Preview

TILTANYM

Кеңейтілген іздеу

ҚАЗАҚ ТІЛТАНЫМЫНДАҒЫ Ы, І ӘРІПТЕРІНІҢ МӘРТЕБЕСІ

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2021-3-53-60

Толық мәтін:

Аннотация

 Берілген мақалада қысаң, езулік дауысты ы, і дыбыстарының ауызша және жазбаша коммуникациядағы қолданысы қарастырылады. Жалпы қазақ тіл білімінде қысаң, езулік дауыстыны білдіретін ы әрпінің кездесу жиілігі үшінші орында, ал і әрпінің кездесу жиілігі сегізінші орында. Ы, і әріптері  барлық позицияда кездеседі: ырғақ, ырым, ықылас; қыран, мұсылман, жұмыс; тары, тасы, қырмызы; іскер, ісмер, ізгілік; кіріспе, көрік, мінбер; күйші, негізі, тәтті. Аталған әріптер барлық позицияда кездескенімен, қысаң, езулік ы, і әріптерінің жазылуы туралы пікірлер әртүрлі. Бірқатар зерттеушілер ы, і әріптерін мағынаға әсер етпеген жағдайда түсіріп жазуға болады десе, ал бірқатар ғалымдар ы, і әріптерін толық сақтап жазуды қолдайды. Нақты айтқанда, ы, і әріптерінің кейбір сөздерде селбесіп жазылуы, ал кейбір сөздерде түсіріліп жазылуы тілдік деректер негізінде нақтылауды және осымен байланысты талдауды қажет етеді. Себебі қазіргі жазу практикасында ы, і әріптері бірде түсіріліп, бірде толық сақталып жазылып жүр. Айталық, ауыз – аузы // ауызы; дауыс – даусы // дауысы; ауыл – аулы // ауылы; қойын – қойны // қойыны және т.б. деген сөздерде ы, і әріптері бірде түсірілсе, бірде селбесіп сақталып жазылып жүр. Ал қазіргі жазу практикасында  саңылау//саңлау, ықылас // ықлас, ықылық // ықлық және т.б. деген сөздерде сөз ішіндегі ы, і әріптерін жазарман кейде түсіріп, кейде селбестіріп жазады екен. Сондықтан ы, і әріптерінің жазылуы арнайы қарастыруды қажет етеді. 

Автор туралы

Ж. Т. Жұмабаева
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
Қазақстан

Жанар Төленді Жұмабаева –  филол.ғ.к., фонетика бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері



Әдебиет тізімі

1. Аралбаев Ж. (1988) Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер. Алматы. – 144 б.

2. Байтұрсынұлы А. (1994) Тіл тағылымы. Алматы. – 446 б.

3. Басымұлы Қ. (2018) Шығармалары. Зерттеулер, мақалалар. Астана. – 240 б.

4. Басымұлы Қ. (2018) Зерттеулер, мақалалар. Астана. – 232 б.

5. Жұбанов Қ. (1999) Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы. – 581 б. Күдеринова Қ. (2010) Қазақ жазуының теориялық негіздері. Алматы. – 380 б.

6. Қалиұлы Б. (1984) Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың редукциясы. Алматы. – 116.

7. Омарұлы Е. (2018) Үш томдық шығармалар жинағы. Зерттеулер, мақалалар. 1-том. Астана. – 400 б.

8. Сыздық Р. (2000) Қазақ тілінің анықтағышы. Алматы. – 532 бет.

9. Уәли Н. (1984) Сөз мәдениеті. Алматы.

10. Уәли Н.М. (2018) Графика. Орфография. Орфоэпия.– Алматы. – 250 бет.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Жұмабаева Ж.Т. ҚАЗАҚ ТІЛТАНЫМЫНДАҒЫ Ы, І ӘРІПТЕРІНІҢ МӘРТЕБЕСІ. TILTANYM. 2021;(3):53-60. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2021-3-53-60

For citation:


Jumabayeva J.T. THE STATUS OF THE LETTERS У, I IN KAZAKH LINGUISTICS. Tiltanym. 2021;(3):53-60. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2021-3-53-60

Қараулар: 5997


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)