Preview

TILTANYM

Кеңейтілген іздеу
№ 2 (2017)
Шығарылымды жүктеу PDF
3-9 176
Аннотация

   Соңғы жылдары тіл білімінде ірі жаңалық ашылды. Бұл жаңалық бүкіл әлемде тілдер қаншалықты көп болса да, олардың алғашқы негізі, түпкі тегі бір болғандығын айқындай, анықтай алуға құзыреті жететіндігімен ерекшеленеді. Барлық тілдерде ұшырайтын түбірлердің түп негізі, тегі болып есептелетіндіктен, бұл тілдік бірлікке қазақ тілінде түбіртек деген атау берілді. Әлем халықтарына, анығырақ айтқанда, тілші ғалымдарға түсінікті болу үшін архесиллаб (ең ежелгі, ең алғашқы буын) деп аталатын термин таңдалды. Мақалада архесиллабтарды ажыратудың жаңа тәсілдері жан-жақты талданады.

10-15 170
Аннотация

   Коммуникативті кинесикалық құралдар нақты ситуациямен тікелей байланыста мимика мен ым, ишаралардың қатысуымен интонацияның үлкен экспрессивті күші арқылы тілдік, сөздік баяндауда белгілі бір жекелеген мүшелері айтылмай контекст пенситуациядан белгілі, айқын болатын сөйлемдердің құрылымдық түрлері жасалатын тілдік сөйлеуде анағұрлым белсенді қолданылады. Ауызекі сөйлеу тілі әдеби тілдің өзіндік ерекшелігі бар бір түрі ретінде оның басқа түрлерінен салыстыр-малы түрде лексикалық сөз қорының аздығымен ерекшеленеді. Сондықтан да ауызекі сөйлеу тіліне артық тілдік элементтерді қолданбай-ақ, айтылымның бір мағыналылығына жету үшін кинесикалық компоненттер қажет. Бұл мақалада қарым-қатынастың кинетикалық компоненттері және олардың ауызша сөйлеуде берілу тәсілдері қарастырылады.

16-20 222
Аннотация

   Тіл білімі саласындағы тұңғыш қазақ профессоры, түркітанушы, педагог – Қ. Қ. Жұбанов ана тіліміздің қолданылуы мен құрылымы жөніндегі құнды еңбектердің авторы. Ғалымның өмір бойғы ұлттық, аймақтық және жаһандық мәдениет туралы білімінің нақты көрінісі оның ғылыми мәселелерін лингвистикалық теориялық білім деңгейінде зерттеумен түсіндіріледі. Сондықтан әңгіме тек жаңа қазақ тілін білу туралы ғана емес, сондай-ақ келесі тілдік қолданушыларға ғылымды оқытуды толық және жан-жақты меңгерту мүмкіндігі туралы болып отыр. Академик И. Кенешебаев, лингвистикалық мәселелер: «...Қ. Қ. Жұбанов жалпы тіл білімі мен түркология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына өзіндік үлесін қосты».

21-25 173
Аннотация

   Адам дауысының қасиеттері тек тілдік тұлғаның ерекшелігін ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік аспектіні де сипаттайды. Мысалы: басшы мен бағыныштының дауысы. Дауыс сипатынан тек әлеуметтік қана емес, сонымен бірге ұлттық ерекшелікті де байқаймыз. Әр халықтың сөйлеуінің дыбыстық рәсімделуінде сөйлеушінің ұлтын ажыратуға мүмкіндік беретін өзіндік ерекшеліктері бар. Қазақ тілінің оны басқа тілдерден ерекшелейтін өзіндік белгілері бар. Мақалада қазақ тілінің паралингвистикалық құралдарының (интонация, қарқын, ырғақ) ерекшеліктерін зерттеу мәселесі қарастырылады.

26-34 230
Аннотация

   Концептуалдау тілде көрініс тапқан ғаламның ұйымдасу және қабылдану тәсілі. Концептуалдау ақпарат ағымын жіктеп, зерделей отырып, жаңа мағыналар түзеді, ол адамзат тәжірибесін мазмұндық тұрғыдан сипаттауды мақсат етеді. Концептуалдау арқылы адам болмыс құбылыстары мен адамның ішкі әлемін таниды, соның нәтижесінде адам ғалам туралы білімін қалыптастырып, белгілі бір жүйеге түсіреді, олар тілде көрініс табады. Сол себепті концептуалдау үдеріс ретінде және адамның ақпаратты когнитивті өңдеуінің нәтижесі ретінде динамикалы сипатта болады. Мақалада концепт және концептілік жүйе ұғымы қарастырылады.

