Preview
№ 3 (2015)
Шығарылымды жүктеу PDF
3-9 161
Аннотация

Ақын-жыраулар шығармашылығындағы қару-жарақ, киім-кешек, топонимдер және т.б. атауларды көркемдік анықтамалар (яғни эпитеттер) түрінде қолдану, олардың мәдени-танымдық коннотациясы, көркемдік тәсілдері мен құралдары (ассонанс, аллитерация, қайталау, аллогизмдер, антитезалар және т. б.), мифологемалар мақалада қазақ ауыз әдебиетінің үлгілері, қазақ әдеби тілінің Хандық дәуірінде дамуының негізі ретінде сипатталады.

10-19 177
Аннотация

Мақалада автор қазақ хандығының іргесін нығайтып, күш-қуатын арттыратын тіл құдіретінің дәйегін Түрік қағанаты заманында тасқа қашалған Күлтегін тектес көктүркілердің сөзі, XV ғ. құрылған Қазақ хандығы заманындағы ақын-жыраулар, бишешендердің асыл тілі мен алдаспан сөзі арқылы дәлелдейді.

20-26 715
Аннотация

Хандықтың 1465 жылы құрылғаны туралы нақты дерек Мұхаммед Қайдар Дулаттың «Тарих-и Рашиди» атты еңбегінде аталады. М.Қ.Дулат шығармасында, оның парсы тілінде жазылғанына қарамастан, елді мекен, жер атауы болғандықтан немесе көшпелі тұрмысқа байланысты сөздер болғандықтан қолданылған «қазақы» лексикалық бірліктер ішінара ұшырасып отырады.

27-33 291
Аннотация

Мақалада «қазақ» атауы туралы, оның шығуы, пайда болуы жайлы алуан түрлі пікірлерге талдау жасалынып, өз көзқарасы беріледі.

34-39 192
Аннотация

Мақалада автор бүгінгі қолданыстағы кирилл графикасын жетілдіру мен жеңілдету туралы мәселелерді көтереді. Сонымен бірге өткен тарихымыздағы әліппе өзгертуге қатысты тәжірибемізге сүйеніп, тілімізде шектен тыс көбейіп кеткен орысша терминдердің қазақша баламасын жан-жақты талқылау мен тиімді әдіс негізінде жүргізілуі тиіс деп санайды.

40-52 185
Аннотация

Мақалада автор мәдени-тілдік бірліктерді халықтың дәстүрлі рухани мәдениетімен байланыстырады. Өзінің ұлттық сипатын, елдігін сақтау, ұлттық құндылықтар дүниесін түгендеу, оның мән-мазмұнын, қадір-қасиетін бағалау қай халықтың, қай елдің, қай ұлттың болмасын толғақты мәселесіне айналып отыр деуге болады. Материалдық даму мен рухани дамудың арасы алшақтай түсуі бүгінгі таңдағы ғылыми зерттеудің күн тәртібіне қойылып отыр. Қоғамның рухани дамуы мен материалдық дамуы арасындағы қайшылық гуманитарлық-қоғамдық саладағы ғалымдардың осы мәселеге ерекше мән беруіне тоқталады.

53-66 352
Аннотация

Мақалада Венецияның Маркиана Ұлттық кітапханасында сақталған XIII-XIV ғғ. жататын «Codex Cumanicus» қолжазбасына қысқаша сипаттама беріледі. Бұл жазба ескерткішті басқа түркі тілдеріне байланысты зерделеу тарихы баяндалады және оның автор дайындаған және 2015 жылы Алматыда жарияланған жаңа толық басылымы сипатталады.

67-70 167
Аннотация

Тарихи-лингвистикалық зерттеулер нәтижесінде қазіргі тіліміздегі көптеген сөздер мен сөз тіркестерінің хандық дәуірде қоғамдық-саяси термин ретінде қолданылғаны анықталады. Ондай тіл бірліктерінің қатарына тілімізге ерте заманда араб тілінен енген санат сөзін және сонымен байланысты қалыптасқан санат салу, елге санат салды, санда бар, санатта жоқ, санатқа қосылды, санатқа кірді, санаттан шығарды тәрізді фразеологизмдерді жатқызуға болады. Қазіргі тілімізде қолданылып жүрген санат атауы араб тіліндегі санад (1) сәулет, жарасым; 2) ұлылық, дәреже), қазақ тіліндегі «кеңес, кеңесші» мағынасындағы санат сөзімен байланысты шыққан тәрізді.

