Preview

ҚАЗАҚ ОРФОЭПИЯСЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

Толық мәтін:

Аннотация

Қазіргі таңда орфоэпия саласы кенже қалып отырған салалардың бірі десе болады. Себебі орфоэпия мәселесі балабақшада, мектепте, одан бері жоғары оқу орындарырының филология факультеттерінде оқыту жағы ақсап тұр. Осымен байланысты Н.Уәли орфографиялық ережелермен қатар орфоэпиялық ережелерді ден қойып оқытпаудың салдарынан әдеби тілдің дыбыстау нормасынан уәжсіз ауытқулардың болатынын айтып өтсе, С.Мырзабеков сөздерді айтудағы кемшіліктер негізінен тілдің ауызша және жазбаша формаларының арақатынасын парықтамаудан, орфоэпия туралы үгіт-насихаттың жеткіліксіз жүргізілуінен болып отыр дейді. Ал ауызша сөз бен жазба сөздің өзіне тән жүйесі бар. Жазылған мәтінді оқыған кезде ауызша сөздің нормасына салуымыз қажет. Орфоэпия не үшін қажет дейтін болсақ. Мындай негіздер келіп шығады. Сөздердің бірізді айтылуы тілдік қатынасты жеңілдетеді; дыбысталған сөздің өзіндік үйлесімі, ырғағы, әуені, әуезі сақталған жағдайда тыңдаушыға жағымды әрі түсінікті болады; қатаңдарды ұяңдатып, сөз аралығындағы дыбыстарды үйлесітіріп айтудың өзіндік мәнін реттейді.
Мақалада қазақ орфоэпиясының кейбір мәселелері сөз болады. Себебі орфоэпиямен қатысты сөздіктер, анықтағыштар, зерттеулер жарық көргенімен, күнделікті қарым-қатынаста сөздер ауызша тілдің жүйесіне салынып айтылмайды. Басқаша айтқанда қазақ тіліне тән дыбыстық ерекшеліктер, үйлесімділік сақталмайды, қайта керісінше сөздер қалай жазылса солай айтылатын болды. Бұл мәселе әсіресе қандай дыбыстарды айтуда көрініп отырды. Дауысты еріндік дыбыстардың әсерінен келесі буындағы езуліктердің еріндікпен айтылуы ескерілмей, қалай жазылса солай айтылып отыр. Сол сияқты дауыссыз дыбыстардың орфоэпиясында қатаңдардың ұяңданып айтылу нормасы жастардың тілінде бұзылып, ауызша кодтың жүйесі сақталмай отыр. Нақты айтқанда, ауызша кодтың өзіне тән жүйесі бар да және жазбаша кодтың өзіне тән жүйесі бар деген қағида өз деңгейінде сақталмай отыр.

Автор туралы

Ж. Т. Жұмабаева
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының
Қазақстан

жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты

Алматы қаласы



Әдебиет тізімі

1. Уәли Н. Графика, орфография, орфоэпия. Алматы, 2018 ж. 250 б.

2. Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы. Алматы, 2013 ж. 136 б.

3. Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы. Алматы, 2016 ж. 480 б.

4. Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992 ж. 448 б.

5. Шонанұлы Т. Шығармалары. 2-том. Алматы, 2013ж.

6. Дүйсебаева М. Қазақ тілінің қысқаша орфоэпиялық сөздігі. Алматы, 1981ж. 126 б.

7. Кеңесбаев І. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1962 ж. 233 б.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Жұмабаева Ж.Т. ҚАЗАҚ ОРФОЭПИЯСЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ. TILTANYM. 2020;(2):31-35.

For citation:


Zhumabayeva Zh.T. SOME PROBLEMS OF KAZAKH ORTHOEPY. Tiltanym. 2020;(2):31-35. (In Kazakh)

Қараулар: 244


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)