Байтұрсынұлының «Маса» жинағы қолжазбасының деректанулық және құрылымдық сипаттамасы
https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-1-90-101
Аңдатпа
Мақалада А. Байтұрсынұлының «Маса» жинағының қолжазба нұсқасына ғылыми сипаттама беріледі. Ұлт ұстазы, ағартушы, реформатор әрі сан қырлы ғалым Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларының баспа түріндегі нұсқалары ғылымға кеңінен белгілі болғанымен, ғалымның қолжазба мұралары бүгінге толық күйінде жетпеген. Осы тұрғыдан алғанда, «Маса» жинағының бұрын ғылыми айналымға толыққанды енгізілмеген, тек жекелеген мәліметтер арқылы ғана белгілі болып келген қолжазба нұсқасының сақталуы ерекше мәнге ие. Мақалада алғаш рет аталмыш қолжазбаның кешенді түрде ғылыми сипаттамасы жасалып, оның құрылымы, мәтіндік ерекшеліктері, автордың редакторлық қырлары мен авторлық қолтаңба белгілері жан-жақты талданады. Қолжазба материалдарының ғылыми айналымға енгізілуі Ахмет Байтұрсынұлы шығармашылығының текстологиялық табиғатын тереңірек ашуға, «Маса» жинағының қалыптасу тарихын нақтылауға және автордың шығармашылық эволюциясын жаңа қырынан пайымдауға мүмкіндік береді. Теориялық тұрғыдан бұл зерттеудің ғылыми құндылығы бірнеше аспектіде көрініс табады. Біріншіден, әдебиеттанудағы Алаш мұраларын жүйелеу мен түгендеуге үлес қосады. Екіншіден, ахметтану саласында бұрын белгісіз болып келген маңызды деректерді анықтап, ғалым мұрасының корпусын толықтыра түседі. Үшіншіден, қазақ қолжазбатану және мәтінтану ғылымдары үшін сирек кездесетін түпнұсқа материал негізінде мәтіндік салыстырулар жүргізуге, мәтіннің генезисін зерттеуге мүмкіндік береді. Практикалық тұрғыдан мақала ғылыми айналымға алғаш рет ұсынылып отырған «Маса» жинағының қолжазбасын жан-жақты талдау арқылы А. Байтұрсынұлы шығармашылығына қатысты тың деректерді жүйелеп, түркітану, алаштану, ахметтану және қазақ мәтінтану ғылымдары үшін мән-маңызы жоғары жаңа ғылыми нәтиже береді.
Тірек сөздер
Авторлар туралы
Ә. АхметРесей
Әділет Ахмет, докторант
Алматы қ.
Р. А. Авакова
Қазақстан
Раушангүл Амирдиновна Авакова, филология ғылымдарының докторы, профессор
Алматы қ.
И. Мирзаев
Өзбекстан
Ибодулла Мирзаев, филология ғылымдарының докторы, профессор
Самарқанд қ.
Әдебиет тізімі
1. Ахмет Ә. Ахаңның белгісіз һәм белгілі еңбегі жайында // Ақиқат. – 28.09.2023.
2. Ахмет Ә. Қошке Кемеңгерұлының «Алтын сақина» шығармасының (қолжазба) деректанулық және құрылымдық сипаттамасы // Ә. Қайдар 100 жыл: «Мәдениет – өркениет – жаһаният контесіндегі гуманитарлық ғылым: тіл, этнос, қоғам» атты халықаралық конгресс жинағы. – Алматы, 2024а. – 778-785-бб.
3. Ахмет Ә. Жәдігерлерді оқу бақыты бізге бұйырды // «Ана тілі» газеті. – 10.10.2024b.
4. Ахмет Ә. «Шора» журналы және қазақтың он ақыны // «Qazaqstan tarihy» порталы, 2024c. https://ehistory.kz/kz/news/show/339833
5. Әбсеметов М. Ахаңның ақ жолы. – Алматы: Рауан, 1990.
6. Әнес Ғ. Ағартушы. – Алматы: Арыс, 2025.
7. Байтұрсынұлы А. (1911) Маса (қолжазба) // ҚР Ұлттық кітапханасы, №215 РК.
8. Имаханбет Р. Ұлттық мұра және қолжазбаларды зерттеу дәстүрі // Еуразия гуманитарлық зерттеулер журналы. – 2020. – 12(4). – 78-85-бб.
9. Кегенбекова А. Ахмет Байтұрсынұлының тілтанымдық мұрасы // Тілтаным, №3. – 2020.
10. Қосан С. «Китаб Тасдиқ» және оның текстологиясы (Абайдың қара сөздері хақында) // https://syrboyi.kz/adebiet/kitab-tasdiq-zhaene-onyng-tekstologijasy-abajdyng-qara-soezderi-haqynda-44626/?utm_source=chatgpt.com
11. Оразаев Ф. Қазақ әдебиеті тарихының очерктері. – Алматы: Ғылым, 1988.
12. Салғарин Қ. Қазақ қолжазбалары мен мәтінтанудың өзекті мәселелері // «Қазақ әдебиеті және мәдениеттану» журналы. – 2018. – 3(2). – 45-53-бб.
13. Сыздықова Р. Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ әдеби тілі. – Алматы: Ана тілі, 1998. «Шора» журналы. – 1912. – №5. – 146 б.
14. Benjamin, W. The work of art in the age of its technological reproducibility, and other writings on media (M. W. Jennings, B. Doherty, & T. Y. Levin, Eds.). Harvard University Press, 2008.
15. Biray, N. Ahmet Baytursınulı’nın Türk Dünyasındaki Aydınlanmacı Rolü. Ankara: Türk Kültür Araştırmaları Dergisi, 2020.
16. Chartier, R. The order of books: Readers, authors, and libraries in Europe between the fourteenth and eighteenth centuries. Stanford University Press, 1994.
17. Kabadayı, O. The place of Akhmet Baıtursınov in Turcology and studies on Akhmet Baitursynov. // Journal of Oriental Studies (Bulletin of Orientalism). 2022. Vol. 100. No. 1. Pp. 111-120.
18. McGann, J. The textual condition. Princeton University Press, 1991 .
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Ахмет Ә., Авакова Р.А., Мирзаев И. Байтұрсынұлының «Маса» жинағы қолжазбасының деректанулық және құрылымдық сипаттамасы. TILTANYM. 2026;(1):90-101. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-1-90-101
For citation:
Akhmet A., Avakova R., Mirzayev I. A Source-Critical and Structural Analysis of the Manuscript of Akhmet Baitursynuly’s Poetry Collection “Masa”. Tiltanym. 2026;(1):90-101. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-1-90-101
JATS XML