71-91 215
Аннотация

Мақала проф. Джусуповтың орынсыз пікір-айтысына шапшаң жауап ретінде дайындалған. Қарсы жақтың әрбір ұсынымы фонетика-сингармология тұрғысынан теріс екені жан-жақты дәлелденіп, қазақ тілінің төл табиғатынан туындайтын дәйектермен айғақталады. Қазақ (түркі) тілінің «европаөзімшіл» фонологиялық талданымына қарсы бітіспес балама ретінде «түркіөзімшіл» сингармологиялық талданым ұсынылады. Қазақ жазуының кешенді реформасы жайлы мол мәлімет келтірілген.

92-95 378
Аннотация

Мақалада ресми-іскери аударманың негізгі түрлері – аннотациялық және реферативті аударма түрлері талданады. Аударманың осы түрінің мәтіндеріне қойылатын талаптарға сипаттама беріледі; аннотациялық пен реферативті аударманың түрлерін және шағын түрлерін аударушылардың жұмыс істеу кезеңдері көрсетіледі; аударманың нақты мысалдары келтіріледі.

96-102 160
Аннотация

Мақалада құзіреттіліктің мазмұндық аспектісі қарастырылады, кәсіби шешендіктің келесідей түрлері айқындалады: саяси және дипломатиялық шешендік, іскерлік және әскери сөйлеу, академиялық, құқықтық (сот) шешендік, бұқаралық коммуникация, рухани шешендік және т.б. Сонымен бірге риториканың түрлері өз ішінде жанрлар жүйесін қамтиды. Болашақ лауазымды тұлғаның кәсіби түрде меңгеруі қажетті қарым-қатынас жанрларының жиынтығы оның коммуникативтік құзіреттілігінің негізін құрайды. Мақаланың тұжырымдары жоғары оқу орындары мамандықтарының типтік және жұмыс жоспарларын қалыптастыруда қолданыла алады.

ЖОО мен колледжде болашақ мамандардың коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастырып, дамыту қажет. Олардың жалпы азаматтық және кәсіби тақырыптарда диалог жүргізу қабілеттерін шыңдау керек.

103-108 165
Аннотация

Кез келген ұлттық тіл халықтың этникалық мәнін көрсетеді. Теориялық-танымдық процестің жаңа кезеңінде тілді зерттеуге жаңа көзқарас қажет. Бұл процесс тіл мен адам санасының тұтастығында қарастырылады. Адам санасының нәтижесі-жүйелік түрде зерттелетін ассоциативті-ауызша құрылымдар. Әлемде болып жатқан барлық өзгерістерді адам қоршаған әлемді қабылдау арқылы біледі, тек танымдық ойлаумен шектелмейді, алынған ақпаратқа жауап табады, оны өңдейді, жаңартады және түсіндіреді, бағалайды, жеке тәжірибеде қолданады. Мұның бәрі әлемнің тілдік бейнесін қалыптастырады. Сондықтан мәдени тілдік мұраның үлгілерін тіл арқылы танылатын ұлттық рәміздер ретінде зерттеу қажет. Ұлттық рәміздердің негізі әр тілде әмбебап категорияларды білдіретін белгілер болып табылады.

Номинациялардағы символдық белгілер, олардың халықтық тілдік сана мен руханиұлттық мәдениеттің өзара байланысын жүзеге асырудағы функциялары. Тілдік рәміздер – бұл адамдар зерделейтін, тілде сақталған дәстүрлер мен стереотиптерді, әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді көрсететін ақпарат индикаторлары. Осыған байланысты танымал ұлттық рухани және мәдени мұра тілде дәуірдің мәдени-тарихи символы ретінде сақталып қалады.

109-114 299
Аннотация

Лингвистикалық сараптама маңызды фактілерді анықтауға және сарапшының алдына қойылған сұрақтарға жауап алуға бағытталған сөйлеу әрекетінің өнімдерін (яғни аудиожазбалар, газет жарияланымдары, тауар белгілері және т.б.) зерттеу болып табылады. Лингвистикалық сараптаманың практикалық қажеттілігі, көбінесе, сот істерін қарау және шешу кезінде заңды фактілерді анықтау үшін туындағандықтан, көп жағдайда «лингвистикалық сараптама» ұғымы «сот-лингвистикалық сараптамасы» ұғымымен бірдей.

Мақалада сот-лингвистикалық (филологиялық) сараптаманың жалпы сипаттамасы берілген: оның мақсаты мен міндеттері, нысаны мен зерттеу міндеттері.

