Preview

TILTANYM

Кеңейтілген іздеу

Жартылай автоматты метамәтіндік белгіленімдер енгізу бағдарламасының жұмыс істеу технологиясы

Толық мәтін:

Аннотация

   А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Қолданбалы лингвистика бөлімі 2009 жылдан бастап «Қазақ тілінің ұлттық корпусын» жасау мәселесімен айналысып келеді. Бұл ретте қазақ тілінің 5 стилі бойынша бірнеше миллион сөзқолданыстан тұратын мәтіндер корпусқа салынып, әртүрлі лингвистикалық және экстралингвистикалық белгіленімдер әзірлемесі дайындалды. Корпусқа енгізілетін мәтіндер туралы ең бірінші экстралингвистикалық белгіленім қою қажет. Өйткені пайдалануға ең алдымен іздеген материалының авторы, қандай мәтін екені туралы ақпарат қажет. Мұндай ақпараттарды метамәтіндік белгіленім деп атайды.
   Мақалада А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Қолданбалы лингвистика бөлімінде жасалған мәтіндер корпусына енгізілген 23 параметрден тұратын метамәтіндік белгіленімдер туралы баяндалады. Метамәтіндік белгіленімдердің түрлеріне арналғаннұсқаулықтар көрсетіледі. Сонымен қатар мақалада метамәтіндік белгіленімге енгізу бағдарламасының жұмыс істеу технологиясы сипатталады және корпусқа енгізілгеннен кейінгі метамәтіндік белгіленім терезесі көрсетіледі.

Авторлар туралы

А. Ә. Жаңабекова
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
Қазақстан

бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы

қолданбалы лингвистика бөлімінің

Алматы



А. Қожахметова
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
Қазақстан

лаборанты, магистр

қолданбалы лингвистика бөлімінің

Алматы



Әдебиет тізімі

1. Сиразитдинов З. А. Информационные системы и базы данных башкирского языка / З. А. Сиразитдинов [и др.] – Уфа: Книжная палата РБ, 2013. – 116 с.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Жаңабекова А.Ә., Қожахметова А. Жартылай автоматты метамәтіндік белгіленімдер енгізу бағдарламасының жұмыс істеу технологиясы. TILTANYM. 2018;(4):57-71.

For citation:


Zhanabekova A.A., Kozhakhmetova A. Technology of work of the program of introduction of semi-automatic meta-layout. Tiltanym. 2018;(4):57-71. (In Kazakh)

Қараулар: 142


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)