Preview

ЕЛДЕС ОМАРҰЛЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛТАНЫМЫНДАҒЫ ОРНЫ МЕН ҮЛЕСІ

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2021-4-36-45

Толық мәтін:

Аннотация

Мақалада ХХ ғасыр басындағы көрнекті алаш қайраткері, ғалым, физик, математик, аудармашы, талантты лингвист, қазақ тіл білімінің негізін қалаушылардың бірі Елдес Омарұлының ғылыми мұрасын талдау негізінде қазақ тілтанымы мен ғылыми ойының дамуына қосқан үлесі баяндалады. Ғалымның ХХ ғасырдың 20-30 жылдар аралығында жазған тарих, аударма, оқу әдістемесі және физика, математика сияқты жаратылыстану ғылымы мен тіл білімінің көптеген салаларына байланысты, жалпы көлемі 5-6 том болатын ғылыми еңбектері толық қарастырылып, ондағы маңызды мәселелер мен өзекті тақырыптар туралы шолу жасалады. Соның нәтижесінде Елдес Омарұлының қазақ ғылымының дамуына қосқан үлесіне, қазақ лингвистикасының қалыптасуына сіңірген еңбегіне баға беріледі. Әсіресе тілтанымдық мұрасы, тіл білімінің фонетика, лексика, грамматика деңгейлері мен емле (орфография), терминология, ономастика салаларына қатысты еңбектері талданады. Сондай-ақ ұстазы Ахмет Байтұрсынұлымен тіл білімі саласындағы ғылыми сабақтастығы мен өзіндік тың ізденістері салыстырыла талданып, қазақ жазуы мен емлесінің дамуына қосқан үлесітуралы нақты тұжырымдар айтылады. Бұл талдаулардың нәтижесінде бүгінгі таңдағы әліпби реформасы қарсаңында туындаған қазақ емлесінің түйткілді мәселелеріне ғалым еңбектерінен ғылыми дәйектемелер ұсынылады. Мақала «елдестанудың» дамуына өзіндік үлес қосатын, ізашар тұжырымдармен ерекшеленетін алғашқы арнайы зерттеу мақалаларының бірі. Мақалада негізінен сипаттамалы әдіс қолданылады. Тілтанымдық еңбектерін талдауда құрылымдық әдіс қолданылса,ішінара салыстырмалы әдіс қолданылады.

Автор туралы

Е. Маралбек
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
Қазақстан

Алматы



Әдебиет тізімі

1. Омарұлы Е. (2017) Шығармалары. / Құраст. М.Шуақаев, А.Шаяхмет. – Астана: Фолиант. – 418 б.

2. Омарұлы Е. (2018) Көптомдық шығармалар жинағы // Құрастырушы – Е.Маралбек. – Алматы: «Лұғат» қоғамдық қоры. – 1-2 т.

3. Омарұлы Е. (2018) Үш томдық шығармалар жинағы / Елдес Омарұлы. – Астана: «Алашорда» Қоғамдық қоры.

4. Өркениеттің түп қазығы – жазу (2019) – Алматы: «Қазақ кітабы». – 258 б.

5. Дулатұлы М. (1921) Қазақ зиялылары // «Ақ жол» газеті, 5 мамыр. - №55.

6. Kazak bіlіmpazdarynyn tungysh siezі [The first congress of Kazakh scientists]. (Кazmembas, Orynbor, 1924, 118 p.) [in Kazakh]

7. Омарұлы Е. (1923) Қазақ тарихынан // Қазақ календары. - 80-91 бб.

8. Аймауытұлы Ж. (1927) Емле, әріп жайынан // Еңбекші қазақ газеті. - №93 (821), 2-3 б.

9. Байтұрсынұлы А. (1925) Заң кітабы керек // Еңбекші қазақ. Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезі (1924). – Орынбор: Қазмембас. – 118 б.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Маралбек Е. ЕЛДЕС ОМАРҰЛЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛТАНЫМЫНДАҒЫ ОРНЫ МЕН ҮЛЕСІ. TILTANYM. 2021;(4):37-46. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2021-4-36-45

For citation:


Maralbek E. THE SCIENTIFIC HERITAGE OF ELDES OMARULY, HIS PLACE AND CONTRIBUTION TO THE DEVELOPMENT OF KAZAKH LINGUISTICS. Tiltanym. 2021;(4):37-46. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2021-4-36-45

Қараулар: 378


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)