Preview

TILTANYM

Кеңейтілген іздеу

Тіл білімі саласы бойынша қазақша академиялық сөздер тізімін (AWL) корпустық негізде әзірлеу

https://doi.org/10.55491//2411-6076-2026-3-230-245

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақалада заманауи ғылыми стильдің қазіргі ұйымдасу прототипіне академиялық жазылым мәтіндерінде жиі қолданылатын сөзқолданыстарды анықтау, соның ішінде тілі білімі бойынша академиялық мәтіндерге тән грамматикалық құралдар мен лексика-грамматикалық құрылымдар сандық және сапалық талдау әдістері арқылы анықтауға ұмтылыс жасалған. Жеке саланы айтпағанда, жалпы академиялық мәтінге тән сөздер тізімі лексикалық минимум ретінде қазақ ғылымында әлі күнге дейін жарық көрмеген. Бұл мәселе зерттеуіміздің мақсатын былайша айқындап берді: зерттеу мақсаты – қазақ тіліндегі академиялық мәтіндерге, соның ішінде лингвистикаға қатысты зерттеу мақалаларына тән базалық сөздік қорды анықтау. Осы мақсат жолында академиялық жазылым мәтіндерінің сөзтізімін жасақтауға бағытталған отандық және шетелдік іргелі зерттеулер, тәжірибелер қарастырылды. Зерттеу материалы ретінде тіл білімі бағытындағы ҚРҒжЖБССҚК ұсынған басылымдардағы 6 журналдың 30 нөмірінен алынған 236 ғылыми мақалаға негізделген жалпы көлемі 1 057 000 сөзқолданысты құрайтын «Лингвистикалық зерттеулер корпусы» жасақталды. Корпустық талдау және жиілік талдау әдістері арқылы сөзтізімге енетін ең жиі қолданылған 1000, 200 және 50 тілдік бірлік сұрыптап алынып, бұл тілдік бірліктердің қазақша академиялық жазылым мәтіндерінің қандай сипаты мен ерекшелігін, академиялық мәтіндердің қандай қағидасын қамтамасыз етуге қызмет ететіні талданды. Сұрыптап алынған тілдік бірліктер негізінде академиялық жазылым мәтіндерінің жиілік сөз тізімі жасақталды. Мұндай сөз тізім тіл білімі бағытындағы академиялық жазылым мәтіндерінің өзіне тән өзгешеліктерін тануға, олардың қызметі мен мағыналық түрленімін айқындауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл зерттеу арқылы «қазақ тілі – ғылым тілі» екенін нақты тілдік фактілер арқылы дәлелдеуге деген ұмтылыс та бар. Зерттеудің ғылыми жаңалығы қазақ тіл білімі саласындағы ғылыми мақалалар негізінде арнайы салалық корпус құрастырылып, академиялық дискурста жиі қолданылатын тілдік бірліктер мен олардың тұрақты тіркесімдерінің сандық және сапалық тұрғыдан сипатталуымен айқындалады. Практикалық маңызы да айқын: нәтижелер академиялық жазылымды оқытуға, қазақша AWL/AVL үлгісімен сөздік жасауға және NLP міндеттеріне пайдаланылуы мүмкін.

Авторлар туралы

Қ. Б. Слямбеков
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
Қазақстан

Қымбат Берікұлы Слямбеков, автор-корреспондент, докторант

Алматы қ.



М. А. Имангазина
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
Қазақстан

Меруерт Ануаровна Имангазина, философия докторы (PhD)

Алматы қ.



Әдебиет тізімі

1. Қазақ тілінің ұлттық корпусы [Электронды ресурс]. – Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты. – URL: https://qazcorpus.kz/ (қаралған күні: 24.06.2026).

2. Қоңыратбаева Ж.М. Қазақ тілінің академиялық корпусын әзірлеу: мақсаты, міндеті, маңызы (гуманитарлық ғылымдар бағытында). – Қарағанды университетінің хабаршысы. – Филология сериясы, 2025, 30, 3(119). – 88-98-бб. https://doi.org/10.31489/2025Ph3/88-98

3. Негізгі корпус мәтіндерінің жиілік сөздігі. – Алматы: Асыл ЖК, 2025. – 1432 б.

4. Сарсеке Г., Акмагамбетова Б., Сентірбек Ж. Академиялық корпус және оны қазақ тілінде әзірлеудің өзектілігі мен маңыздылығы. – Вестник Кокшетауского университета имени Шокана Уалиханова. Филологическая серия. – 2025. – №2. – С. 213–227. https://doi.org/10.59102/kufil/2025/iss2pp213-227

5. Coxhead, A. An academic word list. School of Linguistics and Applied Language Studies, Victoria University of Wellington, 1998. Vol. 18. https://www.academia.edu/download/33317539/LDOCE_AWL.pdf [Электронды ресурс] (қаралған күні: 24.06.2026).

6. Coxhead, A.A New Academic Word List. TESOL Quarterly. 2000, 34: 213-238. https://doi.org/10.2307/3587951

7. Durrant, Ph. To what extent is the Academic Vocabulary List relevant to university student writing? English for Specific Purposes. Vol. 43. 2016. Pp. 49-61. https://doi.org/10.1016/j.esp.2016.01.004.

8. McCarthy, М., Felicity, O. Academic Vocabulary in Use. Cambridge: Cambridge University Press, 2018. 175 p.

9. Odanova, S.A., Tuleup, M.M., Moldabayeva, K.E. The Origin Of Academic Writing Style In Kazakh Linguistics. Journal “Bulletin of the Kazakh State University named after Abylai Khan", Series “Philological Sciences”. Vol. 74. No. 3 (2024). https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.3.74.011

10. Öner, M., Moldabayeva, K., Оdanova, S. Basics For Designing A Digital Simulator For Academic Writing Skills Formation. Tiltanym. 2024;(3): 151-162. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-3-151-162

11. Paquot, M. Academic Vocabulary in Learner Writing: From Extraction to Analysis. London; New York: Continuum, 2010. 266 p.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Слямбеков Қ.Б., Имангазина М.А. Тіл білімі саласы бойынша қазақша академиялық сөздер тізімін (AWL) корпустық негізде әзірлеу. TILTANYM. 2026;(3):230-245. https://doi.org/10.55491//2411-6076-2026-3-230-245

For citation:


Slyambekov K., Imangazina M. Corpus-Based Development of a Kazakh Academic Word List (AWL) in the Field of Linguistics. Tiltanym. 2026;(3):230-245. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491//2411-6076-2026-3-230-245

Қараулар: 6

JATS XML


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)