Preview

TILTANYM

Кеңейтілген іздеу

СӨЗДІКТЕРДІ ТҮЗУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2022-1-53-64

Толық мәтін:

Аннотация

Тарихи лексикография қазақ тілінің тарихи сөздік қоры мен сөздік құрамын кешенді тілдік тұрғыдан зерттеуге мүмкіндік тудыратын тарихи лексикологиялық, тарихи диалектологиялық, тарихи фонетикалық, тарихи грамматикалық еңбектер мен дереккөздерді жүйелі түрде ғылыми зердеден өткізіп, оларды тарихи бағыттағы сөздіктер түзу ісіне пайдаланудың жолдарын, әдіс-тәсілдерін белгілейді. Тарихи лексикография теориясы қазақ тілінің этимологиялық, тарихи-диалектологиялық, тарихи бағыттағы сөздіктерін жасау тәжірибесінде ғылыми-теориялық негіздеме ретінде қызмет етіп, оларды жетілдіруге мүмкіншілік береді. Сонымен бірге қазіргі лексикографияның ғылыми деңгейіне сәйкес қазақ тіл біліміндегі тарихи лексикографияның да мақсат-міндеттерін, құрылымдық ерекшеліктерін, ұстанымдық негіздерін айқындау қажеттігі туындап отыр. Қазіргі қоғамда жүріп жатқан ғылыми-ақпараттық кеңістіктің өркендеуі және лексикография саласының кемелденуіне байланысты тарихи лексикография мен компьютерлік тарихи лексикография салаларының да қарқындап дамуына әсер етуде. Қазақ тілінің XV−ХХ ғғ. мәтіндердің электрондық корпусын және қазақ мәденирухани, ұлттық құндылықтарының тілдегі көрінісін көрсететін тарихи электрондық картотекалық қорын (публицистикалық, эпистолярлық, көркем шығармалардан, ауыз әдебиетінен, тарихи жазбалардан т.б.), әр ғасыр бойынша жасалған тарихи сипатты сөздіктер, қазіргі қазақ тілінің тарихи сөздігін, қазақ тілінің тарихи-этимологиялық сөздігін жасау – бүгінгі қазақ тілтаным ғылымының маңызды міндеттерінің бірі. Түркітану саласы бойынша да, қазақ тіл білімі бойынша да тарихи-этимологиялық сөздік түзудің басты ұстанымдарын айқындап және электрондық тарихи сөздік жасалуы қажет. Бұны қазақ тілінің тарихи қабаттарын тереңірек ашудың, ана тіліміздің жаһандану дәуірінде жұтылып кетпеуінің бір кепілі деп білер едік.

Автор туралы

Г. Б. Көбденова
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
Қазақстан

Алматы



Әдебиет тізімі

1. Амирова Т.А., Ольховиков Б.А., Рождественский Ю.В. (1975) Очерки по истории лингвистики. – Москва, 1975. – 559 c.

2. Арнольд И.В. (1959) Лексикология современного английского языка. – Москва, 1959. – 351 с.

3. Большой энциклопедический словарь. Языкознание (1998) – Москва, 1998. – 685 c.

4. Гак В.Г. (1977) О некоторых закономерностях развития лексикографии (учебная и общая лексикография в историческом аспекте) // Актуальные проблемы учебной лексикографии. – Москва, 1977. – С.13-18.

5. Денисов П.Н. (1978) Практика, история и теория лексикографии в их единстве и взаимообусловленности // Проблемы учебной лексикографии и обучения лексике. – Москва: Русский язык, 1978. – С. 25-33.

6. Козырев В.А., Черняк В.Д. (2004) Русская лексикография. – Москва: Дрофа, 2004. – 285 с.

7. Малбақов М.М. (2002) Бір тілді түсіндірме сөздіктің құрылымдық негіздері. – Алматы: Ғылым, 2002. – 367 б.

8. Морковкин В.В. (1987) Об объеме и содержании понятия «теоретическая лексикография» // Вопросы языкознания. – Москва, 1987. – № 6. – С.4-8.

9. Мұсаева Ж.О. (2006) Қазақ лексикографиясында қолданылатын атаулардың метатілдік табиғаты. Филолог.ғыл.канд… диссер. 10.02.02 – қазақ тілі. – Алматы, 2006. –125 б.

10. Щерба Л.В. (2004) Языковая система и речевая деятельность. – Изд. 2-е, стереотипное. М.: Едиториал УРСС, 2004. – 432 с.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Көбденова Г.Б. СӨЗДІКТЕРДІ ТҮЗУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ. TILTANYM. 2022;185(1):55-66. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2022-1-53-64

For citation:


Kubdenova G.B. THEORETICAL PROBLEMS OF DICTIONARY FORMATION. Tiltanym. 2022;185(1):55-66. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2022-1-53-64

Қараулар: 276


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)