Preview

TILTANYM

Кеңейтілген іздеу
№ 2 (2020)
Шығарылымды жүктеу PDF
3-11 216
Аннотация

Түрік тілдерінің жазуын бірегейлендіру өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Ортақ түрік әліпбиі түрік халықтарының басын біріктіретін ұтымды амал болып табылады. Түрік (түркі) халықтарының қазіргі әліпбиі латын, кирилл және араб графикаларына негізделіп келе жатқан көптекті жазу болып отыр.
Соның нәтижесінде дыбыс құрылымының жақындығы мен туыстығына қарамай, түрік тілдерінің әліпбиі және оның орфографиялық үлгісі бір-бірінен өте алшақ жатыр. Осыған байланыста мақалада түрік халықтарының жазуын бірегейлендіру мәселесіне арналған және оны іске асырудың жолы ұсынылып, таратып көрсетеміз. Мақала түрік халықтарының жазуын бірегейлендіру мәселесіне арналған және оны іске асырудың жолы ұсынылады. Ғылыми (теориялық) негіздемесі орнықты әліпби арқылы ғана бүкіл түрік жұртына оқылым/айтылымы түсінікті ортақ мәтін қалыптасады. Ол үшін әр тілдің ғалымдары әліпби өрнектерін бірыңғай белгілеп отыру керек. Төменде осыған байланысты сөз қозғайтын боламыз.

11-17 168
Аннотация

Зерттеп отырған мәселең тілге жата ма? әлде сөйлеуге жата ма, осыны анықтап алу шарт. Кез келген лингвистикалық теория зерттеудің, сипаттаудың бастау нүктесі тіл мен сөйлеудің біріне негізделуі тиіс. Егер олай болмаса, зерттеу о бастан-ақ жүйесіздік жолға түседі. Тіл сөйлеуден туындайтын болса, онда сөйлеу толығымен тілден туындамайды: олардың арасында толық қарама-қарсы (тең) шарттастық жоқ. Сөйлеу түсінікті, анық болу үшін өзі тудырған тілдің заңдылығына бағынады. Сөйлеу қалпы жалпы негізін сақтай отырып, танымастай (көп мөлшерде) өзгеріп кетуі мүмкін. Сөйлеуге табан астынан тудыру, жандылық тән. Онсыз ешнәрсе өзгермес (дамымас) еді ғой. Осы табанастылық, жандылық грамматикалық формулалардың дамуына байланысты болып көрінуі мүмкін. Солай болса да, сөйлеу тілден ауқымды. Сөйлеу алға жылжыған үрдісті итермелеуші, бағыттаушы элемент болып қала береді. Сөйлеу арқылы тіл өзінің шығатын қайнар көзімен үнемі байланыста болады.
Тіл заттарды сөзбен атаудан басталып, сол сөздерді қосып құрастырумен жасалады деп ойлау – қате. Сөйлеу сөздерден құралмайды, керісінше, сөз сөйлеудің ішінен шығады. Сөзді ең өрескел де жүйесіз құрылған сөйлемдердің ішінен бөліп алуға болады, өйткені сөз жасау сөйлеудің басты қажеттілігі болып табылады. Тілдің дамуына қатысты барлық өзгерістерге сөйлеу түрткі болатындығы белгілі. Яғни тілдегі үнемдеу тәсілі де сөйлеу кезінде жүзеге асады.

17-21 217
Аннотация

Қазіргі таңда ауызша сөздің әлеуеті артып, қоғамда да өзіндік орны қалыптасып келеді. Ауызша сөз күнделікті қарым-қатынас жасаудан бөлек шаршы топ алдында сөйлеу үшін, сахна өнерінде, телеарнадағы журналистердің ақпаратты дұрыс жеткізуіне, электронды байланыс жүйелерінде, мектеп мұғалімдері мен жоғары оқу орындарының оқытушыларының дәріс оқуына т.б. ықпалы өте зор. Сондықтан орфоэпиялық сөздік жасауда айтылымға сәйкес норма қалыптастырып, жүйелеу қажеттілігі туындайды. Сонымен қатар орфоэпиялық сөздік жасауда арнайы белгілердің де маңызы зор. Мақалада орфоэпиялық сөздіктің ерекшелігі мен белгілердің атқаратын қызметі жайында сөз болады.

