Preview

TILTANYM

Кеңейтілген іздеу

Кирилл қарпіндегі мәтіндерді латын графикасына көшірудегі емле ережелері және программалық қамтамасыз ету әзірлемесі

Толық мәтін:

Аннотация

   Жазу реформасын жүзеге асыруда әртүрлі әлеуметтік көзқарас туғызып жүрген күрделі мәселелердің бірі – кирилл қарпінде жазылған жазба әдебиеттерімізді жоғалтып аламыз ба деген қауіп. Қазіргі компьютерлік техниканың дамыған заманында бұл мәселенің шешімін табу көп қиындыққа түспейтіні белгілі. Электронды нұсқада әдебиеттерді, жазба мұраларымызды сақтап қалуға мүмкіндік әбден бар. Мұны автоматты аударым жасау ісі деп атайды. Мұндай амал-әрекетті жүзеге асырушы бағдарламаны «конвертер» деп атайды. Мәтіндерді автоматты аударма жасау үшін, сөздердің емлесі программа үшін аса қажет. Мақала кирилл қарпінен латын графикасына аударым жасатын компьютерлік бағдарлама жұмысына арналған.
   Қолданбалы лингвистика бөлімі әліпби бекіту процесі кезеңінде әр жылдары әліпби нұсқаларына сәйкес конвертерларды жасап отырды. 2017 жылы апострофпен жасалған компьютерлік бағдарламаны, 2018-де соңғы акутқа негізделген жаңа әліпбимен қайта жасады. Бұл орайда конвертер жасаушы бағдарламашыға тілшілер тарыпынан лингвистикалық нұсқаулық (программаға арналған емле) дайындалады. Мақалада осы лингвистикалық нұсқаулық пен конвертор жұмысына сипаттама беріледі.

Авторлар туралы

А. Ә. Жаңабекова
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
Қазақстан

меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы

қолданбалы тіл білімі бөлімі

Алматы



Қ. Қойбағаров
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
Қазақстан

программисі

қолданбалы лингвистика бөлімінің

Алматы



Әдебиет тізімі

1. . Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері. – Астана, 2018.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Жаңабекова А.Ә., Қойбағаров Қ. Кирилл қарпіндегі мәтіндерді латын графикасына көшірудегі емле ережелері және программалық қамтамасыз ету әзірлемесі. TILTANYM. 2018;(1):22-29.

For citation:


Zhanabekova A.A., Koibagarov K. Rules for the translation of cyrillic texts into Latin graphics and software development. Tiltanym. 2018;(1):22-29. (In Kazakh)

Қараулар: 155


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)