Preview

TILTANYM

Кеңейтілген іздеу
№ 4 (2022)
Шығарылымды жүктеу PDF
3-14 514
Аннотация

Maқaлaдa құpaмы жaғынaн eкi нeмece үш cөздeн құpaлғaн eтicтiктi тipкecтepдiң қaзaқ тiл бiлiмiндe тaнылyы, зepттeлyi, түpлepi, aйыpмaшылықтapы тypaлы мәceлeлepгe шoлy жacaлaды. Зepттey жұмыcымыздa ocындaй күpдeлi құpaмды eтicтiктi тipкecтepдiң тiлдiк тaбығaты, cөзжacaм мeн гpaммaтикaлық cипaты тypaлы мәceлeлepгe шoлy жacaлып, пpoблeмaлapы aйқындaлды.
Күpдeлi eтicтiк мәceлeci бoйыншa ғaлымдap пiкipi мeн oлapды жiктey пpинциптepiндe aйыpмaшылықтap бap eкeндiгiн бaйқaдық. Күpдeлi eтicтiктi тipкecтepдiң ceмaнтикaлық epeкшeлiктepiн жaн-жaқты зepдeлeй oтыpып aшып көpceтiлeдi. Бұл зepттey жұмыcымыздa күpдeлi eтicтiк ұғымынa құpaмы мeн мaғынaлық тұтacтық кpитepий бoйыншa кeлeмiз. Күpдeлi eтicтiктi тipкecтepдi лeкcикoгpaфиялay үшiн қaзaқ тiлiнiң 15 тoмдық түciндipмe cөздiгiнeн, фpaзeoлoгиялық cөздiктeн жәнe қaзaқ тiлiнiң мәтiндep кopпycынaн мыcaлдap қapacтыpылды.
Күpдeлi eтicтiк жәнe aнaлитикaлық фopмacындaғы eтicтiктep мeн құpaнды eтicтiктep жәнe eтicтiктi тұpaқты cөз тipкecтepiнiң дe мaғынa тұтacтығынa, яғни бipнeшe cыңapлapы қocылып, бip ғaнa қимылды бiлдipeтiнiн нeгiзгe aлып, бұлapды күpдeлi құpaмды eтicтiктi cөз тipкecтepi дeп aлынып, жacaлy жoлдapы көpceтiлдi. Күpдeлi eтicтiктepдi лeкcикoгpaфиялayдaғыдaй aнaлитикaлық фopмaлы eтicтiктep мeн eтicтiктi тұpaқты тipкecтepдiң лeкcикoгpaфиялayдaғы пpинциптep aнықтaлaды. Төмeндe мыcaлдap бepiп күpдeлi eтicтiктi тipкecтepдiң (күpдeлi eтicтiк жәнe aнaлитикaлық фopмaлы eтicтiк) мaғынacын түciндipiлiп, мaғынaлық epeкшeлiктepi aшылaды.

15-25 333
Аннотация

Мақалада Қазақ тілінің ұлттық корпусындағы морфологиялық белгіленім программасын жүзеге асыратын морфологиялық анализатордың жұмыс істеу технологиясы қарастырылады. Морфологиялық белгіленім енгізу Ұлттық корпустардағы ең негізгі әрі маңызды лингвистикалық талдау болып табылады. Сөздердің құрамын түбір мен қосымшаға автоматты түрде бөлу және сөздердің сөз табына қатысын және сөзөзгертім қосымшаларының грамматикалық белгісін сипаттау компьютер үшін оңай емес. Алайда қазақ тілі сияқты жалғамалы тілдерде сөздердің құрамын автоматты түрде бөлу және сөз бөлшектеріне автоматты талдау жасау флективті тілдерге қарағанда жеңілірек. Себебі жалғамалы тілдерде қосымшалар белгілі бір жүйемен жалғанады. Сөзформалардың формальды моделі анық боп келеді. Мақалада қазақ тіліндегі сөздерді автоматты түрде бөлшектеу мен талдаудың кейбір қиындықтары сөз болады.  Мақалада сонымен қатар қазақ тілінің морфологиялық жүйесін модельдеудегі қиын мәселелер мен грамматикалық сөздікке енгізілетін категориялар мен шартты белгілер қарастырылады.

