Preview
№ 2 (2015)
Шығарылымды жүктеу PDF
3-11 212
Аннотация

Мақалада түркі (қазақ) тіліндегі дыбыс-сөзқұрауыш құрылымы «европа-өзімшіл» талданым тұрғысынан арылып, жаңаша сипатталды. Дағдылы фонема-аллофон орнына сингем-аллосингема ұғымдары ендіріліп, қазақ тілінің негізінде сингем құрамы анықталды.

12-19 204
Аннотация

Мақалада халық тілінің когнитивтік базасымен байланысты тарихи мазмұндағы тұрақты сөз тіркестерінің тілдік және мәдени семантикасында кодқа салынған ақпараттар арқылы Әз Тәуке заманының тілдік бейнесіне (картинасына) тән ерекшеліктер ашылған.

20-28 396
Аннотация

Мақалада Орталық Азиядағы қостілділік пен көптілділіктің түрлері, пайда болу жолдары зерттеледі және олардың құрамындағы түрік, араб, парсы тілдерінің функционалдық орны анықталады. Сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстан республикаларындағы қолданыстар мысал ретінде диахрониялық (басым) және синхрониялық аспектіде қарастырылады.

29-36 217
Аннотация

Мақалада қазақ тілі интонациялық компоненттерінің қызметі қарастырылады. Әуен, қарқын, үдемелік, реңк, тональды диапазон, интервалдардың сөйлеу тіліндегі рөлі анықталады. Олардың акустикалық ерекшеліктері компьютерлік бағдарлама арқылы сипатталады.

37-41 154
Аннотация

Мақалада М.Әуезовтің 20 томдық шығармалар жинағының жиілік сөздіктері құрастырылып жатқан «Қазақ әдеби тілінің жиілік сөздігі» бірліктерінің статистикалық арақатынасы қарастырылады.

42-45 173
Аннотация

Мақалада Ұлттық корпус мәселелері қарастырылады. Сондай-ақ Ұлттық корпустың қажеттілігі мен оның жасалуы жайында айтылады.

46-51 140
Аннотация

Мақалада туыс тілдердің диалектілік жүйесін қалыптастырудағы интеграциялық процестердің көрінісі өзекті мәселе ретінде қарастырылады (Орал-Балтық, Қазақстан мен Сібір атласының диалектілік ерекшеліктерінің негізінде).

52-58 167
Аннотация

Мақалада ісқағаздарының ерекше белгілері көрсетіліп, ісқағаздарын жүргізу пәнінің мақсат-міндеттері, объектісі, зерттеу әдістері, негізгі ұғымдары, негізгі қызметтері, басқа ғылымдармен байланысы айқындалады.

59-64 192
Аннотация

Когнитивті лингвистика ғылымының қазіргі даму кезеңі зерттеушілерге осы мәселелерді заманауи әдістер негізінде қайта қарастыру міндетін қояды, олардың бірі тілдік бірліктерді өзіндік жүйе ретінде зерттеу әдісі болып табылады. Түркі тілдерінде ең дамыған лексикалық-семантикалық топ туыстық атаулардан тұрады, олардың салыстыр-малы талдауы осы мақалада талданған. Бұл мақаланың өзектілігі оның түркологиядағы туыстық атаулары функционалды-семантикалық аспектіде зерттелетіндігінде. Тілдік фактілерді зерттеудің ономасиологиялық сипаты түркітанудағы жаңа бағытты білдіретін функционалдық лингвистиканың негізгі, жетекші қағидаты болып табылады. Тіл және оның деңгейлері тұтас жүйе ретінде ұсынылады, оның ішінде туыстық атаулар. Түркі тілдеріндегі туыстық атаулардың функционалды-семантикалық жіктелуі туыстық қатынастардың ең көп таралған мағыналарының генетикалық табиғатын анықтауға мүмкіндік береді. Барлық туыстық атаулар семантикалық құрылымдарда жетекші интеграл болып табылатын “туыстық” семасы негізінде бір лексикалық-семантикалық өріске біріктірілген.

65-71 175
Аннотация

Бұл мақалада әлемнің паремиологиялық бейнесінің проблемалары, атап айтқанда адам өмірі мен тағдыры, күнделікті өмірдің бақыты мен ауыртпалығы, өмірдің барлық осы аспектілерінің өзара байланысы мен өзара тәуелділігі, оның нәтижесі «адам және қоршаған әлем», «адам және өмір шындығы» қатынастарының күрделі механизмі қарас-\тырылады, мұнда тек тілдік механизм ғана емес, іс - әрекет, сонымен қатар ұлттық өзіндік сана мен ұлттық мәдениеттің негізгі көзі ретінде әлемнің тұжырымдамалық бейнесін қалыптастыру. Бұл мақалада ұлттық паремиологиядағы «тағдыр» концептісі ашылған. Сондай-ақ «Тағдыр» концептісі қандай да болмасын халықтың мәдени мәні бар концептілерінің бірі болғандықтан, мақал-мәтелдердегі көрінісі жан-жақты ашыла түскен.

