Қазақ тілінің ұлттық корпусы: ішкорпустардың білім беру үдерісіндегі лингвистикалық әлеуеті
https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-3-246-261
Аңдатпа
Мақалада Қазақ тілінің ұлттық корпусы құрамындағы ішкорпустардың инклюзивті білім беру үдерісіндегі лингвистикалық әлеуеті және оларды қазақ тілін оқытуда тиімді қолданудың ғылыми-лингвистикалық негіздері қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі қазіргі цифрлық білім беру кеңістігінде қазақ тілін оқыту мазмұнын тілдік дерекке‚ мәдени семантикаға‚ ауызша қолданысқа және жедел цифрлық кері байланысқа сүйеніп жаңаша ұйымдастыру қажеттігімен айқындалады․ Әсіресе инклюзивті ортада тілдік материалдың деңгейленген‚ түсінікті‚ көпарналы және мазмұндық жағынан бай болуы шешуші мәнге ие․ Зерттеудің мақсаты – Қазақ тілінің ұлттық корпусы мен оған сабақтас цифрлық қорларды пайдалану арқылы қазақ тілін оқытудың лингвистикалық әлеуетін айқындау․ Осы мақсатқа сай ұлттық корпустың ономастикалық‚ мәдени‐репрезентативті‚ ауызша ішкорпустары‚ Қазақ тілінің ұлттық сөздік қоры‚ TBIJAZU ақылды мәтінтүзеткіші және Қазақ тілінің паремиологиялық қоры талданды․ Зерттеудің эмпирикалық базасын аталған платформалардағы мәтіндік‚ дыбыстық‚ бейнелік және картотекалық деректер құрайды․ Теориялық негізі ұлттық корпус‚ корпусқа негізделген оқыту‚ инклюзивті лингводидактика және цифрлық тілдік ресурстарды білім беру үдерісіне енгізу туралы ғылыми тұжырымдарға арқа сүйейді․ Жұмыста сипаттамалы‚ контекстік‚ салыстырмалы талдау‚ іріктеу‐сұрыптау және лингвистикалық‐ әдістемелік модельдеу әдістері қолданылды․ Нәтижесінде ұлттық корпус пен цифрлық қорлардың сөз мағынасын контексте танытуға‚ мәдени кодты ашуға‚ орфоэпиялық және орфографиялық норманы меңгертуге‚ жазылымды түзетуге‚ сөздік қорды молайтуға және тілдік материалды білім алушының деңгейіне қарай бейімдеуге мүмкіндік беретіні анықталды․ Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ тілін инклюзивті ортада оқытудың дерекке негізделген тұтас моделін ұсынуында‚ ал практикалық құндылығы – аталған ресурстарды сабақ мазмұнын құрастыруда‚ тілдік дағдыларды кешенді дамытуда және қазақтілді жасанды интеллект жүйелерін сапалы тілдік дерекпен қамтамасыз етуде қолдануға болатындығынан көрінеді․
Авторлар туралы
Г. Б. ШәденҚазақстан
Гүлжанат Бекболатқызы Шәден‚ автор‐корреспондент‚ докторант
Алматы қ․
А. Б. Тумабаева
Қазақстан
Ақерке Берікқанқызы Тумабаева‚ докторант
Алматы қ․
Б. Ш. Батырхан
Қазақстан
Болатбек Шәденұлы Батырхан, философия докторы (PhD)
Алматы қ․
Әдебиет тізімі
1. Дәулетбекова Ж.А. Байтұрсынұлының «тірі білім» теориясы мен әл-Фараби және Абай ілімдерінің сабақтастығы꞉ қазақ тілін оқыту әдістемесі // ҚазҰУ Хабаршысы. Педагогикалық ғылымдар сериясы. – 2024. – №2 (79❩. – 180-190-бб. https://doi.org/10.26577/JES20247902015
2. Ермекова Т. Қазақ тілін оқытудың екі жүйесі болу керек // Мемлекеттік тілді дамыту институты. Сұхбат. – Алматы‚ 2024. 8 қаңтар. https://mtdi.kz/%E4%B81%93/oku_adisteme/id/1170/q/1 (Қаралған күні: 10.04.2026)
3. Ерназарова З. Қазақ тілін оқытудың аксиологиялық бағыты // ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы. – 2018. – №2 (170). – 201-209-бб. https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/2235
4. Жұбанов А.‚ Жаңабекова А. Корпустық лингвистика. – Алматы‚ 2016. – 336 б.