22-26 580
Аннотация

Мақалада қазақ тіліне басқа тілдерден, яғни араб, парсы тілдерінен енген сөздер қарастырылады. Сөз енуінің басты себебі – қазақ халқының тарихи даму барысындағы басқа халықтармен тығыз қарым-қатынас орнатуының салдары. Сөздердің енуі әр алуан жолдармен өтті. Қазақ тіліне басқа тілдерден сөздердің енуі экономикалық, сауда, саяси және мәдени қатынастарға байланысты болды. Және де осы жағдайларға байланысты мағыналық аясы да өзгеріп отырды. Мақалада қазақ тіліне араб, парсы тілдерінен енген кірме сөздердің мағынасының тарылуы мен кеңеюі қарастырылды.

26-30 285
Аннотация

Мақалада ескі сөздердің табиғаты сипатталады. Ескі сөздер қазақ тілінің арғы тарихи дамуын көрсетеді. Олар қазіргі әдеби тіліміздің сөздік қорын барынша молайтқан, әрі байытқан. Ескі қазақ жазба мұралары – ерте дәуірлердегі көне лексиканың көрінісі, олар қазақ халқының тарихы, мәдениеті мен өміртіршілігінен хабар береді. Ескі жазба лексикалық ерекшеліктерді сараптай отырып, төл сөздер мен кірме сөздердің жағдайын пайымдаймыз. Көптеген төл сөздеріміз бүгінгі күнге дейін өзгеріссіз сақталып жетті. Ал мағынасы күңгірттенген көне сөздер әлі де анықтауды қажет етеді. Шет сөздері қазақ тілінің төл лексикасымен бірге тоғысқан, әрі қазақ тілінің фонетикалық заңдылығына сәйкес игерілген.
Ескі қазақ жазба тілі – қазіргі әдеби тіліміздің дамуына жол ашқан үлкен арналардың бірі. Көне түркі тілі, орта түркі тілі, ескі қазақ тілі өзара тарихи сабақтас, байланысты. Біз естімеген қазақтың ескі сөздері өте көп.

31-35 240
Аннотация

Қазіргі таңда орфоэпия саласы кенже қалып отырған салалардың бірі десе болады. Себебі орфоэпия мәселесі балабақшада, мектепте, одан бері жоғары оқу орындарырының филология факультеттерінде оқыту жағы ақсап тұр. Осымен байланысты Н.Уәли орфографиялық ережелермен қатар орфоэпиялық ережелерді ден қойып оқытпаудың салдарынан әдеби тілдің дыбыстау нормасынан уәжсіз ауытқулардың болатынын айтып өтсе, С.Мырзабеков сөздерді айтудағы кемшіліктер негізінен тілдің ауызша және жазбаша формаларының арақатынасын парықтамаудан, орфоэпия туралы үгіт-насихаттың жеткіліксіз жүргізілуінен болып отыр дейді. Ал ауызша сөз бен жазба сөздің өзіне тән жүйесі бар. Жазылған мәтінді оқыған кезде ауызша сөздің нормасына салуымыз қажет. Орфоэпия не үшін қажет дейтін болсақ. Мындай негіздер келіп шығады. Сөздердің бірізді айтылуы тілдік қатынасты жеңілдетеді; дыбысталған сөздің өзіндік үйлесімі, ырғағы, әуені, әуезі сақталған жағдайда тыңдаушыға жағымды әрі түсінікті болады; қатаңдарды ұяңдатып, сөз аралығындағы дыбыстарды үйлесітіріп айтудың өзіндік мәнін реттейді.
Мақалада қазақ орфоэпиясының кейбір мәселелері сөз болады. Себебі орфоэпиямен қатысты сөздіктер, анықтағыштар, зерттеулер жарық көргенімен, күнделікті қарым-қатынаста сөздер ауызша тілдің жүйесіне салынып айтылмайды. Басқаша айтқанда қазақ тіліне тән дыбыстық ерекшеліктер, үйлесімділік сақталмайды, қайта керісінше сөздер қалай жазылса солай айтылатын болды. Бұл мәселе әсіресе қандай дыбыстарды айтуда көрініп отырды. Дауысты еріндік дыбыстардың әсерінен келесі буындағы езуліктердің еріндікпен айтылуы ескерілмей, қалай жазылса солай айтылып отыр. Сол сияқты дауыссыз дыбыстардың орфоэпиясында қатаңдардың ұяңданып айтылу нормасы жастардың тілінде бұзылып, ауызша кодтың жүйесі сақталмай отыр. Нақты айтқанда, ауызша кодтың өзіне тән жүйесі бар да және жазбаша кодтың өзіне тән жүйесі бар деген қағида өз деңгейінде сақталмай отыр.

