Preview

TILTANYM

Кеңейтілген іздеу

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҚҰРАНДЫ ЕТІСТІКТЕРДІҢ ЛЕКСИКАГРАММАТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2022-1-43-52

Толық мәтін:

Аннотация

Болмыстағы зат пен құбылыстар, оларға қатысты сын-сапалық белгілер, қимыл-қозғалыс – бәрі тілден көрініс табады. Дүниенің тілдік бейнесін таңбалауда тілде қалыптасқан жүйенің бірі – сөзжасам. Мақалада қазақ тіліндегі етістік сөзжасамына қатысты теориялық тұжырымдар талданып, қимыл мәнді лексикалық бірліктердің жасалуы, оның ішінде көмекші етістіктер арқылы жасалатын құранды етістіктердің лексика-семантикалық сипаты мен грамматикалық ерекшеліктері қарастырылған. Сөзжасамның аналитикалық тәсілінің нәтижесі болып табылатын құранды етістікті жасауға қатысатын сөзжасамдық тұлғалар – жетекші қызметтегі есім сөздер мен еліктеуіш сөздер және сөзжасамдық қызмет атқаратын көмекші етістіктер құрылымдық-семантикалық жағынан талданады. Сонымен қатар, құранды етістіктерге тән семантикалық тұтастық, морфологиялық тұтастық және синтаксистік тұтастық белгілері нақты тілдік деректерді мысалға келтіру арқылы дәйектеледі. Құранды етістіктердің өзіндік ерекшеліктері өзіне ұқсас тілдік құбылыстардан, атап айтқанда күрделі етістік, етістіктің аналитикалық формалары, идиомаланған етістіктер және еді көмекші етістігінің тіркесі арқылы жасалған күрделі грамматикалық формалармен салыстыра отырып айқындалады. Сондай-ақ, құранды етістіктерге тән морфологиялық тұтастық белгісін танытатын оның етістік категорияларының көрсеткіштерімен, атап айтқанда рай, жақ, шақ, болымды-болымсыздық, қимылдың өту сипаты категорияларының көрсеткіштерімен түрлену парадигмасы көрсетіледі

Автор туралы

М. С. Жолшаева
Сулейман Демирель атындағы университет
Қазақстан

Қаскелең



Әдебиет тізімі

1. Жанпейісов Е. (2002) Зат есімдер сөзжасамы. Сын есімдер сөзжасамы // Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002.

2. Момынова Б., Саткенова Ж. (2014) Қазақ тілінің морфологиясы. – Алматы: Қазақ университеті, 2014.

3. Исаев С. (2007) Қазіргі қазақ тілі. – Алматы: Өнер, 2007. – 336 б.

4. Қасым Б.(2003) Сөзжасам. Семантика. Уәждеме. Алматы, 2003. – 167 б.

5. Қасым Б. (2002) Құранды етістіктер // Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002. – 784 б

6. Маманов Ы. (2007) Қазір тіл білімінің мәселелері. – Алматы: Арыс, 2007. – 488 б.

7. Маманов Ы. (1966) Қазіргі қазақ тілі. – Алматы, 1966.

8. Оралбаева Н. (2002) Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. – Алматы, 2002.

9. Оралбай Н., Құрманалиев К., Балтабаева Ж. (2014) Қазақ тілінің сөзжасамы. – Алматы, 2014. – 290 б

10. Салқынбай А. (1999) Тарихи сөзжасам. Семантикалық аспект. – Алматы: Қазақ университеті, 1999.

11. Салқынбай А. (2008) Қазіргі қазақ тілі. – Алматы: Қазақ университеті, 2008. -340 б.

12. Ысқақов А. (1991) Қазіргі қазақ тілі. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 384 б.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Жолшаева М.С. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҚҰРАНДЫ ЕТІСТІКТЕРДІҢ ЛЕКСИКАГРАММАТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. TILTANYM. 2022;185(1):44-54. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2022-1-43-52

For citation:


Zholshayeva M.S. LEXICAL AND GRAMMATICAL FEATURES OF COMPOUND VERBS IN KAZAKH LANGUAGE. Tiltanym. 2022;185(1):44-54. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2022-1-43-52

Қараулар: 483


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)