Preview

TILTANYM

Кеңейтілген іздеу

Қазақ тіліндегі полисемияның тілтанымдық уәждері: тарихи мәтін мен қазіргі қолданыс сабақтастығы

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-3-84-99

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақала қазақ тіліндегі полисемияның тілтанымдық уәждерін тарихи мәтін мен қазіргі қолданыс сабақтастығында сипаттауға арналған․ Зерттеудің өзектілігі орта ғасыр түркі жазба мұраларындағы көпмағыналы лексемалардың қазіргі оқырманға көбіне бір мағынамен ғана танылып‚ мағына тармақтарының уәжі мен дамуы жеткілікті деңгейде ашыла бермейтіндігімен байланысты․ Зерттеудің мақсаты – Алтын Орда дәуірінің екі ескерткіші негізінде көпмағыналы бірліктердің мағына құрылымын айқындап‚ олардың қазіргі қазақ тіліндегі сөздіктік жүйемен және қолданыстық белсенділікпен сабақтастығын көрсету․ Зерттеудің міндеттері тарихи мәтіндерден көпмағыналы лексемаларды іріктеу‚ әр лексема бойынша мағына тармақтарын контекст арқылы нақтылау‚ мағыналық кеңеюдің танымдық және функционалдық уәжін сипаттау‚ сондай‐ақ қазіргі түсіндірме сөздіктердегі берілуімен салыстыруды қамтиды․ Зерттеудің эмпирикалық базасы ретінде Сейф Сараидың «Гүлістан бит‐түрки» және Құтбтың «Хұсрау уа Шырын» шығармаларының сөздігі‚ транскрипциясы мен аудармасы пайдаланылды․ Қазіргі қолданыспен беттестіру үшін «Қазақ сөздігі (Қазақ тілінің біртомдық үлкен түсіндірме сөздігі)» және «Қазақ тілінің әмбебап электронды сөздігі» материалдары қолданылды․ Зерттеуде тарихи‐ салыстырмалы және контекстік семантикалық талдау‚ мағына тармақтарын лексика‐семантикалық вариант ретінде жіктеу‚ уәждік талдау және лексикографиялық салыстыру тәсілдері ұштастырылды․ Нәтижесінде көпмағыналылықтың негізгі уәждік үлгілері жүйеленіп‚ мағыналардың сақталуы‚ кеңеюі және қолданыстық реңкінің өзгеруі тарихи дерек пен қазіргі сөздік жүйе арқылы дәлелденді․ Ғылыми маңыздылығы полисемияны диахрондық‐синхрондық сабақтастықта түсіндіруге негіз ұсынуымен айқындалса‚ практикалық құндылығы тарихи мәтіндерді оқыту‚ лексикографиялық жұмыс және ұлттық тілдік модельдерге арналған семантикалық дерек қорын толықтыруға қолданылуымен анықталады․

Авторлар туралы

Н. С. Мамашева
әл‐Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Қазақстан

Нұргүл Сапарбайқызы Мамашева‚ автор‐корреспондент‚ докторант

Алматы қ․



Д. С. Кулмаматов
Өзбекстан мемлекеттік әлем тілдері университеті
Өзбекстан

Дусмамат Саттарович Кулмаматов, филология ғылымдарының докторы‚ профессор

Өзбекстан‚ Ташкент қ.



Б. Х. Курманова
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Қазақстан

Бибигуль Ханиулловна Курманова

Орал қ․



Әдебиет тізімі

1. Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. – Павлодар: Павлодар мемлекеттік университеті‚ 2008. – 110 б.

2. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – Алматы: Өлке‚ 2015. – 560 б.

3. Звегинцев В. Язык и лингвистическая теория. – Москва: Наука‚ 1973. – 315 с.

4. Қазақ сөздігі (Қазақ тілінің біртомдық үлкен түсіндірме сөздігі). – Алматы: Дәуір‚ 2013. – 1488 б.

5. Қазақ тілінің әмбебап электронды сөздігі (TBI Sozdik) https://tbisozdik.kz/ (Қаралған күні: 13.03.2026).

6. Қайдар Ә. Түркітануға кіріспе. – Алматы: Арыс‚ 2004. – 360 б.

7. Қалиев Ғ.‚ Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. 3-бас. – Алматы꞉ Сөздік-Словарь‚ 2006. – 258 б.

8. Лещева Л. Лексическая полисемия в когнитивном аспекте. – Москва: Языки славянской культуры‚ 2014. – 253 с.

9. Малбақов М.‚ Қайрат А. XVIII – XX ғасырлардағы қазақ сөздіктеріне енген лексикадағы тарихи сөздік қор құрамы // Tiltanym, 2025. №4 (100). 12-21-бб. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2025-4-12-21

10. Мамырбек Г. Құтбтың «Хұсрау уа Шырын» дастаны: сөздігі‚ транскрипциясы‚ аудармасы. – Алматы꞉ Асыл ЖК‚ 2024. – 810 б.

11. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: Арыс‚ 2008. – 472 б.

12. Пашан Д. Бір буынды көпмағыналы сөздердің лексика-семантикалық сипаты. – Алматы: Ел-шежіре‚ 2024. – 224 б.

13. Потебня А. Мысль и язык. – Москва: СИНТО‚ 1993. – 189 с.

14. Сейітбекова А. Сейф Сараидың «Гүлістан бит-түрки» жазба ескерткіші: сөздігі‚ транскрипциясы‚ аудармасы. – Алматы: Асыл ЖК‚ 2024. – 704 б.

15. Уфимцева А. Лексическое значение. – Москва: Наука‚ 1968. – 239 с.

16. Щерба Л. В. Языковая система и речевая деятельность. Изд. 2-е. – Москва: Едиториал УРСС‚ 2004. – 432 с.

17. Haber, J.‚ Poesio, M. Polysemy-Evidence from linguistics‚ behavioral science‚ and contextualized language models // Computational Linguistics. 2024. No.50. Pp. 351-417. https://doi.org/10.1162/coli_a_00500

18. Liang, X.‚ Huang, F. Brain representations of lexical ambiguity: Disentangling homonymy‚ polysemy‚ and their meanings. Brain and Language. 2024. No.4. Pp. 105-120. https://doi.org/10.1016/j.bandl.2024.105426

19. Martínez, I.‚ Carrión, D. A multimodal approach to polysemy: The senses of touch. Language and Cognition. 2024. No.16. Pp. 1697-1717. https://doi.org/10.1017/langcog.2024.23

20. Ritchie, K.‚ Prasada, S. Explaining systematic polysemy: Kinds and individuation. Inquiry: An Interdisciplinary Journal of Philosophy. 2024. No.1 Pp. 1-31. https://doi.org/10.1080/0020174X.2024.2387276


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Мамашева Н.С., Кулмаматов Д.С., Курманова Б.Х. Қазақ тіліндегі полисемияның тілтанымдық уәждері: тарихи мәтін мен қазіргі қолданыс сабақтастығы. TILTANYM. 2026;(3):84-99. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-3-84-99

For citation:


Mamasheva N., Kulmamatov D., Kurmanova B. Linguistic Motivations of Polysemy in the Kazakh Language: Continuity between Historical Texts and Contemporary Usage. Tiltanym. 2026;(3):84-99. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-3-84-99

Қараулар: 10

JATS XML


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)