Preview

TILTANYM

Кеңейтілген іздеу
№ 2 (2018)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)
3-7 193
Аннотация

   Қазіргі қазақ тіл білімінде қалыптасқан антропоөзектік зерттеу-лерде адам әрекетін, болмысын тіл арқылы түсіндіруге басты назар аударылуда. Осы бағыттағы нақты зерттеулерді іске асыратын мынадай теориялық-әдіс-намалық ғылыми парадигманы көрсетуге болады: Мәтін прагматикасы (көркем мәтін тілі), дискурс, «тілдік тұлға», т.б. теориялары. Осымен байланысты газет лексикасындағы, көркем мәтіндегі, ғылыми еңбектердегі қазақ сөзінің коммуникативті-прагматикалық және мәдени-әлеуметтік қызметін зерттеу аса маңызды
   Мақалада көркем мәтін қолданысындағы сөз әлеуетінің коммуникативті қызметі лингвопрагматикалық тұрғыдан талданған.

7-15 283
Аннотация

   Зерттеуде Қытайда қазақтар қолданатын латын әліпбиі мен А. Байтұрсыновтың орфографияға тікелей енгізген өзгерістері, сондай-ақ бұрын қолданылған және қолданыстағы орфографиялық ережелер талданды.

15-20 1669
Аннотация

   Перифраздың тілдік ерекшелігі мен стилистикалық табиғатын ашу тіліміздің көркемдік-бейнелеуіш құралдарға бай екендігін тағы бір көрсетеді. Сонымен қатар перифраздардың синтаксистік-семантикалық бірлік екендігі синтетикалық және аналитикалық тәсілдер арқылы жасалатын формалары арқылы танылады. Перифраз тіліміздегі еркін тіркеске құрылған сөздерден ерекшелігі ол өзінен кейін тұрған сөзді анықтауға толықтыруға дайын тұрады әрі перифраздық тіркестер жай тіркестерге қарағанда саны шектеулі. Перифраздардың тілдегі қолданысы көркем тілдің табиғатын тани түсуге, дәстүр мен жаңашылдықтың қатынасын, автордың көркемдік әлемін, жоғары көркем сөз мәдениетінің күрделі дамуын түсінуге көмектеседі.
   Мақалада перифраздардың құрылымдық және семантикалық ерекшелік-тері сипатталды. Грамматикалық перифраздардың тіркесім түрлері көрсетілді.

20-26 232
Аннотация

   Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруге байланысты мақалада әртүрлі хаттардың тарихи таңдауына әсер ететін факторлар, сондай-ақ әртүрлі жазу және жазба жүйелері қарастырылады. Мақалада латын алфавитіне ерекше көңіл бөлінеді, ол әлемде басым, ал шын мәнінде әлемдік алфавит болды. Автордың айтуы бойын-ша, латын жазуын енгізу қазақстандық қоғамға түркітілдес халықтармен көбірек араласуға және әлемдік ақпараттық кеңістікке қосылуға мүмкіндік береді.
   Мақалада жазуды таңдауға және дамытуға әсер ететін факторлар қарастырылады. Әрбір жазу жүйесі оның мақсатымен (функциясымен), типімен, мысалы, буындық немесе әріптік-дыбыстық, сондай-ақ әріптік құрамымен, мағынасымен, формасымен және жазу таңбаларын қолданудың негізгі принциптерімен сипатталады.

27-32 174
Аннотация

   Бұл мақалада біз қазақ тілінің сөзжасамына арналған корпусқа бағдар- ланған сөзжасамдық белгіленімдер туралы айтып, сонымен қатар корпустың пайдаланущыларына сөзжасамдық белгіленім арқылы қандай практикалық мүмкіндіктерді ұсына алатындығымызды айтқымыз келеді. Мұндай лингвистикалық анализатор жұмысын қамтамасыз ету үшін программаға әр белгіленім түрі бойынша лингвистикалық нұсқаулықтар, яғни лингвистикалық базалар дайындау қажет. Лингвистикалық анализатор жұмысын қамтамасыз ететін лингвистикалық базалар жасалып, қазіргі кезде туынды сөздердің негізгі түбірі мен сөзжасамдық бөлігін бөлшектей алатын әрі сөзжасамның қай тәсілі арқылы жасалып тұрғанын сипаттайтын сөзжасамдық белгіленім бағдарламасы жұмыс істеп тұр.