26-33 405
Аннотация

Мақала қазіргі қазақ жастарының шаршысӛз тілін дамытуға, жетілдіруге қажетті амал-тәсілдерді іздестіру мақсатында жазылған. Қазіргі қазақ жастарының ауызша сӛйлеу тілі, ресми шаршысӛз тілі тӛмендеп бара жатқаны баршаға аян. Жастар тілінде варваризмдер мен қарабайыр сӛйлеу тілі элементтері араласқаны ӛз алдына, тҥсініксіз сӛйлеу, кӛп сӛйлеу, бос сӛйлеу кӛбейіп отыр. Осыған орай мақалада жастардың шаршысӛз тілін дамыту ҥшін алдымен қазақ жазушыларының дәстҥрлі сӛйлеу тілімен жазылған шығармаларын оқытып, талдату, машықтандыру қажеттігі кӛтеріледі. Мақалада кӛркем туындылар арқылы ҧлттық әдеби тілдің нормаларын қалыптандыру 20 ғасыр басындағы қазақ классик жазушыларының туындыларынан басталғандықтан, мақаланың негізгі мақсаты – қазақ жазушылар тілі мен стиліндегі ҧлттық ерекшеліктерді, дәстҥрлі сӛзсаптау элементтерін бҥгінгі қазақ тілімізге, әсіресе жастардың ауызша сӛздеріне ҥлгі етіп алу. Бейімбет Майлин, Жҥсіпбек Аймауытҧлы, Мҧхтар Әуезов, Бердібек Соқпақбаевтың әңгімелеріндегі сӛйлем тҥрлерін талдай отырып, ҥлгі болатын жазу, сӛйлеу стильдері кӛрсетіледі. Соңында қазақ тілінің ӛзіне тән сӛз саптау ерекшеліктері беріледі.

34-40 229
Аннотация

Мақалада тҥркология ғылымына ортақ, ескі оғыз-қыпшақ дәуіріндегі оғыздардың батырлық жыры Қорқыт жырында кездесетін ономастикалық атауларды тарихи-танымдық, тілдік тҧрғыдан зерттеуді қарастырады. Автор соңғы кезде қазақтың әр дәуіріне қатысты тарихи жырлар мен аңыз-әңгімелердегі ономастикалық атауларды зерттеуде әлі де болса шешімін таппаған мәселелері барын алға тартады.
Жыр материалдарын отандық және шетелдік зерттеуші ғалымдардың пікірлері негізінде тарихи-тілдік тҧрғыдан кешенді зерттеу арқылы тіл дамуының заңдылықтарын, тілдік қабаттарын анықтауға, туған жер тарихын терең білуге ғылыми маңызы орасан зор. Сондықтан бҧл проблеманы бір ғана мақала аясында оғыз-қыпшақ тайпаларына ортақ мҧра – Қорқыт жырындағы ономастикалық атауларға жан-жақты тілдік талдау жасау мҥмкін емес.
Жалпы оғыз-қыпшақ дәуіріне тән тарихи жырлар мен аңыздардағы ономастикалық атауларды жинап, оны заманауи ғылымның жетістіктерімен сабақтастыра зерттеу – тҥркология, оның ішінде қазақ ономастикасының басты проблемаларының бірі болып табылады. Мақалада «Қорқыт» жырында кездесетін ру-тайпа аттарын лингистикалық тҧрғыда зерттеуге талпыныс жасалады.

41-50 409
Аннотация

Мақалада синергетика жаңа ғылыми бағыт ретінде қарастырылып отыр. Қазіргі ғылым ҥшін маңызды болып табылатын синергетика ҧғымының парадигмалық мәнін ашу маңызды болып табылады.
Мақалада заманауи лингвистикадағы жаңа бағыт ретіндегі лингвосинергетиканың базалық тҥсінігі ашылып, «синергия» ҧғымын зерттеген ғалымдардың тҧжырым- пікірлеріне сипаттама беріледі. Синергетика тіл білімі ҥшін жаңа пәнаралық ғылым ретінде, зерттеу пәні әртҥрлі кҥрделі жҥйелердің ӛзін-ӛзі ҧйымдастыру процестері болып табылады, қазіргі уақытта оның ең жан-жақты анықтамасы мен әдіснамалық аппаратын іздеу ӛз алдына бір мәселе болып отыр. Синергетика – бҧл ғылыми бағыт, методологиялық әдіс, кҥрделі яғни бірсызықтық емес (нелинейный) кҥрделі жҥйелердің ӛзін-ӛзі ҧйымдастырушы. ХХ ғасырдың ғылымы ӛзін-ӛзі дамыту арқылы жаңа парадигмасын біртіндеп қалыптастырып келеді, оны 70-жылдардың басында Г.Хакен «синергетика» деп атады.
Бҥгінгі таңда синергетика интеграцияланған гуманитарлық ғылымдар саласында белсенді тҥрде қолданыла бастады. Осы мәніне сәйкес синергия – мәселесі жаратылыстану саласындағыдай тілдің ішкі заңдылықтарының тҧтасып, ҧйымдасу сипатына сай тіл біліміне де ене бастады. Қазіргі тіл білімінің антропоӛзектік бағытына сай ӛзектелген сӛз синергиясын айқындау тілді зерттеу ҥдерісінде де қарастырыла бастады

