Preview

TILTANYM

Кеңейтілген іздеу

Медицина терминжүйесіндегі қазақыландыру үдерістері: сүйек-буын атауларының кодификациясы

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2025-4-145-165

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мемлекеттік тілдің ғылым мен кәсіби салалардағы қолданысын кеңейту және нығайту – еліміздегі тіл саясаты мен ұлттық даму стратегиясының басым бағыттарының бірі. Осыған байланысты қазақ тілінің ғылым тілі ретіндегі мәртебесін арттыру үдерісінде салалық терминологияны, соның ішінде медицина терминжүйесін ұлттық тілдік нормаларға бейімдеу аса өзекті. Сүйек-буын атауларының терминдік табиғатын зерттеу медицина саласындағы ұлттық терминологияның іргелі лексикалық қабатын анықтауға, құрылымдауға және жүйелеуге мүмкіндік береді. Сүйек-буын атаулары анатомиялық терминологияның құрылымдық өзегі ретінде медициналық диагноздардың, ауру атауларының және клиникалық дискурстың негізін құрайды. Бұл атауларды қазақ тілінде біріздендіру, кодификациялау және лексикографиялау – медициналық білім беру, аударма, денсаулық сақтау жүйесінде қазақ тілінің толыққанды қолданысын қамтамасыз ететін маңызды қадам. Сүйек-буын атаулары қазақ тілінің байырғы сөздік қорына тиесілі, этнолингвистикалық және фразеологиялық өрісте жиі қолданылатын бірліктер екеніне қарамастан, қазіргі салалық оқулықтардағы, сөздіктер мен анықтамалықтардағы, ең бастысы клиникалық дискурстағы сүйек-буын атауларының қолданысы әркелкі сипатқа ие. Қазақ халқының дәстүрлі медицинасында, ұлттық танымында және құндылықтар жүйесінде қалыптасқан сүйек-буын атаулары тарихи, тілдік және мәдени негізге ие. Осы атауларды ұлттық терминжүйенің құрамдас бөлігі ретінде қарастыру ғылыми-практикалық тұрғыдан аса маңызды. Мақалада медицина терминжүйесін қазақыландыру үдерістерінің тілтанымдық негізі қарастырылады. Зерттеу нысаны ретінде сүйек-буын атауларын зерттеудің өзектілігі дәйектеліп, олардың қазақ тіліндегі баламаларының кодификациялану деңгейі, терминжасам үлгілері және лексикографиялану жай-күйі талданады.

Авторлар туралы

К. С. Алдашева
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Қазақстан

Камар Сагингалиевна Алдашева, автор-корреспондент, философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, постдокторант

Алматы қ.



Ж. Е. Есполова
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Қазақстан

Жанар Еркиновна Есполова, докторант

Алматы қ.



А. М. Досанова
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Қазақстан

Альбина Маратхановна Досанова, 3философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор

Алматы қ.



Әдебиет тізімі

1. АХЖ-11 өлім мен сырқаттанушылық статистикасы [Электронды ресурс]. – URL: https://icd.who.int/browse/2025-01/mms/kk (Пайдаланылған күні: 23.08.2025) https://www.termincom.kz/articles/?id=75. (Пайдаланылған күні: 23.08.2025)

2. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы (қазақ тілі мен оқу-ағартуға қатысты еңбектері). – Алматы: Ана тілі, 1992. – 448 б.

3. Бисенғали А.З., Исалиева А.А. Түркі тілдеріне ортақ терминологиялық қор қалыптастыру: ортақ терминжасам тәсілдері мен тетіктері. Tiltanym, 2025. No3 (99). 122-136-бб. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2025-3-122-136

4. Досмұхамедұлы Х. Таңдамалы. – Алматы: Ана тілі, 1998. – 384 б. Жалғас Х. Қазақ тілінде медицина терминдерінің сөздігі шығуы мүмкін [Электронды ресурс]. – URL: https://inbusiness.kz/kz/news/kazak-tilinde-medicina-terminderinin-sozdigi-shyguy-mumkin (Пайдаланылған күні: 23.08.2025)

5. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: «Атамұра», 2010. – 608 б.

6. Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 1-15 томдар. / Құраст. А.Фазылжанова, Н.Оңғарбаева, Қ.Ғабитханұлы және т.б. – Алматы, 2011.

7. Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002. – 784 б.

8. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі: 49 000 сөз. Қазақ ССР Ғылым акад. Тіл білімі институты. – Алматы: Қазақстан, 1988. – 400 б.