115-120 144
Аннотация

Зерттеудің мақсаты – шартты рай жұрнағын арнайы зерттеу арқылы осы тілдік құралдың көмегімен қалыптасқан сөйлемдердің қызметін, тілдік жүйеде қолдану мүмкіндігін нақтылау. Біздің алдымызға қойылған мақсаттарға жету үшін келесі міндет қойылды: грамматикалық және логикалық-әмбебап категориялардың арақатынасы арқылы тіл мен ойлаудың сабақтастығын негіздеу. Тіл саласындағы шартты ұсынысты әлеуетті функциялардан қорытынды функцияларға беруді іске асырудың себебі жағдаяттық категориялар болып табылады. Грамматикалық корреляция және логика-лық категориялар тіл мен ойлауды өзара байланыстырады. Адам ойларын шектеуге (шектеуге) байланысты қолданбалы нұсқалар – бұл тілдік норманың функционалды және прагматикалық табиғатымен байланысты мотивацияның көрінісі.

Мақалада тіл мен ойлау сабақтастығы қарастырылған. Автор бұл нәтижеге грамматикалық және логикалық-әмбебап категориялардың өзара байланысына сипаттама беру арқылы жеткен.

121-124 176
Аннотация

Бұл мақалада ғылыми, ақпараттық және іскери мәтіндердегі ағылшын тіліндегі өткен шақ формаларын қазақ тіліне аудару мәселесі қарастырылған. Автордың басқа ғылыми зерттеу жұмыстарында бұл мәселе терең талқыланған, бірақ бұл мақалада ғылыми, ақпараттық және іскери мәтіндердегі өткен шақ категориясының екі тілде қолданылу ерекшеліктері мен жолдарына көбірек назар аударылды және қазақ тілінде жәй өткен шақтан басқа көмекші етістіктер мен аналитикалық форманттар арқылы жасалатын жедел өткен шақ қолданылатыны айқындалды.

125-130 173
Аннотация

Кез келген сөздіктің жасалуы кешенді түрде атқарылатын үлкен ғылыми мәселе, ал ұлттық тілдің аударма терминологиялық сөздігін түзу – әр уақытта ұлттық тілдің ғылыми тілдік өміріндегі елеулі оқиға. Тарихи тұрғыдан қарастырар болсақ, ол көбінесе тарихи және ұлттық сана-сезімнің өсу кезеңімен, ұлттың қалыптасуымен, әдеби тіл мен оның нормасының тұрақтануымен байланысты келеді. «Атаулар сөздігіндегі» терминдер бүгінгі кирилл жазуымен байланыстырылып, жаңа сөз жасалудың тәсілдері қарастырылып, жаңа атаулар дыбысталуы бойынша жазылғандары, қазақша түсіндірмесі, олардың синонимдік қатарлары беріліп, бұрыннан бар сөздердің мағыналарын жаңғырту арқылы жаңа сөзге балама келтіріледі.

Мақалада 1931 ж. жарық көрген «Атаулар сөздігінің» ұжымдық сананы көрсететін ғылыми еңбек ретінде ХХ ғ. басындағы қазақ қоғамының мәдени, ғылыми, тілдік өміріндегі ерекше орны көрсетілген.

131-134 183
Аннотация

Қазақ және түркі тілдеріндегі сөзжасам мәселесінде автор «сөзжасам – тілді дамыту мен жаңғыртудың әдісі» деген пікірді ұстанатын ғалымдарды қолдайды. Тіл-дің дамуы мен жаңғыруына әсер ететін факторлар − жаңа ұғымдар мен құбылыстарды, т.б. қажет ететін әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени шарттар. Автордың ойынша, қазақ және түркі тілдеріндегі тілдік сәйкесімділік тіл білімінде қалыптасқан өзектілік ұстанымы, сәйкестік ұстаным, эстетикалық ұстаным бойынша анықталады.

Мақала үш ұстаным бойынша талдау негізінде қазақ және түрік тілдеріндегі сөзжасамның тілдік сәйкестіктерін ашуға арналған.

