Preview

TILTANYM

Кеңейтілген іздеу

ГЕОДЕЗИЯ ТЕРМИНДЕРІНІҢ ҚЫСҚАРЫМ ЖОЛЫМЕН ЖАСАЛУЫ ЖАЙЫНДА

Толық мәтін:

Аннотация

Ұсынып отырған мақалада геодезия терминдерінің қысқарым жолымен жасалуы жайы сөз болады. Жалпы қысқарым жолымен жасалған лексика қазіргі техникалық сала терминологиясының сөздік құрамының ажырамас бөлігі болып табылады, өйткені ғылым мен техниканы дамытудың қазіргі кезеңі қарым-қатынаста барынша қысқартылған атаулардың қолданылуын талап етеді. Жаңа қолданыстардың көпшілігі көп компонентті болғандықтан оны аудару, баламасын табу және қолдану да ыңғайсыз. Түсінудегі белгілі қиындықтарға қарамастан, қысқартылған сөздер шын мәнінде үнемді, бірақ кез келген салада қысқарымдар тәжірибеде кеңінен қолданылған сайын түсінудегі қиындықтар біртіндеп жоғалатыны сөзсіз. Тілдік қатынас барысында бастапқы күрделі терминдер неғұрлым қысқартылып қолданыла келе, кейін мамандар арасында үйреншікті болып кетеді. Дегенмен, әрбір күрделі атаудан қысқартылған нұсқа оның мағыналық тұтастығы, семантикалық бірлігі сақталғанда ғана жаңа термин болуға қабілетті. Мұндай көп сөзден тұратын құрама атауларды әріп, буын түрінде беру де кездеседі. Олар геодезияда көбінесе орыс немесе ағылшын тіліндегі тұлғасында айтылып қолданылады. Қысқарым жолымен жасалынған геодезия терминдерінің ағылшын тіліндегі қысқартылған түрін алу, бір жағынан, мамандар арасындағы қарым-қатынаста қолайлы болса, екінші жағынан, бұл жағдай геодезия терминдерінің одан әрі дамып, толығуына ықпал етеді.

Авторлар туралы

К. Жақсылықова
Сәтбаев атындағы университет
Қазақстан

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор

Алматы



А. Үдербаев
Сәтбаев атындағы университет
Қазақстан

Филология ғылымдарының кандидаты, ассистент

Алматы



Әдебиет тізімі

1. Syzdykova R. Language norms and its normalization. - Almaty: «El-Shezhire». – 2014. 312 р.

2. Kurmanbayuly Sh. Terminological sources and terminology. - Almaty, 2005. 258 р.

3. Aldashev N.M. Abbreviated words in the Modern Kazakh Language. Phil. science diss. author’s abstract. Almaty, 1996. – 26 p.

4. Kurmanbayuly Sh. Abbreviated words in the Kazakh language . - Almaty, 2013. 296 p.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Жақсылықова К., Үдербаев А. ГЕОДЕЗИЯ ТЕРМИНДЕРІНІҢ ҚЫСҚАРЫМ ЖОЛЫМЕН ЖАСАЛУЫ ЖАЙЫНДА. TILTANYM. 2020;(2):35-41.

For citation:


Zhaxylikova K., Uderbaev A. ABOUT FORMATION OF GEODESIC TERMS BY ABBREVIATIONS. Tiltanym. 2020;(2):35-41.

Қараулар: 139


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)