Preview

СӨЗСАПТАМ: БАЙЛАСЫМ МЕН ТҰТАСЫМ

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2021-3-15-27

Толық мәтін:

Аннотация

Қазақтың дәстүрлі сөзсаптам үлгілерінің қайнар көзі –  көркем шығармада.  Көркем шығармадағы әрбір жекелеген  мәтін – сөйлеудің туу процесінің жемісі ретінде белгілі бір ойдың синтезделген көрінісі.  Мәтін – тілдік қызметтің, тілдік танымның «лабораториясынан» қайнап шығатын нәтиже.  Мәтін жазушының  сөзсаптау мәдениетіне де байланысты. Демек, мәтіндегі сөзсаптамдық жүйені танып-білу дегеніміз – ойдың құралу жолдарын тануға ұмтылу дегенмен сәйкес.  Ал ойлау сөздің байласымы мен тұтасымынан көрінеді.  Сондықтан мақалада Ғ.Мүсіреповтің сөзсаптауындағы  байласым мен тұтасым сияқты  мәтін лингвистикасының негізгі  категориялары өзара байланысты қарастырылады.

Сөзсаптамның іргелі компоненті ретінде алынған мәтін кез келген сөйлемдердің кездейсоқ жиынтығы емес, мағыналық, логикалық, грамматикалық жағынан ұйымдасқан сөзжұмсам бірлігі ретінде қарастырылады. Сөзсаптамда мәтінді құрайтын бірліктер тілдік жақтан бір-бірімен байласымға түсіп, ойдың басталуы, дамуы, аяқталуына назар аудартады. Бұл мәтін нормасына да тиесілі болса да,  сөзсаптам үшін де  маңызды, себебі сөзсаптамда  жекелеген сөздің емес, тұтас  мәтіннің өзі қандай орында,  қандай жерде, қандай ортада, қолданылуы орынды, лайықты деген мәселеге де бақылау жасайды. Тіл және сөз мәдениетінің, стилистиканың, мәтін лингвистикасының объектісіне жататын сөз, мәтін нормасын  қарастыру арқылы сөзжұмсам нормасын анықтау да алдағы міндеттердің бірі.

Автор туралы

Н. С. Амиржанова
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Қазақстан

Назира Сериковна Әміржанова - филология ғылымдарының кандидаты

Алматы



Әдебиет тізімі

1. Серғалиев М. (2003) Ғабит Мүсірепов және тіл мәдениеті. – Астана. – 112 б.

2. Ахметова М. (2008) Мәтін лингвистикасы: оқу-әдістемелік құрал. – Орал. – 148 б.

3. Уәли Н. (2021) Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері. Монография. – Алматы:«Қазақ тілі» баспасы. – 424 б.

4. Каменская О. (1990) Текст и коммуникация. – Москва. – 152 с.

5. Құрманова Н. (1999) Сын есімді оқыту барысында тіл дамыту әдістемесі. – Алматы.

6. Жаңабекова А. (2012) Функционалды грамматиканың метатілі. – Алматы: «Елтаным». – 156 б.

7. Қайшығұлова Ж. (2001) Қазақ мәтіндерінің күрделі фразалық тұтасым// абзац деңгейінде мүшеленуі. – Алматы. – 109 б.

8. Аташев С. (1995) Қазіргі қазақ тіліндегі сөйлемнің актуалды мүшеленуі. Алматы. Уәли Н. (2021) Қазақтың дәстүрлі сөзсаптамы (тілтанымдық үзіктер). – Алматы. 138 б.

9. Умарова Д. (2010) Взоимодействие культуры языка и культурой речи. – Москва


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Амиржанова Н.С. СӨЗСАПТАМ: БАЙЛАСЫМ МЕН ТҰТАСЫМ. TILTANYM. 2021;(3):15-27. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2021-3-15-27

For citation:


Amirzhanova N.S. RECEPTION: CONNECTION AND INTEGRITY. Tiltanym. 2021;(3):15-27. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2021-3-15-27

Қараулар: 280


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)