Preview

TILTANYM

Кеңейтілген іздеу

1951-1953 ЖЫЛДАРДАҒЫ «ҚАЗАҚ ТІЛІ ГРАММАТИКАСЫ» ОҚУ ҚҰРАЛЫНЫҢ «МОРФОЛОГИЯ» БӨЛІМІНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ ҒЫЛЫМИ ТАЛДАУ

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2021-3-61-73

Толық мәтін:

Аннотация

Мақалада1950,1951және1953жылдарыжарықкөргенортамектептің 5-6 сыныбына арналған «Қазақ тілі грамматикасы» оқу құралының «Морфология» бөлімі өзара және 2002 жылғы «Қазақ грамматикасымен» салыстырыла талданады. Оқу құралдарының терминдерді қолдану, грамматикалық категорияларға жіктеу және лексика-семантикалық топтарды ажырату мәселелері және стильдік ерекшеліктері басты назарға алынды. 2002 жылы шығарылған академиялық «Қазақ грамматикасынан» талданып отырған оқу құралдарының теориялық базасының ерекшеліктері көрсетілді, сондай-ақ 2021-2022 жылдарға жоспарланған жаңа Грамматикаға қажетті мәліметтер жинақталды.

Қазақ тілі морфологиясында қарастырылатын грамматикалық білімдер жүйесі терминдік, теориялық және практикалық маңызы тұрғысынан тереңірек зерттеуді қажет етеді. Сөз таптарын жіктеу, рай, жақ, шақ, септік секілді грамматикалық категорияларды анықтау, тілдегі сөздерді белгілі бір лексика-грамматикалық топтың құрамына қосу мәселелері қазіргі қазақ тілінде де аса өзекті. Себебі мектеп оқулықтарында және қазақ тілі лингвистикасында грамматиканың атқаратын рөлі зор. Морфология тілдің және тіл құрылымының моделін құрастырушы тілдік бірліктерді зерттеу нысанына алады.

Аталған зерттеудің негізінде «Ескертулер», дискурстағы қазақ тілінің ерекшеліктеріне баса назар аудару және термин жасау кезінде қазақ тілінің лексикасын ұтымды пайдалану сияқты артықшылықтар анықталды. Әр жылдағы басылымдардың теориялық тұжырымдарының жетіліп, ғылыми тұрғыдан жүйелене түскені кестелер мен салыстырулар негізінде мақалада талдап көрсетілді. Одан бөлек, аталған оқу құралдарын жазудағы негізгі мақсат пен ХХ ғасырдың екінші жартысындағы олардың атқарған қызметі, «білім» және «ғылымдағы» орны айқындалды.

Автор туралы

М. А. Имангазина
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
Қазақстан

Меруерт Ануаровна Имангазина - PhD докторант, грамматика бөлімінің аға лаборанты

Алматы



Әдебиет тізімі

1. Қазақ тілі грамматикасы бойынша зерттеулер (1975). – Алматы: Қазақ ССР-нің «Ғылым». – 224 б.

2. Кеңесбаев С., Жиенбаев С. (1950) Қазақ тілі грамматикасы // І бөлім Фонетика мен морфология, Жеті жылдық мектеп пен орта мектептің V-VI кластарына арналған, Қазақ ССР Оқу министрлігі бекіткен 7-рет басылуы. – Алматы: Қазақтың мемлекеттік оқу құралдар баспасы. – 206 б.

3. Кеңесбаев С, Аханов К. (1951) Қазақ тілі грамматикасы // І бөлім Сөздік, Фонетика және Морфология Жеті жылдық мектеп пен орта мектептің V-VI кластарына арналған. – Алматы: Қазақтың мемлекеттік оқу құралдар баспасы. – 168 б.

4. Исқақов А., Аханов К. (1953) Қазақ тілі грамматикасы // І БӨЛІМ Фонетика, Лексика және морфология, Жеті жылдық мектеп пен орта мектептің 5-6 кластарына арналған, Қазақ ССР Оқу министрлігі бекіткен 2-рет басылуы. – Алматы: Қазақтың мемлекеттік оқу–педагогика баспасы. – 187 б.

5. Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. (2002) – Астана. – 784 б.

6. http://kaz.slovopedia.com/146/54168/1500224.html

7. https://kk.wikipedia.org/wiki/Оқулық

8. Зверев И. Каким быть учебнику? (1987) – М.: Просвещение.

9. Байтұрсынұлы А. (2013) Алты томдық шығармалар жинағы. Тіл – құрал (қазақ тілі мен оқу-ағартуға қатысты еңбектері). – Алматы: «Ел-шежіре». – Т. 3. – 384 б.

10. Момынова Б. (2012) Қазақ тiлiнің морфологиясы. Оқу құралы. – Алматы: «Арыс» баспасы. – 279 б.

11. Аманжолов С. (1940) Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқа курсы (қолжазба ретінде). – Алматы. – 148 б.

12. Русская грамматика (1980) ‒ Москва: Наука. ‒ Т.2. ‒ С.717.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Имангазина М.А. 1951-1953 ЖЫЛДАРДАҒЫ «ҚАЗАҚ ТІЛІ ГРАММАТИКАСЫ» ОҚУ ҚҰРАЛЫНЫҢ «МОРФОЛОГИЯ» БӨЛІМІНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ ҒЫЛЫМИ ТАЛДАУ. TILTANYM. 2021;(3):61-73. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2021-3-61-73

For citation:


Imangazina M.A. COMPARATIVE-SCIENTIFIC ANALYSIS OF THE SECTION «MORPHOLOGY» OF THE TEXTBOOK «GRAMMATICS OF THE KAZAKH LANGUAGE». Tiltanym. 2021;(3):61-73. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2021-3-61-73

Қараулар: 391


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)