-А, -е және -ұ, -ү көсемше жұрнақтарының функционалдық семантикалық ерекшеліктері (мәмлүк қыпшақ ескерткіштері негізінде)
https://doi.org/10.55491/2411-6076-2025-4-36-44
Аңдатпа
Түркі тілі тарихында өзіндік орны бар -а, -е және -ұ, -ү көсемше тұлғалары сонау орхон жазбаларынан бастап кейінгі қараханит, хорезм, шағатай жазба әдеби тілдерінің барлығында дерлік кездеседі. Мәмлүк қыпшақ ескерткіштері тілінде -а, -е көсемше жұрнақтарын актив қолданылған дей алмаймыз. Дегенмен 6 түрлі мәнде біршама кездестіруге болады. Баяндауыш қызметіндегі етістіктің білдіретін амал-әрекетпен бір мезгілде болған амал-әрекетті білдіру мәні ең актив, әрі негізгі қызметі болса, ауыспалы осы шақ мәнінде жұмсалуы ең пассив қызметі екенін көреміз. -ұ, -ү жұрнақтары болса түркі тілінің ешбір дәуірінде актив жұрнақтар қатарында болмаған. Көп жағдайда -а, -е формаларының көлеңкесінде қалып отырған. Тіпті XIV-XV ғасырлардан кейін бірте-бірте қолданыстан шығып қалған. Алғашқы дәуірлерде -а, -е жұрнақтарымен жарыса қолданылса, кейінгі дәуірлерде тек -йұ, -йү формасында дауысты дыбыстарға аяқталған етістіктерге ғана жалғанатын, -а, -е формасының бір фонетикалық варианты күйіне түскен. Уақыт өте келе жұрнақтың негізі саналатын -ұ, -ү дыбыстары элизияға ұшырап, жұрнақтың мағынасы й сына дыбысына жылысқан. Бағзы зерттеушілер -а, -е және -ұ, -ү жұрнақтарын бір-бірінен бөлек жұрнақтар деп қараса, кейбірі мағыналары ұқсас синонимдес, енді бірі бір жұрнақтың фонетикалық варианттары деп қарайды. Зерттеу нәтижесінде бұлардың диалектілік параллель формалар екенін аңғардық. Яғни -ұ, -ү және -а, -е диалектілік параллельдер болып табылады.
Автор туралы
К. А. СадыкбековҚазақстан
Құрманғазы Амангелдіұлы Садықбеков, автор-корреспондент, филология ғылымдарының кандидаты, профессор
Қаскелең қ.
Әдебиет тізімі
1. Ахметов М.А. Глагол в языке орхоно-ениcейских памятников. – Саратов, 1978. – 131 б.
2. Дмитриев Н.К. Грамматика башкирского языка. – Москва.-Ленинград: Издательство Академии наук СССР, 1948. – 276 с.
3. Мелиоранский, П.М. Памятник в честь Кюл-Тегина. – Санкт-Петербург (СПб.): Императорская Академия Наук, 1899. – 144 c.
4. Наджип Э.Н. Историко-сравнительный словарь тюркских языков XIV века. I. – Москва: Наука, 1979. – 479 с.
5. Нигматов Х.Г. Функсиональная морфология тюрко-язычных памятников XI-XII вв. – Ташкент: Фан, 1989. – 190 с.
6. Оразов М. Етістік. – Алматы: Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының Республикалық баспа кабинеті, 2001. – 384 б.
7. Садықбеков Қ. «Китаб Муқаддима Әбу Ләйс әс-Самарқанди» ескерткіші және оның тілі. – Алматы: Таңбалы, 2016. – 412 б.
8. Садықбеков Қ.А. Көне түркі тілі. – Алматы, 2024.
9. Юлдашев А.А. Соотношение деепричастных и личных форм глагола в тюркских языках. – Москва: Наука, 1977. – 270 с.
10. Ağar Mehmet, Emin. Kitab Fi’l-Fıkh Bi-Lisani’t-Turki (İnceleme-Metin-Sözlük). Yayımlanmamış Doktora Tezi. Marmara Üniversitesi, Sosyal Bilimler Enstitüsü. İstanbul, 1989. 1136 s.
11. Balcı Onur. Kazak Türkçesinde -a,-e,-y zarf fiil eki ve işlevleri. // Turkish Studies - International Periodical For The Languages, Literature and History of Turkish or Turkic, Volume 7/2 Spring. Ankara, 2012. P. 183-192.
12. Dilbas, Ebru. Türk Dilinde Zarf Fiil Ekleri. // [Электрондық ресурс]. Қолжетімді: http://www.academia.edu/ (қаралған күні: 18.07.2025).
13. Eminoğlu, Emin. Abbas İbn Hamza es-Sabrani Kitabü’l Ef’al. Akçağ yayınları. Ankara: Akçağ Yayınları, 2011. 496 s.
14. Kuanışbayev, Ercan. Kitab fi’l-Fıkh (Giriş-Metin-Dizin-Tıpkıbasım). Yayımlanmamış Doktora Tezi, İstanbul: Marmara Üniversitesi, Türkiyat Araştırmaları Enstitüsü. İstanbul, 2006. 222 s.
15. Uğurlu, Mustafa. Munyetu’l Guzzat. Metin-İndeks. Yayımlanmamış Yüksek Lisans Tezi. Gazi Üniversitesi. Ankara, 1984. 299 s.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Садыкбеков К.А. -А, -е және -ұ, -ү көсемше жұрнақтарының функционалдық семантикалық ерекшеліктері (мәмлүк қыпшақ ескерткіштері негізінде). TILTANYM. 2025;100(4):36-44. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2025-4-36-44
For citation:
Sadykbekov K. Functional and Semantic Features of the Prepositional Suffixes -a, -e and -u, -ü (Bed on the Mamluk Kipchak Monuments). Tiltanym. 2025;100(4):36-44. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2025-4-36-44
JATS XML