72-80 213
Аннотация

Бұл жұмыс әлемнің қазақ тіліндегі көрінісіндегі ақыл ұғымының объектив-тілігін зерттеуге және оның паремиологиялық талдауына арналған. Жұмыстың тақырыбы қазіргі лингвистиканың маңызды тәртіптік салаларының қиылысында орналасқан: когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттану, лингвоконцептология және гуманитарлық ғылымның антропоцентрлік парадигмасы шеңберіндегі белгілі бір мәдениеттің тасымалдау-шысы ретінде адамның ішкі әлемі туралы вербальды идеяларды қарастыруға бағытталған.

81-87 185
Аннотация

Мақалада латын қарпіне көшу мәселелеріне арналған «Жаңа әліпби жолында» атты мақалалар жинағы талданады. Жинақ 1927 жылы Қызылорда қаласынан Жаңа түркі әліпбиін енгізу жөніндегі комитеттің баспасынан Кәрім (Ғабдол) Досжанұлы Тоқтабаев пен Мұқтар Мырзаұлының құрастыруымен шық- қан. Кітап төте жазумен басылғандықтан, көпшілік қауымға арнап, кирилл қарпіне түсірілген.

88-98 268
Аннотация

Қазақ тілі дауысты дыбыстары жалаң (монофтонг) және құранды (дифтонг) болып екіге бөлінетіндігі көрсетілді, сондай-ақ жасалым, айтылым және естілім тұрғысынан көрнекі дәлелдемесі ұсынылды. Дауыстылардың жалаң/құранды түрлерінің құрамы мен анықтамасы берілді: бастан-аяқ біркелкі айтылатын дауысты дыбысты жалаң дауысты дыбыс деп, ал бір дыбыстан басталып, екінші дыбыспен аяқталатын дауысты дыбысты құранды дауысты дыбыс деп аталады. Дауысты дыбыстар өзара жұптаса талданып, олардың жаңғыртқылар (резонаторлар) жүйесі алғаш рет модельге түсірілді. Дауысты дыбыстардың айырым/ ортақ белгілерінің көрнекі дәлелдемесі ұсынылды.

Мақалада қазақ тілі дауысты дыбыстарының жүйесі артикуляциялық, акустикалық және перцепциялық тұрғыдан өзара салыстырыла талданып шыққан. Дауыстыларды өзара жұптастыру арқылы олардың айырым белгілері көрнекіленген.

99-103 180
Аннотация

Мақалада Шәкәрімнің көркем дискурсы арқылы фразеология саласындағы синкретизм мәселелері қарастырылады. Шәкәрімнің көркем тілінде бір-бірімен семантикалық тұрғыдан ешқандай байланысы жоқ тілдік фигуралар өзара мағыналық байлам алады. Басқаша айтқанда, синкретикалық құбылыстың ең маңызды мәні-бір-бірі-мен семантикалық байланысы жоқ тілдік фигуралардың тұрақты тіркесімі, байланысы және қолданылуы.

104-109 182
Аннотация

Мақалада бірнеше нұсқада таңбаланып жүрген ескі кітаби лексикалар және оларды жазба әдеби тілде кодификациялау мәселесі қарастырылады.

110-114 179
Аннотация

Мақалада тілдік корпустардың ғылыми-зерттеу әлеуеті берілген. Сондайақ тілдік корпустарды тіл білімінің барлық салаларында қолдануға болатындығы жайында жан-жақты қарастырылған.

115-117 152
Аннотация

Бұл мақалада тіл біліміндегі сөйлеу синтезі мәселесі қарастырылады. Қазақ тіл білімінде сөйлеу синтезінің фонетикалық-фонологиялық аспектілері зерттелуде. Сөйлеу синтезін зерттеудің теориялық және қолданбалы мәні ашылады.

118-124 162
Аннотация

Мақалада ұлттық материалдық мәдениетке қатысты кейбір атаулардың ассоциациялық өрісі қарастырылып, эксперимент арқылы зерттелген.

125-129 191
Аннотация

Мақалада осындай түрлі нұсқада таңбаланып жүрген араб, парсы сөздерін латын графикасы негізіндегі қазақ тілінің жаңа әліпбиінде қандай графемалық жүйеде көрсету керек деген мәселе қарастырылады. Мақалада түрлі дыбыстық тұлғада таңбаланған араб, парсы сөздерін латын қаріпіне көшіру мәселесі көтеріледі.



ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)