Preview

ГИДРОНИМ АТАУЛАРЫНЫҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ ҚҰРАМЫ (ШҚО, АЛТАЙ ӨҢІРІНЕ ҚАРАСТЫ ГИДРОНИМ АТАУЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ)

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2023-3-173-183

Толық мәтін:

Аннотация

Топонимдік атаулар тіл және нақты тарихи жағдайдан өзге басқа да ортақ қасиеттерге ие, олар белгілі бір дәрежеде адамзаттық қоғам өмірінің әлеуметтік, экономикалық және географиялық аспектілерін көрсетеді. Географиялық атауларға тән бұл ерекшелікті топонимикалық лексиканы семантикалық тұрғыдан талдау барысында аша аламыз. Бұл мақала Шығыс Қазақстан облысы, Алтай өңіріне қарасты гидронимдердің географиялық атауларының семантикасын зерттеуге арналған.

Аталмыш мақалада Шығыс Қазақстан өңірінің Алтай ауданын басып өтетін өзендер, бұлақтар, бастаулар мен көл атауларының семантикалық ерекшеліктерін анықтай отырып, гидронимдік идентификациясын жүйелеуге әрекет жасалады. Өйткені гидронимдік жүйенің атауларға бай болуы ең алдымен көшпенді шаруашылықтың табиғи су көздеріне деген сұраныстарымен анықталады. Бұдан ата-бабамыздың көшпенді өмір салтындағы судың маңызы мен тарихта өте ертеден орын алған гидронимдік атаулар анықталып, лигвистикалық тұрғыдан кешенді талданады. Шығыс Қазақстан облысы, Алтай өңіріне қарасты гидронимдердің географиялық атауларының семантикасын талдау барысында анықталған негізгі мәселелердің бірі – осы өңірде қазақ ұлтына тән этнотопонимдердің жоқтығы. Мақалада оның негізгі себептері қарастырылып, талданды. Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысына қарайтын басқа өңірлердің географиялық нысан атауларына салыстырмалы талдау нәтижесінде Алтай өңірінің басқа қазақ өңірлердегі атаулардан басты айырмашылығы анықталды. Гидронимдер семантикалық негізде жүйелене отырып, 14 топқа жіктеліп қарастырылды, оның ішінде, физикалық-географиялық ерекшеліктері мен сипаттамалары көрсетілген атаулар; құрамында фитонимдер бар гидронимдер; құрамында зоонимдер бар гидронимдер; халықтың әлеуметтік өмірі мен рухани мәдениетіне байланысты гидронимдер; құрамында антропонимдер бар гидронимдер және эмоциональды реңкті гидроним атаулары.

Авторлар туралы

Ш. Б. Сейітова
Alikhan Bokeikhan University
Қазақстан

Шынар Ботаевна Сейітова - Алихан Бөкейхан университеті филология кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы.

Семей



Б. А. Абдыханова
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
Қазақстан

Бактыгуль Айдапкелевна Абдыханова - Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті, шет тілдер кафедрасының меңгерушісі, PhD.

Семей



Әдебиет тізімі

1. Әдебиеттер Конкашпаев Г.К. (1949) Казахские народные географические термины: автореф. ... канд. географ. наук: –Алма-Ата, 1949. – 23 с.

2. Қойшыбаев Е. (1985) Қазақстанның жер-су аттары сөздігі / Е.Қойшыбаев. Алматы: – 1985.

3. Абдрахманов А.А. (1954) Некоторые вопросы топонимики Казахстана. Автореф. дис... канд. филол. наук. – Алма-Ата, 1954.

4. Жанұзақов Т. (1965) Қазақ тіліндегі жалқы есімдер. – Алматы: ХОЗУ СМ КазССР, 1965. – 145 б.

5. Султаньяев О.А. (1969) Топонимика Кокчетавской области (лингвистический анализ). Автореф. дис... канд. филол. наук. – Томск, 1969.

6. Рысбергенова К. (1993) Историко-лингвистическое исследование топонимов Южно-Казахстанской области. Автореф. дис... канд. филол. наук. – Алматы, 1993.

7. Манкеева Ж.А. (1997) Қазақ тілінің заттық мәдениет лексикасы. /Ж.А.Манкеева. Докторлық дисс. автореф. Алматы: – 1997 – 53 б.

8. Керимбаев Е.А. (1988) Лексико-семантическая типология оронимии Казахстана. Автореф. дис... канд. филол. наук. – Алма-Ата, 1988.

9. Баскаков Н.А. (1962) Введение и изучение тюркских языков. – М.: Высшая школа, 1962. –332 с.

10. Мурзаев Э.М. (1974) Очерки топонимики. – Москва: Наука, 1974. – 382 с.

11. Кононов А.Н. (1978) Семантика цветообозначений в тюркских языках // Тюркологическй сборник, 1975. – М.: Наука, 1978. – С. 159-179.

12. Сагидолдагийн Г. (1993) Қазақ-монғол топонимдеріндегі ортақ құбылыстар: филол. ғ. к. ... дис.. – Алматы, 1993. – 143 б.

13. Иманбердиева С.Қ. (2010) Тарихи ономастикалық кеңістік (Х-ХІV ғғ. түркі жазба ескерткіштер негізінде): филолог.ғыл.к-ты ... дисс. Алматы, 2010 ж., 291 б.