9. Қазақ тілінің ұлттық корпусы [Электронный ресурс]. – URL: https://qazcorpus.kz (Дата использования: 23.08.2025)

10. Қазақстан Республикасында травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 27 қазандағы №156 бұйрығы. [Электронды ресурс]. – URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200026488 (Пайдаланылған күні: 23.08.2025)

11. Қазақстанда жастар арасында жиі кездесетін 6 ауру қандай? [Электронды ресурс]. – URL: https://abai.kz/post/201638 (Пайдаланылған күні: 23.08.2025)

12. Қазақстанда зейнеткерлер арасында жиі кездесетін 6 ауру қандай? [Электронды ресурс]. – URL: https://baq.kz/qazaqstanda-zeynetkerler-arasynda-zhii-kezdesetin-6-auru-qanday-200017733/ (Пайдаланылған күні: 23.08.2025)

13. Қалиұлы Ш. https://anatili. «Шипагерлік баянның» берері мол [Электронды ресурс]. – URL: kazgazeta.kz/news/57963?utm_source=chatgpt.com (Пайдаланылған күні: 23.08.2025)

14. Құрманбайұлы Ш. Қазіргі қазақ терминологиясының өзекті мәселелері. // Жинақта: «Терминологиялық хабаршы. No1 (56). – Астана, 2019. – Б. 90-94.

15. Медицина терминдерінің орысша-қазақша сөздігі. / М.Исамбаев, Ш.Сарсенова. – Алматы: Казахстан, 1982. – 406 б.

16. Орфографиялық сөздік. / Алтыншы басылым. Құраст.: Н.Уәли, Қ.Күдеринова, А.Фазылжанова, Ж.Исаева, Н.Әміржанова, А.Әмірбекова. – Алматы: «Дәуір» баспасы, 2013. – 720 б.

17. Орысша-қазақша ветеринарлық сөздік. / Джанабеков К., Джанабекова Г.К. – Алматы, «Сөздік-Словарь», 2013. - 288 б.

18. Отарғалиева Ш. Медицина терминдері қалай аударылып жүр? [Электронды ресурс]. – URL: https://anatili.kazgazeta.kz/news/16624 (Пайдаланылған күні: 23.08.2025)

19. Русско-казахский терминологический словарь «Медицина» [Электронный ресурс]. – URL: https://1513.slovaronline.com (Дата использования: 23.08.2025)

20. Скелет // Википедия. [Электронный ресурс]. – URL: https://ru.wikipedia.org/wiki/Скелет (Дата использования: 23.08.2025)

21. Сот-медициналық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу тәртібі туралы нұсқаулық. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 20 мамырдағы №368 Бұйрығы. [Электронды ресурс]. – URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V100006305_ (Пайдаланылған күні: 23.08.2025)

22. Сыздық Р. Тілдік норма және оның қалыптануы (кодификациясы). – Астана: Елорда, 2001. – 230 б.

23. Травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы қағида. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 6 маусымдағы №352 Бұйрығы. [Электронды ресурс]. – URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1100007024 (Пайдаланылған күні: 23.08.2025)

24. Физиология терминдерінің түсіндірме сөздігі. / Несіпбаев Т. 2-басылым. – Алматы: «Агроуниверситет» баспасы, 2004. – 226 б.

25. Хасанғалиева Б. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі медицина (офтальмология) терминдерін когнитивтік-фреймдік зерттеу бағыты: Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация (8D02304 – Филология). – Ақтөбе, 2025. – 147 б.

26. Цитология, гистология, эмбриология терминдерінің түсіндірме сөздігі. / Сапаров Қ.Ә., Базарбаева Ж.М., Абдуллаева Б.А. Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2012. – 454 б.

27. Akbarkhadjaeva, F. The nature of medical terminology. // Theoretical & Applied Science. 2020. No. 86. P. 432-434. https://doi.org/10.15863/tas.2020.06.86.80.

28. Chmielewski, P. Anatomical and medical terminology: new challenges and perspectives. // Medical Journal of Cell Biology. 2022. V. 10. P. 102-107. https://doi.org/10.2478/acb-2022-0016.

29. Derev`janchenko, N., Lytovska, O., Djurba, D., Leshchyna, I. Impact of medical terminology on patients' comprehension of healthcare. // Georgian Medical News. 2018. No. 284. P. 159-163.

30. Dorland’s illustrated medical dictionary. 33th ed. Philadelphia: Elsevier Saunders, 2020. 2144 p. https://doi.org/10.1001/jama.1988.03410190179046

31. Federative Committee on Anatomical Terminology [Electronic Resource]. – URL: https://ifaa.net/committees/anatomical-terminology-fipat/fipat-about/ (Date of use: 21.08.2025)

32. Sadigova, N., Aliyeva, S. Methods of terms formation in nuclear medicine. // Open Research Europe. 2025. V. 5. https://doi.org/10.12688/openreseurope.18941.1.

33. Stedman’s medical dictionary for the health professions and nursing. 5th ed. Philadelphia: Lippincott Williams & Wilkins, 2005. 1942 p. https://doi.org/10.7326/0003-4819-66-6-1305_1

34. Termincom.kz [Электронды ресурс]. – URL: www.termincom.kz (Пайдаланылған күні: 23.08.2025)


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Алдашева К.С., Есполова Ж.Е., Досанова А.М. Медицина терминжүйесіндегі қазақыландыру үдерістері: сүйек-буын атауларының кодификациясы. TILTANYM. 2025;100(4):145-165. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2025-4-145-165

For citation:


Aldasheva K., Yespolova Zh., Dossanova A. Processes of Kazakhization in the Medical Terminological System: Codification of Bone and Joint Nomenclature. Tiltanym. 2025;100(4):145-165. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2025-4-145-165

Қараулар: 58

JATS XML


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)