Қазақ пунктуациясының қалыптасуы мен ғылыми нормалану тарихы
https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-3-71-83
Аңдатпа
Мақалада қазақ пунктуациясының қалыптасуы мен ғылыми нормалану тарихы қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі қазіргі жазба коммуникацияда тыныс белгілерінің тек емле ережесі емес, мәтін мағынасын нақтылайтын, ойдың құрылымын айқындайтын және оқырман қабылдауын бағыттайтын маңызды тілдік құрал ретінде танылуымен байланысты. Мақаланың мақсаты – қазақ тіліндегі тыныс белгілер жүйесінің тарихи қалыптасу жолын, бұрынғы және қазіргі атаулар сабақтастығын, сондай-ақ пунктуациялық норманың ғылыми негізде орнығу ерекшеліктерін анықтау. Осы мақсатқа сәйкес пунктуацияның жалпы тіл біліміндегі орны сипатталып, қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің даму кезеңдері, А. Байтұрсынұлы ұсынған атаулар жүйесі, қазіргі терминдердің нормалану сипаты талданады. Зерттеудің теориялық базасын жазба ескерткіштер тілі, қазақ жазуы, орфография, пунктуация және ортология мәселелеріне арналған ғылыми еңбектер құрайды. Эмпирикалық негіз ретінде қазақ тіліндегі негізгі тыныс белгілерінің бұрынғы атаулары мен қазіргі қолданыстағы терминдері алынды. Жұмыста тарихи-салыстырмалы, сипаттамалы, жүйелеу, терминологиялық және лингвистикалық талдау әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижелері қазақ пунктуациясының дайын күйде қабылданған ереже жиынтығы емес, ұлттық жазба тәжірибесі мен ғылыми нормалау негізінде қалыптасқан жүйе екенін көрсетеді. Мақаланың ғылыми маңызы тыныс белгісі атауларының тарихи, қызметтік және когнитивтік табиғатын ашуымен айқындалады. Практикалық құндылығы қазақ жазба тілін оқытуда, мәтін редакциялауда, цифрлық сауаттылықты арттыруда және қазақтілді жасанды интеллект модельдерін жетілдіруде қолданылу мүмкіндігімен байланысты.
Тірек сөздер
Автор туралы
Т. Б. RamazanovҚазақстан
Талғат Бекболатұлы Рамазанов, философия докторы (PhD)
Алматы қ․
Әдебиет тізімі
1. Айдаров Ғ. Көне түркі жазбаларының тілі. – Алматы: Арыс, 2021. – 424 б.
2. Алдаш А. Қазақ ортологиясы: монография. – Алматы: Қазақ университеті, 2021. – 296 б.
3. Арғынов Х. Қазақ тілі методикасы: Синтаксис, пунктуация. – Алматы: Мектеп, 1974. – 295 б.
4. Әнес Ғ. Мәтін кеңістігі: семантикалық және этимологиялық аспект. – Алматы: Қазақ тілі, 2019. – 336 б.
5. Әуелбаев Ш. Пунктуацияның қиын мәселелері. – Алматы: Мектеп, 1977. – 44 б.
6. Байтұрсынұлы А. Тіл-құрал. Он екі том. – Астана: «Алашорда» ҚҚ, 2022. – 4-том. – 384 б.
7. Байтұрсынұлы А. Шығармаларының академиялық толық жинағы. Бестомдық. – 4-том. – Астана: Brand Book, 2023. – 744 б.
8. Балақаев М. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: Арыс, 2008. – 592 б.
9. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. – Алматы: Мектеп, 1966. – 335 б.
10. Басымұлы Қ. Шығармалар жинағы. Зерттеулер, мақалалар. – Астана: Алашорда, 2018. – 240 б.
11. Гельб И. Опыт изучения письма. – Москва: Радуга, 1982. – 366 с.
12. Голев Н.Д. Русская пунктуация в контексте теории речевых актов: к постановке проблемы // Филологический класс. – 2026. – №1 (31). – С. 8-16. https://doi.org/10.26170/2071-2405-2026-31-1-8-16
13. Ескермесова Г. Қазіргі пунктуация: функциясы мен коммуникативтік-прагматикалық әлеуеті: философия докторы (PhD) ... диссертация. – Алматы, 2022. – 155 б.
14. Жиенбаев С. Сөйлемнің тыныс белгілері. – Алма-Ата, 1940. – 27 б.
15. Жұбаева О.А. Байтұрсынұлы терминдерінің уәжділік сипаты // «Тәуелсіз елдің рухани тұғыры» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Семей: Тенгри, 2017. – 315 б.
16. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – өңд. 3-бас. – Алматы: Мемлекеттік тілді дамыту институты, 2010. – 608 б.
17. Күдеринова Қ. Қазақ жазуының тарихы мен теориясы. Оқу құралы. – Алматы: Елтаным, 2013. – 344 б.
18. Малов С.Е. Енисейская письменность тюрков. – Москва, 1952. – 127 с.
19. Мұсабекова Ф. Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлем пунктуациясының негіздері. – Алматы, 1959. – 107 б.
20. Сарыбаев Ш. Қазақ сөйлемінде үтірдің жазылатын орындары. Тіл мәселелері. – Алматы, 1936. – 51 б.
21. Сигал К.Я. В.И. Чернышев как исследователь русской пунктуации // Научный диалог. – 2022. – №1 (11). – С. 122-140. https://doi.org/10.24224/2227-1295-2022-11-1-122-140
22. Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы (емле, тыныс белгілері, сөз сазы). – Астана: Елорда, 2000. – 532 б.
23. Сыздық Р. Көптомдық шығармалар жинағы. – 3-том. – Алматы: Ел-шежіре, 2014. – 290 б.
24. Хасенов Ә. Пунктуацияны оқыту жолдары: мұғалімдерге көмекші құрал. – Алматы, 1957. – 48 б.
25. Baron, N.S. Commas and canaries: The role of punctuation in speech and writing // Language Sciences. 2001. No.1 (23). Pp. 15-67. https://doi.org/10.1016/S0388-0001(00)00027-9
26. Crible, L. Weak and strong discourse markers in speech, chat, and writing: Do signals compensate for ambiguity in explicit relations? // Discourse Processes. 2020. No.9 (57). Pp. 793-807. https://doi.org/10.1080/0163853X.2020.1786778
27. Mulvey, C. The English Project’s history of English punctuation // English Today. 2016. No.3 (32). Pp. 45-51. https://doi.org/10.1017/S0266078416000110
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Ramazanov Т.Б. Қазақ пунктуациясының қалыптасуы мен ғылыми нормалану тарихы. TILTANYM. 2026;(3):71-83. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-3-71-83
For citation:
Ramazanov T. The History of the Formation and Scientific Standardization of Kazakh Punctuation. Tiltanym. 2026;(3):71-83. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-3-71-83
JATS XML