135-139 163
Аннотация

Тіл мен таным сабақтастығында қалыптасатын тіл көркемдігінің, сөз мағынасы өрісінің кеңейіп, жетілуі, әсіресе, көркем шығарма тілінен байқалатыны сөзсіз. Соның ішінде ана тіліміздің мол мүмкіншілігін айқындап, әлеуетін ерекше түсініп, пайдалана білуде поэзия тілі айрықша болып табылады. Сондықтан да қазақ көркемсөз дәстүрін жалғастырып қана қоймай, мифтік таным мен төл дүниетаным астасқан жаңа көркемдік сана үлгілері көптеп табылатын Есенғали Раушанов сияқты ақындардың тілін осы тұрғыдан зерттеудің маңызы ерекше.

Автор Е.Раушановтың кейбір өлеңдерін талдау негізінде адам (қазақ) мен құстар бей-нелері арасындағы психологиялық параллельді көрсетуге тырысады.

140-146 211
Аннотация

Қазақ есімдері мен жер-су аттарының қазақ әдеби тіл нормасына сай дұрыс жазылуы, таңбалануы, басқа тілдерге (орыс, ағылшын тілдеріне) дұрыс транслитерациялануы – күн тәртібіндегі мәселелердің бірі. Қазақ ономастикасы – өткен күн мен болашақтың жүгін арқалап келе жатқан сала. Қазақ кісі есімдері мен тарихи қалыптасқан жер-су аттары, аспан денелері аттары, т.б. ғасырлар бойы өз бойында тарихи-мәдени ақпараттарды сақтап келеді. Қазақ ономастикасы – қазақ халқының танымындағы, тұрмыс-тіршілігіндегі ғасырлар бойы жинақталған білімдер жүйесін сақтап келе жатқан ұлттық құндылықтарымыздың бірі. Осы құндылықтарымызды сақтап қалу, әрі қарай жалғастырудың кепілі – қазақ есімдерін, кісі аттарын, жер-су аттарын қазақ тілінің нормасына, емле ережелеріне сай дұрыс жазу, таңбалау. Қазақ кісі аттарын, жер-су аттарын дұрыс жазуда қазақ әдеби тілінің нормасы, емле ережелері басшылыққа алынады.

Мақалада 1931 және 1940 жж. мерзімді басылымдардағы латын әліпбиімен жазылған қазақ антропонимдері мен топонимдерінің таңбалануы мәселесіне (тыныс белгілері, бас әріп және т.б.) талдау жасалады.

147-151 631
Аннотация

Мақалада тiлiмiздiң пунктуациялық белгiлерiн қалыптастырып, олардың мағыналары мен функцияларын айқындаған, тыныс белгілерге қатысты мәселелерді, оның ішінде пунктуацияның теориялық негізін зерттеген ғалымдарымыздың еңбектері қарастырылады. Тыныс белгілерінің табиғаты, қолданысы, атқаратын қызметтері мен білдіретін мағыналары жөніндегі мәселелер, сонымен қатар пунктуациялық норманың өзіндік орны зерделенеді. Бұл олқылықтардың орнын алу мақсатымен қазіргі кезде тыныс белгілерді белгілі бір жүйеге түсіру қажеттігі коммуникативті пунктуация бағытындағы зерттеулерге негізделген тұжырымдарға сүйенеді. Сонымен қатар пунктуациялық норманы теориялық тұрғыдан меңгерудің маңызы зор екендігі айтылады. Кез келген адам сауатты жазу үшін пунктуациялық нормаларды толық игеруі керек.

152-157 180
Аннотация

Ностратикалық және Еуразиялық теория бойынша туыстық тілдердің ерекшеліктер жүйесін салыстырмалы зерттеу негізінде олардың туыстық дәрежесі және осы отбасындағы жекелеген тілдердің тиісті орындары айқындалады.

158-164 170
Аннотация

Құрылымы әртүрлі тілдердің фонемалар жүйесін салыстыру салыстырылатын тілдердің фонетикалық және фонологиялық деңгейлеріне негізделуі тиіс. Тілдердің фонетикалық және фонологиялық жүйелерін синхронды аспект бойынша салыстырмалы зерттеу, ең алдымен, тіл ғылымындағы осы лингвистикалық жүйелердің мәнін анықтауға бағытталған. Фонетика және фонология лингвистиканың ғылыми бөлімдері ретінде зерттеу объектісі ретінде бір бірлікті – фонеманы анықтайды, тек фонетика ғылымы оның физикалық жағын, ал фонология оның функционалды аспектісін зерттейді.

Тілдердің фонетикалық және фонологиялық жүйелерін синхронды аспект бойынша салыстырмалы зерттеу, ең алдымен, тіл ғылымындағы осы лингвистикалық жүйелердің мәнін анықтауға бағытталған.



ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)