35-39 233
Аннотация

   Қандай да бір халыққа тән әлемнің тілдік бейнесі мен дәстүрлі дүние-танымын білдіретін негізгі концептілердің ішінде үй концептісі ерекше орын алады. Ол халықтың тіршілігі мен ой-өрісін көрсететін әмбебап концептілердің қатарына жатады. Бұл мақалада от және табалдырық семиотикасының негізін не құрайды, халықтың әлеу-меттік жағдайы немесе діни наным-сенімдер – бұлардың қайсысы концептің құраушы негізі болып табылады деген сұраққа жауап ізделінеді. Қазақ халқының сакралдық, яғни кие ұғымына қатысты қалыптасқан от және табалдырық концептілері ерекше қызығушылық танытып отыр. Бұның астарында халықтың басқа әлеммен, тірілердің әлемінен тыс дүниемен байланысы жатыр.

40-45 221
Аннотация

   Қазақ қоғамы үшін саясат не десеңіз, ол ең біріншіден, Елбасы есімімен, тұңғыш президенттің жүргізіп отырған саясатымен байланыстырылады. Бұл арада «Саясат» концептісінің мағынасы саясат пен президенттің өзара байланысы негізінде ашылып, олардың бір-бірін толықтырып жататындығын аңғарамыз. Саяси ақпарат кеңістігінің өзегін құрайтын «Саясат» концептісінің «Саясат – бұл Президент» мағыналық тобы «Тұңғыш Президент» лексикалық бірлігі көмегі арқылы да репрезентациялануын атауға тұрарлық. Себебі Президент атауы біздің елімізде алғаш рет Н. Ә. Назарбаевтың есімімен байланысты болғандықтан, негізі ассоциациялардың бірі ретінде тұңғыш президент ұғымы ойға да, тілге де орала кетеді. Мақалада саясат мәселелері сипатталған және саяси дискурстағы «саясат» тұжырымдамасы зерттелген.

46-51 174
Аннотация

   Фонологиялық ойлауды дамыту – орфографиялық және орфоэпиялық білімдер жүйесіне қатысты теориялық еңбектерді сараптай отырып, жеке жаттығулар ұйымдастыру болып табылады. Оқушы жастарға айтылуы бойынша жазылған сөйлем-дерді жазба нормаға түсіріп немесе жазба сөзді ауызша тіл нормасына сай таңбалап жазу тапсырмаларын және аудиотаспа арқылы белгілі бір шығарманы тыңдатқызып, ондағы күрделі лексикалық бірліктерді жаздыру немесе аудиотаспа арқылы айтылған ауызша сөзді жазба тіл нормасына сай қолдануды үйрету керек. Себебі ауызша және жазба тіл формаларының өзіне тән белгілері болады. Мақалада филолог студенттерді қазақ тілінің фонологиялық жүйесін лингвометодологиялық тұрғыдан оқыту негіздері қарастырылады. Сонымен қатар буынның фонетикалық-фонологиялық мәні және оны тілдің дыбыстық жүйесіндегі бірлік ретінде анықтау зерттеледі.

52-55 223
Аннотация

   Бұл мақалада қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу кезеңінде туындап отырған мәселелер жайлы сөз болады. Латын негізді әліпби қолданатын түркі халық-тарының тәжірибелерінен пайдаланудың артықшылықтары айтылады. Тарих бойынша қазақ тілінде жазу мәселесінде кездесіп отырған қиыншылықтар мысалдармен салыс-тырылып беріледі. Латын жазуын қолданатын өзбек, түрік тілдерінде кездесіп отырған кейбір кемшіліктерден мысалдар беріледі. Қазақ тілінің латын әліппесіне көшуде тиімді жолдарды қарастырудың маңыздылығы сөз болады.

56-59 162
Аннотация

   С. Тұрғынбаев қырғыз тіліне аудару үшін әртүрлі ұлттардың фольклорынан, әдеби бағыттардан және түрлі стильдік ағымдардан бастап, түрлі дәуірлердегі шығар-маларды таңдайды. Ақын олардың әдеби дәстүрлерін, өлең шығару мәдениетін мұқият меңгеріп, үлкен аударма мектебінен өтті. Мысалы, кез-келген оқырман араттармен таныс емес. Араттар – Моңғолияда және Қытайда моңғолдар қоныстанған аумақта тұратын малшылар, сонымен қатар Ресей Федерациясындағы Тыва республикасының шаруалары да араттар деп аталады. Мақалада С.Тұрғынбаевтың ХХ ғасырдың 80-ші жылдарындағы Шығыс және Батыс ақындарының шығармаларын қырғыз тіліне әдеби аударудағы поэтикалық шеберлігінің ерекшеліктері қарастырылады.

60-63 171
Аннотация

   XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ мәтіндерін жазу үшін қолданылған кириллица мен арабша әліпби тұрақталмады және қоғам тарапынан қабылданбады. Әрбір автор өз мәтінін осы алфавиттердің бірімен жазу кезінде жазу жүйесіне қандай да бір өзгерістер енгізе алатын еді. Қазақ жазу жүйесі саласындағы тамаша туынды А. Байтұрсынұлына тиесілі. Ұлы ойшыл араб әліпбиін реформалаған, оның қазақ мәтіндерін жазу үшін ұсынған жаңа әліпбиі қазақ тілінің фонетикалық жүйесіне толық сәйкес келді. Мақалада жаңа латынграфикалы әліпбиді жасау кезінде шешуді талап ететін негізгі мәселелер сипатталады.

