Preview

TILTANYM

Кеңейтілген іздеу

ҚАЗІРГІ ГАЗЕТ МӘТІНДЕРІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2021-4-70-80

Толық мәтін:

Аннотация

Тіл – үнемі өзгеріп, дамып, толығып отыратын қоғамдық құбылыс. Қоғамда болып жатқан өзгеріс, жаңалықтардың бәрі тіл арқылы таңбаланып өмірге еніп жатады. Өмірге келіп жатқан жаңа тілдік қолданыстардың айналымға еніп, қалыптасып тұрақталуында баспасөздің атқаратын қызметі ерекше. Еліміздің егемендік алып, тәуелсіздік тұғырына көтерілуі, тіліміздің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуы қазақ баспасөзінің де жаңа арнаға түсіп, жаңаша дамуына алып келді. Баспасөз дамуындағы жаңалықты сөз ізденістерді тап басып көрсете білу үшін алдымен, әрине, оның тілін жүйелі түрде зерттей, зерделей түсуіміз керек.

Мақалада жоғарыда айтылған жайттар ескеріле отырып, қазақ әдеби тілін қалыптастырып, дамытудағы баспасөз, баспасөз тілі еліміз егемендік алғаннан бергі жаңа кезең тұрғысынан қарастырылып, мұнда, әсіресе, фразеологияның баспасөздегі қолданысына бұрын айтылған теориялық ой-пікірлер мен жиналған материалдарға талдау жасалынып, зерттеу жүргізіледі. «Жас Алаш», «Оңтүстік Қазақстан» газеттеріндегі фразеологизмдер жиналып, олардың қолданыс ерекшелігі мен окказионалдық түрлері анықталды. Аталған газеттердің 2010 жылдан бері шыққан саны мақаламызға дереккөз ретінде алынды. Қазіргі газет мәтіндеріндегі фразеологизмдердің тақырыптық топтары анықталды. Атап айтқанда, жұмыссыздық, дағдарыс, білім, сайлау мәселелеріне қатысты фразеологизмдер жинақталып, сара-ланды. Газет мәтіндеріндегі фразеологизмдердің аймақтық қолданысқа қатысты ерек-шеліктері де мақала мәтінінде талданды. Қазіргі баспасөздегі фразеологизмдердің қолданысына қатысты зерттеулерге сүйене отырып, ғылыми тұжырымдар ұсынылды.

Мақала «Жазба мұра және мәтінталдау: ХХ ғасыр басы публицистикасындағы орфограмма, сөзжасам мен көркем мәтін лингвопоэтикасы» атты гранттық қаржы- ландыру бойынша зерттеу жобасының негізінде жазылды.

Автор туралы

Т. Б. Рамазанов
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Қазақстан

Алматы



Әдебиет тізімі

1. Momynova B. (1999) Gazet leksıkasy: júıesi men qurylymy [Newspaper vocabulary: system and structure] (Kazakhstan, Almaty Arys. 228 p. (In Kazakh).

2. Aıtbaev Ó. (1975) Aýdarmadaǵy frazeologıalyq qubylys [Phraseological phenomenon in translation] (Almaty: Science,. 228 p.) (In Kazakh).

3. Balaqaev M., Janpeıisov E., Tomanov M., Manasbaev M. Qazaq tiliniń stılıstıkasy [Stylistics of the Kazakh language] (Almaty, 1974. 449 p.) (In Kazakh).

4. Syzdyq R. (1997) Sóz qudireti [The power of words] (Almaty: Sanat. 224 p.) (In Kazakh).

5. Smaǵulova G. (1996) Frazeologızmderdiń varıanttylyǵy [Variation of phraseology] (Almaty: Sanat. 128 p.) (In Kazakh).

6. Qazaqstan jaŋa jahandyq naqty ahualda: ösu, reformalar, damu: Qazaqstannyŋ daǧdarysqa qarsy mümkındıkterı [kazakhstan in a new global reality: growth, reforms, development: Anticrisis opportunities of Kazakhstan] 2015. Available at: http://www.akorda.kz (30.11.2015)

7. Qazaq tiliniń túsindirme sózdigi (2008) / Jalpy redaksıasyn basqarǵan T.Januzaqov [Explanatory dictionary of the Kazakh language] (Almaty: Dyke Press. 968 p.) (In Kazakh).


Қосымша файлдар

Рецензия

Дәйектеу үшін:


Рамазанов Т.Б. ҚАЗІРГІ ГАЗЕТ МӘТІНДЕРІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. TILTANYM. 2021;(4):72-82. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2021-4-70-80

For citation:


Ramazanov T.B. FEATURES OF USAGE OF PHRASEOLOGICAL UNITS IN MODERN NEWSPAPER TEXTS. Tiltanym. 2021;(4):72-82. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2021-4-70-80

Қараулар: 519


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)