32-39 187
Аннотация

   Қазіргі қазақ қоғамында қолданылып жүрген тілдік бірліктердің прагматикалық ерекшеліктерін ұлттық сарасана тұрғысынан қарастыру өзекті мәселе болып отыр. Осымен байланысты мақалада теонимдердің қатысуымен жасалған тұрақты сипат алған етістікті тіркестер діни таным мен тілдік сана сабақтастығы шеңберінде талданған. Авторлар қазіргі тілдік ұжымда жиы қолда-нылатын күрделі тілдік бірліктердің түпкі мәнін діни деректер негізінде ашуға тырысқан.

40-53 174
Аннотация

   Тілдің даму үдерісі үздіксіз жүріп жататын құбылыс. Жаңадан енген терминдер тілдің лексикалық қорын байытады әрі терминологиялық лексика қабатының дамуына өзіндік үлес қосады. Қоғамда қолданысқа енген кез келген термин – қоғам тарапынан қолдауды, тілдік тұрғыдан жүйелеуді қажет етеді. Сондықтан термин жасау, қалыптастыру, терминологияны жүйелеу, реттеу жұмыстарын дұрыс жолға қою, жалпы ғылыми-техникалық терминологияның даму бағытын белгілеу – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелері болып табылады.
   Бұл мақалада отандық және шетелдік терминология ғылымының теориялық және практикалық негізі туралы мәліметтер беріліп, олардың артықшылығы мен кемшіліктері озара салыстырылады.

53-57 329
Аннотация

   Соңғы жылдары тілдің антропонимдік жүйесіне деген қызығушылықтың артуын оның тұлға мен ұлттың мәдени бірлігін құраудағы маңызымен түсіндіруге болады. Антропонимдік жүйе қоғамның әлеуметтік-экономикалық, мәдени тұрғыдан дамуымен тығыз байланыста өрбіп, ұлттық мәдениетті көрсетуші құрал ретінде бағаланады, әлеуметтік сипаты жағынан да зор қызмет атқарады.
   Мақалада қазақ есімдерінің қоғам өмірінде алатын орны, тіл біліміндегі зерттеу объектісі ретіндегі рөлі, қазақ азаматтарының аты-жөнін рәсімдеу мәселелері қарастырылады.

57-60 172
Аннотация

   Халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан болмысы, танымы, тағдыры елді-мекен, жер-су атауларында жатыр. Қазіргі елді-мекен, қала мен дала атаулары, көше атаулары қазақылана түсті. Қойылған жер-су аттары тәуелсіздігімізді паш етеді. Тарихи, рухани құндылықтарымызды насихаттайды.
   Мақалада қазіргі елді мекен, географиялық нысан, көше аттары, ауыл аттары жаңа атауға ие, яғни орысша атаудан арылып, қазақша атаулар берілгені жайлы айтылады.

61-67 178
Аннотация

   Қазіргі лингвистикада арнаулы мақсаттағы тілді зерделеу ұзаққа созылды. Түрлі дәстүрлер қажеттілігіне қарай арнаулы мақсаттағы тілді пайдалану коммуникациясы сипаты жағынан әлеуметтік-тарихи болып келеді. Арнаулы мақсаттағы тіл лингвистикалық аспект тұрғысынан тарихи еңбек бөлінісі нәтижесінен бөлініп шықты. «Арнаулы мақсаттағы тіл» арнайы мақсаттар үшін тіл – лингвистикалық аспект. Бұл мақалада соңғы уақытта лингвистикада пайда болған арнаулы мақсаттағы тілдің қалыптасуы, дамуы қарастырылады.
   Мақалада соңғы уақытта лингвистикада пайда болған арнаулы мақсат-тағы тілдің қалыптасуы, дамуы, тарихы қарастырылады. Бұл лингвистика сала-сының арнаулы лексика-грамматикалық бірліктері, коммуникативтік белгілі өлшемдері, арнаулы мамандық терминдері бар, сондықтан бұл саланы зерттеудің өзектілігі әлеумет тарапынан сұраныс тудырады.

