Preview

ЛАТЫН ӘЛІПБИІМЕН ТАҢБАЛАНҒАН ҚАЗАҚ ОНОМАСТИКАСЫ (1931 және 1940 жылдарға шегініс)

Толық мәтін:

Аннотация

Қазақ есімдері мен жер-су аттарының қазақ әдеби тіл нормасына сай дұрыс жазылуы, таңбалануы, басқа тілдерге (орыс, ағылшын тілдеріне) дұрыс транслитерациялануы – күн тәртібіндегі мәселелердің бірі. Қазақ ономастикасы – өткен күн мен болашақтың жүгін арқалап келе жатқан сала. Қазақ кісі есімдері мен тарихи қалыптасқан жер-су аттары, аспан денелері аттары, т.б. ғасырлар бойы өз бойында тарихи-мәдени ақпараттарды сақтап келеді. Қазақ ономастикасы – қазақ халқының танымындағы, тұрмыс-тіршілігіндегі ғасырлар бойы жинақталған білімдер жүйесін сақтап келе жатқан ұлттық құндылықтарымыздың бірі. Осы құндылықтарымызды сақтап қалу, әрі қарай жалғастырудың кепілі – қазақ есімдерін, кісі аттарын, жер-су аттарын қазақ тілінің нормасына, емле ережелеріне сай дұрыс жазу, таңбалау. Қазақ кісі аттарын, жер-су аттарын дұрыс жазуда қазақ әдеби тілінің нормасы, емле ережелері басшылыққа алынады.

Мақалада 1931 және 1940 жж. мерзімді басылымдардағы латын әліпбиімен жазылған қазақ антропонимдері мен топонимдерінің таңбалануы мәселесіне (тыныс белгілері, бас әріп және т.б.) талдау жасалады.

Автор туралы

А. Д. Серікбаева
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
Қазақстан

Кіші ғылыми қызметкері



Әдебиет тізімі

1. Сыздық Р. Тілдік норма және оның қалыптануы (кодификациясы). Көптомдық шығармалар жинағы. – Алматы: Ел-Шежіре, 2014. 15 б.

2. Аманжолов С. Тіл және жазу. Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2005. – 404 б.

3. Сыздық Р. «Байтұрсынов жазуы» және емле ереже тарихы [электрон. ресурс] http://adebiportal.kz/bayt-rsynov-zhazuy. (жүгіну уақыты: 3.10.2015)


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Серікбаева А.Д. ЛАТЫН ӘЛІПБИІМЕН ТАҢБАЛАНҒАН ҚАЗАҚ ОНОМАСТИКАСЫ (1931 және 1940 жылдарға шегініс). TILTANYM. 2015;(3):140-146.

For citation:


Serikbaeva A.D. DESIGNATIONS OF KAZAKH ONOMASTICS IN LATIN GRAPHICS (1931-1940). Tiltanym. 2015;(3):140-146. (In Kazakh)

Қараулар: 212


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)