35-41 138
Аннотация

Ұсынып отырған мақалада геодезия терминдерінің қысқарым жолымен жасалуы жайы сөз болады. Жалпы қысқарым жолымен жасалған лексика қазіргі техникалық сала терминологиясының сөздік құрамының ажырамас бөлігі болып табылады, өйткені ғылым мен техниканы дамытудың қазіргі кезеңі қарым-қатынаста барынша қысқартылған атаулардың қолданылуын талап етеді. Жаңа қолданыстардың көпшілігі көп компонентті болғандықтан оны аудару, баламасын табу және қолдану да ыңғайсыз. Түсінудегі белгілі қиындықтарға қарамастан, қысқартылған сөздер шын мәнінде үнемді, бірақ кез келген салада қысқарымдар тәжірибеде кеңінен қолданылған сайын түсінудегі қиындықтар біртіндеп жоғалатыны сөзсіз. Тілдік қатынас барысында бастапқы күрделі терминдер неғұрлым қысқартылып қолданыла келе, кейін мамандар арасында үйреншікті болып кетеді. Дегенмен, әрбір күрделі атаудан қысқартылған нұсқа оның мағыналық тұтастығы, семантикалық бірлігі сақталғанда ғана жаңа термин болуға қабілетті. Мұндай көп сөзден тұратын құрама атауларды әріп, буын түрінде беру де кездеседі. Олар геодезияда көбінесе орыс немесе ағылшын тіліндегі тұлғасында айтылып қолданылады. Қысқарым жолымен жасалынған геодезия терминдерінің ағылшын тіліндегі қысқартылған түрін алу, бір жағынан, мамандар арасындағы қарым-қатынаста қолайлы болса, екінші жағынан, бұл жағдай геодезия терминдерінің одан әрі дамып, толығуына ықпал етеді.

41-49 157
Аннотация

Тіл мен ойдың арақатынасы тілді дұрыс зерттеудің бірінші мәселесі ретінде қарастырылатыны белгілі. Осы саладағы зерттеулер кейде ойлаудың басымдылығын дәлелдеуге тырысқанда, әлемнің құбылыстарын білуде тілдің басымдылығын атап көрсетеді. Әлем лингвистері осы екі көзқарастың қайсысымен келісетініне қарай екіге бөлінеді деп айтуға болады. Тіл туралы ғылымның одан әрі дамуы нәтижесінде тіл ойсыз болмайды, ой тілсіз болмайды, яғни біреудің үстінен билік үстінде өмір сүреді деген көзқарас біршама тұрақтанды.
Осы мақалада ойлау мен тілдің байланысы ұарастырылған. Бүл бүгінгі таңда лингвистиканың өзекті мәселесі. Мақала авторы тіл мен ойлау өзаратыңыз байланысты деп ой түйеді.

49-53 134
Аннотация

Метабелгіленім – ғылыми-зерттеу жұмыстарында белгілі бір кезеңге, стильге, авторға, тақырыпқа т.б. қатысты материалдар жинаудың таптырмас дереккөзі. Метабелгіленім ішкорпусты құру үшін корпуста қолданушыға мәтіндерді іздеуге, таңдауға мүмкіндік береді. Мақалада ұлттық корпустың құрамындағы мәтіндерді металингвистикалық белгілеу мәселесі қарастырылған. Ұсынылған қазақ мәтіндерінің метабелгіленім жүйелері сипатталған.

53-59 178
Аннотация

Мақалада ескі қазақ кітаби лексикасы сөздігіне лексикографиялық талдау жасалынған. Тарихи бағдарлы сөздіктің құрылымдық-типологиялық, жанрлық жіктемесі берілген. Тарихи, ұлттық, тілдік саналардың сөздік жасаудағы маңызына тоқталады. Сөздіктің макроқұрылымы және микроқұрылымы қарастырылды. Лексикограф – ұжымдық тарихи білімді жеткізуші кәсіби маман екендігіне айтлады. «Сөздік – оқырман» коммуникациясының сөздік жасаудағы басты талаптардың бірі ретінде қарастырылу қажеттігі айтылды.
Тіл – көне құбылыс, тарихи категория. Қазақ тілінің тілдік мұрасы, сөз байлығы бізге жазба ескерткіштер, халықтың ауыз әдебиеті мен ауызекі сөйлеу тілі арқылы жетті. Осы ескі тіл бірліктерді, көне формаларды сөздікте мүмкіндігінше семантикасын дәл тауып көрсете білу сөздікті құрастырушылардың алға қойған зор міндеті.



ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)