Preview

TILTANYM

Кеңейтілген іздеу

Қазақстандағы әліпби реформасының тарихы мен тілтанымдық негізі

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-3-183-197

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақалада б.з.б. V ғасырдан бастап қазірге дейін Қазақстан территориясында қолданылған әліпбилерге, қазақ жазуының қалыптасу, даму, өзгеру тарихына шолу жасала отырып, қазір жүзеге асырылып жатқан латын әліпбиіне көшу ұлттық жоспарының нақты лингвистикалық қадамдары туралы ақпараттар, талдаулар ұсынылады. Латын әліпбиіне көшу Қазақстанның дамуы, қазақ тілінің болашағы үшін аса өзекті болса да, 1991 жылдан қазірге дейін жүзеге аспай келеді. Себебі бұл – аса күрделі қоғамдық-саяси мәселелерге байлаулы, көптеген лингвистикалық түйткілдерді шешуді қажет ететін күрделі мәселе. Зерттеуде Қазақстандағы қазіргі әліпби реформасы лингвистикалық аспектіде қарастырылады, сондай-ақ экстралингвистикалық фактор ретінде геосаяси және әлеуметтік себептері туралы да тұжырымдар ұсынылады. Латын әліпбиіне көшу үдерісінің нақты қадамдары ретінде 2017-2023 жылдар аралығында атқарылған ғылыми-лингвистикалық жұмыстар, қазірге дейін ресми ұсынылған 5 қазақ-латын әліпби нұсқалары және ол бойынша дайындалған емле ережелері мен орфографиялық сөздіктер туралы деректер айтылып, талдаулар жасалады. Латынграфикалы жаңа қазақ әліпбиіне көшудің ғылыми мәселелері, туындаған лингвистикалық қиындықтар, қазақ лингвист ғалымдарының латын әліпбиі бойынша ғылыми айтыс-тартыстарының тақырыптары мен себептері талданады. Зерттеу нәтижесінде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан латын әліпбиіне көшу үдерісінің ғылыми-лингвистикалық мәні мен қоғамдық-саяси астары туралы толыққанды түсінік беріліп, нақты тұжырымдар ұсынылады. Мақалада жасалған тұжырымдар мен көтерілген түйткілдер қазіргі кирилнегізді қазақ әліпбиі мен оның емле ережелерін ұлттық сипатта реттеу және осы бағыттағы қиындықтарды шешу тұрғысынан да өзекті.

Авторлар туралы

Е. М. Маралбек
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
Қазақстан

Ермұхамет Маралбек, автор-корреспондент, философия докторы (PhD)

Алматы қ.



А. И. Құралбай
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
Қазақстан

Айгерім Илясқызы Құралбай

Алматы қ.



А. А. Қаршығаева
Тұран университеті
Қазақстан

Айнұр Аралбайқызы Қаршығаева, филология ғылымдарының кандидаты

Алматы қ.



Әдебиет тізімі

1. Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. – Алматы: Мектеп, 1986. – 170 б.

2. Алдаш А. Қазақ ортологиясы. – Алматы, Қазақ университеті, 2021. – 296 б.

3. Аманжолов А.С. Түркі филологиясы және жазу тарихы. – Тараз: ТИГУ баспасы, 2019. – 160 б.

4. Ахмет Байтұрсынұлының әліпби, жазу, емле туралы еңбектері: оқу құралы / Ғылыми түсініктемесін жазып, құрастырған Е. Маралбек. – Алматы: ЖК Асыл, 2023. – 584 б.

5. Әміржанова Н. Қазақстандағы латын жазуының тарихи тағылымы (1919-1940). – Алматы, 2012. – 130 б.

6. Базарбаева З. О переходе казахского алфавита на латинcкую графику // Abai.kz ақпараттық порталы, 29.01.2013. [Электронды ресурс] – URL https://abai.kz/post/15906 (Қаралған күні:16.07.2025)

7. Байтұрсынов А. Ахмет Байтұрсынұлының орфография туралы баяндамасы // Первый всесоюзный тюркологический съезд (стенографический отчет). – Баку: Общество обследования и изучения Азербайджана, 1926 ж. – 286-289-бб.

8. Байтұрсынұлы А. «Тіл-құрал» / Қазақ тілінің сарфы. 1-жылдық. 1-басылуы – Орынбор: «Ғ.Ғ.Хусайынов ушркасының парауай матбуғасы», 1914. – 53 б.

