Preview

ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ КОНЦЕПТІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ДЕҢГЕЙІ (қазақ, түрік, өзбек тілдері материалдары негізінде)

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2023-3-63-71

Толық мәтін:

Аннотация

Тілді антропоөзектік парадигма аясында зерттеу қазіргі тіл біліміндегі және жалпы гуманитарлық ғылымдардың басым міндеттерінің бірі болып табылады. Осы тұрғыда қазіргі түркі тілдеріндегі (қазақ, түрік, өзбек) когнитивті лингвистика мен лингвомәдениеттанудың негізгі бірлігі болып табылатын концептінің зерттелу деңгейін анықтау мақсат етілді. Маңызды, ұлттық сипатқа ие ұғымдарды бір мазмұнның аясына жинастыратын күрделі құбылыс концептосфера, ұлттық концептосфера туралы сөз қозғалды.

Қазіргі таңда түркі тілдерінде (қазақ, түрік, өзбек) салыстырмалы аспектіде концептуалды зерттеулер жүргізуді тереңдету қажеттілігінің маңызы анықталды.

Қазақ және өзбек тіл білімінде концептіні зерттеуге арналған іргелі зерттеулер жүргізілуде, әзірге бұл қатарға түрік тіл білімін енгізе алмаймыз. Алайда жалпы концептіні түркі тілдерінде (қазақ, түрік, өзбек) теориялық тұрғыда зерттеуге, концептінің құрылымына диахрониялық және синхрониялық талдау жасау, түркі халықтарына ортақ жазба мұраларда кездесетін көне түркілер дүниетанымындағы концептілерді анықтап, оларға кешенді талдау жүргізу қажеттілігі мәселесі қарастырылды. Түркі тілдерінің (қазақ, түрік, өзбек) тіл білімі қоржынын салыстырмалы зерттеулермен толықтырудың маңызы айқындалды. Зерттеу жүргізу барысында отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері талданды, қазіргі түркі тілдіріндегі (қазақ, түрік, өзбек) концепті мен концептосфераны зерттеуге арналған еңбектер іріктеліп, алынған ғылыми ақпараттар синтезделді. Қазақ, түрік, өзбек тіл біліміндегі осы бағытта жүргізілген зерттеулер жіктелді.

Зерттеу нәтижелері түркі тілдерінде танымдық лингвистика саласы бойынша салыстырмалы зерттеулер жүргізуде, филология және түркология мамандығының білім алушылары мен ізденушілеріне «Танымдық лингвистика» пәні бойынша дәрістер оқуда, когнитивті лингвистика бағытында түркі тілдері бойынша салыстырмалы зерттеу жүргізуде пайдаланылады.

Авторлар туралы

Н. Ш. Калиева
https://orcid.org/0000-0002-4048-4236
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Қазақстан

Нургул Шамшархановна Калиева

Алматы



А. М. Жалалова
https://orcid.org/0000-0003-1216-3889
Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы
Қазақстан

Акшай Максутовна Жалалова - PhD.

Алматы



Әдебиет тізімі

1. Әдебиеттер Аскольдов С.А. (1997) Концепт и слово / Русская словесность: От теории словесности к структуре текста: Антология / Под общ. ред. В.П. Нерознака. – М.: Academia, 1997. – С. 267-279.

2. Ашурова Д.У. (2016) Развитие когнитивной лингвистики в Узбекистане. Хорижий филология. ‒ №3, 2016. ‒ 56 стр.

3. Галиева М.Р. (2010) Вербализация концептосферы word/сўз/слово в английской, узбекской и русской языковых картинах мира. Автореферат диссертации на соискание ученой степени кандидата филологических наук. ‒ Ташкент, 2010. Гиздатов Г.Г. (1997) Когнитивные модели в речевой деятельности. ‒ Алматы: Ғылым, 1997.

4. Жаманбаева Қ. (1998) Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – Алматы: Ғылым, 1998. – 140 б.

5. Ислам А. (2004) Ұлттық мәдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті (салыстырмалы-салғастырмалы лингвомәдени сараптама): филол.ғыл.док. дисс. – Алматы, 2004. ‒ 228 б. 6, 213 б.

