Preview

TILTANYM

Кеңейтілген іздеу

ТІЛДЕГІ ҮНЕМДЕУ ТӘСІЛІ СӨЙЛЕУ КЕЗІНДЕ ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

Толық мәтін:

Аннотация

Зерттеп отырған мәселең тілге жата ма? әлде сөйлеуге жата ма, осыны анықтап алу шарт. Кез келген лингвистикалық теория зерттеудің, сипаттаудың бастау нүктесі тіл мен сөйлеудің біріне негізделуі тиіс. Егер олай болмаса, зерттеу о бастан-ақ жүйесіздік жолға түседі. Тіл сөйлеуден туындайтын болса, онда сөйлеу толығымен тілден туындамайды: олардың арасында толық қарама-қарсы (тең) шарттастық жоқ. Сөйлеу түсінікті, анық болу үшін өзі тудырған тілдің заңдылығына бағынады. Сөйлеу қалпы жалпы негізін сақтай отырып, танымастай (көп мөлшерде) өзгеріп кетуі мүмкін. Сөйлеуге табан астынан тудыру, жандылық тән. Онсыз ешнәрсе өзгермес (дамымас) еді ғой. Осы табанастылық, жандылық грамматикалық формулалардың дамуына байланысты болып көрінуі мүмкін. Солай болса да, сөйлеу тілден ауқымды. Сөйлеу алға жылжыған үрдісті итермелеуші, бағыттаушы элемент болып қала береді. Сөйлеу арқылы тіл өзінің шығатын қайнар көзімен үнемі байланыста болады.
Тіл заттарды сөзбен атаудан басталып, сол сөздерді қосып құрастырумен жасалады деп ойлау – қате. Сөйлеу сөздерден құралмайды, керісінше, сөз сөйлеудің ішінен шығады. Сөзді ең өрескел де жүйесіз құрылған сөйлемдердің ішінен бөліп алуға болады, өйткені сөз жасау сөйлеудің басты қажеттілігі болып табылады. Тілдің дамуына қатысты барлық өзгерістерге сөйлеу түрткі болатындығы белгілі. Яғни тілдегі үнемдеу тәсілі де сөйлеу кезінде жүзеге асады.

Автор туралы

Б. Қапалбек
«Мемлекеттік тілді дамыту институты» ЖШС
Қазақстан

директоры, филология ғылымдарының кандидаты Алматы 



Әдебиет тізімі

1. Звегинцев В.А. История языкознания XIX-XX веков в очерках и извлечениях. Часть 1. – М., 1963. с. 464.

2. Байтұрсынұлы А. Шығармалары – Алматы, 1989. 320 б.

3. Пауль Г. Принципы истории языка. М., 1960. с. 500.

4. Мартине А. Принцип экономии в фонетических изменениях. М., 1960. с. 263.

5. Поливанов А.Е. Факторы фонетической эволюции языка, как трудового процесса. I. Обзор процессов, характерных для языкового развития в эпохи натурального хозяйства . –М., 1929.

6. Адилова З.Ш. Экономия речи и способы ее реализации (на материале казахского языка). Алма-Ата, 1989.

7. Coseriu E. Sistema norma Chiencias Montevideo. №9, 1952 – Р 15-23.

8. Сеше А.Три соссюрские лингвистики // Звегинцев В.А.История языкознания XIX-XX веков в очерках и извлечениях, ч.2 – М., 1965. с. 496.

9. Гумбольдт В. О различении строения человеческих языков и его влиянии на духовное развитие человеческого рода // Гумбольдт В. фон Избранные труды по языкознанию.– М., 1984 – с. 324-326.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Қапалбек Б. ТІЛДЕГІ ҮНЕМДЕУ ТӘСІЛІ СӨЙЛЕУ КЕЗІНДЕ ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ. TILTANYM. 2020;(2):11-17.

For citation:


Kapalbek B. IMPLEMENTATION OF LANGUAGE ECONOMY IN THE PROCESS OF SPEECH. Tiltanym. 2020;(2):11-17. (In Kazakh)

Қараулар: 164


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)