14. Наханова Л. (2014) Историко-семантическая интепретация топноимов в Орхоно-Енисейских памятниках. Диссертация на соискание ученой степени доктора PhD. Алматы, 2014 г. Рысберген Қ.Қ. (2010) Қазақ топонимиясының лингвокогнитивтік және этномәдени негіздері: филол. ғ. д. ... дисс. – Алматы, 2010. – 255 б.

15. Жартыбаев А.Е. (2006) Орталық Қазақстан топонимиясының тарихилингвистикалық, этимологиялық және этномәдени негіздері: фил.ғыл.д-ры ... дисс. – Алматы, 2006. – 281 б.

16. Тілеубердиев Б.М. (1995) Оңтүстік Қазақстан топонимдерінің этнолингвистикалық сипаттары: филол. ғ. к. ... дис. – Алматы, 1995. – 162 б.

17. Құламанова З.А. (2006) Жамбыл облысы ойконимдерінің тарихи-лингвистикалық жҽне этномҽдени сипаты. Филол.ғыл.канд.дис. автореф. – Алматы, 2006.

18. Тасполатов Б.Т. (2010) Қазығұрт өңірі топонимиясының этнолингвистикалық сипаты. Филол. ғыл. канд. дис. автореф. – Алматы, 2010.

19. Ержанова Ұ.Р. (2018) Батыс Қазақстан облысының ономастикалық кеңістігі: Монография. – Орал: М.Өтемісов атындағы БҚМУ РБО, 2018. - 250 б.

20. Мадиева Г.Б. (2005) Ономастическое пространство современного Казахстана: структура, семантика, прецедентность, лемматизация. Автореф. дис... д-ра филол. наук. – Алматы, 2005.

21. Мақұлбек А.Б. (2008) Қазақ топонимдерінің фоносемантикалық сипаты: филол. ғ. к. ... дис. – Алматы, 2008. – 128 б.

22. Орынбетова Э.А. (2010) М. Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясының ономастикалық кеңістігінің лингвомҽдени сипаты. Филол.ғыл.канд. ... дис. – Алматы, 2010.

23. Бияров Б.Н. (2000) Өр Алтай (Оңтүстік Алтай) оронимдері. Филол. ғыл.канд.дис. автореф. – Алматы, 2000.

24. Бұғыбаева Ж.Б. (2015) Қазақ топонимдерінің сөзжасамы: философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін ... дайындалған дисс. – Алматы, 2015. – 151 б.

25. Адилова Ж.К., Сеитова Ш.Б., Касымова А.А., Долгушева Т.В. (2022) Русские комонимы и особенности их деривационной структуры (на материале топонимии Восточного Казахстана) // Вопросы ономастики. 2022. Т. 19. № 1. С. 245–258, DOI:10.15826/vopr_onom.2022.19.1.013

26. Мадиева Г.Б. (1990) Гидронимия Восточного Казахстана: автореф. дисс. . канд. филол. Наук – Алма-Ата, 1990. - 22 с.

27. Әлімхан А.А. (2001) Шығыс Қазақстанның оңтүстік аймағы топонимдерінің тілдік жҽне этномҽдени негіздері. Филол. ғыл.канд.дис. автореф. – Алматы, 2001.

28. Лысенкова З.В. (2009) Изучение пространственно-временных особенностей регионального природопользования на основе топонимических данных // Региональная география и геоэкология региональная география и геоэкология. // Вестник Российского государственного университета им. И. Канта. -2009. Вып.1. С.64-70.

29. Коробейникова Л. М., Минеев А. Н., Коробейников К. (2012) Л. Тургусун // [Электронный ресурс] Режим доступа: Материалы Центральной городской библиотеки г. Зыряновска // zyryan.pushkinlibrary.kz/index.php.

30. Мырзахметов М. (1993) Қазақ қалай орыстандырылды. – Алматы: Атамұра – Қазақстан, 1993.- 128 б.

31. Сейітова Ш.Б. (2020) Аягөз ауданы жер-су атауларының сөздігі: көмекші оқу құралы Семей: «Zhardem» баспасы, 2020. –197б.

32. Шиловский М.В. (2010) Сибирские переселения. Вып.3. Освоение Верхнего Прииртышья во второй половине XVI - начале XXвв. Сборник документов. – Новосибирск: Параллель, 2010, - 276 с.

33. Егоров А. (1984) Алтайская Одиссея. повесть. - с.136. - Издательство «Жазушы». – Алма-Ата, пр.Абая 143, - 1984. – 268 с.

34. Лухтанов А.Г. (2006) Лесное фотоателье. – Усть-Каменогорск: Медиа-Альянс, 2006. – 204 с.

35. Сейітова Ш.Б., Қасымова А.А., Абдыханова Б.А. (2021) Катонқарағай ауданы жер-су атауларының сөздігі (көмекші оқу құралы) / Жалпы редакциясын басқарған: ф.ғ.д. Сейітова Ш.Б. – Алматы: «Алгорифм» баспасы, 2021 ж. - 336 б.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Сейітова Ш.Б., Абдыханова Б.А. ГИДРОНИМ АТАУЛАРЫНЫҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ ҚҰРАМЫ (ШҚО, АЛТАЙ ӨҢІРІНЕ ҚАРАСТЫ ГИДРОНИМ АТАУЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ). TILTANYM. 2023;(3):173-183. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2023-3-173-183

For citation:


Seiitova Sh.B., Abdykhanova B.A. SEMANTIC COMPOSITION OF HYDRONYMS (BASED ON HYDRONYMY OF EK, ALTAI DISTRICT). Tiltanym. 2023;(3):173-183. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2023-3-173-183

Қараулар: 392


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)