Preview

TILTANYM

Кеңейтілген іздеу

КОРОНАВИРУСТЫҚ ПАНДЕМИЯ КЕЗІНДЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ЛЕКСИКОНЫНДА ПАЙДА БОЛҒАН НЕОЛОГИЗМДЕР

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2021-4-59-69

Толық мәтін:

Аннотация

Жер шарындағы барлық тілдер қоғамда болып жатқан түрлі әлеуметтік жағдайларға, құбылыстарға жауап береді. Қазақ тілі де үздіксіз даму, толығу, өзгеру үстінде. Күн сайын оның лексиконында жаңа сөздер пайда болып, ескіріп,енді бірі қолданыстан шығып,кейбірінің мағынасы өзгеріп, қайта жаңарып жатыр. Соңғы кезде әлемді шарпыған пандемия және елдегі орын алған эпидемиологиялық жағдай да тілге өз әсерін тигізбей қоймады. COVID-19 коронавирустық инфекция пандемиясы мен шектеу шаралары бүкіл әлемнің, оның ішінде Қазақстанның қоғамдық өміріне айтарлықтай өзгерістер әкелді, сонымен қатар тілдің ішкі ресурстары арқылы жаңа атаулардың қалыптасуына кейбір сөзжасамдық құралдардың өнімділігіне, тілдік үдерістердің жедел ағымына серпін берді. Шын мәнінде коронадағдарыс әлемнің барлық тілдерінің сөздік қорын жаңа терминдермен толықтырды. Пандемиямен бірге қазақстандықтардың да лексиконына ұжымдық иммунитет, бетперде, екпе алу, арақашықтықты сақтау, ковид, т.б. көптеген сөздер енді. Мақалада коронавирустық пандемияға қатысты қазақ тілінде пайда болған немесе мағынасы жаңарған неологизмдер талданды. Зерттеу «коронави- рустық дәуірдің»тәжтажал, тәжді вирус, коронавирус сияқты лексикалық жаңалығы тілде 2020 жылы пайда болып, қысқа мерзімнің ішінде жалпы қоданысқа еніп, қолданыс жиілігі жоғары тіркес құраушы сөздердің қатарынан орын алғандығын көрсетті.

Авторлар туралы

А. Б. Пиязбаева
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универсиеті
Қазақстан

Алматы



Б. М. Дэвис
Westcliff университеті; АҚШ
АҚШ

Ирвик, Калифорния



Әдебиет тізімі

1. Löbbeke A. Irgendwas mit Corona. Das Wort des Jahres. Ostseezeitung. 1.12.2020.

2. Collins English Dictionary [13th edition]

3. Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 3-том. Алматы. 2011. - 744 б.

4. Қазақтың этнографиялық категориялары, ұғымдары мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. 1-том. Аламты. 2011. – 738 б.

5. Словопедия. Информатика және компьютерлік технологиялар бойынша ағылшынша-қазақша онлайн сөздігі


Қосымша файлдар

Рецензия

Дәйектеу үшін:


Пиязбаева А.Б., Дэвис Б.М. КОРОНАВИРУСТЫҚ ПАНДЕМИЯ КЕЗІНДЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ЛЕКСИКОНЫНДА ПАЙДА БОЛҒАН НЕОЛОГИЗМДЕР. TILTANYM. 2021;(4):60-71. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2021-4-59-69

For citation:


Piyazbayeva А., Davis B.M. NEOLOGISMS THAT APPEARED IN THE VOCABULARY OF KAZAKHSTANIS DURING THE CORONAVIRUS PANDEMIC. Tiltanym. 2021;(4):60-71. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2021-4-59-69

Қараулар: 572


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)