67-73 161
Аннотация

   Мақалада бұйрық мәнді сөйлемдер эмоционалдық реакцияны білдіретін сөйлемдер түрінде де жұмсалуына талдау жасалады. Бұл сөйлемдерге модальділіктің қатысуы біркелкі болмайтыны, модальділік эксплицитті түрде де, имплицитті түрде де жұмсалуына мысалдар келтіріледі.

73-78 306
Аннотация

   Қазақ тіліндегі сөздерді таптастырудың алғашқы үлгілерінің бірі ретінде Ы. Алтынсариннің, П. М. Мелиоранский, М. А. Терентьев сынды ғалымдардың еңбектері алынды. Аталған ғалымдардың қазақ тіліндегі сөздерді таптастыруда ұстанған ұстанымдары талданып көрсетілді. Сондай-ақ, ғалымдар еңбектерінің сөздерді таптастырудағы алғашқы үлгілер ретіндегі қазақ тілі біліміне қосқан үлесі айтылды.
   Мақалада қазақ тіл біліміндегі сөз таптастырудың алғашқы үлгілері жайлы сөз қозғалады. Қазақ тіліндегі сөздерді таптастырған ең алғашқы ғалымдардың бірі ретінде ағартушы-педагог Ы. Алтынсариннің еңбегі алынып, сөздерді таптастырудағы ұстанымдары айқындалады.

79-86 195
Аннотация

   Адамзат тілі – ерекше құбылыс. Ол адамға тән мәдениеттің, сана мен ақыл, логика, психологияның – жалпы адам бомысының ең кең түрдегі көрінісін сипаттайтын әрі оларды таңбалап отыратын жанды құбылыс. Әлемдік лингвистикада жаңа даму кезеңінің қалыптасып, когнитивті бағытқа бет бұру эмоция, символ, тілдік сана, таным сынды ұғымдарды басты негізге ала отырып, адам танымын тілдік тұрғыдан зерттеуге жаңаша жол ашты. Антропоцентристік парадигма адамға бағытталғандықтан, тілдік мәселелер адам жанымен байланысты құбылыстармен түсіндіріледі. Сондай-ақ адам санасының, руханиятының тілде көрініс табуына баса назар аударылады.Біз кез келген тілдік бірлікті лексика-семантикалық тұрғыдан тікелей адам жанымен байланыстырып қарастыра алмаймыз.Концепт деңгейіндегі ұғымдар адам мен оның болмысын, өмірін, тіршілігін анағұрлым кеңірек беретіндіктен, концептіге тоқталамыз. Оның ішінде «От» концептісінің тілдік репрезентациясы мен семиотикалық ерекшеліктерін түрлі мысалдармен түсіндіруге тырысамыз.
   Мақалада «От» архетипінің тілдік репрезентациясы және семиотикалық ерекшеліктері жайында сөз болады.

86-91 192
Аннотация

   Салыстырмалы фонетиканың зерттелу деңгейі мен тіл білімінде алатын орны айқындалып, қазақ тілінің қарақалпақ, татар, өзбек, ұйғыр, әзірбайжан, түрікмен тілдерінен фонетикалық айырмашылықтарының арнайы зерттелуі сөз етіледі. Сонымен қатар мынадай мәселелер қарастырылды: салыстырмалы фонетиканың тіл білімінде алар орны; түркі тілдерінің түпкітек дауыстыларының варинатталу деңгей.

   Мақалада архетип дауыстылардың вариантталу деңгейі жайлы баяндалады.



ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)