9. Байтұрсынұлы А. «Тіл-құрал» (Дыбыс заңы һәм түрлері. Бірінші тілтанытқыш кітап, 4-рет басылуы). – Ташкент: Түркістан мемлекеттік баспасөз бөлімі, 1922 ж. – 46 б.

10. Байтұрсынұлы А. Әліпби тақырыпты Ахметтің баяндамасы // Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезі (ҚБТС). – Орынбор: Қазмембас, 1924 ж. – 55-64-бб.

11. Күдеринова Қ.Б. Қазақ жазуының тарихы мен теориясы. Оқу құралы. – Алматы: «Елтаным» баспасы, 2013. – 343 б.

12. Қашқари М. Түркі тілдер сөздігі. – Алматы: Хант, 1997. I – 588 б, II – 585 б, III – 597 б.

13. ҚРҰСҚ: 2021 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағының қорытындылары / Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы, 2021. [Электронды ресурс] – URL: https://stat.gov.kz/national/2021/ (Қаралған күні: 16.07.2025)

14. Маралбек Е. Ахмет Байтұрсынұлының төте жазуы // Туған тіл. 2019. – №3. – 7-20-бб. https://abai.institute/assets/pdf/1ab5c894f48310ae03406162671cc778.pdf

15. Маралбек Е. Ахмет Байтұрсынұлының «Тіл-құрал» еңбегіндегі қазақ емле ережелерінің құрылымдық ерекшелігі және оның ғылыми негізі // «Аль-фараби» журналы, 2022. – №4 (80). – 90-105-бб. DOI:https://www.alfarabijournal.org/index.php/journal/article/view/777/137

16. Момынова Б. «Қазақ» газеті (1913-1918): әліпби, емле ерекшеліктері және лексика-грамматикасы. – Алматы: Қазақ тілі, 2022. – 256 б.

17. Мырзаханов Ж. Қазақ мәдениетінің айдыны. – Үрімжі: «Шыңжаң жастар-өрендер» баспасы, 2006 ж. – 408 б.

18. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. Жолдау. 01.03.2006. [Электронды ресурс] – URL: https://www.akorda.kz/kz/addresses/addresses_of_president/kazakstanrespublikasynyn-prezidenti-nenazarbaevtyn-kazakstan-halkyna-zholdauy-2006-zhylgy-1-nauryz (Қаралған күні: 16.07.2025)

19. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Жолдау. 14.12.2012. [Электронды ресурс] – URL: https://www.akorda.kz/kz/events/astana_kazakhstan/participation_in_events/kazakstan-respublikasynyn-prezidenti-elbasy-nenazarbaevtyn-kazakstan-2050-strategiyasy-kalyptaskan-memlekettin-zhanasayasi-bagyty-atty-kaza (Қаралған күні: 16.07.2025)

20. ҚТ, 2017: Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығы. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/U1700000569 (Қаралған күні: 16.07.2025)

21. ҚТ, 2018: Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 637 Жарлығы. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/U1800000637 (Қаралған күні: 16.07.2025)

22. Нұрданбекұлы Қ. Қазақ халқының саны 70,4%-ға жетті // Егемен Қазақстан. 2023 жыл, 2-қараша. 02.11.2023. [Электронды ресурс] – URL:https://egemen.kz/article/351995-qazaq-khalqynynh-ulesi-704-gha-dgetti (Қаралған күні: 16.07.2025)

23. Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы (емле, тыныс белгілері). – Алматы: Ел-шежіре, 2018. – 384 б.

24. Тоқаев Қ. Жаңа әліпбиді жетілдіру туралы. 21.10.2019. [Электронды ресурс] – URL. https://x.com/TokayevKZ/status/1186179480404004864 (Қаралған күні: 16.07.2025)

25. Уәли Н. Графика. Орфография. Орфоэпия. – Алматы: Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, 2018 ж. – 344 б.

26. Фазылжанова А. Әзербайжан, Түркия, Өзбекстанның латын графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшу тәжірибелерін ғылыми-лингвистикалық талдау // Латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиі: тарихы, тағылымы және болашағы. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2007. – 410 б.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Маралбек Е.М., Құралбай А.И., Қаршығаева А.А. Қазақстандағы әліпби реформасының тарихы мен тілтанымдық негізі. TILTANYM. 2026;(3):183-197. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-3-183-197

For citation:


Maralbek Ye., Kuralbay A., Karshigayeva A. History and Linguistic Foundations of Alphabet Reform in Kazakhstan. Tiltanym. 2026;(3):183-197. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-3-183-197

Қараулар: 6

JATS XML


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)