51-60 359
Аннотация

«Кодекс Куманикус» – бҧл XIII ғасырдың аяғы мен XIV ғасырдың басында латын әліпбиімен жазылған алғашқы тҥркі туындысы. Шығарма тақырыбы мен жазу мақсаты бойынша бір-бірінен ерекшеленетін итальялық және неміс бӛлімдерінен тҧрады. Италиялық бӛлік (55 бет) Тӛменгі Еділ мен Қырым арасындағы аймақта италиялық кӛпестер немесе францискалық монахтар жазған деп есептеледі. Екінші бӛлім, неміс бӛлігі (27 бет), неміс-қыпшақ сӛздігінен тҧрады, «Киелі кітаптан» аударма, христиан әндері, уағыздар, афоризмдер, қыпшақ фольклорына қатысты 47 жҧмбақ пен мақал-мәтелдерді қамтиды. Шығарманың жалғыз данасы қазіргі уақытта Италияның Сан- Марко кітапханасында сақталған. Шығарманың грамматикалық қҧрылымын қарастыру бізге қыпшақ тілінің дамуы, олардың XIII-XIV ғасырлардағы тарихы мен мәдениеті туралы мол мәліметтер беріп қана қоймай, осы кезеңдегі тҥркі тілдерінің даму заңдылықтарын зерттеуге мҥмкіндік береді. Бҧл мақалада «Кодекс куманикуста» қолданылатын атаулы комбинациялардың ӛзіндік белгілері зерттеледі. Бҧл жағдайда тҧрақты сӛз тіркестеріне кірмейтін сӛз тіркестерінің мағынасы анықталады. Ескерткіш тілінде қолданылатын сӛз тіркестері әртҥрлі типтерге бӛлінді және олардың әрқайсысы жеке мысалдармен талданады.

61-69 443
Аннотация

Мақалада қазіргі Ясауитанудың ғылым саласы ретіндегі маңызы ӛзектеліп, академик Рабиға Сыздықтың «Ясауи хикметтерінің тілі» зерттеуінің Ясауитану саласындағы рӛлі талданады. Автор ясауитану, суфизм, хикметтер тілі, тариқат сынды ҧғымдарды қолдана отырып, олардың мәнін ашады. Сопылық ілім дәстҥрі мен тәжірибесі, сондай-ақ ясауитанушы ғалымдардың тҧжырымдарын талдау, зерделеу ХХІ ғасырдағы қазақ қоғамының рухани-діни қажеттіліктері, оларды тану, зерттеу, тҥпнҧсқамен жҧмыс істеу тҧрғысынан ӛте ӛзекті мәселеге жатады. Мақалада осы мәселенің ғылыми-теориялық негізін, маңызын «Ясауи хикметтерінің тілі» арқылы тҧжырымдап, дәлелдеу, зерттеудің ерекшеліктерін айқындау мақсат етіледі. Нәтижесінде тарихи-тілдік мҧралардың сӛз қазынасын тҥстеп, тҥгендеу ісінде сол кезеңдегі халықтың ауызша және жазба сӛйлеу дәстҥр ерекшеліктерін, олардың Ясауи мҧраларына ықпалын айқындау, сонымен қатар ортағасыр жазба ескерткіштері тілі мен қазақ тілі арасындағы айырым мен сабақтастықты нақты материалдарға сҥйене отырып анықтау керектігі жӛнінде тҧжырым жасалып, бҧл тҧрғыда Р.Сыздық зерттеу еңбектері Ясауитанудың лингвистикалық бағыты бойынша аса маңызды ғылыми негіз бола алатыны сӛз болады.



ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)