Preview

TILTANYM

Кеңейтілген іздеу
№ 4 (2020)
Шығарылымды жүктеу PDF
https://doi.org/10.55491/2411-6076-2020-4

3-12 335
Аннотация

Қазақ тілінің ұлттық корпусында сөзжасамдық белгіленімдер басқа да морфологиялық, лексика-семантикалық белгіленімдер сияқты өзіндік құрылымы бар лингвистикалық белгіленімдердің қатарына кіреді. Сондықтан сөзжасамдық белгіленімдердің әзірлемесін дайындау барысында сөзжасамдық белгіленімдерге тән құбылыстарды қарастыру қажет. Мақаламызда сөзжасамның тарихына азды тоқталып, тіл білімінің жеке саласы екенін айтамыз. Осыдан келіп сөзжасамдық белгіленімдердің құрылымдық аспектісі ретінде туынды сөздер мен сөзжасам тәсілдеріне тоқталдық.

13-18 344
Аннотация

Мәҡәләлә башҡорт теленең көнсығыш диалектының аудиоматериалдар корпусын төҙөү проблемаһы күтәрелә. Мәҡәләлә корпуста бирелгән метамәғлүмәт (информанттың йәше, белем кимәле, ғаиләлә аралашыу теле, милләте һ.б.) ентекләп ҡарала. Темалар төрлөлөгө диалекттың фонетик, лексик һәм грамматик үҙенсәлектәрен сағылдырырға мөмкинлек бирә. Корпуста аудиофайлдарҙың транскрипцияһы, әҙәби варианты, урыҫсаға тәржемәһе урын аласаҡ.

19-28 314
Аннотация

Мақалада түркі теолингвистикасы мен жалпы қазақ тілінің пәні мен міндеттері айқындалған. Тілдің діни саласын зерттеуге арналған көздер түркі және қазақ діндері тарихи дамуда алғашқы космологиялық идеялар мен нанымсенімдерден және біздің заманымызға дейінгі тәңіршілдіктен басталады.

29-36 348
Аннотация

Мақалада тілдік сәйкестілік ұғымның мәні, оның қазіргі көптілді және қостілді тілдік жағдаяттар кезіндегі маңызы туралы сөз болады. Тілдік сәйкестіліктің шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектеріндегі негізгі сипаттарына шолу жасай отырып, оның жеке адам мен тұтас қоғам немесе этнос үшін маңыздылығы айтылады. Тілдік сәйкестілігін анықтауда жеке адамның таңдауында ана тілі және екінші, үшінші тілдер тұратыны белгілі. Жұмыста ана тілінің нақты анықтамасын тілтанушы ғалымдардың берген тұжырымдарымен негіздей отырып, оның билингвизм және полилингвизм жағдайында сақталуы, өз деңгейінде дамуы талданады. Сонымен бірге аталған мәселені зерттеу барысында қала тұрғындары арасында жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижелері де көрсетілген.

37-42 293
Аннотация

Мақалада түркі халықтарының ататек мәселесі, заттың мәселесі, табиғаты туралы айтылады. Сонымен қатар мақалада ежелгі түркілердің палеомәдениеті бойынша танымал орыс түркітанушыларының әртүрлі көзқарастары қарастырылады. Түркі тілдерінің метеорологиялық, ландшафттық, флористикалық және фаунистік лексикасын талдау ресейлік түркітанушыларға Шығыс Түркістанның құрғақ даласынан Алтай тау бөктеріне және таулы ормандарға дейінгі аумақтағы ежелгі түркілердің атабабаларын оқшаулауға мүмкіндік берді. Қарастырылып отырған ғылыми мақалаларда ежелгі дәуір түркілерінің аспан, аспан денелері мен құбылыстары, климат, ландшафт терминологиясы, флористикалық лексика, елді мекендердің түрлері және материалдық өмірі туралы идеялары берілген, тұрғын үйлер сипатталған. Түркі пралексиконын қайта жаңғырту тарихи-лингвистикалық деректер бойынша түркілердің палеокультурасын, ата-бабасын және сыртқы байланыстарын одан әрі зерттеуге көмектеседі. Бұл өз кезегінде Еуразияның этномәдени өзара іс-қимылына ықпал ете отырып, XXI ғасырда да өзектілігін жоғалтпайды. Мақалада түркілердің палеокультурасын қамтитын лексика қарастырылады, ол түркітанушылардың тарихи-лингвистикалық деректерін анықтауға бағытталған болашақтағы зерттеулерге ықпал етеді.

43-49 334
Аннотация

Мақалада валенттілік ұғымы синтаксистік және лексикалық семантиканың тіркесімділігі ретінде қарастырылды. Мақалада валенттілік теориясында анықталатын тіркесімділік түрлері ұсынылды. Кең мағынада валенттілік тілдік бірліктердің өзара тіркесу қабілетін білдіреді. Валенттілік теориясының ғылыми және практикалық маңыздылығы сөздің лексика-семантикалық әлеуетімен анықталады. Семантикалық валенттілік сөздің логикалық үйлесіміне негізделсе, синтаксистік валенттілік сөздің синтагматикалық және грамматикалық тіркесу заңдылықтарына негізделеді. Мақалада қазақ тіліндегі тіркесімділік ерекшеліктері қарастырылды.

50-54 367
Аннотация

Мақалада қазақ және ағылшын тілінің этикет формалары қарастырылады. Бір-бірінің арасындағы этикет формаларының аудармасы және кәсіби қызметтегі этикеттің маңызы және адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы ретінде талданады. Тілдерді аудару процесінде аударма әдістері қарастырылады.

55-59 419
Аннотация

Сан атауларымен байланысты лексика-фразеологиялық бірліктер қазақ тілінің сөз қазынасында елеулі орынға ие болған дүние. Халықтың күн көріс, тұрмыс-тіршілігі негізінде өрбіген түсінік-пайымдаулары, соған байланысты қалыптасқан салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар тілдік қолданыстағы тұрақты тіркестерден көрініс табады. Мақалада түрлі зерттеушілердің пікірлерін келтіре отырып, сан компонентті фразеологизмдердің қалыптасуына негіз болған ұлттық-мәдени деректер этнолингвистикалық талдаулар арқылы көрсетіледі. Сан-мөлшер концептісі арқылы берілген этнолингвистикалық тілдік бірліктердің сипаты мен ерекшеліктері айқындалып, көрсетіледі.



ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)