6. Кубрякова Е.С., (1996) Демьянков В.З., Панкрац Ю.Г., Л.Г.Лузина. Краткий словарь когнитивных терминов. – М., 1996.

7. Ляпин С.Х., Карасик В.И. (1997) Концептология: к становлению подхода. – М., 1997. – 115 с. 45 б.

8. Манкеева Ж.А. (2008) Қазақ тіліндегі этномәдени атаулардың танымдық негіздері. – Алматы: Жібек жолы, 2008.

9. Насруллаева Н.З. (2018) Формирование гендерных концептов в английской и узбекской фразеологических картинах мира. Автореферат диссертации доктора филологических наук. –Ташкент, 2018.

10. Нұрдәулетова Б.И. (2008) Жыраулар поэтикасындағы дүниенің концептуалдық бейнесі: 10.02.02: филол. ғыл. док. ... дис. – Алматы, 2008. – 328 б.

11. Рахматова М.М. (2019) Инглиз, ўзбек ва тожик миллий маданиятида «гўзаллик» концептининг лисоний хусусиятлари филология фанлари бўйича. Фалсафа доктори (phd) диссертацияси автореферати. ‒ Бухоро, 2019.

12. Рузиева С.А.(2020) «Оила» тушунчаси ва унинг инглиз ва ўзбек тиллари маданиятида акс этиши. Филология фанлари бўйича фалсафа доктори (phd) диссертацияси автореферати. – Самарқанд, 2020.

13. Сафаров Ш.С. (2006) Когнитив тилшунослик. – Жиззах: Сангзор нашриѐти, 2006. Телия В.Н. (1996) Русская фразеология: семантический, прагматический и лингвокультурологический аспекты. – М., 1996. – 215 с. 93 б.

14. Тілеубердиев Б. (2007) Қазақ ономастикасының лингвоконцептология негіздері. 2007 ж. (оқу құралы).

15. Уәли Н. (2005) «Қамшы» концептісі // Академик Ш.Ш.Сарыбаев және қазақ тіл білімі мәселелері. Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары. ‒ Алматы: Дайк-Пресс, 2005. – 204-213 бб.

16. Gardenfors P. (1999) Some tenets of cognitive semantics // Cognitive Semantics: Meaning and Cognition. Ed. Allwood J., Gardenfors P. – Amsterdam, Philadelphia: John Benjamins Publishing Company, 1999. – 201 р.

17. Jiri Lukl, Wei-lun Lu (2020). The flow and structure of information in cognitive linguistics. Cognitive Linguistic Studies journal. V.7.2, 2020. ‒ pp. 275-283.

18. Johnson M., Lakoff G. (1999) Philosophy in the flesh: the Embodied Mind and its Challenge to Western Thought. – NY.: Basic Book, 1999. – 640 p.

19. Sweetser E. (1990) From etymology to pragmatics: metaphorical and cultural aspects of semantic structure. ‒ Cambridge: Cambridge University Press, 1990. – 174 р.

20. Tarih Khan (2018) Basic concepts in Linguistics, 2018. TDK Eğitim Terimleri sözlüğü (1974). http://www.tdk.gov.tr 17.07.2021.

21. Vardar B. (2007). Açıklamalı Dilbilim Terimleri Sözlüğü. ‒ İstanbul: Multilingual Yayınları, 2007.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Калиева Н.Ш., Жалалова А.М. ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ КОНЦЕПТІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ДЕҢГЕЙІ (қазақ, түрік, өзбек тілдері материалдары негізінде). TILTANYM. 2023;(3):63-71. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2023-3-63-71

For citation:


Kaliyeva N.Sh., Zhalalova A.M. THE LEVEL OF KNOWLEDGE OF THE CONCEPT IN MODERN TURKIC LANGUAGES (on the materials of the Kazakh, Turkish and Uzbek languages). Tiltanym. 2023;(3):63-71. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2023-3-63-71

Қараулар: 344


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)