Preview

TILTANYM

Кеңейтілген іздеу

Студенттердің медиасауаттылығын қалыптастырудағы медиамәдениеттің рөлі

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-1-222-232

Толық мәтін:

Аңдатпа

Заманауи ақпараттық қоғамда медиамәдениет пен медиасауаттылық негізгі құзыреттерге айналуда. Мақалада студенттердің медиасауаттылығын қалыптастырудағы медиамәдениеттің рөлі қарастырылған. Қазіргі қоғамда студенттердің ақпараттық қоғамға тиімді бейімделуі мен саналы шешімдер қабылдау қабілеттерін дамыту маңызды болып табылады. Студенттерде сыни медиасауаттылық дағдыларын қалыптастыру, жастардың ақпаратты талдай білуге, оған сыни көзқараспен қарау және өз бетінше шешім қабылдау қабілетін жетілдіруге ықпал етеді. Зерттеудің мақсаты – медиасауаттылықты дамытуға байланысты негізгі ұғымдарды түсіндіру, тақырыпқа қатысты әдебиеттерді талдау, студенттерге берілген әртүрлі тапсырма негізінде медиамәдениет пен медиасауаттылықты қалыптастыру. Зерттеу барысында сапалық, сандық және тест әдістері негізінде жоғары оқу орындары студенттері арасында сауалнама жүргізілді. Заманауи ақпараттық технологияларды тиімді пайдалана білу, медианың ықпалын түсіну және бағалау дағдыларын дамыту олардың жеке және кәсіби өмірінде маңызды рөл атқарады. Медиасауаттылық студенттерге БАҚ хабарламаларын сыни тұрғыдан бағалауды, ақпаратты талдау және синтездеу дағдыларын жетілдіруді, сондай-ақ әртүрлі медиа форматтарын тиімді пайдалануды үйренуді қамтамасыз етеді. Бұл дағдылар жаңа идеяларды құруда тіл мен қарым-қатынасты дұрыс қолдануды түсіндіруде практикалық маңызы бар. Зерттеу көрсеткендей, медиасауаттылық студенттерге тілдік сабақтарда жалған ақпарат, фейк жаңалықтар және манипуляциядан сақтануға, оларды анықтап, шындықты ажыратуды үйренуге мүмкіндік береді. Осылайша, медиасауаттылық дағдыларын дамыту қазіргі ақпараттық қоғам жағдайында студенттердің практикалық, кәсіби және зерттеу қабілеттерін жетілдірудің маңызды құралы болып табылады. 

Авторлар туралы

Г. Ж. Шынасылова
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Қазақстан

Гулмира Жомартқызы Шынасылова, докторант

Алматы қ.



Ш. Т. Кудьярова
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Қазақстан

Шолпан Таубаевна Кудьярова,философия докторы (PhD) 

Алматы қ.



П. К. Елубаева
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Қазақстан

Перизат Келдибаевна Елубаева, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор 

Алматы қ.



Әдебиет тізімі

1. Ахметова Л.С. Медиаобразование в Казахстане //Международный журнал прикладных и фундаментальных исследований. – Москва, – №3-2. – 2014. – С. 37-38. Ахметовa Л.С. Медиабілім берудің әдістемесі: Оқу құралы. – Астана: ТОО «Идеал-ИС», 2014. – 121 б.

2. Бaрлыбaевa С. Modern media education in Kazakhstan // Вестник Казахского национального университета. Серия журналистики. – Том 53. – №3. – 2019. – С. 55-62.

3. Елубаева П. и др. Включение медиаграмотности в программу языкового образования в интересах устойчивого развития // Вестник РОО «Национальной академии наук республики Казахстан». – №6(406). – 2023. – С. 102-112.

4. Есенова Қ.Ө. Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы: филол. ғыл. док. ... дисс.: Алматы, 2007. – 345 б.

5. Искаков Б.А. Развитие медиакомпететности учителей в условиях ресурсного центра: автореф. ... канд. филол. наук. – Барнаул, 2013. – 24 с.

6. Иманқұлов М., Усупбаева А., Текімбаева А., Данилова Н., Штурхетский С. Кожобекова Б. Медиаақпараттық сауаттылық: мұғалімдерге арналған ресурстық кітап. – 2018. – 269 б.

7. Келлнер Д. Медиаграмотность в эпоху конвергенции. – Массачусетс: Массачусетский технологический институт, 2003.

8. Кириллова Н.Б. Медиакультура: от модерна к постмодерну. – Москва: Академический проект, 2006. – 448 с.

9. Қошанова Г.Д., Абенова Р.Р., Тәжібаева Ж.Қ. ЖОО-да ақпараттық технологияларды оқыту процесінде медиасауаттылықты қалыптастыру // Ғылыми сараптамалық журнал. – №1 (33). – 2021.

10. Лазарсфельд П.Ф., Мертон Р.К. Коммуникация, массовые средства массовой информации и народ. – Нью-Йорк: изд. Колумбийского университета, 1948.

11. Медиа және ақпараттық сауаттылық: оқытушыларға көмекші құрал. / Кэролайн Уилсон, Алтон Гриззл, Рамон Туазон т.б.; орыс тілінен ауд.: Г. Сұлтанбаева, Б. Әліқожа. – Алматы: Қазақ университеті, 2018. – 194 б.

12. Медиалық және ақпараттық сауаттылық // Авторлық ұжым: Ахметова Л., Шорохов Д., Ниязгулова А., ЮНЕСКО-ң Алматыдағы бюросы. – 2015. – 36 б.

13. Сейдалиева Г. Мерзімді баспасөздердегі стреотиптердің лингвопрагматикалық ерекшеліктері: философия докторы (PhD) ... дис. – Алматы, 2017. – 185 б.

14. Сейітқазы П.Б. Болашақ мұғалімдерді БАҚ арқылы тәрбие үрдісіне дайындау. Монография. – Астана, 2009. – 311 б.

15. Сейітқазы П.Б. Медиабілім берудің әдістемесі. Оқу құралы. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің баспасы, 2014.

16. Штурхецкий С. Медиасауаттылық. Жоғары оқу орындарына арналған медиа және ақпараттық сауаттылық бойынша оқу құралы. – Алматы, 2018. – 152 б.

17. Hall, S. Encoding/decoding. In S. Hall, D. Hobson, A. Lowe, & P. Willis (Eds.), Culture, Media, Language: Working Papers in Cultural Studies, 1972-79. London: Hutchinson, 1980.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Шынасылова Г.Ж., Кудьярова Ш.Т., Елубаева П.К. Студенттердің медиасауаттылығын қалыптастырудағы медиамәдениеттің рөлі. TILTANYM. 2026;(1):222-232. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-1-222-232

For citation:


Shynassylova G., Kudyarova Sh., Yelubayeva P. The Role of Media Culture in the Formation of Students' Media Literacy. Tiltanym. 2026;(1):222-232. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-1-222-232

Қараулар: 160

JATS XML


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)