуымыз, жалпы байланысымыз қалыпты сарынға түсер еді.

64-67 215
Аннотация

   Қазіргі қазақ даласындағы көптеген елді-мекендердің өзіндік тарихи сыры, уәжі бар. Бірі бұлыңғыр, бірі анық. Сол топонимдерді лингвистикалық саралау, тарихи мотивін анықтау үшін тіл тарихына жүгінуге тура келеді. Әсіресе этимологияның түрлі әдістерін пайдалану арқылы ежелгі атаулардың ең соны тілдік кілттерін ашуға болады.
   Мақалада Алматы қаласы атауының шығу тарихы жайы баяндалады. 1000 жылдық тарихы бар қаланың миссионер ғалымдар пікірінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі көзқарастар саралануының нәтижесінде оның этимологиясына қатысты қалыптасқан екі түрлі тұжырым ұсынылады.

68-73 606
Аннотация

   Ғалым Ж. Аймауытовтың еңбектерінің оқытушылар үшін маңызы зор. Ғалымның қолданған әдістері қазіргі уақытта да өз жалғасын табуда. Әдіскер Жүсіпбек Аймауытов қазақ тілін оқыту әдістемесіне арнап ана тілін оқытуға, жазу мәселесі мен емле жүйесіне байланысты біршама ғылыми мақалалар жариялаған. Ұлттың жазу тілін жетілдіру, жалпы халықтың сауатын көтеру мәселелерін қозғайды. Ол қазақ халқының сауатты сөйлеп, жазуының негізін қалады десек артық айтпағанымыз.
   Мақалада ғалым Ж. Аймауытовтың білім беру әдістері талданды. Әсіресе мына әдістерге тоқталған: буын әдісі, дидактикалық, ғылыми т. с. с.



ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)