5. Қазақ тілінің ұлттық корпусы. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты. (Қаралған күні: 10.04.2026) https://qazcorpus.kz/
6. Қапалбек Б. Қазақ тілін оқытудың тұжырымдамасын жасау керек // «Anatili» газеті. – №2. – 6 шілде‚ 2023 ж. https://anatili.kazgazeta.kz/news/62028 (Қаралған күні: 10.04.2026)
7. Өтебаева Э.‚ Нұстаева А. Мәдени-репрезентативті ішкорпус꞉ ұлттық мәдени-танымдық бірліктерді цифрлық кеңістікте сақтаудың маңыздылығы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы. – 2025. №3 (152). – 89-101-бб. https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-152-3-89-101
8. Рысберген Қ. Қазақ тілінің ұлттық корпусының ономастикалық ішкорпусын әзірлеу тәжірибесі // Tiltanym, 2023. №3 (91). – 144-152-бб. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2023-3-144-152
9. Уәли Н. Ономастикалық корпус: антропонимдер мен топонимдердің мәдени тілдік кодын ашудың ғылыми негіздері // Қазақ тілінің ұлттық корпусын әзірлеу тәжірибесі. – Алматы: ЖК Асыл‚ 2023. – 446 б.
10. Abdel, L. MMM. Corpus literacy instruction in language teacher education: Investigating Arab EFL student teachers’ immediate beliefs and long-term practices. ReCALL. 2021;33(1):34-48. doi:10.1017/S0958344020000129
11. Bakogiannis, A. Exploring inclusive teaching practices of English for Academic Purposes (EAP) in Higher Education (HE): A call for systemic change. Journal of Learning Development in Higher Education, (31). 2024. 2https://doi.org/10.47408/jldhe.vi31.1282
12. Bober, N., Kapranov, Y., Kukarina, А., Tron, T., Nasalevych, T. British National Corpus in English Language Teaching of University Students // International Journal of Learning, Teaching and Educational Research. Vol. 20. No. 6. Pp. 174-193. June 2021. https://doi.org/10.26803/ijlter.20.6.9
13. Fazylzhanova, A., Seitbekova, A., Kobdenova, G., Seidamat, A., Ayazbayev, G. The issues of developing the historical subcorpus of the National Corpus of the Kazakh Language // Lodz Papers in Pragmatics. Vol. 21, No. 1, 2025, Рp. 169-191. https://doi.org/10.1515/lpp-2024-0038
14. Hudousková, A. Valency constructions in teaching Czech for foreigners // Studia Slavica. 2026. No. 2 (71). Pp. 113-133. https://doi.org/10.1556/060.2025.00244
15. Institute of the Czech National Corpus. https://ocnk.ff.cuni.cz/en/ (Accessed: 10.03.2026). Available online꞉ https://ocnk.ff.cuni.cz/en/?utm_source=chatgpt.com
16. Kormos, J.‚ Indrarathne, B. Specific learning differences in learning‚ teaching‚ and assessing additional languages // Language Teaching. 2025. No. 2 (59). Pp. 139-163. https://doi.org/10.1017/S0261444825100803
17. Olkhovskaya, A. Using Corpus Data in Teaching Russian // Tomsk State Pedagogical University Bulletin. 2019. No. 2 (199). Pp. 98-107. https://doi.org/10.23951/1609-624X-2019-2-98-107
18. Válková, A. Building Czech Textbook Corpora (UcebKo) for teaching Czech to foreigners // Jazykovedný časopis. 2021. No. 2 (72). Pp. 631-640. https://doi.org/10.2478/jazcas-2021-0057
19. Zasina, A. Designing a Corpus Workbook for Students of Czech as a Foreign Language // Studie z aplikované lingvistiky. 2022. No. 2 (13). Pp. 125-132.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Шәден Г.Б., Тумабаева А.Б., Батырхан Б.Ш. Қазақ тілінің ұлттық корпусы: ішкорпустардың білім беру үдерісіндегі лингвистикалық әлеуеті. TILTANYM. 2026;(3):246-261. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-3-246-261
For citation:
Shaden G., Tumabayeva A., Batyrkhan B. The National Corpus of the Kazakh Language: the Linguistic Potential of its Subcorpora in the Educational Process. Tiltanym. 2026;(3):246-261. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2026-3-246-261
JATS XML