64-69 181
Аннотация

   Бұл мақалада ашық дауысты дыбыстардың алмасуы жайында сөз болады. Сөйленістерде байқалып жүрген дыбыс алмасуының түп төркіні бүкіл түркі тілдерінің фонетикалық жүйесімен байланысты әрі тамырын кең жайған құбылыс. Өйткені тіліміздегі қай дыбыс алмасуын алсақ та, түркі тектес тілдердің арасындағы дыбыстық алмасулардан айырмашылығы жоқ десек те болады. Бірақ фонетикалық ерекшеліктер мол болғанымен, сөйленістің дыбыстық құрамы әдеби тіліміздің дыбыстық құрамынан өзгеше емес, сөйленістегі дыбыс саны және олардың жасалу жолдары (артикуляциясы) әдеби тіліміздегі дыбыстармен үйлесіп, бірігіп жатады. Әдеби тілде жіңішке айтылатын кейбір сөздердің сөйленісте жуан айтылуы, ал жуан айтылатын кейбір сөздердің жіңішке айтылуы, үнді, ұяң және дауысты дыбыстар аралығында келген кейбір қатаң дауыссыздардың ұяңдамауы тәрізді құбылыстардың фонетикалық сипаттағы ерекшеліктер түрінде қараймыз.

70-74 227
Аннотация

   Әдеби шығармалардағы онимдік лексика, оның ішінде, әсіресе жиі қолданыс табатын антропонимдер, топонимдер, зоонимдер мен эргонимдерді зерделеген ізденістер жарық көрді. Әдеби ономастика мәселелерімен шұғылданушылар көбіне әдеби есімдерді қалыптастырудың қағидалары, онимдік лексиканың көркем шығарманың стильдік ерекшеліктеріне әсері, онимдік құрылымдардың функционалдық сипаты сияқты мәселелерді қарастырған. Әдеби ономастика зерттеушілері жалқы есімдерді тілдің құрамдас бөлігі, әрі аса маңызды қарым-қатынас құралы ретінде дәйектеп отыр. Мақалада әдеби ономастика мәселелері қарастырылды. Б. Майлин, Б. Қыдырбекұлы, Ж. Аймұхамбет шығармалары негізінде есімдердің қолданылуына талдау жасалды.

75-78 171
Аннотация

   Шет тілін оқыту әдістемесі лингвистика, психология, психолингвистика, дидактика және басқа ғылымдармен тығыз байланысты. Тілді оқыту әдістері оқу іс-әрекетінің процестері мен механизмдерімен айналысатын, тілдік білімді игерудің, сөйлеу дағдылары мен сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың оңтайлы, тиімді жолдарын зерттейтін оқыту психологиясымен тығыз байланысты. Бірнеше ғасырлар бойы шет тілдерін оқытуда әртүрлі әдістер немесе әдістемелік бағыттар пайда болды. Осы әдістемелік бағыттардың барлығы оқытудың белгілі бір мақсаты мен мазмұнына қатысты. Бұл мақалада оқу процесінің сапасын арттыратын жұмыстың тиімді әдістері мен формалары қарастырылады.

79-83 159
Аннотация

   Қазіргі әдістемеде тіл ғылымы салаларының ішінде (фонетика, морфология, лексика, синтаксис) синтаксис коммуникация процесіне тікелей байланысты және сөйлеуде басқа тілдік бірліктерді қолданудың коммуникативті негізін білдіреді деген тұжырым орынды. Сондықтан, коммуникативтілік категориясының маңызды қосымшаларының бірі – лексика мен морфологияны синтаксистік негізде зерттеу болып табылады: сөздер мен формалар коммуникативтілікке ие болады, сөйлем арқылы лексикалық және морфологиялық заңдылықтарды көрсетеді. Мақалада шет тілді аудиторияда орыс тілінің лексикалық аспектісін коммуникативті оқыту технологиясы қарастырылған.

84-92 304
Аннотация

   Заманауи ағылшын тілінде фразалық етістіктерге қатысты зерттеулер саны артып келеді. Бұған фразалық етістіктерге және оларды қолдануға арналған кітаптар, сөздіктер дәлел бола алады. Олардың санының артуымен бірге оларды қолдану жиілігі де артуда. Бұл олардың қысқалығы мен әсерлілігінің арқасында прагматикалық қызметін жақсы атқаратындығын білдіреді. Фразалық етістіктерді үйрену – ағылшын тілін меңгеру деңгейін көтергісі келетін адам үшін ең қиын міндеттердің бірі. Бұл мақала ағылшын тіліндегі фразалық етістіктердің анықтамаcы, семантикасы, классификациясы және тарихи қалыптасу мәселелеріне арналған.



ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)