Preview

TILTANYM

Кеңейтілген іздеу

Төрт, он, қырық сандарына байланысты ежелгі халықтық дүниетаным және оның тілдегі көрінісі

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-1-35-45

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақалада түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының дүниетанымындағы киелі «төрт», «он», «қырық» сандарының тілдегі, фразеологиядағы, салт-дәстүрдегі, мифологиялық және тарихи санасында сақталған көріністері кешенді түрде талданады. Бұл сандардың бастапқыда тек сандық мәнді ғана емес, кеңістік пен уақыт тұтастығын, көптік пен толықтықты, кемелдік пен шексіздікті білдіретін мәдени-семантикалық код ретінде қалыптасқаны тілдік және тарихи деректер негізінде дәлелденеді. Зерттеу барысында «төрт» санының дүниенің төрт бағытына негізделген көне кеңістік моделін, «он» санының саусақпен санауға байланысты ең жоғарғы мөлшер ретінде орныққанын, ал «қырық» санының осы екі ұғымның синтезі ретінде көптік пен киеліліктің көрсеткішіне айналғаны айқындалады. Мақалада фразеологиялық бірліктер, мақал-мәтелдер, этнонимдер, топонимдер, тарихи жазба ескерткіштер, ауыз әдебиеті үлгілері мен этнографиялық деректер кеңінен тартылып, киелі сандардың халықтың дүниетанымы мен әлеуметтік тәжірибесінің тілдегі көрінісі екені көрсетіледі. Сонымен қатар «қырық» санының киелілік мәнінің қалыптасуы төрттік кеңістік таным мен ондық санау жүйесінің тоғысуынан туындағаны туралы жаңа тұжырым ұсынылады. Зерттеу нәтижелері киелі сандардың тек сандық категория емес, этномәдени ақпаратты сақтаушы, ұлттық дүниетанымды бейнелейтін когнитивтік-мәдени құбылыс екенін айқындайды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы – «төрт», «он», «қырық» сандарының семантикалық эволюциясын өзара байланыста қарастырып, «қырық» санының көптік әрі киелілік мәнінің шығу тегін төрттік кеңістік моделі мен ондық санау жүйесі арқылы түсіндіруінде. Алынған нәтижелер қазақ тіл біліміндегі лингвомәдениеттану, этнолингвистика және «Қазақ тілінің ұлттық корпусын» мазмұндық тұрғыдан толықтыру бағытында маңызды дереккөз бола алады. 

Авторлар туралы

Қ. Ғабитханұлы
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
Қазақстан

Қайрат Ғабитханұлы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Алматы қ.



К. К. Рысберген
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
Қазақстан

Қыздархан Құрмашқызы Рысберген, филология ғылымдарының докторы, профессор

Алматы қ.



Г. Ж. Бүркітбаева
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
Қазақстан

Гаухар Жансапқызы Бүркітбаева, филология ғылымдарының кандидаты

Алматы қ.



Әдебиет тізімі

1. ЖТҚҚД: Жуңго тарихнамаларындағы қазаққа қатысты деректер. – 1-том. – Бейжің: Ұлттар баспасы, 1998.

2. Зәкенұлы Т. Біріккен түркі қағанаты және «ұйғыр» этнонимі. – Журнал: Вестник КАСУ. – №4. – 2009. https://www.vestnik-kafu.info/journal/20/838/ ).

3. Кеңесбаев І. Жеті, үш, тоғыз, қырықпен байланысты ұғымдар // Қазақ ССР ҒА хабарлары. Филология сериясы. №4/26/. – Алматы, 1946. – 3-14-бб.

4. Кеңесбаев І. Фразеологиялық сөздік. – Алматы: Арыс, 2007. – 800 б.

5. Қадырғали Жалайыр. Шежірелер жинағы. – Алматы: Қазақстан, 1997. – 128 б. (https://on.kz/shezhire/sezireoimauyt-pen-bogezil-ruy-56854/).

6. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі [Мәтін] : энциклопедия; ғыл. ред. Н. Әлімбай; мәтінд. дайынд. Ж. Бабақұлы. – Алматы: Әлем. Даму. Интеграция, 2017.

7. Қайдар Ә. Қазақтар ана тілі әлемінде (этнолингвистикалық сөздік). – Алматы: Сардар, 2013. – 867 б.

8. Қайдаров Ә. және басқалар. Түр-түстердің тілдегі көріністері. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 158 б.

9. Қашқари М. Диуани Лұғат ат-Түрк. – Алматы: Хант, 1997.

10. Құмарұлы Я. Қазақтың шежіре мәдениеті. – Үрімжі: Шынжаң халық баспасы, 2014. – 133-169-бб.

11. Қыраубаева А. Ежелгі дәуір әдебиеті. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 280 б.

12. Марғұлан Ә. Х. Шығармалары. / Ә. Х. Марғұлан. 3-том. – Алматы: Алатау, 2007. – 488 б.

13. Султанов А.Т. О терминах Ак Орда, Көк Орда и Иуз Орда. // Известия АН Каз ССР. Серия общ. наук, 1972. – Вып. 3. – С. 71-74.

14. Сүлейменов О. АЗ и Я. – Алматы: Еңбек, 1992. – 229 б.

15. Тизенгаузен В.Г. Сборник материалов, относящихся к истории Золотой Орды. – Т. 1. Извлечения из сочинений арабских. – СПб., 1884. – 563 с.

16. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. – Алматы: Мектеп, 1988. – 200 б.

17. Ысқақов М. Ғылым және соқыр сенімдер. – Алматы: Қазақстан, 1965. – 171 б.

18. 额尔敦巴根:满蒙语数词的比较 (http://www.360doc.com/content/21/0424/00/31873237_973837770.shtml)


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Ғабитханұлы Қ., Рысберген К.К., Бүркітбаева Г.Ж. Төрт, он, қырық сандарына байланысты ежелгі халықтық дүниетаным және оның тілдегі көрінісі. TILTANYM. 2026;(1):35-45. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-1-35-45

For citation:


Gabitkhanuly K., Rysbergen K., Burkitbayeva G. Linguistic Representation of the Numbers Four, Ten and Forty in the Ancient Folk Worldview. Tiltanym. 2026;(1):35-45. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-1-35-45

Қараулар: 199

JATS XML


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)